Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет149/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

Қолданылған әдебеиеттер: 
1.  “Балбөбек” бағдарламасы Алматы, “Шартарап”, 2002 ж.  
2.  Л.А.Парамонова, Е.Ю.Протасова Дошкольное и начальное образование за рубежом М., 
2001  
3.  М.И. Еникеева, О.Л. Кочетков Общая, социальная и юридическая психология Краткий 
энциклопедический словарь М., Издательство “Юридическая литература” 1997  
 
 
ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН   ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДЕГІ 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЛАРДЫҢ  ӘДІСІ МЕН  ТӘСІЛДЕРІ 
 
Қосназарова Анаргүл, 
Ақтөбе қаласындағы №61 жалпы білім беретін орта  мектептің    
бастауыш кластар жөніндегі  орынбасары,бастауыш класс  мұғалімі 
Унгарова Динара,   
Ақтөбе қаласындағы №61 жалпы білім беретін бастауыш класс 
 
Заманауи мектеп  болуы, бүгінгі  өмірдің, қазіргі жаһандану дәуіріндегі  сұранысы болып 
келеді. Мектеп жұмысы мен  оқушы жетістіктерін өрістетін  негізгі  тұлға -  мұғалім деп бекер 
айтпаған.Мұғалімдердің    негізгі  алдына  қойған    мақсаты  мен  міндеттері      мектептің  даму 
жоспарымен    сәйкес  келе  отырып,  сабақтың    сапасын  көтеру  болып  табылады.  Сабақтың 
сапасын көтеру дегеніміз-  оның берілуін түрлендіре өткізу  жолдарын іздей отырып,  үнемі 
өзі де іздене отырып,  оқушының  пәнге деген қызығушылығын оятып қана қоймай, сындарлы 
теориялық  оқытуға    негізделген  тәсілді  кеңінен  пайдалануы  тиіс.Осыған  байланысты  
мектепте  көкейкесті  мәселелердің    бірі  –ол  сабақты    ерекше    білім  беруді  қажет    ететін  
балаларды  жаңаша    оқыту  түрлері  арқылы    ортаға  қосу  және  бағдарламаны    кеңінен  игеру 
болып табылады.Өскелең ұрпақ бойында  туа біткен қабілеттерін қосымша  ашу, бағалай білуі, 
сенім білдіруі,  талап қоюы арқылы  жұмысына жауапкершілікпен қарап, білімін жетілдіруге  
болатынын    білім  беру  мекемесінде      еңбек  етіп,  жұмыс      жасап  келе  жатқалы  көзімізді 
жеткіздік.  Жаңа  буын  өкілдері,    мүмкіндігі  шектеулі    жандардың  оның  жеке  тұлғасының 
заманауи  қалыптасуы,      әлеуметтік  дүниеге  көзқарасы  дұрыс  болуы,  жалпы  болмысы    ең 
алдымен сіз бен бізге байланысты болып келеді. Заман өзгеріске бейімделуіне   байланысты 
білім беру жүйесінің  моделі немесе түрі  жаңа өзгерістерге ұшырап отыр. «Бұл ғасыр –ұлттық 
бәсеке,  ақпараттардың  күн  сайын  жаңаруы    туралы  сайыс,  инновациялық  технологиялар, 
күрделі реформалар сияқты жаңаша көрінуімен ерекшеленіп отыр.» [1]Сондықтан  құзырлы 
мұғалімге  тән  белгілер  ұстанып,   ерекше  білімді  жандандыруға  жеке  тұлғаны  –рухани  бай, 
ізденімпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру бойынша жұмыстанудамыз.Пікірлер мен 
талқылауға  арналған  жаттығуларда  оларға  қолайлы    «уақыт  шеңберлерін»,  «қар  үйіндісі»,  
«тыңдап  отырған  үштік»,    «мозайка»,  «ыстық  орындық»,  «алтын  балықтың  аквариумы»  , 
«ойлаудың алты қалпағы»,- атты  әдіс –тәсілдерді кеңінен пайдалануға болады.Мысалы :біз 
сабақ беретін 1,4  рда   қазақ тілі сабағында Мәдениет аясын қалыптастыру немесе бейімдеу  
«Тіл және қарым-қатынас» бөлімінде оқушылардың бойында  туындаған өмірлік жағдаяттар 
бойынша,    ана  тілінде дұрыс  және  айқын  сөйлеп,  өзіндік  орынды  көзқарастарын    білдіруін 
саралап, сонымен бірге  өмірлік ұстанымы мен көзқарасы дұрыс мақсатта шешім қабылдауы  
үшін жұмыстанамыз. 


210 
 
Біздің  мектепте  жеке  дамыта-түзету  жұмысын  таңдау  және  оны  іске  асыру  бойынша 
шаралар  келесі  кезеңдерді  қамтып  жұмыстандық.  Бала  дамуындағы  жақын  аумақты 
бағдарлап, сонымен қатар оның дамуындағы қызығушылығын оятатын  ресурстарды анықтау 
және  баламен  және  оның  ата-аналарымен  қолдағы  әлеуметтік  жағдайда  пайдалану 
мүмкіндіктері мен амалдарын анықтауға үйрендік. Баланың оң мақсаттарын түзуінде көмек 
көрсету,  яғни  оның  келешектегі  даму  үлгісін  жасау  арқылы,    сонымен  қатар  баланы 
белгіленген мақсатына өз қажеттіліктерін, мүмкіндіктері мен жеке ерекшеліктерін ескерумен 
қол  жеткізуіне  түрткі  беруге  негізделген  арнаулы  бағдарламалар    жасалынды.  Белгіленген 
мақсаттарға  қол  жеткізу  амалдарын,  соның  ішінде  баламен  жасанды  жағдайда  жасайтын 
тапсырмаларының, сонымен қатар қалыптасқан дағдыларды бала дамуындағы өзекті жағдайға 
ауыстырудың  бағдарламасы  мен  режимін  таңдалып    алынды.  Дамыта-түзетудің  жеке 
бағдарламасын  әзірлеп,  механизмдерін  іске  қосып,  қазіргі  таңда  біздің  мектепте  оқитын 
балалар  ізденісі айтарлықтай өсуде.Тақырыбты ашу немесе анықтау мақсатында «Тіл  және 
сөйлеу» тақырыбында бейнефильм  көрсетілсе, топ болып, ана тілінде сөйлеу мәдениетінің 
қарапайым  ережелерін  құра  отырып,    ол  оқушыға  класс  алдында  өз  жобаларын  еркін  
қорғауын, топтар 3 маңызды ақпарат, -2қызықты ақпарат, - 1менің ұсынысым  әдісімен бірін 
–бірі бағалауға атсалысуын бақылап, қиындау болған кезде жәрдемдесуге көмектестік. Осы 
сабақта  «менің  ережем»  арқылы  бірнеше  сөздер  беріліп,  қандай  дыбыстық  өзгерістерге 
ұшырағанын  айтып,  ілгерінді  ,  кейінді  дыбыстардың  ықпалы  арқылы  өзгеруін  қысқа  
ережелерін  шығарып,  ой  түйіндейді.  Білім  алушыларға    жағдаят  беріліп,  олар  мәдениетті 
сөздерді  қолдануын  практика  жүзінде  көрсетеді.  Қалыптастырушы  бағалау  критерийлері 
бойынша  жағдаят  мазмұнына сай,  сөздер тізбегін  тиімді қолданып, қызықты қорытынды 
жасайды,  айтылым барысында  айтылу мен жазылу  заңын сақтайды,- деп топтар бірін –бірі 
бағалайды.  Оқылым  алды    тапсырмада  «Галереяда  ой  шақыру»,-  атты  суреттер  барысында 
жұптық  формада  орындайды.Осы  орындау  кезінде  болса  да,  қозғалысы  қиындау  «Жылқы 
сұлбасы» стратегиясы беріліп, оқылым мәтініндегі  негізгі тірек сөздерді таптыртып, маңызды 
және  қосымша  ақпараттарды  тауып,  қорытынды  жасап,  өз  ойларын  білдірді.  Жұмыстану 
барысында білім алушы сәл қиналса да, орындап шықты.Оқылым мәтінінің негізінде кіріспе, 
негізгі, қорытынды бөлімді анықтай отырып, мұғалім көмегімен  қарапайым жоспар құрды. 
Мәдениет:  «тіл  және  қарым-қатынас»  бөлімінде  түбір  сөз  жазылған    парақша  таратылады. 
Тыңдалымға арналған мәтінді тыңдай отырып, ерекше  білім алушы  бірқатар  туынды сөздерді 
жазып  отырды.Мұғалім  оқушыларға  сөз  тудырушы    жұрнақтар  туралы  ақпарат 
береді.Оқушылар негізгі ережемен танысады, тәжірибеде қолданып дағдыланды.Осы жұмыс 
барысында  байқағанымыз,  топтық  қатынасқа  түсіп,  өзін  оқшау    тұлғамын  деп  сезінген 
жоқ.Топтар тыңдалым материалынан жазып алған  сөздерді қолдана отырып, суретке қарап, 
қарым-  қатынас  мәдениеті  туралы  шағын  әңгіме  жазады.Топтар  арасындағы  ең  таңдаулы 
шыққан  әңгіме «автор орындығында» оқылды.Оның ішінде біз байқап отырған оқушы да өз 
көзқарасын  білдіріп,  қарым-  қатынастың  құдіреті  туралы  айтып  өтті.  Кері  байланыс  «екі 
жұлдыз,  бір  тілек»  атты    топтар  жауабы  бағаланды.Бұдан  байқағанымыздай  оқушыға 
тапсырмалар  беріліп,  сыни  көзқараспен  оқылуы  арқылы    мүмкіндігі  шектеулі  оқушыларды 
ізденуге, бір-бірін бағалау арқылы  оқушылардың бойында сыни тұрғыдан әрекет етуі , өмірге 
қызығушылығы  байқалады.  Оқушыларға    өткен  сабақта    өтілген  ережені  еске  түсіруге 
байланысты «Қызықты мозайка» ұсынылды. Бұнда сөз бен  сөз тудырушы жұрнақтар арқылы  
жаңа сөз жасап, оның қолданылу аясы туралы  түсіндірілді. Бір ерекшелігі  «Сағат дос» әдісі 
арқылы жұптастырып, жұптарды жағалап жүріп,телефонмен сөйлесу мәдениеті, оның ішінде 
қолданылатын  сөздік  бірліктер  туралы,    қоғамдық  орындарда  сөйлесу  мәдениеті    қалай 
жүргізілу керек деген сұрақтарға жауап бергізе отырып, телефонмен сөйлесу үшін маңызды 
екі  ережені    шығарады.  Бұның  ішінде    біздің  кластағы  ерекше  білімді    қажет  ететін    білім 
алушы  бірден  ерекшелігін айырып ала алады. Қоғамдық орындарда сөйлесу мәдениеті  қатаң 
түрде  сақталып,  ресми  сөздерді  қолдануына  баса  назар  аударатыны  анықталды.  Топтық 
талқылау жүргізіліп,  әр топ ережесін ұсынғанда, білім алушы    ереженің өте өткір тұстарын 
саралай алады.Сабақ тақырыбына  байланысты бейнефильм көрсетіліп, «Карусель» әдісімен  


211 
 
тыңдалым  мазмұнын  барынша  талдап  көрсетіп,  бейнефильм  бойынша    жетекші  сұрақтарға  
ғылыми  түрде  нақты  жауап  беруінен  балалардың      ой  –өрісі  өсіп,  сабаққа  деген 
қызығушылығы артқанын көруге болады.Жазылым барысында оқушылар Алматыда немесе 
басқа қалада тұратын достарына  мектепшілік пікірталастың өткені туралы хат жазды. Хатта 
«Телефонмен сөйлесу мәдениеті» тақырыпта  пікірталастың өту мақсатын, қатысушылардың 
кім болғанын, тақырыптың өзектілігін көрсете отырып,    өткізілуде   тақырыптың  кеңінен 
ашылғаны  туралы  айтып  ,  тақырыпқа  байланысты  ұсынысты  келтіре  кетіп,  ұсынысқа  өз 
көзқарасын  білдіріп, хат құрылымын  сақтай отырып, жазды. 
Орыс  психологы  Лев  Выготский  сөйлеу  мен  ойлау    тығыз  байланысты  деп    жазған 
болатын.  Бұдан  байқап  отырғанымыздай    ерекше  қажеттілігі  бар  балаларда    сөйлеу  үдерісі   
дүниені    тану  үшін,  қолданатын  ойларын  айтуға    және  тұжырымдарды    одан  әрі  дамыту 
арқылы    білім  алуларына  көмектесетінін  көруге  болады.  Жоғарыдағы  жұмыстарды  жүргізе 
отырып, қарым –қатынас жасау арқылы орта байланыс орнатып  қана қоймай, сабақты түсіну  
кезінде  тәжірибеде қолдану арқылы  оқуларын жетілдіріп,  жақсартып отырады. 
 «Әрбір    мұғалім,  Қазақстан    Республикасының  Білім  беру  стандарты  мен  даму 
шектеулігі  бар  балаларды  оқыту  бағдарламарын  басшылыққа  алып,  арадағы  кемсітушілікті 
жою» - деп көрсеткендей, білім алушыларды бөліп қарауға болмайды [2] 
Енді, осы класта  бірнеше ресурстар  көзінен ақпарат алуға байланысты, біздер әртүрлі 
балаларға  арналған    газет-журналдардан,энциклопедиялардан    ақпараттар  алып,  коллаж 
түрінде таратылып беріліп, осы газет –журналдарда қандай ақпарат беріледі, қалай сұрыптаған 
дұрыс деп сұрақ  бергенде, олар өз пікірлерін айтып, ой қозғайды.Білім алушы  көп тіл білудің 
пайдасы мен маңыздылығы туралы мәтіндерді оқып,төмендегі сызбаны толтырды. Сызбаны 
толтырарда      бірнеше  тармақшаға  бөлінуін  көрсетуі,  оқушыларды  ерекше 
қызықтырды.Тапсырма  жұп  болып,  топ  болып  талқыланды.Білім  алушыларды  алдыңғы 
сабақта алған білімдерін бекіту мақсатында сәйкестендіру тесті алынады.Халықты бірнеше тіл 
білуге  үндеу  арқылы    «Полиглот»  тақырыбында  сайыс  болатынын,  оның  мақсаты  туралы 
дұрыс  түсіндіріп,  жеңіпаздарды  қалай  анықтайтынын,  қандай  тәртібі  болатынын    қамтып 
жазды.Осы аталған класта «Киім. Сән. Талғам.»,-атты бөлімінде «бес қадам» ойыны арқылы 
бес оқушыны шығарып, түрлі іздендіру сұрақтары қойылып, сұрақтарға жылдам жауап беруге 
тырысты.  Бейнефильм  оқушыларға    көрсетіліп,  оқушылар    тонның  түрлеріне    тоқталып 
баяндап берді. Жазылым барысында, түсіп қалған көп нүктенің орнына әріптер қойып,  бізбен 
бірге  мұғалімнің  көмегімен,    оның  атқаратын    қызметі  мен    мағынасы  туралы  қыстырма 
сөздерді    түсіндіріп  отырды.  «Қазіргі  жастардың  сән  киімі  қандай?»,-  деген  тақырыптарда  
пікірталас  ұйымдастырылып,  пікірлерін  айтты.  «Екі  жұлдыз,  бір  тілек»  арқылы  оқушылар 
бірін  –бірі  бағалады.  «Білім  алушыларды  ақпарат  дамыған  заманда  өсіп  жетілуіне  барлық 
қамқорлық  жасалуы  керек»-деп  көрсеткендей  білім  алушыларды    жан-жақты  толыққанды 
азамат ретінде көрсетуі тиіс деп ойлаймыз [3]Оқушыларға әртүрлі ұлттық заманауи  киімнің 
суреті  беріліп,  сол  арқылы  ой  қозғайды.Бұл  жерде  қосымша    сөз  тіркестер  мен  сол  салаға 
байланысты теңеу сөздерді қолдана алады.Мұғалім бейнефильмдер қояды.Жетекші сұрақтар 
қоя отырып, жауап береді.Класты үш топқа бөліп, бірінші топқа  қазақтың ұлттық киімін қалай 
сәнге айналдыруға болатыны туралы жоба берілсе,  екінші топқа ер адамдарға тән ұлттық киім 
туралы  жоба  әзірлеу  тапсырылады,ал  үшінші  топқа    әйел  адамдардың  жас  ерекшелігіне 
байланысты жеке детальдарын қарау жүктелді.Бұдан байқағанымыздай  жаңа заман жастары  
ұлттық киімдерді ыңғайына қарай лайықтауға болатыны туралы  айта отырып,   білім алушы 
өзіндік  көзқарастарын    жүйелі,  әрі  мазмұнды  келтіре  білді.    Ал,  оқылымда  «Сән.  Талғам.» 
тақырыбында  мәтін тыңдатылмастан бұрын, мәтіналды тапсырма беріліп,  білім алушылар 
мәтінге  көз  жүгіртіп  шығады.  Мәтін  туралы  сұрағанда  болжам  айтып,    мәтіннің  не  туралы 
екенін  анықтайды.Мәтінді  толық  түсіну  үшін,    тапсырма  түрлерін  әзірлеп  беремін.  Бірінші 
топқа «Әңгіме пирамидасын» құрады.Екінші топ «Ақпараттар карточкасын» әзірлеп,үшінші 
топ    «Даналық  ағашы»    әдісі  бойынша  тапсырма  әзірлеп  берді.Берілген  тапсырмаларды  
топтық  түрде  орындады.Мәтіннің    пирамидасын  құрғанда    кіріспеде  не  туралы  айтылады, 
негізгі бөлімде қалай баяндалатыны, қорытынды бөлімде қалай  қорытындыланатыны туралы 


212 
 
айтылды.Нақты  ақпараттарды  табу    мақсатындағы  жұмыстанып,ақпаратты    тауып  айтып 
берді.Оқушылар  орфографиялық  ережелерді  айтып  берді.Білім  алушылар    мәтінді  өмірмен 
байланыстыра  жаза  білуінен  сөздік  қоры  молайып,  сөйлеу  мәдениеті  артқаны 
байқалды.Сонымен  мектепте  заманауи  оқытуда  мүмкіндігі  шектеулі    балалармен    топтық 
жұмыстар  жүргізу  барысында    оқушылар  бірігіп,  жұмыстануға  үйренсе,  ұйымшылдыққа, 
адамгершілікке  тәрбиелей  білді.Топтық  жұмыс  арқылы    бірін-  бірі  оқытуға,  бірінен  –бірі 
үйренуге  жағдай  жасалғанын  көруге  болады.Бұл  әдістер  арқылы  оқушылар  топ  болып 
ынтымақтаса  бірігіп  жұмыс жасауға, септігін тигізді деп айтуға болады.Әлеуметтік қарым –
қатынасты орнатуға, тиімді араласуға, проблемаларды немесе  жағдаяттарды шешу және топ 
ішінде шығарманы  жан -жақты талдауға көмектеседі. 
Сонымен  қатар  диалогтің    жүргізілуі  де  маңызды  роль  атқарады.  «Диалог  ғылыми 
еңбектерде көрсеткендей диалог сабақтың қызықты өтуімен қатар, олардың  білім деңгейінің  
өсуіне,  өмірге  құлшынысын  немесе  үлес    қоса  алатынын  байқауға  болады.»  [4]  Оқушылар  
диалог  әдісін  қолдана  отырып,    білімді  бірлесіп  оқуға,  өзара  талқылауға  және  түсіну  
дағдыларын  қалыптастыру  арқылы  білім  берілді.  Оқушылардың    өзіндік  пікірі  болып,  
қорытынды шешімді  бір сөйлеммен тиянақтап шығара білу керек.Заман ағымына сай, қандай 
шәкірттеріміз   болса да биік шыңдардан  көріне беру керек деп ойлаймын.Болашақта  осы 
теориялық  және практикалық білімімізді ары қарай жалғастырып, әлі де  ерекше қажетті білім 
беруде  биік  белестерді бағындырып, әлем елдерінің қатарында болатынына сенімдіміз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет