233
қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды
өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар жатады.Қазіргі таңда
әлеуметтік саладағы заңдардың қабылданып, жүзеге асырылып келе жатырған мемлекеттік
саясаттың нәтижесінде, халықтың демографиялық процесстердегі оң динамикасы, өз
жалғасын таба бастады. Елдегі демографиялық ахуалдың жақсаруымен байланысты,
республикадағы
халық саны, сонымен қатар ұлтымыздың балалар саны да өсіп келеді.Дамуы
тежелген балаларды оқытудың мынадай принциптерді басшылыққа алып оқытып жатырмыз.-
Адами құндылығын сақтап, оның мүмкіндігіне қарай қабілеті мен дарынын шыңдап, пән
бойынша , қоғамдық жұмыстарға қатысуымен жеткен жетістіктерімен анықталады. Әрбір
адам қоғамға қажеттілігін сезінуге және ойлауға қабілетті болып келуі керек.Кластарда
қарым- қатынас жасап, бірге ынтымақтаса өмір сүруге құқылы болып, бір –біріне
жәрдемдесіп, құрбы –құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. Әрбір бала үшін
жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыруға тиіс.
Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.Елбасының қолдауымен ерекше білім
беруге қажеттілігі бар балаларға мемлекет анағұрлым көп көңіл бөлуде.Білім ордаларына
келгеннен кейін,көпшілік ортада араласуымен олардың өмірге деген ынтасының артуы
мүмкін. Сондықтан, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың тәрбиесі мен білімі
тасада қалмай, оларды тағдырдың тәлкегінен құтқару, жанына жылылық, жүрегіне шуақ,
келешегіне қанат бітіру – ата –анамен бірге ұстаздың парызы. Осыған орай мектептерде
психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылып, талай ата-ананың көңіліне демеу,
қамкөңіл баланың болашағына шуақ шашарымыз мол болмақ.Біздің аталған №61 мектепте
логопункт жұмыс жасайды. Қазіргі таңда ППТК психологиялық –педагогикалық түзету
кабинетінде көру, есту, психикалық дамуында тежеліс бар балалар көп болмаса да оқып
жатыр. Бұл кабинеттердің міндеті сөйлеу, көру, есту, тірек –қозғалыс аппараты, эмоциялық –
еріктік саласы бұзылған балалар білім алуда. Яғни психологиялық –медициналық –
педагогикалық кеңестен жолдама арқылы осы кабинеттерде оқиды.Бұларға мектептің
психологы әрбір категорияға байланысты жұмыстанып, жаттығулар арқылы бала өміріне сәл
де болса көмектеседі. Сонымен бірге жыл сайын кезектесіп оңалту орталықтарында болып
денсаулығын нығайтып қайтады. «Оқытудың жақсы нәтижелерін талқылауда оқушылар
жетістігінің себептерін (тырысу, зер салу, шыдамдылық, ұйымдасқандық, яғни, адам өзінде
өзгертуге қабілеттілірдің бәрін) атап көрсетуге болады. Оқушының сәтсіздігін талқылауда
ішкі тұрақты факторларды (мінез, қабілеттілік деңгейі және т.б.) көрсетпеуге тырысу
керек.»[2]
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті Ақтөбе қаласы білім басқармасы
бекіткен оқу жоспарына сәйкес жұмыс жасайды. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар
балаларға түзету-дамыту сабақтары қазақ тілдерінде жеке және топтық сабақ, кеңес беру
түрінде жүргізіледі. Балаларға педагогикалық және психологиялық көмек тегін
көрсетіледі. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар бұл жерде күніне үш сағат жеке
түзету бағдарламасынан өтеді. Сабақ ұзақтығы ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың
жасына байланысты. Жеке сабақтар – 20-30 минут.
Аталған мектепте мекемеде педагог-психолог, логопед, әлеуметтік педагог, емдік дене
шынықтыру, музыкалық ырғақ мамандары балалармен жұмыс жасайды. Әр маманның
бөлмелері керегінше жабдықталған.Білім алушының проблемаларын мамандардың
командасы (командалық бағалау) арқылы кешенді зерделеу және баланың медициналық,
психологиялық, түзеу-педагогикалық және әлеуметтік көмекке деген мүмкіндіктері мен
қажеттіліктерін анықталды;
«Түзету-дамытушылық жұмыстардың мақсаты мен міндеттерін оны іске асыру тәсілдері
анықтаудың бастапқы принципі диагностика бірлігі мен түзетуді дамыту болып табылады.
Түзету-педагогикалық ықпал етудің тиімді құралдары мен тәсілдерін таңдау оқу
бағдарламасын меңгеру барысында балаларда пайда болатын қиыншылықтардың
себептерімен анықталады.»[3]
234
Жеке-дамыту немесе арнаулы бағдарламасын құрастыру мақсатында баланы
психофизикалық жағдайын (командалық бағалау), кешенді толыққанды тексеру жүргізіледі.
Кешенді тексерудің негізгі міндеттері ерекше білім беруге қажеттілігі бар баламен түзеу
жұмыстарының басым бағыттарын анықтау немесе айқындау болып табылады.
Баламен жүргізілген диагностиканың қорытындысы түзете-дамыту жұмысы бойынша
мынадай бағыттарды айқындап берді:
– сенсорлық және сенсомоторлық
дамуын қалыптастыруға;
– кеңістік-уақыт түсініктерін қалыптастыруға;
– пішін мен көлем, түсті қабылдауын қалыптастыру;
– салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жалпы
ойлау операцияларын
қалыптастыру;
– зейіннің тұрақтылығын, зейін шоғырлануын дамыту;
– көру, есту арқылы есте сақтауын дамыту;
– психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен сөйлеу тілін, сөздік қорын арттыру.
Айқындалған бағыттар негізінде балаға түзете-дамыту бағдарламасы құрылады. Түзете-
дамыту бағдарламасы баланың танымдық қабілеттерін дамытуға, баланың дамуындағы бос
орынды толтыруға бағытталады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін баланың жеке жас
ерекшеліктері, қабылдау деңгейі ескеріліп, әр тақырыпқа тапсырмалар тізбегі топпен, топтан
тыс даярланады. Баламен жеке жұмыс сабақтан тыс уақыттарда өтеді. Кеңес беру мен
ағартушылық
бағыт бойынша , педагогтармен жеке жұмыс жүргізіледі.
Баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере отырып ата-аналарға, педагогтарға
бірқатар
ұсыныстарды даярлайды;
– Балалардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып ,педагогтың оқу жоспарына
түзету жұмыстарын енгізе алады.
–ДМШ –да топта жұмыс істейтін педагогпен жеке кеңес жүргізу болып табылады.-
Отбасы жағдайында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мәселелері
бойынша ата-аналарына (оларды ауыстыратын тұлғаларына) кеңес беру және оқыту;
Сонымен қатар, ата-аналармен тығыз жұмыс жүргізіледі. Баламен жасалған жұмыстың
жалпы қорытындысымен ата-аналарды таныстырылып отырылды. Ата-аналарға баланың
психофизикалық мүмкіндіктеріне сай баланы оқыту мен оны дамытудың маңыздылығын
түсіндіріліп отырады. Ата-анамен жұмыс бұл бағыттың басты міндетінің бірі. Демек, ата-ана
– бала тәрбиесінде балаға ықпал етуші бірден-бір фактор болып саналады. Сондықтан,
психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінде ата-
аналарға психологиялық кеңес беру, оларды бала дамуының мазмұнымен ай сайын
ақпараттандырып отыру, жалпы ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше. Бала − ата-ана −
педагог, отбасы және білім беретін ұйымдар арасындағы сабақтастықтың ойдағыдай жүзеге
асуы тұлғаның әлеуметтік қоғамдық ортаға бейімделуінің алғы шарттарының бірі болмақ.
Педагогикалық процестiң білім сапасын жоғарылатудың тиiмдi жолы, психологиялық-
педагогикалық түзету кабинетінің қызметі мен пән мамандарының өзара байланысы мен бiр-
бiрiнiң сабағына қатысу мен баланың қалыптасуы туралы талқысы және зерттеу
қорытындыларымен өзара алмасу болып табылады. Мұндай бағыт бiрнеше қызметтерді қоса
атқарады, яғни бір –бірімен тәжiрибемен алмасу, білім алушыны бақылау, өзiн-өзi бақылау,
кеңес беру.
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті қызметіндегі мамандар баланы
психологиялық-педагогикалық қолдауда тек білім мазмұнына ғана өзгерістер енгізіп қоймай,
баланың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту мен жалпы баланың өмірін қызғылықты
ұйымдастыруды көздейді.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі
екенін ескерсек, әрбір ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың сапалы да саналы білім
алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау – бізбен сіздің міндетіміз. Инклюзивті оқыту
– ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-
әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік
235
береді. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы балаларды адамгершілікке, ізгілікке,
қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды
толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар жандарға
деген мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек етек жинап, ел болғалы толастамақ емес.
Дегенмен бұл әрине мұндай жағдайда аздық, әлі де болса ойланарлық жағдай. Десек те, даму
мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ел тарапынан бөлінетін көмек пен қамқорлық шектелмесе
екен деген ойдамын. Бұл жандар ондай өмірді таңдап алмаса керек. Ерекше білім беруге
қажеттілігі бар балалардан болашақта қолдарынан іс келетін саналы азаматтар мен
азаматшалар шықпасына кім кепіл? Ерекше білім беруге қажеттілігі
бар жандардың қозғалыс
мүмкіндігі шектелгенімен, жан-дүние кеңістігі аясының тарылып, күйзеліске ұшырауына жол
бермеу − белгілі бір ұйымдардың міндеті ғана емес, қоршаған ортаның, қалың бұқараның
басты парызы. Соңғы уақытта елімізде атқарылып жатқан істер инклюзивті білім беру
жүйесінің қалануына негіз болары анық. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі, дені
сау азаматтар мен азаматшалар тәрбиелеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: