Қоғам дамуының шешуі секторларында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі. Акт стандарттары


- lecture. Internet technology



бет22/32
Дата07.01.2022
өлшемі135,08 Kb.
#17512
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
Байланысты:
о ам дамуыны шешуі секторларында а паратты -коммуникациялы те

9- lecture.

Internet technology

 

Internet (read



Бұлтты және мобильді технологиялар

Cloud and mobile technologies

 

            Қазақстан ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтқанда бұлтты және мобильді технологиялар сынды ІТ саласындағы әлемдік үрдістерді дамытуы  қажет. Бұл туралы Алматыда өткен АКТ-форумы сыртында  тілшісіне берген сұхбатында «Зерде» ҰАҚХ» АҚ басқармасының төрағасы Нұрлан Измайылов мәлім етті.



            «АКТ-ны қазіргі заманға сай дамыту кез келген елдің экономикасын дамытуға ықпал етеді. Қазір алдыңғы қатарлы елдердің барлығы дерлік білімге негізделген экономиканы дамытуға көшкен. Оның ішінде ІТ үлкен маңызға ие. АКТ-ны дамытудың негізгі үрдістердің бірі – бұл ең алдымен бұлтты технологияларды дамыту. Олар адами әрі аппараттық ресурстарды тиімді әрі үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Одан кейінгі маңызды қадамдардың бірі – мобильді технологияны ілгерілету», - деді Н.Измайылов. 
«Зерде» АҚ төрағасының айтуынша, осы аталған үрдістер біздің еліміз үшін аса маңызды және Қазақстанда аталған бағыт бойынша қолға алатынуы тиіс тұстар жетерлік. 
            «Мен біздің бағдарламашыларымызға осы бағыттарға баса назар аударыңдар деп кеңес берер едім. Мобильді қосымшалар жасау үшін аса үлкен ресур шығындау қажет емес, 2-3 адамнан тұратын топтың көмегімен-ақ қызықты қосымша бағдарламалар ойластыруға болады», - деп атап өтті Н.Измайылов.

            АКТ-құзыреттілікті қалыптастыру бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарында пайдаланылатын жұмыстың неғұрлым тиімді формасын қарастырайық. Олардың бірі - бұлтты технологиялар деп аталатын, замануи ақпараттық технологиялар бойынша базалық білімін және білім беру тәжірибесіндегі желілік құралдарды пайдалану шеберлігін қалыптастыру    (1 сурет).

1 сурет. Бұлт моделі

            Бұлтты сервистер немесе бұлтты сақтау орындары дегенді қандай да бір ұйымның жеке кеңістікті пайдаланушыға өзінің әр түрлі файлдарын сақтау үшін ұсынылатын қызмет түрі деп түсіну керек. Ол орналасу орны білім беру жүйесінің SMART-сервистары болатын құжаттар, медиафайлдар, фотосуреттер мұрағатымен қатар, тіпті пайдаланушыға қажетті кез келген файл болуы да мүмкін. Көптеген пайдаланушылар үлкен көлемдегі ақпаратты сақтау үшін тегін сервисті жиі пайдаланады.

            Мәліметтерді бұлтты сақтау орындары (ағылш. cloud storage) - негізінен үшінші тараппен клиентке пайдалану үшін ұсынылатын, мәліметтер бөлінген көптеген серверлер желісінде сақталатын онлайн-сақтау орындарының моделі. Өзіне берілген серверлерде мәліметтерді сақтау моделіне қарағанда аталған мақсаттар үшін арнайы немесе жалға алынған серверлердің көлемі немесе  қандай да бір ішкі құрылымы клиентке жалпы алғанда көрінбейді. Мәліметтер клиенттің көзқарасымен қарағанда үлкен бір виртуалдық сервер ретінде ғана көрінетін бұлтта сақталады және өңделеді. Мұндай сервистер география тұрғысынан алғанда бір-бірінен алшақ орналасуы, тіпті әр түрлі континенттерде де болуы мүмкін.

            АҚШ-та жүргізілген әлеуметтік сауалнама оған қатысқандардың 54%-ы бұлтты технологияларды ешқашан пайдаланбағандарына сенімді екендігін көрсетті. Шындығына келгенде жағдай мүлдем өзгеше – интернетті пайдаланушылардың 95%-ы өздері тіпті күдіктенбестен бұлтты технологияларды пайдаланады. Олар оны онлайн-видео, вебинарлар көргенде, онлайн-ойындар ойнағанда, iTunes арқылы әуен жүктегенде,  Gmail-да пошта қарағанда немесе Facebook-қа кіргенде қолданады.

            Біз жұмыс жасау кезінде неғұрлым мықты әрі ресурс сыйымды бағдарламаларды пайдаланамыз, ол үшін әрине, мықты «темір» қажет. Біз мәліметтердің үлкен көлемімен жұмыс жасауға мәжбүр боламыз, және осы мәліметтерді бір жерде сақтау керек болады. Бірақ, ойланып қарасақ бұндай супер мықты бағдарламаны жиі пайдалана бермейміз, ол үшін мықты компьютер керек, мәліметтер терабайтын да күнделікті қолдана бермейміз.

            Шамамен осындай логиканы 2006 жылы компьютерлік технологиялардың жаңа моделін ұсынған Google-дың бұрынғы басшысы Эрик Шмидт басшылыққа алған болатын. Ол алғаш рет «бұлт», «бұлтты технологиялар» терминін қолданысқа енгізді және осы кезден бастап ол ұсынған модель қарқынды түрде дами түсті.

            Корпоративтік секторда бұлтты технологиялардың бірнеше бағыттары жұмыс жасауда және қарқынды түрде даму үстінде.

            Бірінші, ең төменгі деңгей – бұл қызмет түрі ретінде бағдарламалық қамтамасыз ету құқығын ұсыну (SaaS). Тұтынушыға өзі жұмыс жасай алатын қымбат «софт» және қуатты жұмыс станциясын сатып алудың қажеті жоқ. Мамандардың үлкен штаты да қажет болмай қалады. Тұтынушы осы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану құқығын жалға алады да, өзі пайдаланған уақыттың ғана ақысын төлейді. Сонымен қатар ол планшет болсын, смартфон болсын интернетке қосылған кез-келген құралда жұмыс жасай алады. Өйткені барлық есептеулер провайдердің бұлтты жағында жасалады да пайдаланушы құрылғысына тек нәтиже ғана беріледі.

            Келесі деңгей - бұл қызмет түрі ретінде платформаны ұсыну. Бұл жағдайда тұтынушы өзінің жобаларын әзірлейтін және өрістететін операциялық жүйені, мәліметтер базасын басқару жүйесін немесе әзірлеу және дұрыстау құралдарын иелігіне алады.

            Және ең соңында тұтынушыға жоғары деңгейде ірі корпоративтік компьютер желісінің барлық инфрақұрылымы бұлтты нұсқада ұсынылады.

            Бұлтты технологиялар қарапайым пайдаланушыларға функционалдық бойынша шамамен бірдей қызмет ұсынады: шағын бағдарламаны жүктеу және орнату, бұлтты сақтау орнына орналастырғыңыз келетін файлдарды сақтау үшін папка жасау. Ол үшін пайдаланушыға жергілікті компьютерде немесе «Бұлтта» орналасқан файлдар мен папкалардың синхрондау параметрлерін реттеу керек болады. «Бұлтта» сақталатындардың барлығы web-интерфейс арқылы кез келген құрылғыдан қол жетімді болады. Оған электронды пошта арқылы сәйкес сілтеме жіберу арқылы кез келген адам папкаға немесе файлға еркін түрде қол жеткізе алады.

            Ең танымал бірнеше сақтау орындарын қарастыруды ұсынамын. «Mail бұлты» Mail пошта қызметімен және «Мой мир» әлеуметтік желісімен бір тізбекте жұмыс жасайды. «Mail бұлтында» 25 ГБ тегін ұсынылады. «Mail бұлты» ең алдымен бізге тек дисктік кеңістік қана емес, сонымен қатар кеңсе құжаттарын браузер терезесінде қарастыруға және редакциялауға мүмкіндік беретін Docs кеңсе қосымшаларының пакетін ұсынатындығымен қызықты.

            Google Drive Gmail пошта қызметімен және Google+ әлеуметтік желісімен бір тізбекте жұмыс жасайды. Google Drive, Gmail және Google+  барлығы 15ГБ тегін ұсынады. Google Drive бізге ең алдымен бізге тек дисктік кеңістік қана емес, сонымен қатар кеңсе құжаттарын браузер терезесінде қарастыруға және редакциялауға мүмкіндік беретін Docs кеңсе қосымшаларының пакетін ұсынатындығымен қызықты.

            Dropbox – бұл дербес файлдарды бұлтты сақтау орындары. 2 ГБ диск кеңістігін тегін ұсынады. Осы жүйеге қосылатын сіздің құрылғыңыз интернет желісіне қосылғанда автоматты түрде бұлтты сервермен синхронданатын арнайы папка жасалады. Бұл жүйенің ерекшелігі соңғы 30 күн ішіндегі барлық өзгерістердің тарихы сақталатындығында, ол файлды бастапқы жағдайына келтіруге немесе өшірілген файлды қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

            «Яндекс диск» 10 ГБ диск кеңістігін тегін ұсынады, ал одан кейінгі келесі 10 ГБ ақылы түрде болады. Яндекс диск Яндекс пошта қызметімен ықпалдасады, бұл осы аккаунттан «ауыр» жұмсалымдағы хаттарды жіберуге мүмкіндік береді – олар «Бұлтта» сақталатын болады. Оның фотосуреттер автоматты түрде жүктелетін опциясы бар (2-сурет).

Мобильді технологиялар

            Қазіргі заманғы кітапханалар ақпараттар мен құжаттарға сұранысты орындау қашықтық пен сұраныстағы ақпараттың орналақсан жеріне тәуелсіз, пайдаланушылардың түгеліне дерлік қолжетімді болу керек.

            Мобильді технологиялар – бұл кітапхананың жаңа қызметі, тәжірбиелік біліктілік, келешек. Қазіргі заманда адамдар интернет желісіне ұялы телефондар және портативті компьютерлер көмегімен кіріп, керек ақпаратқа қол жеткізе алады.

            Біздің кітапханалар wap-онлайн каталогтарына, wap-деректер базасына, wap-энциклопедияларға, виртуалды анықтама қызметіне кітапхананың wap-сайты арқылы және wap-чат немесе sms көмегімен қол жеткізуді алдыңғы қатарда болып енгізіп жатыр (мысалы, пайдаланушылар ұялы телефон арқылы кітапхана сайтына кіріп, ОҚЖ-нің электрондық каталогының іздеу қызметін пайдалана алады). Бүгінгі күннің өзінде электрондық кітаптар баспа кітаптардың шрифтін, көркемделуін және стильдерін көшіріп алуына байланысты электрондық және баспадан шыққан кітаптар бейбiт қатар өмiр сүре алады. Бұл оқырмандардардың кітаптың екі түріне де қызығушылығын еш кемітер емес.

Bluetooth, WAP, GPRS секілді байланыс түрлері ұялы телефондар көмегімен Интернеттің ақпараттық және қызмет көрсету ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет