Образование: исследование устойчивое развитие


Күні Қандай тапсырма қолданылды



Pdf көрінісі
бет50/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   126

Күні

Қандай тапсырма қолданылды

Оқушының

реакциясы

Мен оқушының 

әрекетіндегі қандай 

өзгерісті байқадым

1-кесте. Рефлексивтік күнделік үлгісі

•  Зерттеу тақырыбына қатысты дереккөздерден шешу жолдарын іздедім;

•  Көкшетаулық әріптестермен кеңесу мақсатында скайп-конференция жүргізілді;

•  Зерттеу әдістері сараланды;

Дереккөздер  қарастырылды.  Жазылым  дағдысына  байланысты  келесі  және  т.б.  

дереккөздер қаралынды:

•  John Foster. Let’s write. Activities to develop the writing skills for 7-13 years olds;

•  Writing Extra;

•  Model Essays;

•  http://www.amazon.co.uk/

•  https://moodle.org

•  http://www.studygs.net/writing/prewriting.htm [3]

•  Зерттеу әрекеттері арнайы жоспарға сай жүргізіліп отырды;

Әрек

ет

 М



ер

зімі


шілде

тамыз


қыркүйек

қазан


қараша

ж

елт

оқс

ан

қаңт

ар

ақпан

на

урыз

сәуір

м

амыр

м

ау

сым

Рефлексия

(өз тәжірибеме баға беру)

+

Әріптестермен 

пікір алмасу

(менің тәжірибемдегі мәселе 

әріптестерімде кездесе ме?)

+


338

5

Әрек


ет

 М

ер



зімі

шілде


тамыз

қыркүйек


қазан

қараша

ж

елт

оқс

ан

қаңт

ар

ақпан

на

урыз

сәуір

м

амыр

м

ау

сым

Зерттеу тақырыбын анықтау

(менің тәжірибемдегі шешімін 

табуды қажет ететін тақырыпты 

таңдау)

+

«Сыншы» дос таңдау



+

Дереккөздермен танысу

(мәліметтер жинау)

+

Зерттеу әдістерін таңдау



+

Таңдалған әрекеттерді сабаққа 

қолдану(тиімді әдістер)

+

+

+

+

Бақылау


(қолданған әдіс-тәсілдердің 

мектеп тәжірибесіне әсері)

+

Бағалау


+

Нәтиже (оң/теріс)

+

//оң нәтиже//



Тәжірибені тарату

+

//Теріс нәтиже//



Келесі қадам

Басқа қандай жолдары бар? 

+

2-кесте. Іс-әрекеттегі зерттеудің арнайы жоспар үлгісі



Фокус  тобын  таңдау  жүргізілді.  Фокус  тобы  төмендегі  3  оқушы    құрамынан  тұрды: 

оқушы 1(қыз, белсенді, ойын еркін жазбаша жеткізеді, сыни ойлайды, жазылым құрылымын 

үнемі  сақтайды,  жазылым  критерйлерін  ескереді),  оқушы  2  (қыз,  белсенді,  жазбаша  ойын 

жеткізеді,  сыни  ойлауға  тырысады,  жазылым  құрылымын  сақтауға  талпынады,  жазылым 

критерийлерін біршама ескереді), оқушы 3, (ұл, ойын жеткізгенде қиналады, шығарма жазу, 

оқу  белсенділігі,  сыни  көзқарасын  жеткізе  алмайды,  жазылым  құрылымын  сақтамайды, 

жазылым критерийлерін ескермейді); Фокус тобының жұмысына бақылау жүргізуде сыншы 

достың көмегінің зор екендігіне көз жеткіздім. Себебі, менің сыншы досым мен сабақ беретін 

сыныпта сабақ берді. Сыншы досым өзінің және менің сабағымдағы әрекеттер мен алынған 

нәтижені әрдайым байланыстыра отырып, кері байланыс беруге көмектесті. Қадағалау - бұл 

белгілі бір мақсатпен бақылау [4,15-б.] екендігін түсіндім.  Бақылау парағын толтыра отырып, 

зерттеуге  мәлімет  жинауға,  кемшіліктерді  анықтауға  және  нәтижелерді  саралауға    өзіндік 

пайдасын  тигізді.  Зерттеу  нәтижелерін  саралай,  пайымдай  отырып,  жазылымды  арттыруда  

төмендегідей жазылымды тиімді жүргізу  үрдісі жүруі қажеттігін сезіндім:

•  Жазылымалды нұсқаулықтар;

•  Жоспарлау және ұйымдастыру;

•  Алғашқы жобасын жазу;

•  Қайта қарастыру және түзету;

•  Соңғы нұсқа.

Жазылым  бермес  бұрын  оқушыға  жазылымалды  тапсырма  дайындаған  абзал. 

Жазылымалды  тапсырмадан  кейін  оқушының  жазылымды  жоспарлау  және  ұйымдастыру 

әрекетін  ұйымдастыруына  қолайлы  жағдай  туғызуы  шарт.Жазылымның  үшінші  қадамы 

алғашқы  жобасын  жазу  болып  табылады.  Мұнда  оқушы  жазылымның  алғашқы  нобайын 


339

түсіреді. Жазылымдағы келесі қадам –қайта қарастыру және түзету. Мұнда жазылымды қайта 

қарастыру  және  түзету  жүргізіледі.Жазылымдағы  соңғы  нұсқаға  дейін  жету  үшін  алдағы 

аталған қадамдарды дұрыс ұйымдастырған  жөн.

Аталған үрдісте жазылымалды нұсқаулықтың тиімді берілуі, оқушының жазылымалды 

нұсқаулықты тиімді пайдалануы жазылымды жақсартудағы басты тәсіл екендігі аңғарылды.  

Жазылымалды  нұсқаулық  –  оқушының  ойын  жинақтауға  көмек  беретін,  жазылымның 

құрылымын  сақтауға  көмектесетін  құрал.  Егер  оқушы  жазылымалды  нұсқаулықты  дұрыс 

қолданып, жазылымды ұйымдастыра алса, оқушының жазба жұмысы жақсаратындығы күтілді. 

Сондықтан келесі жазылымалды нұсқаулықтар сараланып, жазылым жаздыруда қолданылды:

•  Тарамдау диаграммасы;

•  Жазылымды жобалау  жадынамасы;

•  Жазылымды  ұйымдастырушы;

•  Жазылымалды ұйымдастырушы;

•  Жазылымды  жобалау картасы;

•  Сұрақты белгілеу картасы;

•  Тізбекті ұйымдастырушы;

•  Кеңес және жобалау картасы;

•  Ми тақтасы.

Жазылымды жобалау картасы – хабарландыру жаздыруда оқушыларларға бағыт-бағдар 

ұсынатын жазылымалды нұсқаулық.

Пирамида  пунктісі  –  репортаж  жаздыртуда  көп  септігін  тигізетін  жазылымалды 

нұсқаулық.

Жазылымды  ұйымдастырушы  –  күнделік  жанрын  жаздыруда  қолдануға  ұсынылатын 

жазылымалды нұсқаулық.

Ми  тақтасы  –  баяндама  жазуда  құрылымды  сақтауға  көмектесетін  жазылымалды 

нұсқаулық.

Сұрақты  белгілеу  картасы  –  хабарлама  жаздыруда  пайдалы  саналатын  жазылым  алды 

нұсқаулық.

  Графикалық  ұйымдастырушы  –  рецензия  жаздыруда  ұсынылатын  жазылымалды 

нұсқаулық.

Тарамдау  диаграммасы  -  жазылымыңызға    тақырып  табу  үшін  мәселелерді  зеттеуге 

көмектеседі. Бірінші, нөмірленген (1,2,3,4) жәшіктердің әрқайсысына оқушылар ойына келген, 

толғандырған  мәселені жазады. Содан кейін әрбір мәселе туралы ойлау керек. Расында қандай 

мәселе туындап отыр және оны қалай шешуге болады. Әріптермен белгіленген A, B  жәшіктерге 

шешу жолдарын жазады. Диаграмманы толық толтырғаннан кейін, өзі үшін өзекті санайтын 

мәселені таңдап, жазылымына тақырып етіп алады. Мысалы, оқушыларға ашық хат жаздыруда 

тарамдау диаграммасын пайдалану өте ыңғайлы. Себебі, тарамдау диаграммасындағы мәселе 

ұяшығынан  –  мәселелер  ұяшығы  тарамдалып  шығады.  Ал  мәселелер  ұяшығынан  шешу 

жолдары  ұяшықтары  тарамдалып  шығады.  Бұл  тарамдау  диаграммасы  оқушыға  көптеген 

мәселелерді анықтауға және сол мәселелердің ішінен негізгі мәселені анықтауға көмектеседі. 

Оқушы тарамдау диаграммасын толтырып, толтырған мәліметтерді өз жазылымына қолдана 

алады. Келесі Ми тақтасын оқушы баяндама жазғанда қолдануына болады. Мұндағы негізгі 

артықшылық оқушы ми тақтасында үшке бөлінген бөлікті ойын жүйелеуге пайдалана отырып, 

жазылым құрылымы мен стильдік ерекшеліктерді қатаң ұстанатын болады. Келесі пирамида 

пунктісін репортаж жаздыруда қолдануға болады. Мұнда репортаж жанрында қамтылуы тиіс 

негізгі фактілер, көзқарастар, аргументтер ұяшықтары бар. Әр ұяшық оқушының репортажын 

сапалы жасауына септігін тигізеді. Әңгіме жанрын жаздыруда шаралар ұйымдастырушыны 

қолданған өте тиімді. Шаралар ұйымдастырушы үлкен және кіші ұяшықтардан тұрады және 


340

5

үлкен ұяшықтарға оқушы әңгіме сюжетін реттік құрылымды сақтамай жазатын болса, кіші 

ұяшықтарға реттік санын жазады. Осылайша оқушының  әңгіме жаздыруда кетіретін кемшілігі 

сюжеттік желінің тізбектілігін сақтамауын жоюға болады. Сұрақты белгілеу картасын хабарлама 

жаздыруда қолдануға болады. Оқушы хабарлама жазбас бұрын, «Кім/не/қалай/қайда/қашан/

кіммен/немен» деген сұрақтарға жауап табады. Осылайша оқушы хабарлама мәтінін әзірлеп 

қояды. Ал оқушының ойы қағаз бетіне жинақталғаннан кейін жазылым құрылымын сақтайды. 

Сондықтан  әр  жазылым  тапсырмасының  стильдік  ерекшеліктеріне  қарай  жазылымалды 

нұсқаулықтар  үздіксіз  қолданылып  отырды.  Жазылымалды  нұсқаулықтар  қолданылғаннан 

кейін  бақылау,  сауалнама,  сұхбат  зерттеу  әдістеріне  сай  нәтижелер  салыстырылды.  Анализ 

және синтез  нәтижелеріне сай оқушылардың жазылым дағдысы жақсарғаны аңғарылды.

Оқушылар  жазылымалды  нұсқаулықтарды  орынды  қолдана  отырып,  құрылымды 

сақтауды  үйренді.  Оң  өзгерістер  оқушы  жазбаларынан  байқалады.  Қазіргі  таңда  зерттеу 

нәтижелері саралануда. Ол келесі бағалау түрлері арқылы жүзеге асырылып жатыр: Оқушы-

оқушы,  оқушы-мұғалім,  мұғалім-мұғалім,  оқушы-ата-ана,  оқушы  портфолиосы,  жазбаша 

комментарий және  сауалнама, сұхбат, бақылау, оқушы күнделігі, сынып журналынан алынған 

ақпарат, фото-видео материалдар т.б. Осы зерттеу жұмысы  аяқталғаннан кейін төмендегі іс-

әрекеттегі зерттеу циклына сай келесі циклға көшу жоспарланып отыр.    

Жазылымалды  нұсқаулықтар  –    оқушылардың  жазылым  дағдысын  арттырудың 

таптырмас  құралы.    Жазылымалды  нұсқаулықтар  қолдану  арқылы  оқушылардың  жазылым 

дағдысын  арттыруға  болады.    Әр  нұсқаулықтың  жазылымның  түрі  мен  қойылған  мақсатқа 

сай түрлендіріп қолдануға болады. Іс-әрекеттегі зерттеу рефлевсиктік-практик мұғалімдердің 

санын арттыруға өз үлесін қосады. Сонымен, іс-әрекетті зерттеу бұл- әрекеттер мен олардың 

салдарын жүйелі түрде зерттеумен қоса, оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында іс-әрекетті 

орындау үдерісі.                            

Әдебиеттер тізімі

1.  Мұғалімге арналған нұсқаулық І деңгей. А.: Назарбаев Зияткерлік мектебі, Кембридж 

университеті,  2013.  

2.  Құсайнов А. Әлемдегі және Қазақстандағы білім беру сапасы. А.: Раритет, 2012.

3.  https://moodle.org/

4.  http://www.cpm.kz/

5.  http://u-s.kz/

ОҚЫТУ МЕН ОҚУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АҚПАРАТТЫҚ-

КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ 

АРТТЫРУ 

Иманбекова Н.Н.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Түйінді  сөздер:  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар,  білім  беру  ресурстары, 

мультимедиялық  оқыту  бағдарламалары,    ақпараттық  құзіреттілік,  оқу  сапасын  жақсарту 

факторлары. 

Ключевые  слова:  информационно-коммуникационные  технологии,  образовательные 

ресурсы, мультимедийные обучающие программы, информационная компетентность, факторы 



341

повышения качества образования.



Keywords:  informational-communication  technologies,  learning  resources,  multimedia 

learning programmes, informative competence, factors of upgrading of education



Аңдатпа

Мақалада білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану 

тиімділігі  яғни,  мамандардың  дайындық  сапасын,  шығармашылық  және  интеллектуалдық 

қасиеттерін  жоғарылатуға,  түрлі  оқыту  шараларын  интеграциялауға  мүмкіндік  беретіні 

қарастырылған.

Аннотация

Статья  посвящена  проблеме  использования  информационно-коммуникационных 



технологий. Были определены основные направления в актуальности эффективного приме-

нения ИКТ в образовательной деятельности.



Abstract

The article is sanctified to the problem of the use of informatively-communication technologies. 

Basic directions were certain in actuality of effective application of informatively-communication 

technologies in educational activity.

«Ең алдымен бір әрекетке тарту үшін сен оны қызықтыр,  

оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса»

Л.С. Выготский

Бүгінгі таңдағы еліміздегі мемлекеттік білім беру саясатының жүзеге асырылуы білім 

беру мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін бүгінгі қоғам талабына сай қайта қарауды талап 

етеді. Жоғары оқу орнының  миссиясы - бәсекеге қабілетті, шығармашыл, креативті, сыни ойлай 

алатын жоғары білікті маман дайындау. Осыған орай Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай: 

«Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық  технологиямен  байланысты  әлемдік  стандартқа  сай 

жаңа білім беру өте қажет». Сондықтан білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алынды. 

Қазіргі білім беру жүйесінде мұғалім аса маңызды стратегиялық рөл атқарады. «Мұғалімнің 

айналысатыны – үнемі қозғалып, өзгеріп, өсіп-өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі 

әдістен табан алмай шектеліп қалуға болмайды»[1, 8-б.] деген Ж.Аймауытовтың пікірі мен 

үшін  өте  құнды.    Сондықтан  білімімді  үздіксіз  жетілдіру  және  оқыту  мен  оқудың  сапасын 

жоғарылатуда жаңа технологияларды қолданамын. 

Сондай  тиімді  технологияның  бірі  -  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялары. 

Қазақ тілін оқыту барысында АЖТҚА моделін негізге аламын. «(АЖТҚА) моделі Ауыстыру, 

Жетілдіру, Түрлендіру, Қайта анықтау – оқыту мен оқуға компьютерлік технологиялардың қалай 

ықпал ететіндігін бақылайтын әдіс. Сонымен қатар бұл модель білім беру технологияларын 

пайдаланушылардың  технологиялардың  көмегімен  оқыту  мен  оқудағы  өздерінің  ілгерілеуі 

аясында алға жылжитынын көрсетеді» [2, 60-б.].

Ауыстыру  деңгейінде  студенттер  қарапайым  тапсырмаларды  орындайды,  World 

бағдарламасында эссе, шағын ертегі, шығарма жұмыстарын жазады және оны өткізеді. 

Жетілдіру  деңгейінде  студенттер  Power  Point,  Активстудио  т.б  бағдарламаларының 

көмегімен мәтіндер жазу, оқу, талдау, сурет салу, жаттығу жұмыстарын орындайды.

Қазақ  тілі  сабағында  теориялық  тақырыптарды  пысықтау  мақсатында  мамандар 

дайындаған  электронды  оқулықтармен  жұмыс  жасайды.  Тіпті  нашар  оқитын  студенттің  өзі 



342

5

компьютерде жаттығу жұмыстарын орындауға қызығады.

Болашақ тіл мамандары болатын студенттердің тілдік материалды теориялық жағынан 

жете меңгеріп, танымдық және машықтық дағдыларын қалыптастыруда тілдік талдау жүргізудің 

маңызы  зор.  Тілдік  талдау  –  теориялық  материалды  жете  меңгеріп,  оны  саралауға,  білімді 

тиянақтауға,  студенттердің  танымдық  ынтасын  қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін  қолайлы 

тәсіл.  Тілдік  талдауларды  орындау  тәсілдерін  үйретудің  нәтижелі  болуы  оқу  материалында 

оқытудың  әдістемелік негіздерінің  тиімді  берілуімен  айқындалады. Қазақ  тілінің  әр  саласы 

бойынша  талдау  жұмыстарын  жүргізу  студенттің  теориялық  білімін  іс  жүзінде  –  жаттығу 

жұмыстарын орындауда  қолдануға  дағдыландырады, оның тілді зерттеуде өз қабілетін жан-

жақты дамытуына жағдай жасайды. Түрлендіру деңгейінде талдау жұмыстарын жүргізе отырып, 

пән оқытушысы әр студенттің белгілі тақырыпты қалай меңгергенін, қандай кемшіліктері бар 

екенін анықтап, сол бойынша жұмыс бағыттарын белгілей алады.  

Компьютерлік технологиялар қажетті мәтінді экраннан көрсетуге ғана емес, кез келген 

графикалық сызбаларды, жоғары сапалы фотосуреттерді, слайдтарды көрсетіп, анимацияларды, 

дыбысты және бейнефильмдерді  пайдалануға мол мүмкіндіктер береді. Сабақта «Стоп кадр» 

әдісін пайдаланып студенттерге «Қожанасыр» туралы бейнежазбаның шағын бөлігін көрсетіп:

 Біреу Қожанасырдан: 

- Қожеке, айтшы, көкте қанша жұлдыз бар?-дейді.

Сонда Қожанасыр ары ойланып, бері ойланып:...

Студенттер өзіндік іздену арқылы «Қожанасырдың жауабын айтады, таппаған жағдайда 

Қожанасыр болып жауап беріп, өзіндік нұсқа ұсынды. Сабақ соңында Қожанасыр жауабымен 

салыстыру жүргізіліп, мәтіннен  туынды сөздерді тауып, жасалу жолын түсіндірді. Осындай 

тапсырмалар арқылы  студенттер негізгі ойды  түсінеді,   ақпаратты анықтайды, ақпаратқа өз 

көзқарасын білдіреді, ой қорыта біледі.

Қайта анықтау деңгейінде компьютерлік технологиялар бұған дейін орындалуы мүмкін 

емес жаңа тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.

Яғни,  студент  «Kahoot.it»  бағдарламасында  өтілген  тақырыпқа  қатысты  тест 

тапсырмаларын әзірлеп, оның дұрыс жауабын тексере алады. Студент білімі компьютерлік жүйе 

арқылы бағаланады. Бұл тапсырманы орындау барысында әрбір студент өзінің шығармашылық 

қабілетін ұштап, компьютерлік сауаттылығын көрсетіп, өзіндік іздену жұмыстарын жүргізеді. 

Бұл тапсырмада студенттерге мейлінше кеңейтілген тапсырмаларды шешуге мүмкіндік 

берілді, соның нәтижесінде студенттер өздерінің білім деңгейін белгілі бір дәрежеде көтере 

алды.  Осы  тест  сұрақтарының  дұрыс  жауабын  берілген  уақытта  табу  кезінде    студенттер 

проблемаларды  шешіп,  дедуктивті  және  логикалық  ойлауын,  ақпараттық  құзіреттіліктерін 

дамытты.


Студенттердің  сыни  ойлау  қабілетін  жетілдіру  және  уақытқа  жұмыс  істеуді  үйрету 

мақсатында  «Tarsia»  бағдарламасын  қолданамын.  Алдын  ала  бағдарламаға  сұрақтар  мен 

жауаптарын  ендіріп,  дайын  пазлдарды  басып  шығарып,  студенттерге  ұсындым.  Студенттер  

Tarsia-ның  көмегімен  пазлдар  құрастыру,  біріктіру  арқылы  геометриялық  фигураны 

(төртбұрыш, үшбұрыш, ромб) шығарып, белгілі бір тақырыпты қорытындылайды. Бағдарлама 

24 сегменттен тұратын күрделі пазлдармен қатар, 6 сегменттен тұратын қарапайым пазлдар 

құрастыра алады. Сабақ барысында 18 фазлдан тұратын тапсырма берілді.

АКТ-ны  қолдануға  негізделген  сабақтар  студенттерге  өз  білімдері  мен  ұстанымдары 

жайында  ойланып,  сұрақтар  қойып,  білімін  толықтырып,  белгілі  бір  тақырыпты  оқып-білу 

кезеңінде  өз  түсінігін  өзгертуге  мүмкіндік  берді.  Бұл  үдеріс  студенттің  өз  болжамдарына 

сенімсіздікпен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы 

өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде 

студенттер  өте  маңызды  рөл  атқарады.  Олар  құрбы-құрдастарымен  әлеуметтік  байланыс 


343

жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Оқытушы студенттердің оқуына мүмкіндік 

тудырады.  Сонымен  қатар  сабақта  аудиомәтіндерді  тыңдату,  сол  мәтіндерге  қатысты  түрлі 

жаттығулар, тест тапсырмаларын, басқа да шығармашылық тапсырмалар беру, интерактивті 

тақта  арқылы  түрлі  слайдтар,  видеофильмдер  көрсету  баланың  қазақша  ойлап,  өз  ойын 

жинақтап, байланыстырып, сөйлеуіне, сауатты жазуды меңгеруіне көмектеседі. 

Оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдану арқылы  мен мына төменгі шараларды орындадым:

•  Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін нақты тапсырмалар беру;

•  Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру; мотивацияларын қалыптастыру;

•  оқытудағы  басты  принцип – студенттің жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру;

•   Үйрену барысындағы студенттердің белсенді іс-әрекетін қолдау;

•  Уақытты үнемдеу;

•  Өзіндік іздену, зерттеу жұмыстарын жүргізу;

•   Бағалау;

Ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолданудағы  мақсатым  –  оқыту 

процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге,  оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. 

 Ақпараттық-коммуникациялық технология – оқытушылардың өз жұмыстарының әдістері 

мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, студенттердің жеке қабілеттілігін дамытуға, 

оқытудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу үдерісін ұйымдастыруды үнемі жаңартып 

отыруға  мүмкіндік  береді.  Ақпараттық-коммуникациялық  технологияның  негізгі  ерекшелігі 

оқытушы мен студенттерге өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға шексіз 

мүмкіншілік туғызады.  Әр оқытушы өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер 

құрып, әдістемелік пәндік Web–сайттар ашады және бағдарламалау ортасында инновациялық 

әдістерді пайдаланып, мультимедиялық құралдар жасап, өздерін үнемі жетілдіруде [3, 81б.]. 

Білім  мазмұнын  жаңалау  үдерісінде  студенттерге  дайын  білімді  беріп  қана  қоймай 

білімді өздігінен игерудің әдіс жолдарын меңгерту, оның процессуалдық және дамытушылық 

жақтарына  басымдылық  беру  қарастырылған.  Білім  мазмұнына  қойылатын  бұл  жаңа  талап 

оқулық теориясына да жаңа талаптар қояды. Сөйтіп, оқулық кәдімгі тек ақпарат беріп қана 

қоятын білім көзінен студент өз бетімен танымдық қызмет істеуге жетелейтін дамыту құралына 

айналуы тиіс. Ал, бұл мәселе оқу тәрбие үдерісіне электронды оқулықтарды пайдаланумен және 

оқытушының инновациялық даярлығын қалыптастырумен шешіледі. ЖОО-ның оқу үдерісінде 

электронды оқулықтарды кеңінен пайдалану оқыту мазмұны мен әдістерінің интенсивтілігін, 

оқудың тиімділігін күшейтеді, оқытушының инновациялық даярлығын арттырады [4, 67-б.].

«PLATONUS»  автоматтандырылған ақпараттық жүйесі 2013-2014 оқу жылынан бастап 

институтта  оқу үдерісін, студенттердің білім алу тарихын, қашықтықтан оқыту, электронды 

құжат айналымы жүйесі жұмыстарын жүргізуге бағытталған  «Platonus» автоматтандырылған 

ақпараттық жүйесі орнатылды. Аталған жүйе әрбір қызметкер мен студентке жеке виртуалды 

кабинетте жұмыс істеуге, өзіне тиісті ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Өзінің логині мен парольін қолдана отырып, студент академиялық күнтізбеде белгіленген 

тіркеу мерзімінде пәндерге жазылады. Студент жеке виртуальді кабинетінде өзі білім алып 

отырған мамандығының типтік оқу бағдарламасымен, оқытушылардың жеке карточкасымен, 

пәндердің силлабустарымен танысып, оқытушы мен пәндерді таңдайды.

Бағдарламада  жоғары  оқу  орнының  барлық  жүйелері  мен  міндеттері  айқындалатын 

орталықтандырылған ақпарат жүйесі бар. Әр студент пен қызметкер үшін жеке парақ (жеке 

web-  парақшасы)  жасалған,  ол  жоғары  оқу  орны  қызметкерлерінің  негізгі  міндеттерін 

автоматтандыруға ықпал етіп, студенттердің керекті ақпаратты тауып, дистанциондық жолмен 

оқитын  студенттерге  тез  арада  оқу  және  бақылау  бағдарламаларына  еніп,  оқытушылармен 

интернет желісі арқылы немесе жоғары оқу орнының ішкі желісі арқылы қатынас жасауына 

көмек көрсетеді.


344

5

«Platonus»  автоматтандырылған  ақпараттық  жүйесі  арқылы  жұмыс  жүргізуге  болатын 

ақпарат:

•  Жеке оқу күнтізбесі;

•  Хабарламалар  жүйесі мен міндеттерді тағайындау ішкі хат алмасу мен тапсырмаларды 

орындауға бақылау жүргізуді жүзеге асырады;

•  Жеке оқу жоспары;

•  Оқу-  әдістемелік  кешендерді  (белгілі  бір  пән  бойынша  дәріс  материалдарын) 

қарастыруға мүмкіндік беретін виртуалды зертханалар, тест тапсырмалары бойынша 

жұмыс;


•  Сапалы тестілеу жүйесі;

•  Жұмыс кестесінің тақтасы;

•  Жалпы жоғары оқу орнының форумы;

•  Жалпы жоғары оқу орнының байланыс чаты.

Сонымен  қатар  бағдарламаның  хабарлама  қызметі  институттың  ағымдағы  мәселелері 

жайлы  ақпарат  алуға  мүмкіндік  береді:  оқытушылардың  хабарландырулары,  тест 

тапсырмаларын тағайындау, оқытылатын пән бойынша жаңа әдебиеттің түсуі туралы ақпарат, 

басқа  студенттермен  іскерлік  қарым-қатынаста  болу  және  т.б.  Бұл  жүйе  өте  қызықты,  әрі 

қажетті, өйткені кез келген студент өз парақшасына кіру арқылы өз бағаларын, аралық бақылау 

мен емтихан қорытындыларын, яғни пән бойынша қорытынды бағаларын білуіне мүмкіндік 

алады.  Студент  қалауы  бойынша  оқытушы  оған  кез  келген  уақытта  әртүрлі  деңгейдегі 

сұрақтарды қолдану арқылы жаттығу тестерін жасап, тағайындай алады.

Білім  беру  жүйесінде  ақпараттық  технологияларды  қолдану  мамандардың  дайындық 

сапасын,  шығармашылық  және  интеллектуалдық  қасиеттерін  жоғарылатуға,  түрлі  оқыту 

шараларын  интеграциялауға  мүмкіндік  береді.  Студенттің  танымдылығын  арттырып 

ақпараттану әдістері мен құралдарын игеруге деген уәжін жоғарылатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет