Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау. Ауыл шаруашылығында мал өсірумен айналысатын кәсіпорындар жұмысын жоспарлағанда бірінші кезекте ондағы тұтынатын коммуналдық қажеттіліктер ескеріледі. Атап айтқанда, жылу, су, жарық және т.б. ол үшін сол қажеттіліктірді өтеуге арналған машиналар мен жабдықтардың қажетті мөлшері есептеледі. Сумен қамтамасыз етуге арналған машиналар мен жабдықтарды анықтау үшін бірінші кезекті насостар мен жабдықтардың техника-экономиклық көрсеткіштері қазіргі талаптар негізінде орындалып, есептелуі тиіс [8,9].
Мал өнімдерінен ең маңызды деп есептелетін сүт өнімінің шығыны – оның пайдаланатын су мөлшеріне тікелей байланысты. Толық суғарылмаған малдың сүт мөлшері 8 - 40% - ке азайса, ал сойған малдың ет өнімі 12-20% - ке төмендейді. Сондықтан мал фермалары мен кешендерін салуды жоспарлаған кезде малдың пайдаланатын су мөлшері міндетті түрде ескеріледі.
Мал фермалары мен комплекстері — суды өте кеп тұтынатын орындар. Мал ішетін су жоғары сапалы, жеткілікті мөлшерде, әрі тәуліктің кез келген уакытында болуы тиіс. Сонымен коса, суды технологиялык, гигиеналык, шаруашылык және өртке карсы максатта колданады. Сумен қамтамасыз етуді дұрыс ұйымдастырудың фермалар мен комплекстердің жұмысын тиімді жұмыс істеуде айрықша маңызы бар, өйткені оның өзі өндірістік-зоотехникалық процестердің қалыпты өтуін камтамасыз етеді, малды күтіп-бағу жағдайын жақсартады, жұмыс істейтін адамдардың еңбек өнімділігі мен мәдениетін, өнім сапасын жақсартады, өнімнің өзіндік құнын кемітеді [10]. Сумен үздіксіз қамтамасыз ету сиырдың сүттілігін бағалайды. Суда бактерия мөлшері көп болған жағдайда қайнатып залалсыздандырады.
Мал шаруашылығы кәсіпорындарындағы сумен қамтамасыз ету заманауи технологиялық желісін есептеу суды орташа тәуліктік пайдалану шамасымен, өртке қарсы шаралар үшін қолданылатын су мөлшерімен анықталады.
Сонда – суды орташа пайдалану мөлшерін анықтау:
= + + … (1)
мұндағы, , , – берілген топтың су тұтыну мөлшері (мал басы, машина, заманауи мақсатта қолданылатын технологиялық желі т.б.), , - бір тұтынушының орташа тәуліктік су пайдалану мөлшері, л. (анықтамалықтардан алынады) [11,12].
Өртке қарсы шаралардағы су қолдану мөлшері
= 3600 (2)
мұндағы, – судың секундтық шығыны: қазіргі жаңа үлгідегі 500 – 800 бас малы бар фермаларда 5 л/сек, 800 – ден артық бас малы үшін 10 л/сек; t – өрт сөндіруге жұмсалатын уақыт, t = 1 – 3 сағ.
Жаз мерзімінде қолданылатын су мөлшері қысқа қарағанда көбірек болады. Сонда жазғы су пайдалану мөлшері мына формуламен анықталады:
= (3)
мұндағы, - су пайдаланудың тәуліктік біркелкісіздік коэф/і =1,1 ...1,3.
Тәулік бойы суды әртүрлі мөлшерде қолданады. Сонда осы біркелкісіздік коэффициентті пайдаланып сағаттық су шығынын анықтаймыз
= (4)
мұндағы, - коэффициентін төмендегі формуламен анықталады:
= (5)
Қазіргі таңда суды механикаландырылған заманауи тарату құралдарымен тарататын фермаларда = 2,5, ал жайылымға шығаратын үшін = 2, ал коммуналдық секторларда = 2.
Кейде өрт шаралары үшін жұмсалатын судың шығынын анықтау үшін су құбырларының диаметрлері де ескеріледі. Оны мына формуламен анықталады:
= FV = (6)
бұдан, Д =2 = 1,13 * (7)
мұндағы, F – құбырдың қалыпты қимасының ауданы, ; V – судың құбырдағы есептік жылдамдығы, м/с; (V = 0.7 -1.3 м/c); - құбырдан өтетін судың жалпы есептік сағаттық шығыны. (+ ).
Сонымен қатар, судың белгілі бір биіктікке көтерідуіне қажет ағынның Н шамасы да анықталады, ол үшін құбыр бойындағы су шығыны жергілікті шығындар есепке алынады
H = + + (8)
Жергілікті шығынды есепке алғандағы құбыр бойындағы шығын шамасы
h = 1,1 β L, (9)
формуламен анықталады.
мұндағы, 1,1 – жергілікті шығынды ескеру коэффициенті; β– құбырдағы су жылдамдығының – мәнімен салыстырғандағы ерекшелігін ескеру коэффициенті; Q – құбырдың қарастырылып отырған бөлігіндегі су шығыны, л/с ; – шығын модулі, л/с; L – құбыр бөлігінің ұзындығы, м.
Негізінде 0,5 – 1,4 м/с деп алынған жылдамдық көбірек қолданылады. Сондықтан β мәнін осы мәнге келтіріледі.
Жүйедегі ағынның жергілікті ағыны - құбыр бойындағы үйкеліске кеткен шығынның 5 – 10%- шамасын құрайды.
Насосының (қуаты) жетегі үшін қажет қуат мынаған тең
= (10)
мұндағы, – берілген сұйықтықтың тығыздығы, кг/; – насостың ПӘК-і; Н – насос тудыратын ағым, м; Q – насостың өнімділігі, /с [13].
Достарыңызбен бөлісу: |