ОбөЖ №4 Тақырыбы


Өнімді сертификаттау тәртібі



бет4/4
Дата23.04.2023
өлшемі31,02 Kb.
#85784
1   2   3   4
3. Өнімді сертификаттау тәртібі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің талаптары бойынша өнімнің (қызметтің сапасын сертификаттау тек аккредиттелген сынақ зертханаларында (орталықта) өткізілуі тиіс.)
Мұнда өнімнің (қызмет) сертификат сәйкестігі талаптары сай келетінін 3 (үш) топқа бөліп қарайды:
1) идентификациялау мақсатында алынатын көрсеткіштер;
2) міндетті сертификаттау кезіндегі өнімнің қауіпсіздігі мен талаптарына сай болуы;
3) ерікті сертификаттау кезінде басқа да көрсеткіштерді анықтау;
Өнімді сертификаттау барысындағы барлық орындалатын төлем ақысы өтініш берушінің мойнына жүктеледі. Соңғысы СО мен өндіруші (өтініш беруші) арасындағы қарастырылған келісім шартта айқындалуы тиіс және сертификаттаудың нәтижесіне байланысты болмауы тиіс.
Сәйкестікті растау - өнім сапасының талаптарға сай екенін дәлелдейтін іс-әрекеттер мен оны куәландыру құжаты.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің (ҚРМСЖ) норматив құжаттарының талаптары бойынша өнімді сертификаттаудың мынадай ережелері болады:
1. өнімді сертификаттауға өндірушінің өтініші;
2. сертификаттау орталығының (мекеменің) өтінішті қарастыруы;
3. сертификат орталығы мен өтінуші (өндіруші) арасындағы келісім-шартты дайындау, оны бекіту;
4. өндірушімен сынақ схемасын келісу, өнімнің үлгісін алу;
5. Ұсынылған үлгі бойынша СО сараптама жүргізуі;
6. өндіріс орнын талаптарға сай сертификаттау (келісілген схема бойынша).
7. СО өнімге сертификат беру жайлы шешім қабылдауы (берілмесе себебі түсіндіріледі);
8. сертификат сәйкестігін беру және оны ҚРМСЖ реестрге тіркеу;
9. сертификатталған өнімге сәйкестік «Белгісін», беру оны таңбалау (маркировка) жұмыстары;
10. өнімнің сапасы мен сертификат сәйкестігінің тұрақтылығына инспекциялық бақылау жүргізіп отыру (схема бойынша).
Осы аталған сертификаттау кезеңдеріне талдау жүргізіп, әрқайсысына жеке түсініктеме берейік.
1. Өндіруші сертификат алу үшін өтінішін қажетті орынға өткізеді. Өтініш беруші өз өтінішін қайсібір сертификаттау орталығына берсе де құқылы. Кез келген өнім өндіруші заңды тұлға, ал өз өніміне сертификаттау орталығының ережісін және оған жұмсалған қаржыны төлеуге міндетті. Өтініште өнімнің толық сипаттамасы көрсетілуі тиіс (өнім түрі, көлемі, пайдалану мақсаты, сертификат уақыты т.с.с.).
2. Сертификаттау орталығы өтінішті 15 күн ішінде қарап, өз шешімін хабарлайды. Шешімнің оң немесе теріс болуы сертификаттау орталығының мүмкіндігімен тығыз байланысты болады. Егер өтініш берушінің кейбір зерттеулер бойынша көңілі толмаса, онда ол басқа аккредиттелген мекемелерге, олардың зертханаларына баруына құқылы және таңдау өз еркінде.
Сертификаттауды өткізу жайында СО өтініш беруші хабардар етеді және оның негізгі жайында талаптары нормативті құжаттары уақыты мен зертханалар түрімен таныстырады.
3. Өндірушінің (сатушы) СО берген өтініші қабылданғаннан кейін өндіруші мен мекеме арасындағы келісім шарттың мазмұны келісіледі. Мұнда сертификатталатын тауардың (өнімнің) түрі, зерттеу схемасы, уақыты, берілетін құжаттар жиынтығы, төлем ақысы, мекен жайы т.б. шарттары келісіліп рәмізделеді.
4. Сынақ зертханалары санауға үлгілерді таңдап алады. Ол үлгілер сертификатталатын өніммен бірдей болуы тиіс. Үлгі алу, мөлшері, уақыты сақтау жүргізілген әдістері сертификаттаудың НҚ арқылы жүзеге асырылады.
Өндірілген өнімнің таңбаға сәйкес және аталуы мен партия номеріне сай болуы қажет. Сертификаттың жарамдылық уақыты аралығында хаттама көшірмесі мен тексерілген үлгілер еш өзгеріссіз сақталады.
Өнімнің үлгісін алу және оны рәсімдеу жұмыстары арнайы бекітілген ҚРСТ 3.4; ҚРПК 50.3.19 бойынша жүзеге асырылады. Соңында акт толтырылып, өтініш беруші жағының адамының қатысуымен құжат пысықталады.
Сертификаттау құрылымына қарай өндірістің мүмкіндіктері қаралып өндіріс пен сапа жүйесі сертификатталады. Сараптаудан кейін тексерілген хаттама құжаты мен өнімнің барлық көрсеткіштерімен сәйкес келуін қадағалайды. Өнімнің сәйкестігін келісім-шартта көрсетілген схема бойынша сертификаттайды.
5. Ұсынылған өнімге арнайы нормативті құжаттардың талаптары бойынша сынақ зертхналары (орталығы) зерттеулер жүргізеді. Мәселе оң шешілген жағдайда сараптау орталығы өндірушіге (сатушы) өз зерттеу немесе сынақ нәтижесін хаттама түрінде жібереді.
Сынақ зертханаларында (орталық) арнайы «аккредиттелді» деген құжаты болуы тиіс. Мұнсыз олардың сараптама жасауына құқығы жоқдеп танылады.
Өнімге берілген хаттама сертификаттың жарамды мерзіміне дейінгі аралықта өз күшінде болады және тез бұзылатын өнім түрлері көрсетілген мерзім ішінде пайдаланылуы тиіс.
Алайда, өнімнің бір немесе бірнеше көрсеткіштерінен, оның сапасыздығы анықталса, СО жүргізілетін сертификаттау сынақтардан бас тартып, жұмысты тоқтатуына құқылы болып есептелінеді. Мұндай жағдайда өнім сертификаттауға жарамсыз деп танылады;
6. Келісілген схема бойынша өндіріс басында ондағы жұмыс сапасы мен сертификаттау талаптарының орындалуы анықталады. Бұл жағдайда өнімнің үлгісі өндіріс басында да алынуы мүмкін.
Өндіріс технологиясы мен өнімнің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты, сертификаттау жұмыстары СО дайындаған бағдарлама бойынша жүзеге асырылады. Мұнда мынадай жайттар ескерілуі тиіс:
- нормативті – техникалық құжаттармен қамтамасыздануы мен олардың орындалуы;
- өндіріс технологиясының сақталуы мен метрологиялық қамтамасыздандырылуы;
- дайын өнімді шығару кезіндегі сапасын бақылау шаралары;
- техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сынақтан өткізу т.с.с;
- шикізатпен қамтылуы, қоймалау, сақтау жағдайлары,
- есеп жүргізу мен жарнама жұмыстары;
Тексеру нәтижесі бойынша акт толтырылып, өтініш беруге жіберіледі.
Белгіленген схема бойынша жүргізілген өнім сапасының сараптауы оң шешім бермесе, онда осы бағыттағы сертификаттау жұмыстары тоқтатылады.
Сертификаттау органы сертификатты толтырып оны тіркейді. Тіркеу номері болған жағдайда ғана сертификат жарамды деп есептелінеді. Міндетті түрде берілетін сертификатта, өнім барлық НҚ көрсетілген талаптарға сәйкес келсе ғана беріледі. Сәйкестік сертификаттау міндетті түрдегі бөлігі ортақ қауіпсіздігі, сертификат уақыты мен берген мекеменің аты болуы қажет. Сәйкестік сертификаты екі тілде (қазақ, орыс) толтырылуы және фальсификациядан қорғау белгілері болуы тиіс. Жеке меншікті дүкен мен барлық тамақтандыру орталықтарындағы жұмысшылар сертификат міндеттерін және оларды толтыру тәртібін білуі қажет. Өнімді міндетті түрде сертификаттауда берілетін сәйкестік сертификат формасы:
Егер міндетті түрде өнімге берілетін сертификатта өнім стандарт нормаларына сай емес деп шешілсе, оны өндіруге немесе сатуға алған тұлғаны және орындаушы мекемеге ескертіп, осыларды бақылайтын және қадағалайтын мемлекеттік мекемелерге хабарлайды. Сертификат уақытын сертификаттау органы белгілейді және ол 3 жылдан артық мерзімде болмауы тиіс. Бір жылға берілген серттификаты бар тауар партиясы, бір жыл ішінде пайдаланылуы тиіс.
8. Өнім сапасы сертификат талаптарына сай деп танылған кезде, оған арнайы нұсқа бойынша (бланкіге) жазылған сертификат сәйкестігі беріледі. Бұл құжат жиынтығында төмендегі жайттар болуы тиіс:
- өнім сапасы белгілі стандарт талаптары мен нормативті құжаттарға сай екенін растауды көрсету;
- өндірушіге өнімді таңбалап, өз белгісін салуына рұқсат беру және сертификат сәйкестігінің хаттамасы бойынша өнімді өткізу барысындағы барлық леспе құжаттарын дайындау;
- сертификатпен расталған өндірістегі енгізілген өніснің сапа жүйесіне баға беру;
- сертификаттауға негіз болған өнімге байланысты барлық құжаттар жиынтығын ұсыну.
9. Сертификатталған өнім сәйкестік белгісімен таңбаланады. Сәйкестік белгісімен таңбалануды өндірушінің өзі (сатушы) жүзеге асырады. Дайындаушыға сәйкестік белгісі мен таңбалауға құқықты сертификаттау орталығы арнайы лицензия беріп рұқсат етеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе сапа жүйесін және өнеркәсіпті сертификаттау жұмысы. Қазақстан Республикасы мемлдекеттік сертификаттау жүйесінің әрі қарай /ҚРМСЖ/ сапа жүйесін және өндірісті сертификаттау органы /әрі қарай сертификаттау органы/, ол болмаған жағдайда ҚР мемстандарт комитетінің өкілетті органы жүргізеді.
Өндірісті сертификаттау жұмысы, өнімге таралатын нормалық құжаттардың талабы бойынша, сертификаттаған дайындаушы кәсіпорынның тұрақты өнім шығаруды қамтамасыз етуіне, техникалық және ұйымдастырушылық мүмкіндігі бар екендігіне көз жеткізеді және бағалайды.
Сапа жүйесін сертификаттау дайындаушы кәсіпорынның МЕМСТ 40.9001-40.9003 /ИСО 9001-ИСО 9003/ талаптарына сай, сапа жүйесін анықтау және бағалау.
Сапа жүйесін және өндірісті сертификаттаудың негізгі принциптері: өз еріктілігі және құпиялылығы, міндеттілігі, бағалаудың объективтілігі, бағалау нәтижесін жаңғырта алу. Өз еріктілігі- дайындаушы – кәсіпорынның ынтасымен келісімді түрде өнімді міндетті сертификаттаудың 5,6 құрылымы бойынша /ҚР СТ 3,4-94 В қосымшасы/ жүргізіледі.
Бағалау объективтілігі –сертификаттауды жүргізетін органның және эксперт-аудиторлардың осы кәсіпорынды сертификаттауда өтініш берушіден де, басқа жақтан да тәуелсіздігін қамтамасыз етуінен және сертификаттайтын эксепрт-аудиторлардың жеткіліктілігінен болады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының Заңы


2. Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының Заңы
3. СТ РҚ 1.1-2000 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жұйесі.
4. СТ РК 3.0-2001 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жұйесі. Негізгі жағдайлар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет