О.Әубәкіровтің сатиралық шығармашылығы



Дата09.04.2023
өлшемі13,74 Kb.
#80789

О.Әубәкіровтің сатиралық шығармашылығы
Әзілінің салмағы бар сатираның саңлағы Оспанхан Әубәкіров 1934 жылдың 4 мамырда Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында дүниеге келген. Ол Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тәмамдаған. Мамандығы актер болса да, ол өзінің шығармашылығын сатирамен байланыстырды. Оспанхан Әубәкіров республикалық басылымдарда, "Ара" журналында қызмет етті. Ол сатиралық жанрмен бірге баларға арналған өлең-жыр, ертегі, пьеса, белгілі композиторлардың әндеріне мәтін жазумен және аудармамен де айналысқан. Оспанхан Әубәкіровке 1983 жылы балаларға арналған "Қағаз қалпақ" сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілген. Белгілі сатириктің отыздан астам шығармалары мен өлеңдер жинағы жарық көрді. Ол өзінің 52 жыл ғұмырында соңына өшпес із, өлмес мұра қалдырды. Оспанхан ағаның қалдырған бай мұрасын шашау шығармай жинақтап, балаларын өсіріп жеткізген жары Нұрсұлу апа салтанатты кештің құрметті қонағы ретінде қатысты.
Оспанханын еске алған туған ел-жұрты кеш барысында оның "Өзің, сәулем, іздегенім", "Біздің ауыл атақты" (Сейділдә Шәріповтің әні), "Құдаша", "Кездейсоқ махаббат", "Мұңайма" (Әсет Бейсеуовтың әні), "Біздің ағай тамаша" т.б өлеңдері мен әндерін тыңдады. Әндерді "Сүйінбай сазы" фольклорлық-этнографиялық ансамблінің әншілері орындады. Салтанатты жиынға жиылған қауым "Сұлутөр" мейрамханасында Оспанхан Әубәкіровке арналған астың дастарханынан дәм татты.
Оның ең алғашқы кітабы «Қоңырау» деген атпен 1960 жылы жарық көрген. Мұнан соң «Бытпылдақ», «Солақай», «Жасыратын не бар», «Күлкіңіз келе ме?», «Көктайғақ», «Сүзеген сөз», «Сиқыр», «Ымды білесіз бе?» әңгімелер жинағы жарияланды. Ол – «Чемпион Қожанасыр», «Милау сиыр» пьесаларының авторы. Оспанхан Әубәкіровтің таңдамалы әңгімелері орыс тіліне аударылып, «Сиқыр» атауымен кітап болып шыққан. Жазушы, аудармашы Әзиз Несиннің «Ақыреттен келген хаттарын», Б. Нушичтің «Менің өмірбаянымын», Э. Рапкенің «Мюнхаузеннің хикаяларын», Лао Шэнің «Мысықтар қаласын» аударған. 1983 жылы балаларға арналған«Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілді. Сатира саңлағы Оспанхан Әубәкіровтің шығармаларын атақты актер, театр режиссері, театр педагогы, профессор Райымбек Ноғайбайұлы Сейтметовтің оқуында тыңдай аласыздар. Райымбек Сейтметов – Қазақ КСР-нің Халық артисі (1987), Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984), Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1979), Платинды «Тарлан» сыйлығының, «Құрмет орденінің» иегері. Түркістан қаласының Құрметті азаматы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет