Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН  ОҚУШЫМЕН ЖҰМЫС



Pdf көрінісі
бет176/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН  ОҚУШЫМЕН ЖҰМЫС 
 
Рысмағамбетова Жанар Биртаевна
№41 мектеп-гимназия мұғалім 
 
Әр  мүмкіндігі  шектеулі  бала  ата-анасының  жылы  алақанында,  отбасы  құшағында 
болғанымен,  қоғамдық  ортамен,  өзінің  қатарластарымен  толыққанды  байланыс 
болмағандықтан, өзінің бойындағы ерекшелікті сезе отырып, жеке қалған уақыттарында өзінің 
жалғыздығын және олқылығын сезгендіктен, сары уайымға салынып, жабығу немесе күйзеліс 
пайда болады. Ерекше қажеттілігі бар жандар мүмкіндігі шектелгенімен, жан дүние кеңістігі 
аясының тарылып, күйзеліске ұшырауына жол бермеу – белгілі бір ұйымдардың міндеті ғана 
емес, қоршаған ортаның, қалың бұқараның басты міндеті. 
Инклюзивті  білім беру қазіргі кезде білім беру  саласына етек  жайып келе жатыр, бұл 
дегеніміз  сапалы  білім  алудың  барлығы  үшін  тең  болуымен  ескеріледі.  Яғни,  жалпы  білім 
беретін  мектептерде  мүмкіндіктері  шектеулі  бала  мен  басқа  да  әлеуметтік  қорғалатын 
топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау.  Инклюзивті 
білім беру - негізгі мектептегі барлық балаға олардың ерекшелітерінен тыс сапалы білім беру 
болып табылады. 
2011-2020  жылдарға  арналған  Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытуға 
арналған  бағдарламасында,  ҚР  Президентінің  2010  жылдың  7  желтоқсанында  №1118 
бұйрығына  сәйкес,  болжам  бойынша,   2015  жылы  инклюзивті  білім  берумен  қамтылған 
мүмкіндігі шектеулі балалар  25%, ал 2020 жылдары 50 % құрайды. ҚР Еңбек және халықты 
әлеуметтік қорғау  вице-министрі Тамара Дүйсенованың мәлімдемесі  бойынша, 2015 жылы 
әрбір 5-мектеп  ерекше қажеттігі бар балаға кедергісіз аймаққа айналады. Осының барлығы 
біздің балаларымыз үшін қуантарлық жағдай. 
Мемлекетіміз  барлық  балаларға  және   ерекше  қажеттіліктері  бар  балалардың  сапалы 
білім алу құқығын қамтамасыз етеді. Соның ішінде: 
- денсаулығында ақаулығы бар балалар (психофизикалық бұзылыстар); 
-қоғамдық  ортада  әлеуметтік  бейімделуінде  қиындықтары  бар  балалар  (отбасының 
төмен әлеуметтік жағдайы  немесе психологиялық ахуалы). 
Инклюзивті білім берудің басты мақсаты ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы 
білім беретін мектептерде оқыту, балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, 
барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше 
қажеттілігі  бар  балаларға  арнайы  жағдай  қалыптастыру.  Осы  бағыт  балаларды  оқуда 
жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын  туғызады. 
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстануда аудандық психологиялық-педагогикалық 
түзеу кабинетінің көп көмегі тиюде. Түзеу кабинеті білім берудің арнайы (түзету) мекемесіне 
жатады.  Бұл  барлық  балалардың  түрлі  психофизиологиялық  жағдайына  қарамастан  бірге 
оқытылатын  инклюзивті  білім  беру  ортасы  қалыптасқан,  білім  беру  мекемесінің  жаңа  түрі. 
Түзеу кабинетінде әр баланың өзінің жеке қажеттілігіне қарай, көмек алуға мүмкіндгі бар. 
Бір  бағыт  бойынша  жұмыстанатын  арнайы  мекемелермен  салыстырғанда 
психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті түрлі санаттағы дамуында мүмкіндігі шектеулі 
балалар мен жасөспірімдерге кешенді түрде көмек көрсетеді:  есту қабілеті бұзылған балалар, 
сөйлеу  бұзылысы,  ақыл-ес,  көру,  тірек  қозғалысы  бұзылған  балалар,  психикалық  дамуы 
тежелген балалар және тәртібі, қарым-қатынасы, оқытуында қиындықтары барлар. Әр педагог 
бір  баламен  басқа  балардан  бөлек  жұмыстанбайды.   Түзеу  жұмыстарының  барысы  педагог 
мамандардың бірігіп, сабақтасқан әрекетімен  түрлі бағыттағы кешенді көмек береді. 
Біздің  психологиялық-педагогикалық  түзеу  кабинеті  2006  жылы  құрылды.  Бұндағы 
барлық мамандар жоғары  педагогикалық білімі бар және арнайы қайта даярлау курстарынан 
өткен:  психолог,  дефектолог,  ерте  жастан  түзеу  дефектологы,  логопед,  әлеуметтік  педагог, 
емдік дене шынықтыру, әуен ырғағы мамандары және тәрбиеші. Олардың ішіндегі 6 педагог 


262 
 
ІІ санатты. Бұл мамандар білім беріп қана қоймай, баланың жан-жақты дамуына, тұлға ретінде 
қалыптасуына, бойындағы ақауларды жеңіп, түзелуіне зор көмек көрсетуде. 
Мекемеде 0 мен 18 жас аралығындағы балаларға түзеу-дамыту көмегі беріледі. Соның 
ішінде, 43 бала-Жымпиты ауылынан, 28 бала-ауылдық округтерден. Көмек алатын 71 баланың 
41-психикалық дамуы тежелген, 15-ақыл-ойы кенжелеген, 8-тірек қозғалысы бұзылғандар,7-
сөйлеу бұзылыстары бар балалар, аптасына 2-3 рет түзеу-дамыту сабақтарын алады. Мекемеде 
түзеу-дамыту  сабақтары баланың ерекше қажеттіліктерін, тілдік ортасын ескере отырып, екі 
тілде, жеке және топтық  сабақтар түрінде жүргізіледі. 
Біздің балаларымыз аудандық және облыстық сайыстар мен спорттық шараларға белсене 
қатысып,  жеңімпаз атанып жүр («Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалі, аудандық 
«Бәріміз  бірдейміз-кемсітуді  білмейміз»  мүмкіндігі  шектеулі  жандар  арасындағы 
сайысы,  мүгедек балалар арасындағы шығармашылық фестивалі, облыстық «Тоғызқұмалақ» 
спорттық  жарысы).  Түзеу  кабинеті  2013  жылдың  облыстық   «Ең  үздік  психологиялық-
педагогикалық түзеу кабинеті» сайысында «Нәтижеге бағытталған мекеме» номинациясына 
ие болды. Сонымен қатар, ЕДШ маманы Қ.М. Бисенбиев пен психолог Н.З. Садыкова жүлделі 
орындарға ие болып, дипломмен марапатталды. 
Түзеу кабинеттерінен тек балалар ғана көмек алып қана қоймай, осы салада еңбек етіп 
жүрген  арнайы  мамандар,  сонымен  бірге  ата-аналар  үшін  пайдасы  орасаң  зор.  Ата-аналар 
баласы жөнінде ой бөлісіп, мамандармен пікір алыса алады, сонымен бірге өз баласының өсіп-
жетілуін бақылауда ұстап, мамандармен бірлесе отырып көмектесе алады. 
Қазіргі таңда мекемеміз инклюзивті білім беруді енгізу бойынша әдістемелік орталыққа 
айналып отыр. Педагог мамандар білім беру ұйымдары мен тұрғындар арасында балаларды 
психологиялық-педагогикалық  оңтайландыру  мәселелері  бойынша  түсіндіру  жұмыстарын 
жүргізеді. Сол бағытта педагогтар мен ата-аналар арасында түрлі семинар, тренингтар, дәріс, 
мастер-класстар, дөңгелек үстелдер, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңестер беріледі, БАҚ 
беттеріне жарияланады. 
Аудан  бойынша  ерекше  қажеттілігі  бар  балалардың  санының  артуына  байланысты 
инклюзивті  білім  беру  өзекті  мәселе  болып  отыр.  Қазіргі  кезде,  жалпы  білім  беретін  орта 
мектептерінде  арнайы  түзеу  сыныптары,  дефектолог,  логопед  мамандарына  бірліктер, 
мектепке дейіңгі ұйымдарда инклюзивті кабинеттер ашылуда. 
Яғни, бүгінгі оқушы-ертеңгі азамат. Сол азаматты мектеп қабырғасынан болашақ өмірге 
бейімдеу, қажетті кәсіп пен мамандыққа бағыттау, дені сау адамдардың арасында өзін жайлы 
сезіну үшін қолайлы атмосфера қалыптасады. 
Білім  беру,  денсаулық  сақтау,  халықты  әлеуметтік  қорғау  ұйымдарымен  бірлесе 
жұмысты ұйымдастыру инклюзивті білім берудің дамуына оң нәтижелер береді. Мүмкіндігі 
шектеулі балалармен түзету жұмыстары неғұрлым ерте басталса, соғұрлым қайтарымы үлкен 
болады. 
Ең  алдымен  қауыпты  топтардағы   балаларды  сәби  кезінен  бастап  анықтап,  даму 
барысындағы кемшілікті ерте бастан түзету және ортаға бейімделуіне жағдай жасау қажет. 
Бала-адамның бауыр еті, бала десе еміренбейтін жүрек, сыздамайтын балтыр бар ма? Қай 
ата-ана өз баласының өзгелерден оқшау оқып, білім алғанын қалар дейсін... 
Бірігіп  көрсетілген  көмектер  арқылы  –  мүгедек  балалардың  ата-аналары 
балдырғандарының отбасына етене араласуына үміттері қайта оянып, өз балалары ешкімнен 
кем  еместігін,  қоғам  бұған  бей-жай  қарамайтынын  түсінеді.  Сондықтан  даму  мүмкіндігі 
шектеулі  жандарды  назардан  қалдырмай,  олардың  қоғамда  бейімделуіне  ат  салысу  қай 
азаматтың болса да, қай елдің болмасын басты парыз 
Оқыту мен тәрбиелеуде ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік қорғау 
Бүгінгі  таңда  инклюзивті  білім  беруді  қолдау  бағытында  жалпы  білім  беретін 
мектептерде белгілі себептермен ақыл — ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы 
тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр 
оқушының  эмоционалдық  және  психикалық  таным   процестерінің  дамуы  деңгейі  әртүрлі. 
Десекте  қазіргі таңда  әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие  сапалы білім беру 


263 
 
өмір  талабы  болып  табылады.Осы  ретте  мектебімізде  әрбір  мүмкіндігі  шектеулі 
оқушының    даму  деңгейі  мен  жас  ерекшелігі  ескеріліп   білім  берілуде.  Бүгінде  еліміздің 
барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім 
беретін  мекттептерде  түзете-дамыта  оқыту  сыныптары  біртіндеп   ашылып  жатыр.  Бұл 
сыныптың  мақсаты:  әр  сыныптағы  мүмкіндігі  шектеулі  оқушыларды  бір  сыныпқа 
топтастырып,  әр  оқушыға  жекелеп  сыныбы  мен  оқу  бағдарламасына  сай  білім  беру.  Бұл 
сынып ашылғанымен өз алдына үлкен қиыншылықтары бар. 
Себебі:  бұл  сыныпқа  кей   мектептерде  әртүрлі  сыныптан  жиналған  оқушылар  оқиды. 
Екіншіден олардың жас ерекшелігі әртүрлі болғандықтан әр сыныпқа өзінің сыныбына сәйкес 
білім берілу керек. Үшіншіден білім беру бағдарламасының әртүрлілігі. Төртіншіден мұндай 
сыныпқа  сабақ  беретін  пән  мұғалімдерінің  арнайы  педагогикалық  білім  көлемінің 
аздығы.Осының нәтижесінде балаларды оқытудың бірінші сатысынан – ақ қиыншылықтарға 
тап  болады.  Мұғалімдер  бұл  қиыншылықтарды  субьективті  талдап  бала  дамуындағы 
кемістіктерін күрделендіреді. 
Мұндай интеграцияның салдарынан балаларға  жалпы білім беру жүйесі ретсіз дамуын 
жалғастырады. Инклюзив —  сөзі  латын  тілінен  аударғанда  «өзімді  қосқанда»  ал,  ағылшын 
тілінен  аударғанда  «араластырамын»  деген  мағынаны  білдіреді. Инклюзивті  білім берудің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет