8
oral_oniri@inbox.ru
Сенбі, 27 ақпан 2016 жыл
СҰРАҚ-жАуАП
ДЕМЕУҚАРЖЫ ҚАЛАй АЛАМЫН?
- Биылдан бастап шикізат өңдеуші, дайындаушы ұйымдарға
қосымша құн салығы бойынша бюджетке төленген салық шама-
сын демеуқаржылау (субсидиялау) басталмақ. Оған қалай қол жет-
кізуге болады?
Ерік СҰЛТАНҒАЛИЕВ,
жеке кәсіпкер
Темірлан ТЕМІРӘЛИЕВ, облыстық ауыл
шаруашылығы басқармасының механи-
зация, мемлекеттік техникалық инспек-
ция және ауыл шаруашылығы өнімін
өңдеу бөлімінің басшысы:
- Қазір қайта өңдеуші кәсіпорындар
мен дайындаушы ұйымдар қосымша құн
салығын (ҚҚС) жалпы айналымнан төлей-
ді. Өйткені олар шикізатты ҚҚС-ты төле-
мейтін жеке шаруашылықтар мен шаруа
қожалықтарынан сатып алады. Мұндай шы-
ғын қайта өңдеуші кәсіпорындар мен дайындаушы ұйымдардың
соңғы өнімінің құнының өсуіне әкеледі және тиісінше олардың
бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Сондықтан тұрғындарда бар
шикізат көлемін ескере отырып, ауыл шаруашылығы нарығында-
ғы делдалдық қызметті жою үшін өткен жылдан бастап елімізде
«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға
есептелген ҚҚС-ы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салы-
ғы сомасын субсидиялау» бағдарламасы іске қосылды.
АӨК саласындағы дайындаушы ұйымдар, яғни ауыл шаруашы-
лығы өнімдерін сатып алу, сақтау, тасымалдау және сату қызметі
бойынша заңды тұлғалар бұрын қалыптасқан жалпы тәртіппен
ҚҚС-ты есептеп шығаратын болады. Дайындаушы ұйымдар арқылы
бюджетке төленген ҚҚС-тың шамасы ауыл шаруашылығы өнімде-
рін сатудан алынған табысы жылдық жиынтық табысының 90%-нан
кем емес болған жағдайда демеуқаржы түрінде қайтарылады.
Дайындаушы ұйымдар есептелген ҚҚС-ы шегінде бюджетке
төленген салығын демеуқаржылау үшін ауыл шаруашылығы бас-
қармасына тіркелуге өтініш беріп, аккредитациядан өтуі қажет.
Аталған бағдарлама қайта өңдеуші кәсіпорындар үшін ауыл
шаруашылығы шикізат өнімдерін (ет, сүт, жүн және былғары, жеміс
тер мен көкөністер) сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушы
ұйымдарды құруға бағытталған. Осы бағдарлама аясында облысқа
54,7 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл бағдарлама бойынша субсидия
2017 жылдан бастап төленеді.
ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛА МА?
– Елбасымыз «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында
жаңа экономикалық саясаттың негізгі төрт бағытын ұсынды. Соған сәйкес өңірімізде атқарылатын ша-
ралар жайы қалай? Облысымызда индустрияландыру картасы бойынша қандай жобалар жүзеге асуда?
Өңдеу өнеркәсібін дамытуға қаншалықты көңіл бөлінуде? Жаңа жұмыс орындары ашыла ма?
Данагүл САРИЕВА,
Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің
арнайы пәндер оқытушысы
Әлия ИМАНҒАЛИЕВА,
БҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының
бас маманы:
– Елбасы Жолдауында аталған
тың міндеттердің бірқатары –
экономикалық өсім, еңбек өнімділігін
арттыру, өңделген тауарды экспорт
тау мен инвестиция тарту және жаңа
жұмыс орындарын ашу мақсатында
Қазақстан Республикасының 2015-
2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалды-инно-
вациялық даму бағдарламасы жүзеге асып жатқаны белгілі.
2016-2018 жылдары жоспар бойынша елімізде өндіріс көлемін ұлғайтуға бағытталған және дағдарысқа
қарсы шаралар қолға алынады.
«Индустрияландыру картасы» бойынша облысымызда 327,7 млрд. теңгеге 2264 жұмыс орнын қамтитын
40 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Екінші бесжылдық жоспарына құны 69,3 млрд. теңге болатын
сегіз жоба енгізілген. Нәтижесінде 374 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Биыл облыста бес жоба жүзеге асады. Атап айтсақ, «Аквамәдениеттің тәжірибелік-өнеркәсіп өндірісі
бойынша оқыту-ғылыми кешені» ЖШС тауарлы бекіре мен қара уылдырықты өндіретін кешенін жасақ-
таса, «Конденсат» АҚ К5 экологиялық класты мотор жанармайын дайындайтын зауыт құрылысын салуды
бастайды. «Фирма Родник» ЖШС ауыз су құтысын шығаратын кешен ашпақ. «СпецстройСервис» ЖШС әр
данасы ұсақ бетон бұйымдары зауытының құрылысын қолға алады. «Зенит Орал зауыты» АҚ салмағы 600
тонна тартатын жаңа кемені құрастырмақ және басқа да ірі көлемді өнімдер
шығармақ. Бұл жобаларға 51,8 млрд. теңге бөлінген. 246 адам
жұмыспен қамтылады.
Былтыр облысымызда өнеркәсіп саласында өнім
алуға 109,7 млрд. теңге жұмсалған. Соның ішінде тау-
кен қазбаларын игеруге 97,6 млрд. теңге, өнімді
өңдеу үшін 6,1 млрд. теңге бағытталған.
Өңдеу өнеркәсібінде бұйымдар дайындау
көлемі 1,8 пайызға артқан. Көлік және жабдық-
тардан бөлек, дайын металл бұйымдарын шы-
ғару төрт есе, машинақұрылысы саласында
өнім 2,1 есе, химия саласында 2,5 есе өссе,
металлургия өнеркәсібінің бұйымдары 13,9
пайызға ұлғайған.
Машинақұрылысы саласы өнімдерінің құны
1 173,4 млн. теңгені құраған. Бұл бағыттағы өң-
деу өнеркәсібінің үлесі – 19,2%. Аталған саладағы
жетекші кәсіпорындар – «Зенит» Орал зауыты» АҚ,
«Оралагрореммаш» АҚ, «Омега» прибор жасау зауы
ты» АҚ, «Орал механикалық зауыты» ЖШС.
«АҚЖАйЫҚТЫҢ» АЛҒАШҚЫ ОйЫНЫ
ҚАШАН?
- Өзіміздің Оралдың «Ақжайық» футбол командасы жоғары топ-
қа шыққанда барша батысқазақстандықтар құсап, мен де қатты
қуандым. Енді премьер-лига командалары арасында ел чемпио-
натының басталуын асыға күтіп жүрмін. Биылғы чемпионатта
«Ақжайық» алғашқы ойынын қашан және қай командамен өткізеді?
Ермұқан ЖАНҒАЛИЕВ,
студент,
Подстепный ауылы,
Теректі ауданы
Біз Ермұқанның жауабына нақты жауап беру үшін Қазақстан
футбол федерациясының ресми сайтына (WWW. KPFL.kz)
үңіліп, мынандай мәліметтер таптық:
Футболдан премьер-лига
командалары арасындағы
Қазақстан Республикасының
2016 жылғы чемпионаты
туар айдың, яғни наурыздың
он екінші жаңасында жа-
лауын көтереді. Ала доптың
ел аумағындағы биылғы аламан бәйгесінде 12 клуб бақ сынамақ.
Чемпионаттың алғашқы туры 12-13 наурыз күндері өтеді. Орал-
дың «Ақжайығы» алғашқы ойынды сырт алаңда Қостанайдың «То
былымен» өткізеді. Ал екінші турда, дәлірек айтқанда, 19-шы на
урыз күні біздің команда өз алаңында Керекудің (Павлодардың)
«Ертісін» қабылдайды. Біз бұл ойынның жергілікті уақытпен сағат
нешеде басталатындығын және қай алаңда өтетіндігін жанкүйер
қауымға күн ілгері хабарлауға тырысамыз.
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының алдын ала таратқан
ақпаратына қарағанда, ағымдағы жылғы чемпионаттың алғашқы
айналымы 24 шілде күні аяқталып, келесі кезеңде алты коман
да медальдар үшін бәсеке көрігін қыздырмақ. Ал қалған клубтар
жоғары топта қалу үшін жанталасатын болады.
САДАҚАҒА СПОРТТЫҚ КИІМ-КЕШЕКПЕН БАРУ КүНӘ МА?
Осыдан он шақты күн бұрын өмірден өткен бір туысқанымыздың жетісіне спорттық костюммен
барғанмын. Садақаның соңын ала имам тікелей маған айтпаса да, жалпы жұртқа қаратып, садақалық
шараларға спорттық киім-кешекпен келмеген жөн екендігі хақында әңгіме қозғады. Мешітке, садақаға
спорттық киіммен бару күнә ма?
Нұрбол СӘРСЕКОВ,
студент,
Орал қаласы
Саят ҚАНАТҚАЛИ,
Орал қаласындағы Тұлбаев Мұхамед Ғариф атындағы мешіттің найб-имамы:
- Егер турасын айтқанда, спорттық киім-
кешекпен мешітке, садақаға бару күнә деп
айта алмаймын. Алайда әлгіндей киіммен
діни қағидалар атқарылатын шараларға бару
- діни әдепке қайшы екендігі ақиқат. Негізі
мешітке, әсіресе, исламдық қағидалар, яки
мұсылмандық әдеп-ғұрып бойынша қаралы
рәсімдер атқарылар жиындарға ұстамды
үлгідегі әрі көрер көзге түсі де жалт-жұлт еткен емес, түсі біртоға
киіммен барған ләзім. Жоғарыда сұрақ қойып отырған студент бауы-
рымыз барған Құран оқу, дұға бағыштау рәсіміне қатысқан имам қара-
лы жиынға спорттық киім-кешекпен келген бірлі-жарым адамдарға
жұрттың көзінше тікелей ескерту жасамаса да, «Келінім саған ай-
тамын, қызым сен тыңда» дегендей, жамағаттың жадында жүрсін де
ген ниетпен меніңше, орынды әңгіме қозғаған.
9
oral_oniri@inbox.ru
Сенбі, 27 ақпан 2016 жыл
бҰҚАРА
Жаңа Еңбек кодексінің
21 ТАРАУҒА ЖӘНЕ 155 БАПҚА
АйЫРМАШЫЛЫҒЫ БАР...
Таяуда редакциямызға хабарласқан облыстық
еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшысының
орынбасары Арман Тұйғынбетов жаңа Еңбек
заңының бұрынғысынан әжептәуір айырмашылығы
бар екенін айтып, жаңа заңды халыққа түсіндіру
мекеме қызметкерлерінің негізгі міндеті екенін
жеткізді.
Оның сөзінше, бүгінде еліміз
бойынша 8,5 миллионнан астам
адам еңбек етеді. Жаңа заң осы
адамдардың еңбек құқығын сақ-
тау үшін жасақталған.
- Жаңа Еңбек кодексінің тұжы-
рымдамалық тәсілдері халықара-
лық тәжірибеге, оның ішінде бі-
рінші кезекте экономикалық ын-
тымақтастық және даму ұйымы
елдерінің тәжірибесіне сүйене
отырып, еңбек заңнамасын ырық-
тандыру міндеттеріне негізделді.
Мемлекет өз тарапынан қызмет-
керлерге базалық кепілдіктер мен
өтемақыларды, төменгі еңбек стан-
дарттарын, негізгі құқықтары мен
міндеттерін белгілеп, олардың жұ-
мыс берушілер тарапынан орын
далуына қатаң бақылау жүргізетін
болады. Бұл ретте төменгі әлеу-
меттік стандарттар еңбек бостан-
дығына, қауіпсіздік және гигиена
талаптарына жауап беретін еңбек
жағдайларына, қандай да бір кем-
сітусіз еңбегі үшін сыйақыға, әр-
бір азаматтың еңбекке қатысты
конституциялық құқықтарын то-
лық көлемде қамтамасыз етеді.
Жұмыс беруші мен қызметкер-
лердің арақатынастары ұжымдық
келіссөздер және олардың ара-
сындағы келісімдер мен шарт
тар арқылы жасалатын болады.
Заңдардың қатаңдығы немесе
икемділігі, ең алдымен, жұмыс
орындарының және халықты жұ-
мыспен қамтудың көзі болып та
былатын кәсіпорындар үшін аса
маңызды. Сол себепті жаңа ко
дексте жұмыс берушілер үшін
азаматтарды белгілі бір көлемде
жұмысқа жалдау, кадрлық көтеру,
жұмыстан босату, қызметкерлер-
дің еңбек жағдайлары мен еңбе-
гіне ақы төлеуді анықтау рәсім-
дері жеңілдетілді және қызмет-
керлердің базалық еңбек кепіл
діктері мен құқықтары белгіленіп,
оларды жеке, ұжымдық шарттар
мен келісімдер арқылы кеңейту
мүмкіндігі қарастырылды.
Еңбек кодексінің жаңа редак-
циясы Қазақстан Республикасы-
ның Конституциясында белгілен-
ген принциптермен қатар, халық-
аралық еңбек ұйымының (ХЕҰ)
ұсынымдары мен конвенцияла-
рына, халықаралық еңбек стан-
дарттарының талаптарына сай ке
леді. 2016 жылдың 1 қаңтарынан
бастап қолданысқа енгізілетін жа-
ңа Еңбек кодексі 204-бапты құ-
райтын бес бөлімнен тұрады. Жә-
не бұл құжат бүгінгі таңда еңбек
қатынастарын реттейтін негізгі
нормативтік-құқықтық заң болып
табылады. Қазіргі қолданыстағы
Еңбек кодексінің бұрынғымен са-
лыстырғанда 21 тарауға және 155-
бапқа айырмашылығы бар, - де-
ген облыстық еңбек инспекциясы
басқармасының өкілі жаңа еңбек
заңының негізгі өзгерістеріне тоқ-
талды.
Жұмыс берушінің
сынақ мерзімін белгілеуге
құқы бар...
- Жаңа Еңбек кодексі бойынша
жұмыс берушінің еңбек шартын
белгілі бір кезеңге (12 айдан кем
болмайтын) және белгісіз бір мер
зімге де жасауға құқы бар. Егер
мерзімді еңбек шарты (бір жылға
немесе одан да астам уақытқа) жа-
салған жағдайда жұмыс берушіге
ол шартты қайта жасауға құқық
беріледі, бірақ мұндай шартты сол
мерзімге екі реттен аса қолдануға
болмайды, одан кейін еңбек шар
ты белгісіз бір мерзімге жасалған
болып саналады. Сондай-ақ жаңа
заң бойынша жұмыс берушіге кез
келген санаттағы азаматтарды жұ-
мысқа қабылдаған кезде сынақ
мерзімін белгілеу құқығы берілді,
бұл жағдай кәсіпорын, мекеме
лерге жекелеген санаттағы азамат
тарды, мысалы, 18 жасқа толмаған
жасөспірімдерді, жұмысқа алғаш
рет кірген оқу орындарының тү-
лектерін, мүгедектерді жұмысқа
қабылдау кезінде жұмыс беруші-
ні ынталандырады. Тағы бір айта
кететін жәйт, өндіріс тоқтап қал-
ған жағдайда, жұмыс беруші жұ-
мысшының жұмыс орнын сақтап
қалу мақсатында жұмыскерді,
оның денсаулығына зиян келмей
тіндей кез келген басқа бос жұмыс
орнына оның келісімінсіз ауысты
ра алады. Сондай-ақ тәуелді заңды
тұлға шегінде еңбек қатынаста-
рын тоқтатпай, бір ұйымнан бас-
қа ұйымға (іссапармен жіберу)
ауыстыру құқығы қарастырылған.
Іссапарға еңбек шарты тарапта-
рының жазбаша келісімімен ғана
жіберуге болады, - деген Арман
Орашұлы жаңа еңбек заңы бойын-
ша жұмыс берушілердің жұмыс-
кердің келісімінсіз оның жалақы-
сынан ұстап қалуға құқы бар
екенін айтты. Атап айтсақ, мына
төмендегі жағдайларда:
1) іссапарға байланысты шы-
ғыстарды растайтын құжаттарды
бермеген жағдайда, жұмсалмаған
және уақтылы қайтарылмаған ақ-
шалай сомаларды өтеу үшін;
2) еңбек шарты мерзімінен бұ-
рын бұзылған кезде, жұмыс істел
меген мерзімге пропорционалды
оқыту шарты болған кезде, жұмыс-
керді оқытуға байланысты шығын-
дарды жұмыс берушіге өтеуді көз-
дейтін жағдайларда;
3) жалақы есебінен жұмыскер-
ге берілген авансты өтеу үшін;
4) осы кодекстің 95-бабының
3-тармағын қоспағанда, жыл са-
йынғы ақы төленетін еңбек дема-
лысын ауыстыру немесе жұмыс-
керді одан шақыртып алу жағдай-
ларында.
Мүгедектерді жұмыстан
қысқартуға болмайды
- Жаңа Кодекс бойынша жыл
сайынғы ақылы еңбек демалысы
қызметкер мен жұмыс берушiнiң
арасындағы келiсiм бойынша бе-
ріледі, - деді әңгімесін одан әрі
жалғастырған Арман Орашұлы.
- Жаңа Кодексте еңбек демалысы-
ның ұзақтығы күнтізбелік екі ап
тадан кем болмауы тиіс. Кодекс
бойынша мүгедектерді жұмыстан
қысқартуға болмайды және олар-
дың жұмыс уақытының қысқар-
тылған аптасына 36 сағат қолда-
нылуы солай қалдырылды. Қолда-
ныстағы Еңбек кодексінде қосым-
ша еңбек демалысының ұзақтығы
1 және 2-топ мүгедектері үшін 15
күнтізбелік күн болып белгілен
ді. Және жаңа Еңбек кодексінде
алты күннен кем емес ұзақтығы
белгіленді. Жаңа кодекс жұмыс
берушіге штатты емес, жұмыс кү-
нін қысқарту, қызметкерді уақыт-
ша басқа жұмыспен қамтамасыз
ету секілді міндеттер жүктейді.
Экономикалық қиындықтарға бай-
ланысты, мысалы, кәсіпорын жұ-
мыс істемей қалғанда, жұмысшы-
ларды қысқартуға жол беріледі.
Бірақ оның өз шарттары бар. Мы-
салы, цех экономикалық қиындық-
қа тап болғанда қызметкерді бас-
қа жұмысқа ауыстыру мүмкіндігі
болмаған жағдайда жұмысшыны
қысқартуға болады. Ол үшін жұмыс
беруші қызметкерлерге еңбек
шартын бұзу үшін негіз болған
себептерді көрсете отырып, оған
кемінде бір ай бұрын жазбаша ес
керту қағазын беруі тиіс. Мұндай
жағдайда еңбек шартының бұзы-
лып, жұмысшының жұмыстан айы
рылуына байланысты оған екі ай-
ға орташа еңбекақы мөлшерінде
өтемақы төлеу қарастырылған. Бұ-
рын қысқарту жағдайында жұмыс-
шыға тек бір айға ғана өтемақы
төлеу қарастырылған болатын.
Жұмыспен қамту
мекемелеріне
хабарлауы тиіс
- Бұдан басқа егер еңбек және
ұжымдық шарттарда хабарлау-
дың аса ұзақ мерзімі қарасты-
рылмаса, жұмыс беруші он бес күн
бұрын қызметкерге еңбек шар
тын бұзатыны туралы жазбаша
хабарлауға міндетті. Тараптардың
келісімі бойынша хабарлау мерзі-
мі жұмыс жасалмаған мерзімге тең
жалақы төлеумен алмастырылуы
мүмкін. Хабарландыруда жұмыс
беруші еңбек шартын бұзуға не
гіз болған себептерді көрсетуге
міндетті. Сондай-ақ жұмыс беру-
ші жұмыстан босату басталғанға
дейін кемінде бір ай бұрын жұ-
мыс берушінің экономикалық жағ-
дайын әлсіретуге алып келген
өндіріс, орындалатын жұмыстар
мен көрсетілетін қызметтер көле-
мінің азаюына байланысты ал-
дағы уақытта қызметкерлердің
жұмыстан босайтыны туралы ақ-
паратты жұмыспен қамту орган
дарына беруге міндетті. Онда бо-
сатылатын қызметкерлердің лауа-
зымдары мен кәсіптері, маман-
дықтары, біліктілігі және еңбек-
ақы мөлшері, босатылуы мүмкін
қызметкерлердің саны мен санат
тары және олар босатылатын мер
зімдер көрсетілуі керек.
Жұмыс берушіге жүктілігі тура-
лы анықтаманы ұсынған әйелдер-
мен, үш жасқа дейінгі баласы бар
әйелдермен, он төрт жасқа дейін
гі баланы (он сегіз жасқа дейінгі
мүгедек баланы) тәрбиелеп отыр-
ған жалғызбасты аналармен, атал-
ған балалар санатын анасыз тәр-
биелеп отырған өзге де адамдар
мен, сондай-ақ уақытша еңбекке
жарамсыз немесе демалыстағы
қызметкерлермен аталған негіз
бойынша еңбек шарты бұзыл-
майды.
Сондай-ақ ҚР Заңында белгі
ленген зейнеткерлік жасқа жет-
кен қызметкерлермен еңбек шар
тын тоқтатуға жұмыс берушінің
құқығы қарастырылған, тоқтату
тәртібі нақты реттелген. Жаңа ко
декске сәйкес зейнеткерлік жас-
қа жеткен қызметкермен еңбек
шартын жыл сайын ұзарту мүм-
кіндігі бекітілген. Енді жұмысшы
63 жасқа толғанда бір ай ішінде
онымен еңбек қарым-қатынасы
тоқтатылуы мүмкін. Бірақ соңғы
шешім тағы жұмыс берушінің ер
кінде, - деген Арман Орашұлы
бұл жерде жастардың, оның ішін
де дипломы бар мамандардың
арасында да жұмыссыздықтың
орын алып отырғанын ұмытпау
керектігін айтты. Оның сөзінше,
белгіленген зейнеткерлік жасқа
жетуге екі жылдан аз уақыт қал-
ған қызметкерлерді штаттың қыс-
қартылуына немесе аттестаттау
нәтижелерімен расталған білікті-
лігінің жетіспеуіне байланысты,
сондай-ақ жұмыс беруші мен қыз-
меткерлер өкілдерінің тең саны
нан құрылған комиссияның оң
шешімінің болмауына орай олар
мен еңбек шартын бұзуға болмай
ды.
Еңбек құқығы бұзылса,
жұмыс беруші
жауапқа тартылады
Арман Орашұлының сөзінше,
жаңа Еңбек кодексінің жұмысшы-
лар үшін жағымды тұстары бар.
Енді кез келген қызметкер күніне
8 сағат, ал аптасына 40 сағаттан
артық жұмыс істемеуі тиіс. Сондай-
ақ жыл сайынғы еңбек демалы-
сын уақытында беру керек және
ол 24 күннен кем болмауы тиіс.
Еңбекке ақы төлеу мәселесінде
мемлекет бұрынғыдай айлық жә-
не сағаттық жалақының ең аз
мөлшеріне, мерзімінен тыс және
түнгі уақыттағы жұмыс үшін тө-
лемге, мереке және демалыс күн-
деріндегі жұмыс үшін төлемге ке-
пілдік беретін болады. Жаңа Ең-
бек кодексі бойынша жұмыс бе
руші ұжымдық шартты жасау ар-
қылы қызметкерлер өкілдерінің
бастамасымен немесе жұмыс бе
руші актілерін қабылдау арқылы
қызметкерлер жалақысының тү-
рін, жүйесін және мөлшерін таң-
дауға құқы бар. Сондай-ақ мемле-
кет еңбек ету бостандығы құқы-
ғына кепілдік береді. Еңбек ету
бостандығы құқығына сәйкес
қызмет саласын таңдау қызмет-
кердің өзіне беріледі және қызмет
түрін таңдағанда қызметкер оған
қамтамасыз етілетін әлеуметтік
кепілдіктердің деңгейін – кодекс-
ке сәйкес еңбекақы алу, жұмыс
уақытын шектеу құқығы, ұзақты-
ғы ең аз еңбек демалысын алу
құқығы және қоғамдық әлеумет-
тік кепілдіктерге жататын басқа да
құқықтар жайлы білуге тиіс. Қыз-
меткерлердің еңбек құқықтары
бұзылған жағдайда, жұмыс беру-
шілер жауапкершілікке тартыла-
ды. Мысалы, жұмысқа еңбек шар
тын жасамай тарту, еңбекақысын
уақтылы төлемеу, еңбек демалы-
сын бермеу, күніне жұмыс істеу
уақытын арттыру, жұмыста кемсі-
туге жол беру сынды құқықбұзу-
шылықтары үшін әкімшілік жауап
кершілік қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: