Одернизм және постмодернизм



Дата15.01.2023
өлшемі16,72 Kb.
#61334
Байланысты:
Модернизм


Модернизм және постмодернизм
Модернизм – кең түрдегі жалпымәдени құбылыс, соған сәйкес 
ғылым, мораль және өнер мәдениеттің дербес саласы болып табылады 
және олардың әрқайсысы өз ерекшеліктеріне және өз дамуының логи-
касына сай дамуға тиіс.
«Модернизм» деген ұғымның өзі бірмағыналықтан алыс 
жатқандықтан, бұл жерде мүлдем әртүрлі түсініктерге кең жол ашы-
лады. Орыс тілінде бұл термин, басқа еуропалық тілдерге қарағанда, 
тым тар мағынасында қолданылады. Сол себепті орыс тіліндегі 
қолдануында «модерн» – эстетикалық ұғым. Ол өнер тарихында 
белгілі бір дәуірге және белгілі бір көркем стильмен (мысалы, XIX 
ғасырдың соңы, XX ғасырдың басындағы сәулет құбылысы сияқты 
модерн) бекітілген. Ал еуропалық тілдерде «модерн» тым ұзақ кезеңді, 
бастауы әдетте Жаңа заманға жатқызылатын кезеңді белгілейді. Бірақ 
терминнің өзі ерте Ортағасырда пайда болған. Модернистер деп 
Қасиетті Жазудың қағидалық мәтінімен келіспеген және оның жаңа, 
шіркеу бекіткеннен бөлек нұсқасын ұсынған христиандар аталған. 
Сонымен, модернизм (лат. modernus – жаңа, қазіргі заманға сай) – 
мәдениеттану, өнертану, әдебиеттану, дінтану және философия-
да әртүрлі мектептерді, стильдерді, жаңашылдыққа және алдыңғы 
дәстүрлерді қайта қарауға, тіпті олардан қол үзуге бағытталған 
ағымдар мен стратегияларды сипаттау үшін пайдаланылатын термин.
Ал ғылымда әлі күнге дейін модернизмнің жалпыға бірдей 
қабылданған тұжырымдамасы қалыптаспағандықтан, әртүрлі автор-
лар бұл терминді түрлі-түрлі мағыналарда қолданады.
Әдетте, модернизмге төмендегілер жатқызылады:
– бейнелеу өнерінде – импрессионизм және постимпрессионизм, 
модерн, символизм, фовизм
Модернизм дәуірін құрған төрт басым бастаудың ажыратылып 
көрсетілетіні жиі байқалады:
– этикалық формалардан азат жаратылыстану;
– индустриалдық техника;
– өнеркәсіп;
– формальды (ресми) құқықтық демократия.
Модернистік ақыл-ой шабытының маңызды үрдісі – ол болмыстың 
бұрынғы ойлау қол жеткізе алмаған жан-жақты негіздемелерін 
іздестіруден көрінетін танымға жаңаша көзқарас болды. Модернистер 
заттардың құбылыстық суреттелуіне қарсы шықты, өйткені, олардың 
пікірінше, сыртқы бейне немесе көрініс – болып жатқан әрекеттердің 
терең себептерін жасыратын перде ғана. Нақтылыққа көзқарастың өзі 
өзгерді: ол солай болып көрінетінге айналды. Сол себепті, модернис-
тер пайымдағандай, құбылыстың арғы жағынан шынайы нақтылық 
болып табылатын жасырын мәнді іздеу керек. Нақ соның өзі, яғни 
нақтылық айқындалуға тиіс, ал ол үшін тікелей айқын нәрсені жайып, 
ашып көрсету қажет.
Осының барлығы, бәрінен бұрын, жеке тұлға мен қоғамды зерттеу-
ге жатқызылды, ол кезде болып жатқан үдерістерді модернистер сана-
дан тыс жеке және санадан тыс ұжымдық әрекет көмегімен түсіндіреді.
Модернизм ойлаудағы қазіргі заманға тән үстемдікті, дәстүрден қол 
үзуді бағдарлама түрінде жариялайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет