Образования и науки республики казахстан



Pdf көрінісі
бет25/82
Дата07.11.2022
өлшемі1,97 Mb.
#48036
түріПрограмма
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82
Байланысты:
1 5B010200

Пəннің
нысаны – бастауыш сынып мұғалімінің жоғары педагогикалық 
кəсіби білім беру құрамдасы ретіндегі политілдік білім.
Пəні
– 
болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің политілдік 
коммуникативтік кəсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру барысы.
Пəнді оқытып-үйрету əдістері – əр түрлі түпнұсқалардан, оның ішінде 
сабақтарға қатысу, СОӨЖ бен СӨЖ-ді орындау барысында ақпарат алу
ғылыми-педагогикалық жəне арнайы əдебиеттермен жұмыс істеу; сөздікті 
жəне интернетті пайдаланып, ғылыми-педагогикалық жəне арнайы 
əдебиеттермен жұмыс істеу; əңгіме, аннотация, түйіндеме жасау жəне т.б. 
Курсты
 оқып-үйрену барысында студент: 
-
қазақ тілін тұлғааралық қатынаста жəне кəсіби əрекетінде қолдана алуы; 
-
қазақ тіліндегі тұлғааралық жəне іскерлік қатынаста өз ойы мен пікірін 
жеткізе алуы; 
-
педагогика мен бастауыш оқыту əдістемесі мəселелері бойынша қазақ 
тілінде түпнұсқадан қажетті ақпаратты алу білігі болуы тиіс.
«Кəсіби қазақ тілі» пəні жоғары оқу орнында алғаш рет енгізіліп отыр. 
«Кəсіби тіл» ұғымының өзі ұзақ уақыт қалыптасты жəне дамыды. 
Филологтар ортасында арнайы тілге деген қызығушылық (кəсіби қатынас 
тіліне) қазіргі уақытта ғана туған жоқ. Арнайы мақсаттағы тіл туралы идея 
алғаш чех зерттеушісі Любомир Дроздтың еңбектерінде кездеседі, ол 
мұндай тілді «белгілі бір ұлттық əдеби тілдің» ішкі түріндегі функционалды 
тіл (немесе арнайы қызмет тілі) деп атайды. Қазіргі заманғы əдеби тілдің 
қызметтік түріне деген əр түрлі мамандықтар зерттеушілерінің 
қызығушылығы тіларалық құралды ізгілендіру мəселесі белең алып тұрған 
кезде, лексиканың əр түрлі қатпарларындағы (кəсіби қатынас жасау кезінде 
əр түрлі тілде сөйлейтін мамандардың барлығына бірдей түсінікті болуы 
тиіс) стандарттаудың қажеттігі туындаған кезде кəсіби коммуникацияның 
практикалық қажеттігінен туады.
Л. К. Граудина, Е. Н. Ширяев, В.Даниленко, Н. В. Новикова, С. И. 
Виноградов жəне т.б. еңбектерінде кəсіби тілдің қалыптасу мəселелері 
қарастырылады.
Бастауыш білім беру педагогы үшін кəсіби қазақ тілін білу кəсіби 
ортадағы қажетті қатынас құралы болап табылады. Аталмыш пəн өзінің 
бастапқы даму кезеңінде тұр жəне оның əрі қарай даму мүмкіндігі бар.
Типтік бағдарламаның негізгі бөлігі үш бөлімнен тұрады.
1-бөлім – «Кəсіби қазақ тілі оқу пəні ретінде». Бұл бөлім кəсіби тіл, 
оның құрылымы жəне қызметі туралы жалпы түсінік береді.
2-бөлім – «Қазақ тіліндегі кəсіби психологиялық-педагогикалық 
терминдер». Мұнда студенттерге бастауыш сынып мұғалімі мамандығының 
жалпы ғылыми жəне арнайы терминдері оқытылып-үйретіледі, оларды қазақ 
тілінде қолдануға мүмкіндік береді. Негізгі психологиялық-педагогикалық 
пəндердің: педагогика, психология жəне даму, оқыту технологиясы, тəрбие 
теориясы терминологиялық аппаратымен таныстырады.


36 
3-бөлім – «Бастауыш сынып мұғалімінің қазақ тіліндегі кəсіби 
əдістемелік терминдері». Бұл бөлім бастауыш сыныптардағы əр түрлі 
пəндердің əдістемелік терминдерін қолдануға, кəсіби мазмұндағы мəтіндерді 
түсінуге, кəсіби қазақ тілінде қатынас жасауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет