283
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың педагогикалық әдістерінің ерекшеліктеріне
қарамастан, олардың барлық әрекеттері бір мақсатқа бірігеді – еркін, дамыған,
жауапкершілікті, қоғамдық, әлеуметтік өмірге дайын адамды тәрбиелеу. Отбасының
қоғамдағы рөлін, өзінің күші бойынша ешқандай әлеуметтік институтпен салыстыра
алмайсың. Отбасында баланың жеке тұлғасы қалыптасып дамитындықтан, қоғам өміріне
бейімделуіне қажетті әлеуметік рөлді игеру жүретіндіктен, отбасында адамның
адамгершілік негіздері басталады, тәрбие нормалары қалыптасады, ішкі дүниесі мен
тұлғаның жеке сапалары ашылады.Әлеуметтік ықпалдың маңызды факторының бірі ретінде
отбасы баланың физикалық, психикалық және әлеуметтік дамуына әсерін тигізеді.
Отбасының рөлі баланы қоғам өміріне біртіндеп енгізуден құралады.
Қазіргі уақытта, отбасының, әлеуметтік педагогтың алдында тұрған барлық
мәселелердің ішінен, отбасын қоғам өміріне бейімдеу әлдеқайда маңызды болып отыр.Ата-
аналарды жеткілікті түрде ақпараттандыру жұмысы нәтижелі болуы үшін отбасының
әлеуметтік мәртебесін ескеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: