«Ақжайықтың» кезекті жеңісі
oral_oniri@inbox.ru
ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САяСИ гАзЕТ
Орал өңірі
www.oraloniri.kz
Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
Сейсенбі,
20 қыркүйек 2016 жыл
№115 (20367)
+ 16
0
С
+ 10
0
С
ДАЛА-ҚАЛА
ҚОҒАМ
КЕРуЕН САРАй
«АҚЖАйЫҚТЫң»
КЕзЕКТІ ЖЕңІСІ
ӨМІРДЕН ӨТКЕН АДАМ ДА
ӨМІРДІ ҚұТҚАРА АЛАДЫ...
3
«ӨНЕгЕЛІ ЕНЕ,
КӨРЕгЕНДІ КЕЛІН»
8
6
Елорда төрінде –
АҚ ЖАйыҚ өңіРі
Елорда тұрғындары мен астана қонақтарына облысымыз-
дың ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылған жәрмеңке
ұйымдастырылып, өңіріміздегі өнер иелерінің қатысуымен
мәдени іс-шаралар өткізілді.
Батыс Қазақстан облысының Астанадағы күндерінің жоғары
деңгейде өтуіне атсалысқан өңіріміздің сөз бастар зиялыла-
ры мен еңбек сіңірген ардагерлеріне, маңдай тердің арқасында
алынған өз өнімдерін ұсынған ауыл шаруашылығы маманда-
ры мен жекелеген кәсіпкерлерге, астанамыздың төрінен өңір
халқына дер кезінде ақпарат жеткізген облыстық газеттер
мен телеарнаның тілшілеріне зор алғысымды айтамын. Батыс
Қазақстан облысы ұйымдастырған шараларға қолдау білдірген
ел ағалары мен өңірімізден шыққан белгілі тұлғалардың төбе
көрсетуі біздің мерейімізді тасытты. Барлығына өзімнің және
барлық батысқазақстандықтардың атынан ризашылығымды
білдіремін.
Астана қаласында апта сайын «Қуатты өңір - қуатты Қазақ-
стан» деген атпен өтіп жатқан іс-шаралар – бірлігі жарасқан
бүтін ел екеніміздің айқын көрінісі. Өңірлер халқы еліміздің
төрінде бас қосып, үлкен әсермен тарқасуда.
Егемен еліміздің кемел келешегі жолында еңбек етіп жат-
қан әрқайсыңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бе-
реке-бірлік тілеймін! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
Игі тілекпен: Алтай КөЛгІнОв,
Батыс Қазақстан облысының әкімі
Құрметті батысқазақстандықтар!
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту мақсатында осы жылдың 17-18 қыркүйек
күндері Астана қаласында «Қуатты өңір - қуатты Қазақстан» атты Батыс Қазақстан
облысының күндері өтті.
Інжу
үздік болды
«Қазақстан патриоты» республикалық
әскери-патриоттық журналы Тәуелсіздіктің
25 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке
тарту» атты республикалық сырттай байқау
өткізді.
5-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерге
арналған бұл шараға Ақжайық ауданының
Қарауылтөбе ауылындағы «Нұрбақыт» бала-
бақшасының тәрбиеленушісі Інжу Қайыр-
бек қатысып, бас жүлдеге ие болды. Ол осы
байқауда Қымбат Әбділдақызының «Тәуел-
сіздік арқасы» атты өлеңін мәнерлеп оқы-
ды. «Нұрбақыт» балабақшасының тәрбие-
шісі Айгүл Ғабдуалиеваға сәбиді байқауға
әзірлегені үшін диплом тапсырылды.
Бекем БЕКҰЛЫ,
Ақжайық ауданы
4-5
2
oral_oniri@inbox.ru
Сейсенбі, 20 қыркүйек 2016 жыл
АҚПАРАТ
Қ
азақстан Президенті оты-
рыс Достастықтың құры-
луының мерейтойы жы-
лында өтіп отырғанын айтты.
– 1991 жылы қол қойылған Ал-
маты декларациясы арқылы негі-
зі қаланған Тәуелсіз мемлекеттер
достастығы бүгінде елдерімізді
жақындастыра түсетін бірегей
алаң болып қала береді. Біздің
Достастық жұмысын жалғасты-
рып және болашаққа деген жос-
парларды іске асыра отырып, өзі-
нің өміршеңдігін, тиімділігін және
перспективалылығын дәлелдеді.
Сондай-ақ Достастықтың тәжіри-
Достастықтың Бішкектегі кеңесі
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Бішкек қаласында
өткен ТМД-ға мүше елдер басшыларының кеңесіне қатыс-
ты. Бұл іс-шараға сондай-ақ Әзербайжан Республикасы-
ның Президенті И. Әлиев, Армения Республикасының Пре-
зиденті С. Саргсян, Беларусь Республикасының Президенті
А. Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті
А. Атамбаев, Ресей Федерациясының Президенті В. Путин,
Тәжікстан Республикасының Президенті Э. Рахмон қатыс-
ты.
бесі ЕАЭО және ШЫҰ тәрізді ин-
теграциялық ұйымдарға да сеп-
тігін тигізді. Осылайша Алматыда
1991 жылы 21 желтоқсанда ТМД-
ның құрылуы зор тарихи мәнге
ие болды. Менің бастамам бойын-
ша бүгін біз ТМД-ның 25 жылды-
ғы жөнінде мәлімдеме қабылдап
отырмыз. Ол бағдарды айқындап,
алдымызға жаңа міндеттер қояды,
- деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен бірге Мемлекет бас-
шысы жақында өткен G-20 сам-
митінде әлемдік экономиканың
орнықты дамуын қамтамасыз ету
үшін экономикалық саясатты үй-
лестіру туралы уағдаластыққа қол
жеткізілгенін атап өтті.
– Саммитте дамудың ескірген
моделін алмастыру және жаһан-
дық индустриялық революция-
дан соң келген жаңа сандық эко-
номикаға көшу мәселелері тал-
қыланды. Бұл – энергияның жаңа
түріне, валютаның жаңа санаты-
на және қоғамдық қарым-қаты-
настың жаңа формаларына негіз-
делген қоғамдық өндірістің жаңа
тәсілін табу мен игере бастау-
дың нышаны. Жаңа проблемалар
алдында ТМД аясында бізге де
тығыз өзара іс-қимыл жасап, бір-
лескен жобаларды жандандыру
қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті Достас-
тықтың қазір 2008 жылы қабыл-
данған экономикалық даму стра-
тегиясын іске асырудың үшінші
кезеңіне көшкеніне назар аудар-
ды.
– Қазіргі уақытта әлемдік эко-
номикадағы жағдай айтарлықтай
өзгерді. Сондықтан Қазақстан Дос-
тастық елдерінің экономикалық
дамуына серпін беруге арналған
шаралар жиынтығын жандандыра
түсуді ұсынды, – деді Мемлекет
басшысы.
Бұдан бөлек Қазақстан Прези-
денті ТМД елдерін дамытудағы
көлік-транзит әлеуетін тиімді пай-
даланудың маңызды рөлін атап
өтті.
– Кей жағдайда ауқымды көлік-
транзиттік жобаларды іске асы-
руда елдер арасында бір-бірін
қайталау кездесіп қалады, өзара
келісудің жетіспейтіндігі байқала-
ды. Осыған байланысты бұл са-
ладағы саясатымызды үйлестіру
қажет. Бұл жобаларымыздың тиім-
ділігін едәуір арттыруға мүмкін-
дік береді, – деді Нұрсұлтан
Назарбаев.
Сонымен бірге Елбасы өткен
жолғы кездесуде ТМД-ны зама-
науи жағдайға бейімдеу қажет-
тігі жөніндегі уағдаластыққа қол
жеткізілгенін кеңеске қатысушы-
лардың есіне салды.
– Тараптардың белсенді өзара
іс-қимылы арқасында Достастық-
тың тиімділігін арттыратын нақты
шаралар әзірленді. ТМД қызметін
жетілдіріп, оның функционалдық
икемділігіне қол жеткізу үшін тұ-
рақты түрде жұмыс жүргізіп оты-
ру қажет, – деді Қазақстан Прези-
денті.
Соңында Мемлекет басшысы
ТМД-ға 2017 жылы Ресей Феде-
рациясының төрағалық етуі жө-
ніндегі шешімді Қазақстанның
құптайтынын жеткізді.
www.akorda.kz
Ш
ара барысында облыстық тұтынушы-
лардың құқығын қорғау департаменті-
нің бөлім басшысы Эльмира Қиматова
және «Қазақстан аграриясы» республикалық қо-
ғамдық бірлестігінің мүшесі Меңболат Сахметов
әр тұтынушының сауалына жауап беріп, олармен
жеке сұхбат жүргізді. Сондай-ақ азаматтардың на-
зарына кеңестер мен ақпарат беретін бейнеролик-
тер ұсынылып, буклеттер таратылды.
– Көп жағдайда сатып алушылар өз құқықтарын
біле бермейді. Оның үстіне «Тұтынушылардың құ-
қықтарын қорғау туралы» ҚР заңына бірнеше өзге-
рістер енгізілді. Мәселен, осыған дейін егер тауар
белгілі бір себептермен тұтынушының көңілінен
шықпаса, оны 14 тәулік ішінде айырбастауға неме-
се тіптен тапсырып, ақшасын қайтаруға болатын.
Ал қазір бұл мерзім 30 тәулікке дейін ұзартылды.
Аталмыш шараны тұтынушылардың сауатын ашу
мақсатында ұйымдастырдық, – дейді Меңболат Сах-
метов.
Айымгүл ТӨЛЕУҒАЛИЕВА,
«Орал өңірі»
Өз құқығыңызды
білеСіз бе
?!
«Московский» сауда орталығында
«Тұтынушылардың құқығын қорғау және
халықтың тұтынушылық сауаттылығын
арттыру» атты акция ұйымдастырылды.
К
үні бүгінге осы бағытта ұйым-
дастырған іс-шараларға бірқа-
тар үкіметтік ұйымдар да бел-
сене қатысуда. Солардың қатарында
облыстық ішкі саясат басқармасының
әлеуметтік тапсырысы негізінде «За-
ман» жастар қоғамдық бірлестігі жастар
арасында қоғамдық тәртіпті сақтауды
насихаттау, қылмыстың алдын алу мақ-
сатында бірқатар жобаларды қолға ал-
ған болатын. Бұл жайында «Нұр Отан»
партиясы облыстық филиалында өт-
кен дөңгелек үстел отырысында бір-
лестік төрағасы Асхат Өкшебаев баян-
дады. Оның айтуынша, құқық қорғау
Елбасы «Қазақстан –
2050» стратегиясы:
қалыптасқан мемле-
кеттің жаңа саяси
бағыты» атты Жол-
дауында қоғамда
ұсақ құқықбұзушы-
лықтарға қарсы
«мүлдем төзбеушілік»
қағидатын қалып-
тастыру керектігін
айтқаны белгілі.
Жастар «мүлдем төзбеушілікке» ынталы
органдары ұйымдастырған рейдтерге
бірлестік мүшелері де қатысып, түнгі
ойын-сауық клубтарында ата-ана қара-
уынсыз жүрген кәмелеттік жасқа толма-
ғандарға қатысты және бала еңбегін
қанау деректерін анықтауға үлес қос-
қан. Сондай-ақ жоғары оқу орында-
рында қолға алынған «Таза сессия» ак-
циясы аясында сыбайлас жемқорлық-
тың алдын алу мақсатында түсіндір-
ме-ақпараттық жұмыстары жүргізілген,
профессор-оқытушылары құрамымен
кездесу, студенттер арасында сауална-
малар ұйымдастырылған. VK әлеумет-
тік желісінде онлайн парақша ашыл-
ған. Дөңгелек үстелде ҚР Мемлекет-
тік қызмет істері министрлігінің БҚО
бойынша департаментінің басқарма
басшысы Біржан Хайруллин 2015-2025
жылдарға арналған сыбайлас жемқор-
лыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы
және оның іске асырылуы жөнінде
баяндама жасады. Ал «Орал қаласы
студенттер альянсы» корпоративтік қо-
рының атқарушы директоры Оралбек
Жандауов жастардың «мүлдем төз-
беушілік» қағидатын жүзеге асыруға
ынталы екенін жеткізді.
Нұртай ТЕКЕБАЕВ,
«Орал өңірі»
«Өнегелі ене,
көрегенді келін»
Жас волейболшылардың
жеңісі
3
oral_oniri@inbox.ru
Сейсенбі, 20 қыркүйек 2016 жыл
ҚоҒАм
Құрылғалы бері халық арасын-
да елжандылық пен ұлтаралық
жарасымды, ал жастар арасын-
да әскери-патриоттық тәлім-тәр-
биені кеңінен насихаттап келе
жатқан бірлестіктің орталық ке-
ңесінің төрағасы Қазақстанның
Халық Қаһарманы, генерал-лей-
тенант Бақытжан Ертаев.
Үшбу ұйымның біздің өңірде-
гі жұмысына тұрақты атсалысып
жүрген доғарыстағы сардар-
лардың бірі – Ауған соғысының
ардагері, подполковник А. Бо-
ровский. Анатолий Владимиро-
вич белсенді азаматтық ұстаны-
мы, жастар арасында әскери-па-
триоттық тәрбиені жүйелі жүр-
гізіп, әскери қызметті ұдайы на-
сихаттап келе жатқаны үшін жа-
қында бірлестіктің Құрмет грамо-
тасымен марапатталды. Бұл ма-
рапатқа бірлестіктің төрағасы
Қазақстанның Халық Қаһарма-
ны, генерал-лейтенант Бақытжан
Ертаевтың өзі қол қойған.
Халық
Қаһарманының
құрметі
Қазақстан Республика-
сы Қарулы күштері арда-
герлерінің республикалық
қоғамдық бірлестігі біраз
жылдан бері жемісті жұ-
мыс істеп келеді.
Ж
иын барысында елі-
мізде трансплантация-
лық үйлестіру қызме-
тін дамыту, ағзалық донорлық-
тың ұйымдастыру-құқықтық сұ-
рақтары, қайтыс болған адамның
ағзасын алу жұмысындағы анес-
тезиолог-реаниматологтың рөлі,
«Күту» парағын қалыптастыру жа-
йы сөз болды.
Астана қаласындағы респуб-
ликалық трансплантациялық үй-
лестіруші Ғалымжан Рақышев-
тың айтуынша, елімізде ағзаны
ауыстыру жұмыстары басталға-
нына төрт жылдай уақыт болған.
Осы қысқа мерзімде бір мыңдай
адамның өмірі трансплантация-
ның арқасында сақталып қалды.
«Трансплантология – еліміздегі
денсаулық сақтау саласының ке-
лешегі мол бағыттарының бірі.
Бұл мәселеге мемлекетіміз және
Елбасымыз үлкен мән-маңыз бе-
руде. Тұрғындарға транспланто-
логиялық көмек көрсету көрсеткі-
ші – элиталық форма, яғни мемле-
кеттің даму көрсеткішін айқын-
дайды. Қазіргі уақытта елімізде
4 мыңнан астам науқас ағзасын
ауыстыруға мұқтаж. Донорлыққа
не кедергі десек, мәселе мынада:
қайтыс болған адамның ағзасын
алуға олардың тума-туыстары
келісім бермейді. Бұл мәселеде
тұрғындардың сауатсыздығы ба-
сым. Кейбіреулер дінімізде бұ-
ған рұқсат жоқ деп жатады. Олай
емес, мұсылман дінінде өзге
адамның өмірін сақтау үшін мар-
құмның ағзасын пайдалануға рұқ-
сат етіледі, бірақ тегін болуы ке-
рек, ағза сатылмасын дейді. Со-
дан соң науқастарды емдеп, аман
алып қалу үшін донорлықтың ма-
ңызын халыққа түсіндіріп, жете
ұғындыруымыз қажет. Қайтыс бол-
ған адамның тума-туыстары келі-
сімді қағаз жүзінде береді, бұл
заңдық тұрғыдан қарастырылған»,
- деді Ғалымжан Рақышев. Оның
айтуынша, Астана, Алматыда, өзге
қалаларда, барлығы он жерде
трансплантациялық орталық құ-
рылды. Сонымен қатар бірқатар
ірі қалаларда ішінара ота жасау
қолға алынды. Мысалға, Шымкент-
те 3 адамға бүйрек ауыстырылып,
биыл Ақтөбеде 2 ота жасалған.
Медицина соншалықты күшті
болғанымен, кейде адамның ағза-
сы қызмет етуге жарамсыз бо-
лып, оны ауыстыру қажеттігі туа-
ды. Әлемнің біраз елі ағзалық
донорлықты дамытуға әлден ден
қойған. Іргелі мұсылман елі сана-
латын Иранның өзінде бүйрек
ауыстырудан 1991 жылы 4, өткен
жылы 450-ден астам трансплан-
тациялық ота жасалған. АҚШ-та
арнайы донорлық қызметі үшін
марқұмның мұрагеріне белгі-
ленген көлемде қаржы беріледі.
Германия, Италия, Канада, Фран-
цияда қайтыс болған жағдайда
туыстарының келісімімен ғана ке-
ректі мүшелерді алуға рұқсат бе-
ріледі. Ал Ресей мен Австрияда еш-
қандай рұқсатсыз-ақ қайтыс бол-
ған адамның ағзасы алынады. Оң-
түстік Кореяда донор болғысы
келетіндер өздері жазып қалды-
рады және ол мәлімет жүргізуші
куәлігінде көрсетіледі.
Еуропада, әсіресе, Хорватия
мен Испанияда қайтыс болған
адамның, ал Азия елдерінде негізі-
нен туыстарының ағзасын транс-
плантациялау жолға қойылған.
Мамандардың айтуынша, донор
болған бір адам елу науқастың
өмірін сақтап қалуы мүмкін. До-
норлыққа жүрек, жүрек қалқан-
шалары, бауыр, бүйрек, өкпе, те-
рі, омыртқа, буын сүйектері, басқа
да мүшелер жатады.
Өңірдегі 30 шақты науқасқа ағ-
за ауыстыру отасы Астана, Алма-
ты қалаларындағы орталықтарын-
да жасалған. Олардың 26-сына
бүйрек, екеуіне жүрек, төртеуіне
бауыр ауыстыру оталары жа-
салған. Бұлар негізінен туыстық,
бауырлық трансплантация, яғни
туысының немесе бауырының
тиісті ағзасы алынып, науқасқа
салынады. «Бүгінде облыста бүй-
рек жетімсіздігі бойынша 140-
тан астам науқас есепке алынған.
Ерте ме, кеш пе, оларға бүйректі
ауыстыру отасын жасау керек.
Мемлекет бұл мақсатқа қомақты
қаржы бөлуде. «Денсаулық» бағ-
дарламасында бұл жағы қарасты-
рылған. Облыс бойынша 96 ауру
ағза ауыстыру кезегінде тұр. Олар
жүрек, бүйрек, бауыр, асқазан
асты безі, өкпе сықылды ағзалар-
ды «жаңартуға» мәжбүр. Сондық-
тан Астанадағы орталықпен екі
араны дәнекерлеп, байланысты-
ратын үйлестіруші керек деп шеш-
тік», – деді басқосуда облыстық
денсаулық сақтау басқармасының
басшысы Қамидолла Ирменов.
Аталмыш басқарма басшысының
бұйрығымен аймақтық трансплан-
тациялық үйлестіруші болып об-
лыстың бас онкологы, медицина
ғылымдарының кандидаты Тай-
ман Аманов, стационарлық үй-
лестіруші болып танымал дәрі-
гер, реанимациялық бөлімшенің
меңгерушісі, облыстық аурухана-
ның анестезиологы Виктор Ши-
ряев тағайындалғаны мәлім бол-
ды. Олар орталықпен байланысты
нығайтып, санавиациямен тиісті
ағзаны жеткізу, науқастарды отаға
әзірлеу жұмыстарына басшылық
жасайды. Қ. Ирменовтің айтуын-
ша, Оралда трансплантациялық
орталық ашу мақсат емес. Мысал-
ға, Белоруссияда ТМД елдері ара-
сынан ең үздік трансплантация-
лық бір орталық бар, 147 мил-
лион халқы бар Ресейде 20 орта-
лық жұмыс істейді.
Басқосуда мәлім болғандай, бү-
гінгі күні ең басты түйткіл – до-
норлық ағзалардың тапшылығы.
Өйткені донорлар аз. Сондықтан
халықты бұған психологиялық тұр-
ғыдан дайындап, трансплантация
заңдылығын түсіндіру жұмыс-
тарын жүргізіп, өркениет көшіне
ілесуіміз керек. Өйткені бұл та-
қырыптан үріккенімізбен, өмірге
деген азаматтық ұстанымымыз
бұл мәселеге басқа қырынан қа-
рауға жетелейді.
Гүлбаршын әЖІГЕРЕЕВА,
«Орал өңірі»
Өмірден өткен адам да
Облыстық клиника-
лық аурухананың ба-
засында «Қазақстан
Республикасында
трансплантациялық
үйлестіру және қайтыс
болғаннан кейінгі ағ-
залық донорлықты да-
мыту мәселелері» тақы-
рыбында өңірлік кеңес
өтті. Кеңес жұмысына
республикалық транс-
плантациялық үйлес-
тіруші Ғалымжан Рақы-
шев, Астана қаласы
бойынша стационарлық трансплантациялық үйлестіруші,
медицина ғылымдарының кандидаты Бақыт Жарқымбетов,
облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс
бас мамандары, қоғамдық, саяси ұйымдардың өкілдері
қатысты.
С
алтанатты шарада сөз ал-
ған аталмыш қоғамдық
бірлестіктің
төрайымы
Мерует Санқаева жиналғандарды
ұйымның онжылдығымен құттық-
тап, өткен кезеңдегі қиындықтар
мен жетістіктер жайында баянда-
ды. Мүмкіндігі шектеулі балалар-
Болатқызы өзіне жанашыр болып,
көмек қолын созған мемлекеттік
мекемелер мен кәсіпкерлерге,
қоғамдық ұйымдарға алғыс ай-
тып, келешекте де тек тараптар
үшін ғана емес, ерекше санаттағы
балалар игілігі жолындағы өзара
ынтымақ пен ортақ мүдделер-
дің қабысуының маңызын атап
көрсетті.
Кездесуге келген облыстық мү-
гедектер ұйымының төрағасы
Ж. Қожжанов, М. Ықсанов атында-
ғы қоғамдық қордың төрағасы
А. Атаев, «Үндесу» қоғамдық ұйы-
мының төрайымы Н. Лучинина,
облыстық ішкі саясат басқарма-
сының бөлім басшысы Е. Көшеков
«Бәйтерекке» – 10 жыл!
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлықпен айна-
лысатын «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігіне он жыл
толды. Таяуда соған байланысты облыстық ішкі саясат