9. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:
Санитарлы - эпидемиологиялық тәртіптің түсініктемесі
Дезинфекция, асептика антисептика түсініктемесі
Санитарлы- эпидемиологиялық тәртіптің негізгі мақсаттары
ЕПҮ- дағы медбикенің санитарлы- эпидемиологиялық тәртіпті қамтамасыз ету
Қазақстандағы ЕПҰ-дағы санитарлы- эпидемиологиялық тәртіпті сақтау негізгі нормативті құжаттары.
Науқастардың гигиена ережелерін орындау және бөлімше-сінің бөлмелерін санитарлық үстауына байланысты. Науқас ауруханаға түсерде өзінің гигиеналық заттарымен палатаға жатуға рұқсат етіледі.
Қабылдау бөлімшесінде алғашқы санитарлык өңдеуді өткен педикулезі бар науңас ерекше бақылауға алынады және жеті күннен кейін паразиттерді толық жойғанша қайта өңдеуден өткізіледі.
Жаңа түскен науқаска таза төсек салынады. Оған жеке күтім заттары беріледі: су ішкізетін ыдыс, стакан, түкіргіш және зөр қабылдағыш, дөрет ыдысы.
Жағдайы нашар науқастардың іш киімі және төсек заттары кірлегеніне қарай, калғандарында бір рет жеті-он күн ішінде ауыстырылады.
Кір төсек-орын, киімдер мақтадан жасалынған қаптарда жи-налады. Олар сортталып және сүрыпталып, осы максатка беріл-ген арнайы бөлмелерге өткізіледі. Науқастарға шаштараз қызметі аптасына екі рет көрсетіледі. Науқастар жалпы гигие-налық ережелерін сақтауы тиіс: таңертеңгі жөне кешкі дөрет, тамақ алдында қолдарын жуу. Бөтен төсектерде отыруға болмай-ды. Палатаның ауасын күніне 4 рет тазартады.
Науңас ауруханадан шығарылғаннан кейін жеке күтім заттары жөне оның аурулық киімі мен аяқ киімі дезинфекцияла-нады (кестені қараңыз).
Бөлімше күніне екі рет дымқыл әдісімен дезинфекциялық ерітінділер (0,015% деохлор ерітіндісі) қолдануымен жинасты-рылады.
Жинастыру аспаптары (шелек, шүберек, щеткалар) таңбала-нады жене палатаға, процедуральщ кабинетке, буфетке жөне тағы басқа бөлмелерге белек арналады. Қолданғаннан кейін де-зинфекцияланады (кестені кара).
Барлық ауруханаларда инфекция жүңтырған науқастарды табу жөнінде іс-шаралар жүргізіледі. Осы мақсатпен барлық дене ңызуының жоғарылау кезеңі 5 күнге созылатын безгек-пен ауырғандардың қатаң есебі жүргізіледі. Жүқпалы ауруы-на күдікті болатын науқасты табу кезінде оны дереу палатаға немесе изоляторға (кан тышқақ, вирусты гепатит) оңашалай-ды. Аурухана ішінде инфекция табылса, бөлімшенің барлық кызметкерлеріне кезексіз тексеріс жүргізеді.
Химиялық өдіспен залалсыздандыру дәрілер ішікде көбінесе хлор және оның жарықталған ерітінділері, 0,015, 0,06 % деохлор ерітінділері қолданылады.
Дезинфекцияның сапасын ңараумен баңылау (бөлменің санитарлык жағдайы), химиялық әдіспен (дезинфекциялық ерітінділердің белсенділігін тексеру) жөне бактериологиялық жолмен (егу, жүғынды алу) жүргізіледі. Бөлімшенің аға мейір-бикесі санитарлық-эпидемиологиялық ережелерінің сақталу төртібін бакылайды. Дезинфекцияның сапасы мен дүрыс өткізу жағынан бакылау СЭС (санитарльщ-әпидемиологиялық станция-сы) міндеттеріне кіреді.
Санитарлы- эпидемиологиялық тәртіп – аурухана ішілік инфекцияның пайда болуына бөгет болатын, эпидемияға қарсы және санитарлы- профилактикалық шараларды ұйымдастыру жүйесі болып табылады.
ЕПҰ-дағы санитарлы- эпидемиологиялық тәртіп- осы мекемедегі науқастарға оптималды гигиеналық жағдайды орнату орнату үшін территориялар мен палаталардың санитарлы тазалығына емдеу мекемелерінің жылуына және вентиляцияны, жарықтығына, жиһаздың және ішкі әрлеуіне аурухананың ғимараты және жерінің жайласуын, жайғасуы бойынша қойылатын талаптарды, және де сонымен қатар аурухана ішілік инфекцияның алдын алуға бағытталған талапты да қамтиды. Емдік мекемелерде санитарлы – эпидемиологиялық тәртіпті сақтауға бағытталған шаралардың негізгі элементтері болып асептика, антисептика бойынша қойылатын талаптарды қатаң сақтау және дезинфекцияны жүргізу болып табылады.
Дезинфекция- сыртқы орта объектілердегі жұқпалы аурудың қоздырғыштарын жоюға болатын заттар мен әдістерді зерттейтін ғылым.
Антисептика – жарадағы, патологиялық ошақтағы немесе ағзадағы микроорганизмдерді жоюға болатын іс – шаралардың жиынтығы.
Асептика – жараға инфекцияның түсуін алдын алуға бағытталған іс – шаралардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасында ЕПҰ- дағы санитарлы – эпидемиологиялық тәртіпті қамтамасыз ететін негізгі нұсқалары әдістемелік құжаттарға мыналар жатады:
ҚР ДСМ 11.10.1999ж №476 бұйрық «АІИ –жұқпалы қауіпсіздік орнату»;
ҚР ДСМ 26.11.2002ж №1050 бұйрық « Республикада вирусты гепатитпен ауру – сырқауды төмендету бойынша жүргізілетін шаралар»;
СанПиН №8-01-013-03 « Медициналық құралдарды дезинфекциялау және стерилизациялау. Тәсілдер, құралдар, тәртіптер»;
3.06.2001ж Қазақстан Республикасының СЭС ОМО ұсынысы « Емдік – профилактикалық мекемелерде АІИ- ның алдын алу шаралары»;
СанПиН № 8-01-011-2001 6.03.2001ж « Операциядан кейінгі іріңді асқынулардың алдын алу бойынша шараларды өткізу және ұйымдастыру»;
СанПиН 8-01-083-2002ж « Ана мен бала өмірін сақтау ұйымына және де аурухана ұйымының маңызына және жабдығына қойылған талаптар»;
ВОЗ инструкциясы,1989ж №2 сериясы СПИД « Адамның имунотапшылық вирусы мен әсерлі күресуіне арналған стерилизация және дезинфекция тәсілдері бойынша нұсқау».
Аурухананың негізгі емдік- профилактикалық мекемелерін соғу үшін екі жақты немесе бір жақты кіреберіс жүйесі қолданылады. Туберкулезді және балалар ауруханаларда ашық және жабық балкондар болады, олар науқастардың таза ауада болуына арналған.
Емдеу-профилактик мекемелерін қүрылысында каридор системасы үсынылады. Балалар және туберкулез ауруханаларда ашық және жабық дәліздер және балкондармен қүрылады ол науқастардың таза ауада жүруі үшін. Аурухананың негізгі үяшығы палата болып табылады.Палаталар 1 және 4 керуеттік болып емдеу мекемесінің түріне байланысты. Палатада керуеттің максимал саны 6- дан аспауы керек.
Керуетке палатаның 7м2 бөлінуі керек. Палаталардың 10% I керуетгік болып табылады, олар ауыр халдегі науқастар үшін болып табылады. Палаталардың, дәліздердің, бөлімшелердің қабырғасы ашық түстегі бояулар мен боялуы тиіс себебі олардың кірленгені білінуі керек. Майлы бояулармен бояуды ұсынылады себебі ол қабырғалар көп жуылады. Линолеум және пластикпен төселген полдарды күніне бірнеше рет тазалау мүмкіндігі бар.Керуеттердің аралығы бір метрден кем болмауы тиіс,себебі ауруларды көру оларды қозғату және емдік процедураларды жүргізу үшін қажет. Керуерттер никелденген немесе майлы бояумен боялған болуы қажет себебі олар сүртуге ыңгайлы.Ауыр халдегі науқастар үшін функционал керуеттер және жастықшалар қодданылады, себебі науксақа керекті жағдайды жасау үшін, әр керуерттке оттегі және электр сигнал үшін басқыш орнату қажет.Керуерттің жаныңда керуерт маңлы столы болуы қажет, оған науқастың керекті заттары қойылады.Төсек тартып жатқан науқастар үшін қозғалмалы столиктер тамақтану үшін қойылады.
Бөлімшеде құралдарды күтіп ұстау. Күту құралдарына: суартқыштар, грелкалар, мұздатқыштар, шыны эмальданған және резеңкелі Эсмарх табақшасы, дәрет ыдыстары, зәр жинақшалар, мензуркалар, дене, су және ауа температурасын анықтайтын градусниктер, резинадан жасалған дөңгелек қойғыштар, ойық жараның алдын алу үшін қолданылатын матрастар, т.б.жатады. бұл заттар арнайы түрде сақтанылады.
Науқастың күтіміне арналған зттарды стерилизациялау және дезинфекциялау. Дәрет жйәне зәр жинағыш ыдыстарды науқасқа берер алдында олар жылы болу үшін ыстық сумен шаяды. Қолданылғаннан кейін оларды хлорлы әктің 0,5 % % немесе хлораминнің 1% –і ерітіндісінде зарарсыздандырылады. Қолданылған клизма ұштары « лас» деген жазуы бар арнайы шыны ыдыста, ал таза ұштары – сабынмен жуылғаннан кейін қайнататын стерилизаторларда болу керек. Инфекциялық бөлімдерде әр науқастың стационарлардан шыққанға дейін жеке қолданылатын заттар болады.
Ауруханалық құрал – жабдықтар. Аурухана құрал-жабдықтарына, кереуеттер, сөрелер, зембілдер, шкафтар, креслолар жатады. Аурухана құрал – жабдықтарының сақталуына шаруа- медбике жауапты болады. Құрал- жабдықтардың санитарлы тазалығына тазалықшы жауап береді, ал оның жұмысын медбике бақылайды. Бөлімшедегі барлық медициналық, технологиялық, санитарлы-техникалық және басқа да жабдықтар, жиһаз және саймандар әрекеттегі техникалық шарттар мен стандартқа сәйкес болуы қажет. Бұл зарарсыздандыру және ылғалды тазалықты жүргізуге мүмкіндік береді. Науқастарға арналған палаталарда, дәрігерлер мен медбикелердің бөлімшелерінде ыстық және суық сумен жалғастырылған қолжуғыштар орнатылуы тиіс. Әр ір бөлімше механизациясы аз, қажетті және тиісті заттармен қамтылуы тиіс.
Бөлімшенің барлық бөлмелері, құрал – жабдықтары, медициналық және басқа да құрал саймандары таза болуы тиіс. Бөлмелердің ылғалды тазалығы тәуелділігіне екі реттен кем болмауы керек, ал керек болған жағдайда жиірек және жуғыш ерітінділерді және де ҚР ДСМ қолдануға рұқсат етілген қазіргі дезинфектанттарды қолдану керек. Шыны айналар ішкі жағынан айына 1 рет, ал сыртқа жағынан айына -4-6 ррет сүртіледі. Бөлмелерді ылғалды тазалау жұмысына өткізу үшін ұнтақ тәрізді синтетикалық жуғыш заттарды қолдануға болады. Барлық тазартуға арналған жабдықтарда белгілі бір бөлімшені жинау жұмыстарының түрлері көрсетіліп, таңбалануы тиіс,тағайындау бойынша қатаң тәртіппен қолданылады және бөлек сақтанылады.
Палаталардың және басқа да функцияналды, бөлмелердің күрделі тазалығы- қабырғаларды, еденді, барлық жабдықтарды уақытылы жуу және де жиһазды, шаңды, жалюзидегі шаң-тозаңды сүрту сияқты айына бір рет кесте бойынша жүргізілетін іс – әрекеттерді айтамыз. Каридор, дәріхана және басқа да бөлмелердегі қоқысты жинау үшін сауыттар орнатылуы тиіс, ал медико - техникалық процеспен байланысты егу және сол сияқты басқа да бөлмелерге педалді шелектер болуы керек. Стерилдіктілікті , асептика және антисептиканың ерекше тәртібін сақтауды талап ететін бөлмелерді тазалап болған соң және де экспулация процесінде ультра күлгін бактерициді шаңдар мен мерзімді түрді сәулелендіру қажет. Палаталарды тәулігіне 4 рет таза ауамен желдету керек. ЕПҰ- ның бөлмелерінде жылына 1рет, қажеттілігіне байланысты жиі жеңіл косметикалық жөндеуден өткізілуі тиіс.
Тәртіп (режим). Ауруханалық тәртіп – науқастардың уақытылы және дұрыс тамақтануын, емдеуін және санитарлы-гигиеналық шараларды қамтамасыз етеді. Күн тәртібіне байланысты бүкіл медицина қызметкерлерінің жұмысы ұйымдастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |