Сергеев А.П., Близнец И.А., Леонтьев К.Б., Петровский И.С., Бороухин А.Е., Покровский И.А., Богуславский М.М., Каудыров Е.И., Сансызбаев А., Барлоу Д.П., Гальперин Д.В., т.б. шетел мен отандық авторлардың еңбектерін қарастырыңыз.
Интеллектуалдық меншік
«Меншік» термині бізге алдымен кәсіп орындарға, зауыттарға , әлде басқа да ұғымдарға тіркеме ретінде үйреншікті болып келеді. Бірақ та «интеллектуалдық меншік» сөз тіркесі жиі кездеспесе де, әлі де біраз түсінбестік туғызып, көбіне қарама – қайшылықты болып көрінеді. XV-XVI ғасырларда құқықтық институт ретінде құрылған интеллектуалдық меншік өзіне заң-қызметкерлер ғалымдарының ынталы назарын аудартты , бірақ-та юриспруденцияда мызғымас ақиқат бола алатын интеллектуалдық меншіктің концепциясының ұсынысы болған жоқ.
Қазіргі уақытта мүліктік экономикадан, ақпараттық экономикаға қарқынды түрде жылжуымен түсіндіріліп, интеллектуалдық еңбектің одан туындайтын интеллектуалдық меншіктің «құны» кенет өсуде.
General Electric және де Microsoft деген 2 аса ірі бірлестікті салыстыру арқылы көруге болады. Біріншісі, 1892 жылы пайда болған атомдық электр станциялардың жабдықтарынан электр шамына дейін түрлі өнімдерін өндіруімен айналысатын үлкен одақ. Бұның 250 кәсіорында 26 мемлекетте 276 мың қызметкер жұмыс істейді.
Microsoft
1975 жылы пайда болған Microsoft бірлестігінде қазір 29 мың адам қызмет етеді, яғни 10 есе аз дерлік. Олардың 12 мың адамы тура (тікелей) зерттеулер мен программалық қамтамасыз ету өңдеулерімен айналысып, қалған 17 мың адам сауда-саттықпен, дайын өнімдермен жұмыс істейді (бұл жерде Microsoft әрекетінің негізі - интеллектуалдық меншік екені айқын көрінеді).
Microsoft - General Electric
1998 жылы 14 қыркүйекте Microsoft тіпті General Electric одағынан озып кетіп, әлемнің ең қымбат бірлестігі деп аталды – Нью-Йорк қор биржасының жабылу сәтінде Microsoft акцияларының жиынтық құны 261,2 млрд. доллар; сол екі арада General Electric бірлестігінің бар акциялары 257,4 млрд. доллорға болып бағаланды*. Әлемдік экономикада мүліктік өндірістен ақпаратты өңдеуіне жылжу болып жатқаны біржола дәлелденгендіктен, дүние жүзінде бұл оқиғағға бір таңбалық мағына тән.