Образования методическое пособие



бет4/12
Дата15.12.2022
өлшемі210,98 Kb.
#57506
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
- инклюзивті білім берудің жүйелілігі мен үздіксіздігі;

  • ерекше оқытуды қажет ететін балаларды уақытылы (ерте жастан) анықтауды қамтамасыз ету және алдын алу, педагогикалық-түзету шараларын деркезінде қолдану;

  • білім беру модельдерінің бейімділігі және әр оқушының ерекшеліктеріне, қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оны жеке оқыту мен дамыту;

  • еріктілік және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың жеке бейімділіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымдарын таңдау құқығы;

  • білім беру ортасының ерекше оқытуды қажет ететін барлық тұлғалар және олардың ата-аналары үшін қолжетімділігі, ашықтығы;

  • кешенді медициналық, әлеуметтік және білім беру қызметтерінің үйлесімділігі мен түрлі ведомстволар, әлеуметтік институттар, қоғамдық және ата-аналар ұйымдарының өзара іс-қимылы арқылы кешенді ықпал және әлеуметтік серіктестік, тәртіпаралық өзара әрекет;

  • мүгедектік немесе басқа да даму ерекшеліктері «проблема тасымалдаушы» болып қарастырылмайтын адамның шектеулі мүмкіндіктеріне әлеуметтік ықпал;

  • денсаулығы мен әлеуетті мүмкіндігіне сүйене отырып, тұлғалардың даму проблемаларынан арылуды қарастыратын инклюзивті білім берудің түзету-дамытушылық және әлеуметтік-бейімдеушілік бағыттылығы болып табылады.

Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамытудың маңызды кезеңі қазіргі кезеңдегі инклюзивті білім беруге жататын адамдардың санатын кеңейтілуі, оларды сапалы білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету қажеттілігі болып табылады. Әртүрлі санаттағы балаларды инклюзивті білім процесіне енгізу нормативті-құқықтық базаны жетілдіреді, білім беру мекемелерінде осы жұмыстарды жүйелеу талап етіледі және осы санаттағы балалардың білім беру қажеттіліктерін зерделейді.
Жалпы білім беретін ұйымдарға қосылған ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ арнайы білім беру бағдарламалары бойынша ҚР МЖМБС және ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация) ұсынымдарына сәйкес білім алады. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгерудің ерекшеліктеріне байланысты мұғалім олар үшін бағдарламаларды ҚР МЖМБС аясында бейімдей алады.
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беруге қосу нысандары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларында» баяндалған.
Арнайы және инклюзивті білім беру барлық оқушылардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған психологиялық-медициналық-
педагогикалық кеңес беру ұсынымдарын ескере отырып әзірленген арнайы және жалпы білім беретін оқу бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады.
Бастауыш мектепте ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның орытындысына сәйкес ҚР БҒМ 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқиды.
Арнайы және инклюзивті білім беру бағдарламаларының мазмұны келесі қағидаларға негізделеді:

    • Баланың мүдделерін сақтау. Қағида баланың мәселесін барынша және оның қызығушылығымен табысты шешуге шақыртылған маманның ұстанымын айқындайды.

    • Жүйелілік. Қағида диагностиканың, түзету мен дамытудың бірлігін қамтамасыз етеді, яғни арнайы қажеттіліктері бар балалардың даму ерекшеліктері мен түзетулерге талдау жасауда жүйелілік тұрғыда келу, сондай- ақ түрлі сала мамандарының жан-жақты көпдеңгейлі ықылас-ықпалдары, баланың мәселесін шешуде олардың өзара әрекеттестігі мен келісімдері; аталған шараға білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының қатынасуы.

    • Үздіксіздік. Қағида балаға және оның ата-аналарына (заңды өкілдеріне) проблеманың толық шешілуіне немесе оны шешудің тәсілдерін айқындауға көрсетілетін үздіксіз көмекке кепілдік береді.

    • Вариативтілік. Қағида психикалық және (немесе) дене дамуында түрлі кемшіліктері бар балалардың білім алуына арналған вариативтік жағдайлардың жасалуын ұйғарады.

    • Көмекті көрсетудің ұсынымдық сипаты. Қағида арнайы қажеттіліктері бар балалардың алатын білімін, білім беру ұйымын таңдауда, балалардың заңдық құқықтары мен мүдделерін қорғауға, ата-аналардың (заңды өкілдерінің) арнайы қажеттіліктері бар балаларды арнайы білім беру ұйымдарына (сыныптарға, топтарға) жолдамамен бағыттау (ауыстыру) туралы мәселелерді шешу бойынша міндетті келісімдерін қосқанда, заңнамада кепілдендірілген ата- аналық (заңды өкілдерінің) құқықтардың сақталуын қамтамасыз етеді.

2016-2017 оқу жылында 1-сынып білім алушыларының оқыту процесі бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы ҚР МЖМБС және ҮОЖ-ға сәйкес іске асырылады [16, 17], 2-11 сыныптар (пилот мектебіндегі 2- сыныптардан басқа) - МЖМБС іске асырылады [10].
Жаңартылған білім беру мазмұнында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту кезінде оқу жетістіктерін анықтауда да критериалдық бағалау жүйесі қолданылады.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды бағалау кезінде ҚР МЖМБС-2015 көрсетілген білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарға бағдарлануы қажет. Алайда, кейбір білім алушыларда бағдарламаны меңгеру мерзімі ұзағырақ, оның нәтижесінде олар қалыпты дамыған балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіне сәйкес келетін деңгейге жетеді.
Жалпы білім беретін мектептің ерекше білім беруге қажеттілігі бар түлектері, оның қатарында есту, көру қабілетінде, тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар және күрделі тіл кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген түлектер алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжат алады.
Осыған орай МЖМБС сәйкес білім беру сапасын арттыру барысында жұмыстың маңызды бағыттары білім беру процесінің барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, оқушылардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру, тез өзгеретін әлемде табысқа жету; орта мектептерде Қазақстан Республикасының азаматының зияткерлігін, дене бітімі және рухани дамуын қалыптастыру болып табылады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет