Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Психологиялық-педагогикалық түзеудің міндеттері



Pdf көрінісі
бет218/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

Психологиялық-педагогикалық түзеудің міндеттері: 
1)  Сөйлеу,  көру,  есту  қабілеті,  тірек-қозғалыс  аппараты,  эмоциялық-еріктік  саласы 
бұзылған,  оқуында,  қарым-қатынас  жасауда,  мінез-құлқында  қиыншылықтары  бар  балалар 
мен  жасөспірімдерді  психологиялық-педагогикалық  түзеу  және  оңалту  түрінде  кешенді 
психологиялық – медициналық- -педагогикалық көмек көрсету; 
Яғни психологиялық  – медициналық-педагогикалық кеңестен (ПМПК) жолдама  алған 
ата-ана  ППТК-ға  келіп  кезекке  тұрады.  ППТК-да  баланы,  баланың  жолдамасын  тіркеуге 
алады. Егер бос орын болып жатқан жағдайда ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың 
құжаттарын  қабылдайды.  ППТК  мен  ата-ананың  (заңды  өкілдерінің)  арасындағы  шарт 
жасалады. 
ППТК-дан балаларды шығаруды меңгеруші ППТК-мен ата-ананың (заңды өкілдерінің) 
арасында айтылған шарт жағдайында немесе оның ППТК-ға келуіне бөгет жасайтын баланың 
денсаулық жағдайы туралы медициналық тұжырым негізінде жүргізеді. 
Психологиялық-педагогикалық  түзету  кабинеті  Астана  қаласы  білім  басқармасы 
бекіткен  оқу  жоспарына  сәйкес  жұмыс  жасайды.  Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар 
балаларға  түзету-дамыту  сабақтары  қазақ  және  орыс  тілдерінде,  жеке   және  топтық  сабақ, 
кеңес  беру  түрінде  жүргізіледі.  Балаларға  педагогикалық  және  психологиялық  көмек  тегін 
көрсетіледі. Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балалар  бұл  жерде  күніне  үш   сағат  жеке 
түзету бағдарламасынан өтеді. Сабақ  ұзақтығы ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың 
жасына байланысты. Жеке сабақтар – 20-30 минут. Екіден бес жасқа дейінгі мектепке дейінгі 
кіші жастағы балаларға арналған топтық сабақтар 35-40 минутты құрайды. Бұл мекемелерде 
педагог-психолог,  логопед,  дефектолог  (олигофренолог,  сурдопедагог,  тифлопедагог), 
әлеуметтік педагог, емдік дене шынықтыру, музыкалық ырғақ мамандары балалармен жұмыс 
жасайды. Әр маманның бөлмелері керегінше жабдықталған. 
2)  Баланың  проблемаларын  мамандардың  командасы  (командалық  бағалау)  арқылы 
кешенді  зерделеу  және  баланың  медициналық,  психологиялық,  түзеу-педагогикалық  және 
әлеуметтік көмекке деген мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін анықтау
Жеке-дамыту  бағдарламасын  құрастыру  мақсатында  баланың  психофизикалық 
жағдайын  (командалық  бағалау)  кешенді  тексеру  жүргізіледі.  Кешенді  тексерудің  негізгі 
міндеттері  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  баламен  түзеу  жұмыстарының  басым 
бағыттарын анықтау болып табылады. 
3) баланың дамуының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, жеке дамыту бағдарламасын 
әзірлеу және құрастыру; 
Баламен  жүргізілген  диагностиканың  қорытындысы  түзете-дамыту  жұмысы  бойынша 
мынадай бағыттарды айқындап берді: 
– сенсорлық және сенсомоторлық дамуын қалыптастыру


312 
 
– кеңістік-уақыт түсініктерін қалыптастыру; 
– пішін мен көлем, түсті қабылдауын қалыптастыру; 
–  салыстыру,  талдау,  жинақтау,  қорытындылау,  жалпы  ойлау  операцияларын 
қалыптастыру; 
– зейіннің тұрақтылығын, зейін шоғырлануын дамыту
– көру, естуарқылыестесақтауындамыту; 
– психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен сөйлеу тілін, сөздік қорын арттыру. 
Айқындалған бағыттар негізінде балаға түзете - дамыту бағдарламасы құрылады. Түзете-
дамыту  бағдарламасы  баланың  танымдық  қабілеттерін  дамытуға,  баланың  дамуындағы  бос 
орынды  толтыруға  бағытталады.  Бағдарламаны  жүзеге  асыру  үшін  баланың  жеке  жас 
ерекшеліктері,  қабылдау  деңгейі  ескеріліп,  әр  тақырыпқа  тапсырмалар  тізбегі  даярланады. 
Баламен  жеке  жұмыс  сабақтан  тыс  уақыттарда  өтеді.  Кеңес  беру  мен  ағартушылық  бағыт 
бойынша: 
– педагогтармен жеке жұмыс жүргізу; 
– баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере отырып ата-аналарға, педагогтарға 
бір қатар ұсыныстарды даярлау; 
– балалардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып педагогтың оқу жоспарына түзету 
жұмыстарын енгізу; 
–  эксперименталды  топта  жұмыс  істейтін  педагогпен  жеке  кеңес  жүргізу  болып 
табылады. 
4) жеке, топтық сабақтар нысанында түзеу-дамыту сабақтарын жүргізу; 
ППТК  қызметі  арнайы  мектепке  дейінгі  мекемелерге  бармайтын  7  жасқа  дейінгі 
балаларды  коррекциялық  қолдауға  бағытталады.  Білікті  мамандар  тобы  жеке-дамытушы 
бағдарламаларға  сәйкес  сауықтыру  жұмыстарын  жеке  топтық  сабақтарда  жүргізеді.  Оның 
барысында балалардың психофизиологиялық дамуы назарға алынады. 
5)  отбасы  жағдайында  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаларды  тәрбиелеу 
мәселелері  бойынша  ата-аналарына  (оларды  ауыстыратын  тұлғаларына)  кеңес  беру  және 
оқыту; 
Сонымен қатар, ата-аналармен тығыз жұмыс жүргізіледі. Баламен жасалған  жұмыстың 
жалпы  қорытындысы  мен  ата-аналарды  таныстырылып  отырады.  Ата-аналарға  баланың 
психофизикалық  мүмкіндіктеріне  сай  баланы  оқыту  мен  оны  дамытудың  маңыздылығын 
түсіндіріліп  отырады.  Ата-анамен  жұмыс  бұл  бағыттың  басты  міндетінің  бірі.  В.А. 
Сухомлинский ата-анамен жұмыстың мазмұнын ашып көрсеткен ғалымдардың бірі. Ол: «Тек 
ата-аналармен  бірге  жалпы  күш  жігерді  біріктіру  арқасында  педагогтар  балаларға  үлкен 
адамдық  бақытты  беруі  мүмкін»,  –  дейді.  Демек,  ата-ана  –  бала  тәрбиесінде  балаға  ықпал 
етуші  бірден-бір  фактор.  Сондықтан,  психикалық  дамуы  тежелген  баланы  психологиялық-
педагогикалық  қолдау  қызметінде  ата-аналарға  психологиялық  кеңес  беру,  оларды  бала 
дамуының мазмұны мен ақпараттандырып отыру, жалпы ата-аналармен жұмыстың маңызы 
ерекше.  Бала  −  ата-ана  −  педагог,  отбасы  және  білім  беретін  ұйымдар  арасындағы 
сабақтастықтың  ойдағыдай  жүзеге  асуы  тұлғаның  әлеуметтік  бейімделуінің  алғы 
шарттарының бірі болмақ. 
6)  балалардың  психофизиалогиялық  жағдайы  мен  даму  мүмкіндіктері  туралы  жалпы 
білім беретін мекемелердің педагогтарына әдістемелік басшылық жасау және көмек көрсету. 
Педагогикалық  процестiң  сапасын  жоғарылатудың  тиiмдi  жолы  психологиялық-
педагогикалық түзету кабинетінің  қызметі мамандарының өзара байланысы мен бiр-бiрiнiң 
сабағына қатысу мен баланың қалыптасуы туралы талқысы және зерттеу қорытындылары мен 
өзара  алмасу  болып  табылады.  Мұндай  бағыт  бiрнеше  қызметтерді  қоса  атқарады,  яғни 
тәжiрибемен алмасу, бақылау, өзiн-өзi бақылау, кеңес беру. 
Психологиялық-педагогикалық  түзету  кабинеті  қызметіндегі  мамандар  баланы 
психологиялық-педагогикалық қолдауда тек білім мазмұнына ғана өзгерістер енгізіп қоймай, 
баланың танымдық қабілеттерін дамыту мен жалпы баланың өмірін ұйымдастыруды көздейді. 


313 
 
Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі 
екенін  ескерсек,  әрбір  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балалардың  сапалы  білім  алып, 
азамат болып қалыптасуына жағдай жасау –  біздің міндетіміз. Инклюзивті оқыту – ерекше 
білім  беруге  қажеттілігі  бар  балалардың  тең  құқығын  анықтайды  және  ұжым  іс-әрекетіне 
қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. 
Осы  бағытты  білім  беру  жүйесіне  енгізу  арқылы  балаларды  адамгершілікке,  ізгілікке, 
қайырымдылыққа  тәрбиелей  аламыз.  Сонымен  қоса,  инклюзивті  оқыту  үрдісі  балаларды 
тәрбиелеудің бастауы болмақ.  
Ерекше білім беруге қажеттілігі  бар жандарға деген мемлекет  тарапынан көрсетілетін 
көмек етек жинап, ел болғалы толастамақ емес. Дегенмен бұл әрине мұндай жағдайда аздық, 
әлі  де  болса  ойланарлық  жағдай.  Десек  те,  даму  мүмкіндігі  шектеулі  жандар  үшін  ел 
тарапынан бөлінетін көмек пен қамқорлық шектелмесе екен деген ойдамын. Бұл жандар ондай 
өмірді  таңдап  алмаса  керек.  Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балалардан  болашақта 
қолдарынан іс келетін саналы азаматтар мен азаматшалар шықпасына кім кепіл?  
Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  жандардың  қозғалыс  мүмкіндігі  шектелгенімен, 
жан-дүние  кеңістігі  аясының  тарылып,  күйзеліске  ұшырауына  жол  бермеу  −  белгілі  бір 
ұйымдардың міндеті ғана емес, қоршаған ортаның, қалың бұқараның басты парызы. Соңғы 
уақытта елімізде атқарылып жатқан істер инклюзивті білім беру жүйесінің қалануына негіз 
болары  анық.  Елімізде  өркениетті  қоғам  құру  үшін,  тәрбиелі,  дені  сау  азаматтар  мен 
азаматшалар тәрбиелеу керек. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет