Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ  БІЛІМ



Pdf көрінісі
бет171/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ  БІЛІМ 
МАЗМҰНЫН БЕЙІМДЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Бисембаева Ақтоты Жалғасбайқызы, Отарбаева Майра Мухидуллаевна,   
Ақтөбе қаласындағы №61 жалпы білім беретін  ЖББМ 
   
Қазіргі  қоғамда  заманауи  әлеуметтік-  экономикалық  ахуалда  өсіп  келе  жатырған  жас 
ұрпақтың нақты да сенімді әлеуметтік бағыттарды жоғалтып ала бастағаны байқалып отыр. 
Әлеуметтендірудің  қалыптасқан  дәстүрлі  формаларының  қазіргі  заманға  лайықталмаған 
жарамсыздығы, олардың бір жолды таңдауын, яғни жастардың өз болашағы үшін өздерінің 
жауапкершілігі  жоғары  болуын  талап  етеді.  Бұл  жағдайда  жастар  мен  жасөспірімдердің 
заманауи  қоғамдық  қатынастарға  бейімделмегендігі  мен  дайын  еместігі  көптеген  маңызды 
мәселелердің туындауына себеп болады. Бұл мәселелерге тән ортақ белгі бұл өскелең ұрпақты 
тәрбиелеу  мен оқыту қазіргі заманның талаптары мен тілектері ескеріле отырып жүргізілуі 
керек.   Бүгінгі таңда білім беру заңында көптеген  туа біткен , тәртіппен бекітілген, тұқым 
қуалаушы аурулармен  немесе жарақаттың салдарымен  болған балаларды  оқыту барысында 
жаңа  инновациялық  әдіс-  тәсілдерді    ыңғайына  қарай  бейімдеп  оқытылуға  ерекше  назар 


255 
 
аударуда. Арнайы білім беру – жалпы орта білім берудің құрамына кіре отырып мүмкіндігі 
шектеулі  адамдардың  білім  алуына  арнайы  жағдайлар  жасауды  қарастырады  және  келесі 
мәселелерді  қамтиды:  арнайы оқу бағдарламалары, оқулықтар мен  ОӘК, оқытудың арнайы 
әдістері  мен  тәсілдері,  көмекші  компенсаторлық  оқыту  құралдары;  медициналық  және 
әлеуметтік қызметтер. [1]  
Менің сабақ беретін класымда  көруінде сәл кемістігі бар  балалар бар . Қазақ тілі сабағы 
ерекше жағдайда оқытатын оқушыға өте икемді. Сабақ барысында бұл оқушы құлшынысы өте 
тәуір, білсем, түсінсем деген  ниеті бар. Екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық 
екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану түрлерін оқытуда ,  табиғат көркі, оның ішінде 
ерекше қорғауға алынған «Наурызым қорығы» жөнінде  таныстырылымда жоғарыдағы оқушы 
болжам  жасап,  бұл  жердіңжері  шұрайлы,шөбі  құнарлы    екендігін    айтып,  дәлелдеп  
берді.Орфоэпия гректің «orthos» (дұрыс, тура) және «epos» (тіл) деген екі сөзінің бірігуінен 
жасалған,  қазақ  тіліне аударғанда  «дұрыс  айту»  деген  мағынаны  білдірсе,  екпін  дегеніміз  - 
сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік 
бөліктерден  ерекшеленіп,  көтеріңкі  айтылуы    болып  табылады.  Джигсо  әдісі  арқылы  
мәтіндерді төрт бөлікке бөлгенде де , өз ойын  көркем тілмен жеткізе білді. «Тұмса жайлауды 
көктемде,  көкжиекке  дейін  таңғажайып  гүлденген  кілем  басуы  ерекше  болса,    ал  мамыр 
айында оның бетінде Шренк лалагүлдері пайда болады. Сонадайдан меруерттей үлкен және 
шағын айнакөлдер толқынданып, күмістей жарқырайтыны, Науырзым қорығы ЮНЕСКО-ның 
Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілгендігі туралы айтып,  шетел ғалымдары қорықтың бірегей 
табиғатын  зерттеуге  үлкен  қызығушылық  танытып  отырғандығы  туралы»      ерекше  әсерлі  
бейнелеп берді. Деңгейлік  бойынша берілген тапсырманы алмастырып  орындауда да  өзіндік 
белсенділік  танытты.  Мәтіннен    үш  хабарлы  сөйлемді  тауып,  оны  сұраулы  сөйлемге 
айналдырды.Аяқталмаған  сөйлем  рефлексия  берілгенде,  бүгін  мен  орфоэпия,  екпін  туралы  
қосымша  мәліметтер алып,Наурызым қорығы туралы,   мен үшін жаңа мәлімет  білдім - деуі 
бізді қуантады. Сонымен қатар, осы  жұмыстар арасында сергіту сәтінде көз жанарына  емдік 
жаттығулар жасалып демалып алды. Бала құқықтары туралы Конвенцияға 1994 жылдан бастап 
қосылған  Қазақстан  Республикасы  өзін  әлеуметтік  тұрғыдан  дамыған  және  құқықтық 
мемлекет  ретінде көрсете отырып, өз  Тәуелсіздігінің 25 жылында Конвенция қағидаларына 
сәйкес, балалар құқығы мен мүдделерін қорғайтын, атап айтқанда баланың отбасында өмір 
сүріп  тәрбиеленуіне  қатысты  ұлттық  заңнамаларды  жетілдіруде,  орасан  зор  жұмыстар 
жүргізді. Бұл кезеңдерде Қазақстан Республикасында келесі Заңдары қабылданды: «Қазақстан 
Республикасындағы  баланың  құқықтары  туралы»,  «Мемлекеттiк  жастар  саясаты  туралы», 
«Кемтар  балаларды  әлеуметтiк  және  медициналық-педагогикалық  түзеу  арқылы  қолдау 
туралы»,  «Балалы  отбасыларға  берілетін  мемлекеттік  жәрдемақылар  туралы»,  «Арнаулы 
әлеуметтік  қызметтер  туралы»  және  т.б.  2006  жылы,  БҰҰ  Бала  құқықтары  туралы 
Конвенциясына сәйкес, негізгі міндеті балалардың құқығы мен заңды мүдделерінің қорғалуын 
қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылатын, Білім және 
ғылым  министрлігінің  Балалардың  құқықтарын  қорғау  комитеті  құрылды.  Бұл  жасалып 
жатырған  жұмыстардың  ауқымдылығына  қарамастан    бірнеше  жұмыстар  жүргізілді.  [2] 
Екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды 
қолдануды,  ұлттық  құндылықтарды  сақтаудықоғам,  мемлекет    туралы  кластер  құрады. 
Оқушылар  мақал-мәтелдердің  үшеуін  таңдап,  «Құндылықтарды  сақтау  -  парызымыз» 
тақырыбында пайымдау мәтінін дайындайды.Өз пікірлерін білдіру барысында мәтін идеясын 
жеткізетін  сөздерге  екпін  қойып  айтады.  Сабақтың  басында  жасаған  кластерлерін 
қолданады.«Құндылықтарды  сақтау  -  парызымыз»  тақырыбында  пайымдау  мәтінін 
дайындағанда, құндылықтарды саралап, өз позициясын,  қоғам, мемлекет, әлем үшін пайдасын 
айтып  береді.  Критерийлерді  негізге  ала  отырып,    білім  алушы  табыс  баспалдағының 
барлығын  түсіндім, қолымнан келеді  деуі   бізді  қуанышқа бөлейді.  Топтық жұмыс кезінде,  
қауіпсіздік  ержелерді    сақтау    туралы  қажет  екендігі  айтылды.  «Ұлттық  және  отбасылық 
құндылықтар»  және  «Қазақстанның  көрікті  жерлері»  туралы  жазылым  дағдылары 
дамытылғанда,  оқушы  бұл іске ерекше  құлшыныспен жазды. «Керемет» сөзіне тағы бес сөз  


256 
 
былай деп қосты  «Көркем, сымбатты, алып, сұлу» сөзін алып жеке –жеке тоқталуы, оқушы  
шабытымен  көркем  тілдің  жауһарын  көрсетті.    «Ақылдың  алты  қалпағы»  тәсілімен  
жұмыстануда «Сары қалпаққа» ие болған   білім алушымыз былай- деп орынды жауап берді. 
«Александрия  шамшырағы  өз  заманындағы  өнер  мен  ғылымның  ғажайып  үлгісі  болып 
табылады.  Биіктігі  120  м  шамасындағы  үш  қабатты  мұнараның  бірінші  қабаты  орасан  зор 
шаршы  көлемде  әктастан  тұрғызылған.  Екінші  қабат  сегіз  қырлы  мұнарадан  тұрады,  оның 
сегіз  қыры  белгілі,  географиялық  заңдылыққа  байланысты    сегіз  желдің  бағытына  қарай 
орналастырылған.»  -деп  жауап  беруі  ,  бүгінгі  сабақтың    эссе  жазылу  талабына  сай 
орындайтынына  еш  күмәніміз  жоқ  болды.  Эссесін  тексергенде  тақырыптың  құрылымын 
сақтай  отырып,  еш  ауытқымай,    жөнделуі  тиіс  деген  келісу  себебін  айқын  білдіріп,  
орфографиялық  нормаға  сай  жазды.  Білім  алушыдан  сабақты  қаншалықты  түсінгенін 
сұрағанда, дерлік тапсырманы қиналмай орындауы, кейбір орфографиялық қателер болмаса , 
дұрыс түйсінуі туралы  тың  ойлары бар  жас екенін ұқтық. Алған ақпараттың барлығы ол үшін 
құнды  екенін  айта  келе,  Александра  шамшырағындағы  мұнара  географиялық  құрылысы  
тиімді желге қарсы орналасқаны туралы  айтылғаны  деп өз сөзін қорытындылауы өте ұнады.  
7 класта  ерекше білімді қажет ететін  бір оқушы  болды. В. А. Никитин өзінің зерттеуінде 
әлеуметтенуді «әлеуметтік қарым- қатынасқа индивидті қосу процесі» ретінде сипаттайды [3]. 
Бұл  жерде  айтылатын  мәселе,      білім  алушының  кластастарымен  қарым-қатынасы  жақсару 
барысы туралы мектеп психологы, логопеді  жұмыс жасады. Ол оқушы жыл басында келгенде 
қолдау    қызметтері  көрсетіліп,  пед  консилиум  ұйымдастырылып,  жоспар  жасалып,  сол 
жоспарға сәйкес жұмыстанып отырдық.Екінші педконсилиумда оқушының барлық сабақтағы 
диагностикасы көрсетіліп, мониторнинг бойынша саралап, қай жерде қандай қосымша көмек 
көрсетілуі  тиіс  деген  болжам  жасалынды.  Соған  сәйкес,  жұмыс  түрлері  жүргізілді.  Біздің 
мектептегі   ерекше   білім беруді қажет ететін екінші білім алушы бастапқы келгенде ынтасы  
сәл түсіңкі болып, енжар қимылдайтын, сабаққа деген қызығушылығы жоқ  екендігі көрініп 
тұрды.  Алғашқы  кезде  ата-анасымен,  мектеп  әкімшілігі  тарапынан  сөйлесіліп,  барлық 
жұмыстар жасалынды. Сол білім алушы 5 класта оқып, сабақ бергендегі тәжірибемді бөліскім 
келеді. Ы.Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады» -деген  қазақ әдебиеті  пәні сабағында  
білім  алушының  қызығушылықты  ояту  «Мозайка»  әдісі  арқылы  беріліп,  қиындықты  жеңу 
жолдары  туралы сурет қиындысын бергенде  оқушы суретті құрастыруда бірталай қиналды. 
Қасындағы адамдармен  бірлесіп, барынша жұмыс жасап отырды.Шығарма мазмұны болжам 
жасап, ой түйіндегенше бірталай уақыт өтті. Ой шақыру  яғни топтық жұмыс кезінде, еңбек 
туралы айту кезінде  топқа бірлесе  екі сөйлем айтып жауап берді. «Еңбек етсең ерінбей, тояды 
қарның тіленбей»-деп айтпақшы Абай атамыз, еңбек етсең, бай боласың»-деп сөзін аяқтады. 
Жұптық жұмыс сәйкестендіру бергенде, оның қазақы сөздерді тез ұғынатынын байқадық. Кері 
байланыс жасағанда,сәл  қиналғанын байқадық. 
Білім алушының мына сөйлемін келтіре кетсек, «Дегенмен қайыршы Антонның кейіннен 
еңбек  етуі  арқасында  байығанын  білдік»-деп  ойын  қорытындылауы  бізді  қуантты.Осы 
шығарманы  бейнефильмнен  көргенде,ол  туралы  ментальды  картамен  жұмыс  жасау 
барысында  аяғының  ауруынан  қиналса  да,  шыдамдылықпен  қорғады.  «Шеңбер      ойыны» 
жасалғанда    болашақта    кім  боласың  деген  сұраққа  өзім  сияқты  жарымжан  адамдарға 
көмектесетін  ақ  халатты  абзал  жан  боламын  деп  жауап  берді.Мектепте  жүргізілген  пед 
консилумда  осы нәтижелерді сабаққа қатысу барысын көрсеткенде,  психологиялық тұжырым 
жасалып, көп болмаса да, ілгерілеу бар екенін дәлелдеп бердік. Онан кейінгі сабақтарда оқушы  
талпынуда, ынталануда. Оқушының көңіл-күйі де біршама көтеріңкі. Сондықтан жұмыстану 
арқылы жағымды орта қалыптастырамыз деп ойлаймын. 
Е.  И.  Казакова  психологиялық-педагогикалық  қолдау  «балаға,  оның  отбасына  және 
педагогтарға  көмек  көрсету,  оның  негізінде  өзекті  проблеманың  шешу  жолын  таңдауда 
дамыту  субъктінің  барынша  бостандығы  мен  жауапкершілігін  сақтау;  педагогтар, 
психологтар, әлеуметтік және медициналық қызметкерлердің күшін біріктірумен қамтамасыз 
етілетін  мультипәндік  әдіс;  проблеманың  диагностикасы  мен  оны  шешудің  субъектілік 
әлеуеті, мүмкін болатын шешу жолдарын ақпараттық іздеу, әрекеттер жоспарын құру мен оны 


257 
 
іске  асырудағы  алғашқы  көмек  арасындағы  үйлесімді  15  бірлік;  даму  субъектінің  өзі 
әрекеттері үшін жауапты болатын бағдарлық аумақты құруда көмек көрсету» деп түсінеді [3].  
Алғыс  айту  күні  қарсаңында  өткізілген  «Адамгершілік  –асыл  қасиет»  атты  «Бауыр»  
әңгімесін  ерекше  бар  пейілімен  оқығаны  байқалды.Оқушының  бойында  отбасы  мүшелерін 
құрметтеу,  кластастар  арасында  бір-біріне  құрметпен  қарауы  туралы  өз  ойын  айтқанда, 
шынымен  бала  қоғамның  бір  бөлшегі  екенін  сезінгенде    оның  бойынан  өмірге  деген 
қызығушылығы  артқандығы  байқалды.  «Төрекелді  тұяғының  сынығы.  Қол  созып,  мына 
баланың  қай  жерін  ұстаңыз,  әкесі  Сымбаттың  өзімен  бірге  жер  астына  ала  кеткен  нышан 
белгілері. Жайшылықта қой аузынан шөп алмайтын жуас, момын, ал жиын-тойда шетінен түйе 
палуан  атанған,  додаға  түссе,  көкпардан  көкпарды  қақшып  қоймайтын  Төрекелдиевтер 
тұқымы…» деген әңгіме жолдарынан А4 парағына  сурет салуы,  онда палуан денелі баланы 
көрсетуі оның қиялдау қабілеті дамығанын білеміз. Кубизм стратегиясын пайдаланып талдау 
бөлімінде «Жетім қозы тас бауыр» деген не мағына беретінін сұрағанда, жетімдіктің зардабын 
тартып,  қатыгез,  кекшіл  болмау  керектігін,  кейде  өз  басына  ренжігенде  шыдамдылықпен, 
аман-сау жер басып жүргеніне шүкіршілік жасайтыны айтылды. «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы  
пікір  білдіргенде,  өмірмен  байланыстырып,    былай  деп  пікір  білдірді.  Әр  атқан  таң  үшін 
қарызбын өмірге.  Мені жарық дүниеге алып келген, анама қарызбын. Көңіліңе қаяу салсам, 
сіз мені кешір. Мен сіздің құлың болып өтуге әзірмін» - дегенде  өзге құрбы –құрдастары аң- 
таң  болды.2-тапсырма  «ойлаудың  алты  қалпағы»  стратегиясы  бойынша  талданды.Жасыл 
қалпақ «Жетімдер үйін жауып тастау жолын»  білім алушы ерекше ықыласпен  баяндады.  
1. Елде бірде –бір қыз бала алданбаса, жетімдер болмас еді.  
2.Ағалар, өздеріңізде де қарындас бар, апа бар, сондықтан гүлімізді мәпелеп күтейік. 
3.Қазақтың қаракөздерін шетел асырғанша, өз елімізде асырап, өсіруге берейік. 
Жеке жұмыс  «Қалидың мінез  –құлқындағы өзерістің себебі  неде?»  – деп эссе жазуда,  
көркем шығарманың жазу стилін пайдаланып, шебер құра білді. Кері байланыс жасалып, 3 Қ 
стратегиясы  толтырылды.Сондықтан    аталған  тәсілдерді  іске  асыруға  көмектесетін 
педагогикалық  аспектілер  мынадан  тұрады.Оқу  жетістіктерін  бағалауда  қызметтік  формада 
сипатталған, оқушыға қолжетімді әрі түсінікті көрсеткіш  бойынша анықталған шынайы  және 
тұлғалық  маңызды  критерийлермен  жұмыстандық.Бағалау  процесінде  көрсетілген 
көрсеткіштерге сай, үлгілік тапсырмаларды қолдандық.Алдағы уақытта бұл жұмыстар  жүйелі 
жасалынып,  білім алушылардың өз ортасы мен әлемі «Мәңгілік елдің» тірегі боларына кәміл 
сенемін. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет