ОбөЖ№5Эмоциялар күнделігін жүргізудің эмоционалды интеллектіні дамытудағы маңызы yessenov university



Дата08.04.2023
өлшемі21 Kb.
#80651
Байланысты:
БОӨЖ - 5 эмоц


ОБӨЖ№5Эмоциялар күнделігін жүргізудің эмоционалды интеллектіні дамытудағы маңызы
YESSENOV UNIVERSITY

Орындаған:Ондогонов Даулеткерей


МСС-21-1
Тексерген:Нурова.К
Тапсырма:Эссе жазу
Бүгінгі таңда адамдар мен қоғамның салауаттылығы бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Адам салауатты өмір салты мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімділер қатарына жатқыза алмайды. Өйткені әрқайсымыздың денсаулығымыз – бұл жеке байлық қана емес, сондай-ақ еліміздің экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарт.

Тұлғаның жаңа психологиялық мүмкіндіктерін қалыптастыруға бағыттау, баланың психикалық дамуы, оны ілгері дамыту, мақсатқа бағдарлай ұйымдастыру, тәрбиелеуді басқару және өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруға кең өрісті жағдай туғызады.


Гуманистік психология адамды биологиялық емес əлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырады. Осы көзқарасқа сəйкес адам баласы өзін қоршаған адамдармен, қоғаммен қарымқатынас жасамайынша дами алмайды. Мұндағы тұлғаның қоғаммен байланысы қоршаған ортамен сəйкес жүру емес, өзара қатынаста жəне өзара əрекетте болу мақсатымен жүреді. Дəлірек айтар болсақ, адам баласы – эмоциялық тіршілік иесі, бір адамның эмоциясы келесі адам эмоциясымен іргелесіп өмір сүреді. Осы тұста эмоциялық реакциялардың сəйкестігі мен ортақтығы аясында мəселе туады.


Бұл мəселе бір адамның келесі адаммен диалогқа түсуі барысында шешіледі


Эмоционалды интеллект – адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын түсіну және олардың эмоциялық күйіне бейімделу икемділігі.


Интеллект (лат.іntellectus — таным, ұғыну, аңдау) – жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді.


Интеллект – адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект – ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті.


Эмоциялық интеллект (ЭИ) дегеніміз өз сезімдері мен өзге адамдардың сезімдерін түсінуге, өзіне мотивация туғызып, өз эмоцияларын да, басқа адамдарға қатысты эмоцияларды да басқара білуге қабілеттілікті білдіреді.


Бұл анықтама академиялық қабілеттерден ерекшеленетін, бірақ оларды толықтыратын және ақыл – ой дамуының коэффициентімен бағаланатын таза танымдық қабілеттерді сипаттайды.


Эмоционалды интеллект идеясы Э.Торндайк, Дж.Гилфорд, Г.Аизенк сияқты авторлар қарастырған әлеуметтік интеллект ұғымынан шықты. ЭИ-тің ашылуын болжаған ең алғашқы жұмыс 1920 ж. Р.Торндайк жүргізген зерттеу болды. Бұл автордың моделі бойынша интеллектуалдық әрекеттердің жалпы негізі «кӛптеген жекелеген факторлардың ӛзара әрекеттестігінде ашылды».


Э.Торндайк алғашқы болып жалпы интеллектінің әлеуметтік интеллект –«басқаларды түсіне білу және қоршағандарға қатысты өзін-өзі дұрыс ұстау немесе ақылмен әрекет ету қабілеті» сияқты бөлігін бөліп көрсетті.


Эмоционалды интеллект ұғымына Х.Гарднер ерекше жақын келді, ол өзінің көптеген интеллект теориясының аясында ішкі тұлғалық және тұлғааралық интеллектіні сипаттады. Оның осы ұғымдар аясына сыйдырған қабілеттерінің ЭИ-ке тікелей қатынасы бар. Мысалы, ішкі тұлғалық интеллектіні ол «өзінің эмоциялық өміріне, өзінің аффектілері мен эмоцияларына апаратын жол: сезімдерді тез ажырата білу, оларды атай білу, таңбалық кодтарға айналдыра білу және өз мінез-құлқын түсіну мен басқару үшін құрал ретінде пайдалана білу қабілеті» деп түсіндірді.


Эмоционалды интеллектінінің ғылыми психологиядағы алғашқы және анағұрлым танымал моделін 1990 жылы Питер Сэловей мен Джон Мэйер ұсынды, олар «эмоциялық интеллект» терминіне анықтама берген алғашқы зерттеу жұмыстарын жариялады, сондай-ақ, оны өлшеу әдістемесін ұсынды (EQ). Бұл модельдің алғашқы нұсқасы 1990 жылы ұсынылған болатын.


Олар эмоционалды интеллектіні «өзінің және басқалардың сезімдері мен эмоцияларын қадағалай білу, оларды ажырата білу және осы ақпаратты ойлау мен әректтерді бағыттау үшін қолдана білу қабілеті» ретінде анықтады. 1997 жылдан бастап қана эмоциялық интеллектіні эксперименталды зерттеу басталды. Арнайы тренингтер мен дамыту топтары жанұялық климатты, тұлға аралық қарымқатынасты реттей бастады, яғни эмоциялық интеллект іс жүзінде нəтиже бере бастады. Эмоциялық интеллект деңгейі жоғары тұлғалар өз жəне өзгенің эмоциясын түсінетін, эмпатияға бейім, қарым-қатынаста эмоцияны басқара алатын болғандықтан əлеуметте адаптацияланған əрі мақсаттарына жете алатын индивид ретінде көрінеді. Ата-ана тəрбиесінде эмоциялық интеллектінің алатын орнының маңызды тұстарын жəне бала дамуында эмоциялық интеллектінің рөлін зерттеу арқылы отбасындағы психологиялық жағдайды позитивті өзгерту біздердің маңызды мақсаттарымыздың бірі.


Қазіргі зерттеулердің бір сыпырасы эмоция мен интеллект арасындағы өзара байланысты зерттеуге бағытталған. «Эмоциялық интеллект» психологиядағы жаңа бағыттардың біріне кіреді.


Г. Гарднер мен П. Сэловей ұсынған эмоциялық интеллект ұғымы мыналарды қамтиды:





  1. Өзіндік эмоцияларды тану,




  1. Эмоцияларды басқара алу,



  1. Өзіндік мотивация,




  1. Өзге адамдардың эмоциясын тани білу.



    1. Эмоциялардың идентификациясы. Эмоцияларды қабылдау (яғни эмоциялардың бар екендігін байқай білу қабілеті), оларды идентификациялау, бара бар білдіру, шынайы эмоциялар мен олардың жасандылығын ажырата білу сияқты өзара байланысты бірқатар қабілеттерден тұрады.




    1. Эмоцияларды ойлау мен іс-әрекеттің нәтижелілігін арттыру үшін қолдану.

Эмоцияларды зейінді маңызды оқиғаларға бағыттау үшін қолдану, міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызатын эмоциялар туғызу (мысалы, жақсы көңіл-күйді шығармашылық идеялар туғызу үшін қолдану), көңіл-күйдің толқуын мәселені әр түрлі тұрғыдан талдау құралы ретінде қолдану қабілетінен тұрады.





    1. Эмоцияларды түсіну. Эмоциялар кешенін, эмоциялар арасындағы байланыстарды, бір эмоциядан екіншісіне ӛтуді, эмоциялардың себептерін, эмоциялар туралы вербальды ақпаратты түсіну қабілеті.




    1. Эмоцияларды басқару. Эмоцияларды қадағалау, жағымсыз эмоциялардың қарқындылығын тӛмендету, өз эмоцияларын, оның ішінде жағымсыздарын да ұғыну қабілеті, эмоциялық тұрғыда артылған мәселелерді олармен байланысты жағымсыз эмоцияларды басып-жаншымай шешуге қабілеттілік. Тұлғалық өсуге және тұлғааралық қатынастарды жақсартуға мүмкіндік туғызады.

Р.Бар-Онның моделі ЭИ ұғымына өте кең түсінік береді. Ол ЭИ-ні адамның әр түрлі өмірлік ситуацияларды табысты жеңіп шығуына мүмкіндік беретін барлық когнитивті емес қабілеттер, білімдер мен құзыреттілік ретінде анықтайды. Р.Бар-Он ЭИ-нің бес компонентімен теңдестіруге болатын құзыреттіліктің бес сферасын бөліп кӛрсетті; бұл компоненттердің әрқайсысы бірнеше субкомпоненттерден тұрады:





  1. Өзін тану: өз эмоцияларын ұғыну, өзіне деген сенімділік, өзін-өзі құрметтеу, өзін-өзі өзектілендіру, тәуелсіз болу.




  1. Тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары: эмпатия, тұлғааралық өзара қатынастар, әлеуметтік жауапкершілік.



  1. Бейімделуге қабілеттілік: мәселені шешу, шынайылықпен байланыс, икемділік.




  1. Стрестік ситуацияларды басқару: стреске тұрақтылық, импульсивтілікті қадағалау.



  1. Басым көңіл-күй: бақыт, оптимизм.

Р.Бар-Он эмоциялық интеллектіні өлшеуге арналған, EQ деп аталатын сауалнама құрастырды. Бұл сауалнама жоғарыда аталған субкомпоненттерге сәйкес келетін 15 шкаладан тұрады. Ұсынылған модельге негіз болып дәл осы компоненттерді бөліп кӛрсетудің дұрыстығын растайтын қандай да бір эмпирикалық мәліметтер емес, автордың кәсіби тәжірибесі мен әдебиеттерді талдау табылатындығын атап кеткен жөн.


Эмоционалды интеллектінінің мүмкіндіктерін дамыту мәселесі ғылымда пікір талас тудырып отыр. Сонымен бірге эмоционалды білімдер мен дағдыларды арнайы оқыту үрдісінде қабылдауға болады деген түсінік бар. Қазіргі кезеңде ЭИ биологиялық және әлеуметтік алғышарттары негізделетін «эмоционалды білім» үшін ғылыми негізде талдау жасау қажет. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі кӛрсеткендей ЭИ қабілеттерін дамыту үшін биологиялық алғышарттардың негізінде темпераменттің қасиеттері және мидың ассиметриясын функционалдайтын туылғаннан берілетін айырмашылықтар жатыр. ЭИ әлеуметтік алғышарттары ең алдымен отбасылық ортада қалыптасады. Олар ерлі зайыптылардың арасындағы қатынастармен, ата-ананың баланың ішкі өміріне назар аударуымен, жағымды Мен бейнесі мен ӛзін ӛзі дұрыс бағалауды қалыптастырумен, ӛзін ӛзі бақылауды дамытумен, эмоционалды ақпараттарды дұрыс талдай алумен, баланың мінез-құлық ерекшелігіне көңіл бөлумен және тәрбиелеу стратегиясымен сипатталады.




Шетел психологтарының зерттеулеріне сүйене отырып, ЭИ бұл адам өмірінің барысында оның деңгейі мен өзіндік жеке-дара ерекшеліктеріне негіз болатын бірқатар факторлардың ықпалымен қалыптасатын психологиялық құрылым деген қорытынды жасауға болады. Әйтсе де, әр түрлі авторлардың осыған байланысты көзқарастары жарым-жартылай ғана ұштасады, көпшілігі нақты тұжырымдалмаған, кейде ЭИ ұғымы тым кең түсіндіріледі. ЭИ-нің тұтас психологиялық теориясын құру әлі алда тұрған мәселе. Өйткені, ЭИ-нің оқудағы маңыздылығын кӛрсететін сенімді эмпирикалық дәлелдер әзірге жоқ, бірақ осы саладағы ізденістерді жалғастыру қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет