Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет30/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   284
Список литературы  
1.  Куангалиева  Д.С.  Методические  рекомендации  по  организации  индивидуального 
обучения на дому детей с нарушениями интеллекта.– Алматы, 2011– 53 с.  
2.  Прус  Н.  Дома  хорошо,  а  в  школе  лучше.  Газета  «Индустриальная  Караганда»  от  27 
апреля 2017 года //http://inkaraganda.kz/articles/144392– дата обращения 02.03.2017  
3.  Эйдемиллер Э. Г., Юстицкис В. Психология и психотерапия семьи. — 3-е изд. — СПб.: 
Питер, 2002. — 656 с: ил. — Серия «Золотой фонд психотерапии». 
 
 
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ  
ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ: ТЕОРИЯДАН ТӘЖІРИБЕГЕ 
 
Альянова Шолпан Рамазановна
Қандыағаш қалалық  №4 жалпы білім беретін орта мектебі 
 
Қазіргі  таңда  барлық  әлем  жұртшылығының  назарын  аударып  отырған  мәселе 
балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім 
беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға білім 
беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: ерекше білім беруге 
қажеттілігі  бар  балаларға  білім  беру  дегеніміз  -  барлық  балаларды,  соның  ішінде 
мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  жалпы  білім  үрдісіне  толық  енгізу  және  әлеуметтік 
бейімдеуге,  жынысына,  шығу  тегіне,  дініне,  жағдайына  қарамай,  балаларды  айыратын 
кедергілерді  жоюға,  ата-аналарын  белсенділікке  шақыруға,  баланың  түзеу-педагогикалық 
және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған 
тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.  
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға білім беру – негізінде балалардың қандай 
да  бір  дискриминациясын  жоққа  шығару,  барлық адамдарға  деген  теңдік  қатынасты 
қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай 
қалыптастыру  идеологиясы  жатыр.  Инклюзивті  бағыт  балаларды  жетістікке  жетуге  ықпал 
етіп,  жақсы  өмір  сүру  мүмкіншілігін  қалыптастырады.Балалардың  тең  құқығын  анықтайды 
және 
барлық 
іс-әрекеттерге 
қатысуға, 
адамдармен 
қарым-қатынасына 
қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім 
беру  оқыту  процесінде  балаға  жеке  көмек  көрсету  мен  психологиялық-педагогикалық 
қолдауды қамтамасыз етеді, жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруге қажеттіліктері 
бар балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндігін ескере 
отырып  құрылатын  оқу-тәрбие  процесінің  ерекшелігін  де  ескерген  жөн.  Ал,  бұл  процесті 
жүзеге  асыру  үшін  мектепте  балаға  психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметі 
ұйымдастырылуы қажет.  


42 
 
Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балалардың  қатарына,  атап  айтсақ, 
оның бірі психикалық  дамуы  тежелген  оқыту  бағдарламасын  меңгеруде  қиындықтарға 
кездесетін  үлгермеуші  балалар. Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар балалардың  ерекшелігі 
шаршағыштығымен, жұмысқа қабілеттерінің төмендігімен, қоршаған орта туралы дамуында 
бұзылыстарының  айқын  көрінуімен  байқалады.  Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар 
балаларды  психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметінің  тиісті  мамандарымен  жүзеге 
асырылады. Мұндайда әр маман өз бағыттары бойынша жұмыс істейді. Жалпы инклюзивті 
білім беру – ерекше білімге қажеттілігі бар балаларды оқытып үйретудің бір формасы. [1] 
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізуде түзету және тәрбиелік 
міндеттерді шешу мұғалімнің кәсіби шеберлігіне, оның қиындықты туғызу және әр оқушының 
тұлғалық  ерекшелігін  себебін  түсінуіне,  әр  баланың  тілін  табуына  байланысты.  Баланың 
мүмкіндігінен  асатын  жетістіктерді  талап  етуге  болмайтынын  ескеру  қажет.Ерекше  білім 
беруге  қажеттілігі  бар  оқушыларды  оқыту  сәттілігі  өзара  алмасу  бағытымен  жүзеге 
асырылатын үлкендердің іс-әрекетіне байланысты: 
  оқушының мұғалімдермен, мамандармен толық тілдесудің қалыптасуы
  таным  әрекетін,  оқу  білімі,  қабілеттері,  дағдыларын  дамыту  бойынша  түзету 
жұмыстарында технологияларды қолдану. 
Баланың мектептегі қиындықтарының себептері баланың анасымен және басқа жақын 
туыстарымен  тілдесудегі  ауытқуы  болып  табылады.  Көптеген  ата-аналар  орталық  жүйке 
жүйесі  іс-әрекетінің  жеткіліксіз  болған  өз  баласының  даму  ерекшелігін  сезінбейді,  оған 
көмектесуге  ұмтылмайды.  Қимыл-қозғалыс  тежелуі,  шектен  тыс  әлсіздік, басқа  да 
белгілержақын адамдардың теріс көзқарасына алып келеді. Үйде бұндай балалармен әдетте 
формалды-императивті түрде тілдеседі (айғайлау, бұйрық беру, жазалау) немесе проблеманы 
шешуден қашады. 
Әдетте ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар бейтаныс адамға қауіппен қарайды. 
Ол  адамның  жанында  балалар  өздерін  қысыңқы  және  қобалжулы  ұстайды.  Ондай  балалар 
жаңа әлеуметтік ортамен танысуға ешқандай құлшыныс білдірмейді. Осылайша, төмен таным 
белсенділігі,  ерекше  ақыл-ой  және  эмоциялық  ерік-жігерлі  қызметімен  үйлескен  тілдесу 
проблемасы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды мектеп жағдайына бейімделуіне 
кедергі жасайды. Осындай сыныптарда жұмыс жасайтын мұғалімдер мен мамандар алдында 
өте  күрделі  міндет  тұр:  бала  бойында  өз  мүмкіндіктеріне  деген  сенім  тудыру,  білім  алу 
қызығушылығын  ояту  және  қолдау.  Тек  жақсы  көңіл-күйдегі  жағдай,баламен  тілдесудің 
белгілі бір түрі баланың таным іс-әрекетін түзетуге, үлкендер және өз құрдастарымен тілдесуді 
дамытуға, тұлғаның жақсы қалыптасуына септігін тигізеді.  
Әрбір бала өзін қызығатындай, үлкендерге жағымды, мейірімді ықыласқа бөлену сияқты 
сезімде  болуы  керек.Балалар  бақшасындағы  арнайы  топқа  қатысқанпсихикалық  дамуы 
тежелген  оқушылар  әдетте  білім  алуға  құштар  болады. Сабақта  балаларға  арнайы  жағдай 
жасалса  олар  оқуды  сапалы  меңгере  алады.  Балалық  шақтарында  психологиялық-
педагогикалық  және  медициналық  көмек  алмаған  оқушыларға  білім  алу  қиындау.  Кейбір 
балалар  өздері  ешнәрсені  жасай  алмайтындай  сезімде  болады,  алға  ұмтылмайды. Кейбір 
психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балаларда өзін-өзі бағалауы тым жоғары. 
Бұндай балаларда қалыпты өзін-өзі бағалау қабілетін, олардың мәртебелерін түсірмей, түзете 
отырып қалыптастыру қажет. Бағдарламаны толық меңгеруі үшін балалардың психикалық іс-
әрекеттерінің  көмек  арқылы  дамуын  ескере  отырып,  сабақта  арнайы  жағдайдың  жасалуы 
керек.  
Сабақта ақыл-ой жүктемесі және демалуға өз уақытында үзілістер қатаң ретімен жүруі 
керек, қимыл-қозғалыс тәртібі сақталуы керек.Жаңа сабақты аз-аздан, ашып түсіндіру керек. 
Сөйлеу тілі мен көрнекі құрал арасында байланыс болуы керек. Сөйлеу тілі көрнекі құралдар 
көмегімен жүреді, бірақ көрнекі құралды аса көп қолдана беру баланы зейінді тұрақтандыруға 
септігін  тигізбейді.  Оқу  материалының  шартты-графикалық  кескіндерін  және  графикалық 
кескіндерін пайдалану. Оқу материалын құрылымдаса оны меңгеру де жеңіл болады (әсіресе, 
егер кескіндер балалармен бірлесіп жасалса). 


43 
 
Балаларды нақты оқыту қажет және үйге берілетін тапсырмалар ретімен нақты орындалу 
қажет. Бұндай іс-әрекет баланы өз іс-әрекетін бақылауына, тапсырманы өздігінен орындауына 
үлкен септігін тигізеді.Дидкактикалық ойындар, ойын әдістері, тапсырмалардың ойын түрлері 
қолданылады.Бұндай  жұмыс  оқушылар  бойында  жағымды  эмоциялық  сезімді  оятады, 
олардың  қызығушылығын  жоғарылатады.  Ойындар  қалай  болса  солай  жүргізілмейді,  әрбір 
ойынның әр сабаққа қатысты қажетті тапсырманы шешуге бағытталуы тиіс. [2] 
Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаларды  оқыту  –  ерекше  мұқтаждықтары  бар 
балалардың  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  оқыту  үрдісін  сипаттауда  қолданылады. 
Демек,  инклюзивті  оқыту  негізінде  балалардың  қандай  да  бір  дискриминациясын  жоққа 
шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың 
ерекше  қажеттілігі  бар  балаларға  арнайы  жағдай  қалыптастыру  идеологиясы  жатыр.  Осы 
бағыт  балаларды  оқуда  жетістікке  жетуге  ықпал  етіп,  жақсы  өмір  сүру  жағдайын 
қалыптастырады.  Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  білім  алу  құқықтары  «Қазақстан 
Республикасының  балалардың  құқықтары  туралы»,  «Білім  беру  туралы»,  «Мүмкіндігі 
шектеулі  балалардың  әлеуметтік  және  медициналық-педагогикалық  түзетуге  ықпал  ету 
туралы»,  «Қазақстан  Республикасында  кемтарларды  әлеуметтік  қорғау  туралы»,  «Арнайы 
әлеуметтік  қызмет  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңдарында,  Қазақстан 
Республикасының  Конституциясында  бекітілген.  Инклюзивті  білім  беру  немесе  «білім 
баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және 
мектеп  өміріне  белсене  қатысуға  мүмкіндік  береді.  Бұл  бағдарламаны  Біріккен  Ұлттар 
Ұйымының  Бас  Ассамблеясы  мақұлдап,  БҰҰ-ның  Конвециясына  2006  жылдың  13 
желтоқсанында енгізілді.  
Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаларды  білім  беру  дегеніміз  –  балалардың 
жынысына,  жас  ерекшеліктеріне,  географиялық  тұратын  жеріне,  қимыл-қозғалыстық  және 
ақыл-есінің  жағдайына,  әлеуметтік-экономикалық  жағдайына  қарамастан,  сапалы  білім  алу 
және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу. Ерекше білім беруге қажеттілігі 
бар балаларды оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және 
мектеп  өміріне  белсене  қатысуға  мүмкіндік  береді.  Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар 
балаларды оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс - әрекетіне қатысуға 
мүмкіндік береді. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардыоқыту - адамдармен қарым - 
қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. 
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды  оқытудың негізгі принциптері: 
1.  Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен 
анықталады. 
2.  Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 
3.  Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы. 
4.  Барлық адам бір - біріне қажет. 
5.  Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады. 
6.  Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. 
7.  Әрбір  оқушы  үшін  жетістікке  жету  -  өзінің  мүмкіндігіне  қарай  орындай  алатын 
әрекетін жүзеге асыру. 
8.  Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. 
Ерекше білім беруге қажеттілігі  бар балаларды білім беру  - барлық балаларды жалпы 
білім  үрдісіне  толық  енгізу  және  әлеуметтік  бейімдеуге,  жынысына,  шығу  тегіне,  дініне, 
жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата - аналарын белсенділікке 
шақыруға,  баланың  түзеу  -  педагогикалық  және  әлеуметтік  қажеттіліктерін  арнайы  қолдау, 
қоршаған  ортаның  балаларды  жас  ерекшеліктеріне  және  білімдік  қажеттіліктеріне 
бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға 
бағытталған мемлекеттік саясат.  
Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, 
есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты 
психикасы  дамуы  тежелген  балалардың  оқу  үлгерiмi  төмен  болады.  Бұл  балалардың  оқуға 


44 
 
үлгермеушiлiгi жетi-сегiз жастан анық байқалады. Ата-аналары көмекші не арнайы мектептер 
мен  мектеп-интернаттарға,  психологиялық-педагогикалық  түзеу  кабинеттері  мен 
коррекциялық-түзету сыныптарына кемтар балаларын бергісі келмеген жағдайда жалпы білім 
алатын мектептерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуына 
толық  құқылары  бар.  Жалпы  білім  беретін  мектептер  мен  бала  бақшалар  ПМПК-ның 
қорытындысы  бойынша  көрсетілген,  яғни,  баланың  деңгейіне  қарай  жеңілдетілген 
бағдарламамен кемтар  балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті  оқытуға дайын болғандары 
жөн.  
Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балалардыоқытуға  жалпы  мектептерде  арнайы 
психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед мамандары жұмыс жасайды. 
Егер  бала  көмекші  бағдарламаны  толық  игерген  болса,  оған  арнайы  куәлік  беріледі,  ал 
игермесе, анықтама ғана алады. Егер ата-анасы баласын арнайы мектеп- интернатқа жібергісі 
келмесе,  жергілікті  жалпы  мектепте  мүмкіндігі  шектеулі  баланың  мүмкіндігіне  қарай, 
жеңілдетілген  бағдарлама  бойынша,  инклюзивті  оқытуға  міндетті.  Ерекше  білім  беруге 
қажеттілігі  бар  балаларды  оқыту  –  ерекше  мұқтаждықтары  бар  балалардың  жалпы  білім 
беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Ерекше білім беруге қажеттілігі 
бар балаларды оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, 
барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше 
қажеттілігі  бар  балаларға  арнайы  жағдай  қалыптастыру  идеологиясы  жатыр.  Тәжірибе 
көрсеткеніндей,  қатаң  білім  беру  жүйесінен  балалардың  бір  бөлігі  шығып  қалады,  өйткені 
қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. [3] 
Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаларды  оқыту  бағыт  мұндай  балаларды  оқуда 
жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Ерекше білім 
беруге  қажеттілігі  бар  балаларды  оқыту  –  барлық  балаларға  мектепке  дейінгі  оқу 
орындарында,  мектепте  және  мектеп  өміріне  белсене  қатысуға  мүмкіндік  береді; 
оқушылардың  тең  құқығын  анықтайды  және  ұжым  іс-әрекетіне  қатысуға  мүмкіндік  береді; 
адамдармен  қарым-қатынасына  қажетті  қабілеттілікті  дамытуға  мүмкіндік  береді.  Даму 
мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  білім  беруді  ұйымдастыру  мақсатында,  типтік  арнайы  білім 
бағдарламасы  жасалды.  Онда  балалардың  мұқтаждықтары  ескеріліп,  білім  алуларын 
қамтамасыз ететін жалпы білім үрдістері қарастырылған.  
Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаларды  оқыту  балалардың  оқу  үрдісіндегі 
қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. 
Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда 
ерекше  қажеттіліктері  бар  балалардың  жағдайлары  да  өзгереді.  Ерекше  білім  беруге 
қажеттілігі бар балаларды оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы 
білім  алуға  мүмкіншілік  алады.  Өйткені,  олар  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасауға,  танып-
білуге, қабылдауға үйренеді. Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып 
отырған  мәселе  балалардың  жеке  сұраныстары  мен  ерекшеліктеріне  ортаның,  отбасының 
қатысуымен  білім  беру  үрдісіне  толық  қосуды  қарастыратын  инклюзивті  білім  беру.  Осы 
жаһандық  мәселеге  әлем  ғалымдары  мынадай  анықтама  береді:  инклюзивтік  білім  беру 
дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім 
үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына 
қарамай,  балаларды  айыратын  кедергілерді  жоюға,  ата-аналарын  белсенділікке  шақыруға, 
баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы 
білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.  
Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаларды  оқыту  –  ерекше  мұқтаждықтары  бар 
балалардың  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  оқыту  үрдісін  сипаттауда  қолданылады. 
Демек,  инклюзивті  оқыту  негізінде  балалардың  қандай  да  бір  дискриминациясын  жоққа 
шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың 
ерекше  қажеттілігі  бар  балаларға  арнайы  жағдай  қалыптастыру  идеологиясы  жатыр.  Осы 
бағыт  балаларды  оқуда  жетістікке  жетуге  ықпал  етіп,  жақсы  өмір  сүру  жағдайын 
қалыптастырады.  Сонымен,  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  жұмыс  жүргізетін 


45 
 
мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: 
жалпы  мектептерге  арналған  типтік  оқу  бағдарламалары;  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың 
ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі 
шектеулі  балалардың  психофизикалық  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып  әзірленетін 
оқытудың жеке бағдарламасы.  
Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаларды  білім  беру  мәселесі  шет  елдерде  1970 
жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы 
бағдарламаны  толық  енгізді.  Ал,  біздің  елімізде  инклюзивті  білім  беру  жүйесінің  дамуы 
туралы  ресми  дерек  «Қазақстан  Республикасының  Білім  беруді  дамытудың  2010-2020 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында»  көрсетілді.  Осы  бағдарлама  төңірегінде 
инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді 
шешу көзделген: 
  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  біріктіріп  оқытудың  модульдік  бағдарламалары 
жасалады; 
  мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі 
әзірленеді; 
  түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады
  мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді. 
Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай: 
  әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс. 
  әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген 
мұқтаждықтары болады. 
  білім  беру  жүйесіне  оң  өзғерістер,  яғни  осы  мұқтаждықтарды  қанағаттандыру 
мақсатына орай өзгерту. 
Осыған  орай,  инклюзивті  білім  берудің  негізгі  8  принципі  туындайды.Яғни  ол  мына 
принциптер: 
1.  Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен 
анықталады. 
2.  Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 
3.  Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. 
4.  Барлық адам бір-біріне қажет. 
5.  Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. 
6.  Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. 
7.  Әрбір оқушы үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін 
жүзеге асыру. 
8.  Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. 
Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті  оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды 
және  ұжым  іс-әрекетіне  қатысуға,  адамдармен  қарым-қатынасына  қажетті  қабілеттілікті 
дамытуға  мүмкіндік  береді.  Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаларды  оқыту  арқылы 
барлық  балалардың  мұқтаждықтарын  ескеріп,  ерекше  қажеттіліктері  бар  балалардың  білім 
алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы 
білім  беру  жүйесінде  дәстүрлі  түрде  қалыптасқан  және  даму  үстіндегі  формаларды 
ығыстырмайды,  қайта  жақындатады.  Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаларды  бағыт 
беру арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір 
сүру  мүмкіншілігін  қалыптастырады.  Осы  бағытты  білім  беру  жүйесіне  енгізу  арқылы 
оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, 
инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ. 
Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаларды  білім  беру-  барлық  балаларды  жалпы 
білім  үрдісіне  толық  енгізу  және  әлеуметтік  бейімдеуге,  жынысына,  шығу  тегіне,  дініне, 
жағдайына  қарамай,  балаларды  айыратын  кедергілерді  жоюға,  ата-аналарын  белсенділікке 
шақыруға,  баланың  түзеу-педагогикалық  және  әлеуметтік  қажеттіліктерін  арнайы  қолдау, 
қоршаған  ортаның  балаларды  жас  ерекшеліктеріне  және  білімдік  қажеттіліктеріне 


46 
 
бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға 
бағытталған мемлекеттік саясат.[4] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет