Технологиялық машиналар жалпы және арнаулы деп бөлінеді.
Қарапайым машиналар өзінің құрылымдық формасына қарай минимум үш негізгі бөлімнен тұрады: орындаушы ( немесе ) жұмысшы механизмнен; беріліс беретін (немесе жетекші) механизмнен; Қозғалтқыш механизмнен (электроқозғалтқыштан, іштен жану және жылу двигателдерінен).
5.Ет және өнімдерін Жылу арқылы және диффузия арқылы өңдейтін жабдықтар.
6.Консервы заводтардың жабдықтары
Технологиялық жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар
Машиналар мен аппараттар өте сапалы өнімді шығаруы керек.
Машиналар мен аппаратқа кірген шикізаттан шыққан өнім арасындағы массалы айырмашылық өте аз болуы керек.
Машиналардың жұмысты атқаратын құралдары артық түрде қажамау, үгілмеуі керек.
Машиналар мен аппараттардың жұмыс атқаратын құралдары тек қана тот алмайтын материалдардан жасалынуы қажет.
Машиналар мен аппараттардың конструкциялық құрылғы өте жеңіл шұғыл түрде ажыратылып қайта жиналуы керек.
Машиналар мен аппараттардың конструкциялық құрылғысында жуатын құрал немесе кісі қолы жетпейтін соңылаулар, шұнқырлар болмауы керек.
Машиналар мен аппараттардың құрамына кіретін электроаспаптардың ішіне су тимеуі керек. Сондықтан ондай аспаптар герметикалық түрде орналасуы керек немесе су кіріп кететін жерінде тұрмауы керек.
Машиналар мен аппараттар қауіпсіздік технологиясының талаптарына сәйкес болуы шарт.