Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет146/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

Список литературы: 
1.  Крутецкий В.А. Психология обучения и воспитания школьников. М., 1976.  
2.  Ребенок в детском саду- журнал. М., 4/2001.  
3.  Интеграция детей с особыми нуждами. Материалы областной научно-практической 
конференции. — Самара: ГП «Перспектива» 
4.  Практические аспекты социализации  
 
 
ИНКЛЮЗИВТІ  БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ 
 
Қыстаубаева  Дамежан  Мырзағалиқызы, 
Новый  орта мектебінің бастауыш  класс  мұғалімі 
 
Қазіргі  таңда  барлық  әлем  жұртшылығының  назарын  аударып  отырған  мәселе 
балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім 
беру  үрдісіне  толық  қосуды  қарастыратын  инклюзивті  білім  беру.  Осы  жаһандық  мәселеге 
әлем  ғалымдары  мынадай  анықтама  береді:  инклюзивтік  білім  беру  дегеніміз  -  барлық 
балаларды,  соның  ішінде  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  жалпы  білім  үрдісіне  толық 
енгізу  және  әлеуметтік  бейімдеуге,  жынысына,  шығу  тегіне,  дініне,  жағдайына  қарамай, 
балаларды  айыратын  кедергілерді  жоюға,  ата-аналарын  белсенділікке  шақыруға,  баланың 
түзеу-педагогикалық  және  әлеуметтік  мұқтаждықтарына  арнайы  қолдау,  яғни,  жалпы  білім 
беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – 
ерекше  мұқтаждықтары  бар  балалардың  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  оқыту  үрдісін 
сипаттауда  қолданылады.  Демек,  инклюзивті  оқыту  негізінде  балалардың  қандай  да  бір 
дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, 
сонымен  бірге  оқытудың  ерекше  қажеттілігі  бар  балаларға  арнайы  жағдай  қалыптастыру 


203 
 
идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір 
сүру  жағдайын  қалыптастырады.  Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  білім  алу  құқықтары 
«Қазақстан  Республикасының  балалардың  құқықтары  туралы»,  «Білім  беру  туралы», 
«Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  әлеуметтік  және  медициналық-педагогикалық  түзетуге 
ықпал  ету  туралы»,  «Қазақстан  Республикасында  кемтарларды  әлеуметтік  қорғау  туралы», 
«Арнайы  әлеуметтік  қызмет  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңдарында,  Қазақстан 
Республикасының  Конституциясында  бекітілген.  Инклюзивті  білім  беру  немесе  «білім 
баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және 
мектеп  өміріне  белсене  қатысуға  мүмкіндік  береді.  Бұл  бағдарламаны  Біріккен  Ұлттар 
Ұйымының  Бас  Ассамблеясы  мақұлдап,  БҰҰ-ның  Конвециясына  2006  жылдың  13 
желтоқсанында  енгізілді.  Инклюзивті  білім  беру  дегеніміз  –  балалардың  жынысына,  жас 
ерекшеліктеріне,  географиялық  тұратын  жеріне,  қимыл-қозғалыстық  және  ақыл-есінің 
жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің 
потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу. Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке 
дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. 
Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс - әрекетіне қатысуға 
мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті 
дамытуға мүмкіндік береді. 
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері: 
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен 
анықталады. 
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 
3. Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы. 
4. Барлық адам бір - біріне қажет. 
5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады. 
6. Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. 
7.  Әрбір  оқушы  үшін  жетістікке  жету  -  өзінің  мүмкіндігіне  қарай  орындай  алатын 
әрекетін жүзеге асыру. 
8. Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. 
Инклюзивті  оқыту  –  барлық  балалардың  мұқтаждықтарын  ескеретін,  ерекше 
қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. 
Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен 
сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ 
беруге  енгізілген  өзгерістері  тиімді  болса,  онда  ерекше  қажеттіліктері  бар  балалардың 
жағдайлары  да  өзгереді.  Инклюзивті  оқытуды  ашқан  мектептерде  оқыған  балалар  адам 
құқығы туралы білім  алуға мүмкіншілік алады, өйткені  олар бір  - бірімен қарым  - қатынас 
жасауға,  танып  білуге,  қабылдауға  үйренеді.  Инклюзивтік  білім  беру  -  барлық  балаларды 
жалпы  білім  үрдісіне  толық  енгізу  және  әлеуметтік  бейімдеуге,  жынысына,  шығу  тегіне, 
дініне,  жағдайына  қарамай,  балаларды  айыратын  кедергілерді  жоюға,  ата  -  аналарын 
белсенділікке  шақыруға,  баланың  түзеу  -  педагогикалық  және  әлеуметтік  қажеттіліктерін 
арнайы  қолдау,  қоршаған  ортаның  балаларды  жас  ерекшеліктеріне  және  білімдік 
қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған 
тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары 
интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен 
болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу 
үлгерiмi  төмен  болады.  Бұл  балалардың  оқуға  үлгермеушiлiгi  жетi-сегiз  жастан  анық 
байқалады.  Ата-аналары  көмекші  не  арнайы  мектептер  мен  мектеп-интернаттарға, 
психологиялық-педагогикалық  түзеу  кабинеттері  мен  коррекциялық-түзету  сыныптарына 
кемтар  балаларын  бергісі  келмеген  жағдайда  жалпы  білім  алатын  мектептерде  ПМПК-ның 
ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуына толық құқылары бар. Жалпы білім 
беретін мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни, 
баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және 


204 
 
инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн. Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы 
психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед мамандары жұмыс жасайды. 
Егер  бала  көмекші  бағдарламаны  толық  игерген  болса,  оған  арнайы  куәлік  беріледі,  ал 
игермесе, анықтама ғана алады. Егер ата-анасы баласын арнайы мектеп- интернатқа жібергісі 
келмесе,  жергілікті  жалпы  мектепте  мүмкіндігі  шектеулі  баланың  мүмкіндігіне  қарай, 
жеңілдетілген  бағдарлама  бойынша,  инклюзивті  оқытуға  міндетті.  Инклюзивті  оқыту  – 
ерекше  мұқтаждықтары  бар  балалардың  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  оқыту  үрдісін 
сипаттауда қолданылады.  
Инклюзивті  оқыту  негізінде  балалардың  қандай  да  бір  дискриминациясын  жоққа 
шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың 
ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе 
көрсеткеніндей,  қатаң  білім  беру  жүйесінен  балалардың  бір  бөлігі  шығып  қалады,  өйткені 
қалыптасқан  жүйе  мұндай  балалардың  даралық  қажеттілігін  қанағаттандыра  алмайды. 
Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір  сүру 
мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу 
орындарында,  мектепте  және  мектеп  өміріне  белсене  қатысуға  мүмкіндік  береді; 
оқушылардың  тең  құқығын  анықтайды  және  ұжым  іс-әрекетіне  қатысуға  мүмкіндік  береді; 
адамдармен  қарым-қатынасына  қажетті  қабілеттілікті  дамытуға  мүмкіндік  береді.  Даму 
мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  білім  беруді  ұйымдастыру  мақсатында,  типтік  арнайы  білім 
бағдарламасы  жасалды.  Онда  балалардың  мұқтаждықтары  ескеріліп,  білім  алуларын 
қамтамасыз ететін жалпы білім үрдістері қарастырылған. Инклюзивті оқыту балалардың оқу 
үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге 
талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді 
болса,  онда  ерекше  қажеттіліктері  бар  балалардың  жағдайлары  да  өзгереді.  Инклюзивті 
оқытуды  ашқан  мектептерде  оқыған  балалар  адам  құқығы  туралы  білім  алуға  мүмкіншілік 
алады. Өйткені, олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді. 
Қазіргі  таңда  барлық  әлем  жұртшылығының  назарын  аударып  отырған  мәселе  балалардың 
жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне 
толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.  
Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім 
беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы 
білім  үрдісіне  толық  енгізу  және  әлеуметтік  бейімдеуге,  жынысына,  шығу  тегіне,  дініне, 
жағдайына  қарамай,  балаларды  айыратын  кедергілерді  жоюға,  ата-аналарын  белсенділікке 
шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, 
яғни,  жалпы  білім  беру  сапасы  сақталған  тиімді  оқытуға  бағытталған  мемлекеттік  саясат. 
Инклюзивті  оқыту  –  ерекше  мұқтаждықтары  бар  балалардың  жалпы  білім  беретін 
мектептердегі  оқыту  үрдісін  сипаттауда  қолданылады.  Демек,  инклюзивті  оқыту  негізінде 
балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік 
қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы 
жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.  
Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын 
қалыптастырады.  Сонымен,  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  жұмыс  жүргізетін 
мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: 
жалпы  мектептерге  арналған  типтік  оқу  бағдарламалары;  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың 
ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі 
шектеулі  балалардың  психофизикалық  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып  әзірленетін 
оқытудың  жеке  бағдарламасы.  Инклюзивті  білім  беру  мәселесі  шет  елдерде  1970  жылдан 
бастау  алады,  ал  90  жылға  қарай  АҚШ  пен  Еуропа  өздерінің  білім  беру  саясатына  осы 
бағдарламаны  толық  енгізді.  Ал,  біздің  елімізде  инклюзивті  білім  беру  жүйесінің  дамуы 
туралы  ресми  дерек  «Қазақстан  Республикасының  Білім  беруді  дамытудың  2010-2020 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.  


205 
 
Осы  бағдарлама  төңірегінде  инклюзивті  білім  беруді  жетілдіру  мәселелері 
қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген: 
-  мүмкіндіктері 
шектеулі 
балаларды 
біріктіріп 
оқытудың 
модульдік 
бағдарламалары жасалады
-  мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту 
ережесі әзірленеді
-  түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады
-  мүгедек  балаларға  қашықтықтан  білім  беруді  ұйымдастыру  қағидалары 
әзірленеді.  
Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін 
көтергіш  жабдықтар,  пандустар,  санитарлық  бөлмелерде  арнайы  құралдар  орнату, 
тұтқалармен,  арнайы  парталармен,  үстелдермен  және  басқа  да  арнайы  компенсаторлық 
құралдармен жабдықтау  арқылы  «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. 3030 мектепте 
мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар 
жасалу  міндеті  (мектептерде  педагог-дефектологтардың,  балаларды  психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенса-торлық құралдардың 
болуы)  алға  қойылған.  Үйде  білім  алатын  мүгедек  балалар  жеке  мүмкіндіктері  мен 
қажеттіліктері  ескеріле  отырып,  компьютерлік  техникамен  қамтамасыз  ету  сияқты  істері 
жүзеге  асырылмақшы.  Осылайша  мемлекетіміз  мүмкіндігі  шектеулі  жандарды  әлеуметтік 
қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа 
жұмыс  орындарын  құру,  білім  алу,  оқыту,  қайта  мамандандыруда  қолдан  келгенше  жағдай 
жасамақшы. Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері 
мынадай: 
·  Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс. 
·  Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға 
деген мұқтаждықтары болады. 
·  Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру 
мақсатына орай өзгерту. 
Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі 8 принципі туындайды. 
Яғни ол мына принциптер: 
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен 
анықталады. 
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. 
4. Барлық адам бір-біріне қажет. 
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. 
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. 
7.Әрбір оқушы үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін 
жүзеге асыру. 
8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. 
Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті  оқыту- оқушылардың тең  құқығын анықтайды 
және  ұжым  іс-әрекетіне  қатысуға,  адамдармен  қарым-қатынасына  қажетті  қабілеттілікті 
дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын 
ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім 
үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде 
қалыптасқан  және  даму  үстіндегі  формаларды  ығыстырмайды,  қайта  жақындатады. 
Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, 
жақсы  өмір  сүру  мүмкіншілігін  қалыптастырады.  Осы  бағытты  білім  беру  жүйесіне  енгізу 
арқылы  оқушыларды  адамгершілікке,  ізгілікке,  қайырымдылыққа  тәрбиелей  аламыз. 
Сонымен  қоса,  инклюзивті  оқыту  үрдісі  балаларды  толеранттылыққа  тәрбиелеудің  бастауы 
болмақ . 


206 
 
Қорыта  айтқанда, қазіргі  таңда әр  оқушыға  жеке  тұлға  ретінде  қарап,  саналы 
тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. «Бәріне  бірдей мүмкіндік», «Сапалы 
білім - барлығы үшін» деген ұстанымды қолдаймын. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет