Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Психикалық дамуы тежелген балаларды түзетудің жолдары



Pdf көрінісі
бет180/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

Психикалық дамуы тежелген балаларды түзетудің жолдары 
Қазіргі  уақытта  ортамызда  болып  жатқан  әлеуметтік  жанұя  мәселелері,  экологиялық-
экономикалық  дағдарыстар  жүйке  жүйелері  бұзылған,  психикалық  аурулары  бар  әр  түрлі 
жастағы балалардың көбеюіне әкеліп соқтырды. Олар аутизм, психикалық дамуының тежелуі, 
инфантилизм,  жүйке  жүйесінің  бұзылуы,  энурез  сияқты  түрлі  аурулармен  ауырады. 
Балалардың  психикалық  дамуының  тежелуі  туралы  айтатын  болсақ,  оның  білімді  меңгеру 
дағдысы толықтай сақталып, деңгейлері өз құрдастарынан 2-4 жылға қалыс қалған баланың 
психикалық  дамуының  тежелуінің  негізгі  себептері  әртұрлі  болуы  мүмкін.  Олар  басынан 
өткерген  аурулар,  негізгі  әлеуметтік  жағдайы,  нашар  көруі,  құлақ  ауруы  тағы  да  басқа 
себептерден  болуы  мүмкін.  Психиатр,  невропатологтың  зерттеулері  бойынша  психикалық 
дамуының тежелуі балада тұмау, малярия, сары ауру, іштегі улану сияқты аурулардан кейін 


268 
 
пайда  болады.  Психикалық  дамуының  тежелуінің  негізгі  бұзылыстары  интеллектуалды 
деңгейі  көбеюіне  таным  процестері:  зейіні,  логикалық  есте  сақтауы,  ойлауы,  кеңістікті 
бағдарлауы төмен болып келеді. Бұл балалар өзінің құрдастарынан кеш жүріп, кеш сөйлейді. 
Олардың  салмағы  аз,  бойы  кіші,  көп  сөйлемейтін,  әлжуаз,  тез  шаршап,  көп  ауырады. 
Психикалық дамуының тежелуі бар балалардың оқу үлгерім ерекшеліктеріне келетін болсақ, 
бұл  балалардың  оқуға  үлгермеушілігі  1-сыныптан  бастап  көріне  бастайды.  Бірақ  анық 
белгілері  2-3  сыныптарда  белгілі  болады.  Оқу  процесінде  олардың  оқу  дағдыларындағы 
кездесетін кемшіліктері: 
-  сабақ процесінде жай қосылады; 
-  оқу материалын жай немесе тіптен қабылдамайды; 
-  берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды; 
-  оқу мен жазуы баяу; 
-  оқыған мәтінді түсінбейді және түсінгенін айтып бере алмайды.; 
-  есептер шығарған кезде үлкен қателер жібереді
-  тез шаршағыш; 
-  сыныптастарымен аз араласады; 
-  өз ойын анық айта алмайды. 
Мақсаты:  ПДТ  балалардың  ойлау,  есте  сақтау  қабілеттерін  арттыру.  Мүмкіндігі 
шектеулі  балалардың  түрлі  сырқаттардың  салдарынан  дамымаған  немесе  бұзылған 
функцияларының  себептерін,  белгілерін,  құрылымын  мезанизмдерін  зерттей  отырып, 
анықталған кемістіктерді түзету, жетілдіру, толтыру жолдарын, әдістерін, амалдарын іздену 
және  орнын  тәжірибеге  енгізу.  Сөздік  қорын  молайту,  көрнекті  сюжетті  суреттер  мен 
ертегілер  арқылы  әнгімелеуге  дағдалындыру.  Зейін  тұрақтылығына  арналған  жаттығулар 
арқылы  зейінін  шоғырландыру.  Сенсорлы  этолондары  мен  математикалық  ұғымдарын 
қалыптастыру.  Өлшем  бірліктері  мен  бағыт-бағдарлауға  үйрету.  Қоршаған  орта  туралы 
түсініктерін кеңейту. ұсақ қол қимылдарын дамыту. 
Тәжірибелік бақылаудағы баланың жасы: Н.А. – 3 те. 
Аңғарымы:  Балалар  сал  ауруы,  спастикалық  диплегия.  Энцефалопатия,  церебралды 
органикалық психикалық дамудың тежелуі. Сөйлеу тілі дамымауының 3-деңгейі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет