Қоғам және Мәдениет



Дата15.12.2023
өлшемі16,27 Kb.
#138291
Байланысты:
Филосифия 12 апта


Қоғам және Мәдениет

​«Әлеуметтік философия» терминін айналымға қашан және кім енгізгені туралы дөп басып, дәл жауап беру қиын. Біздің ойымызша оның философияға енуі ХІХ ғасырдың екінші жартысы – соңғы ширегінде іске асуы мүмкін. Бұл мәселенің шешімі әлеуметтік философия немен айналысатынын., пәндік ерекшеліктерін, оның философиядағы орны мен негізгі функцияларын талдауға онша ықпалын тигізе қоймайды. Бұл сала қоғамдық өмірдің мәні және іргелі заңдылықтарымен, социум болмысының логикасымен, қоғам мен тұлғаның өзара байланысы және өзара қатынастарымен, жалпы әлеуметтік таныммен қатар, қоғам мен адам туралы философиялық пайымдар принциптері және логикасы, заңдылықтары, ерекшеліктерімен байланысты болды. Осы сала әлеуметтік философия деп атала бастады.


​Әлеуметтік философияға ерекше анықтама берген орыс ойшылы С.Л. Франктың пайымдауына тоқталайық. 1929 жылы ол өзінің негізгі шығармаларының бірі – «Қоғамның рухани негіздері» атты кітабын жариялады. Ол бұл еңбегінде әлеуметтік философияға мынадай анықтама береді: «әлеуметтік философия мәселесі – бұл қоғам деген не, ол адам өмірінде қандай мағынаға ие болады, оның шынайы мәні неде және ол бізге қандай міндет жүктейді деген сұрақтарға жауап береді».
​С.Л. Франктың әлеуметтік философияға қатысты негізгі ойлары қоғамдық өмір, адам өмірінде қоғамдық өмір қандай орын алады және оның шынайы мақсаты, адам өзінің қоғамдық болмысы формасын құра отырып оның ұмтылысын, адамның қоғамдық өмірі әлемдік, ғарыштық болмыстағы орнын, қоғамдық өмір болмыстың қай саласына жатады және оның нағыз мәні және қоғамдық өмірдің жалпы өмір негізін құрайтын абсолюттік бастаулар мен құндылықтарға қатынасы туралы. Оның айтуынша әлеуметтік философия – «қоғамдық болмыстың жалпы мәңгі негіздерін» зерттеумен айналысатын философиялық таным. «Әлеуметтік философия қоғамдық шындықты оның нағыз, барлығын қамтитын құрамы мен нақтылығында көруге ұмтылу болып табылады». Мұнан шығатыны: әлеуметтік философия адамның қоғамдық өмірінің барлық «әлемдерінің» – тарих, мәдениет, дін, саясат, құқық, экономика және т.б. әлемдерінің түпкі, онтологиялық негіздерін зерттейтін философиялық ілім саласы. 
​Бүгінгі қоғам анықтамасы көп қырлы. Бірнешеуіне тоқталайық: қоғам – бұл барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Қоғам дегеніміз адамдардың алуан түрлі саналы іс-әрекеті мен қызметінің нәтижесінде қалыптасқан адамдар бірлігі. Адамдар қоғамда өмір сүріп әрекет етеді, ол қоғамның ажырамас бір бөлігі және оған тәуелді. Адамзат қоғамы – табиғаттың ерекше бөлігі, ол табиғаттың ұзақ уақыт эволюциялық даму нәтижесінде пайда болады. Адамзат қоғамы әлемдегі барлық тірі жүйенің ең жоғарғы сапалы даму дәрежесінің көрсеткіші. Жалпы алғанда, қоғамның жалпы анықтамасы былай көрінеді: қоғам – бұл адамдар мен оларға тән қоғамдық қатынастардың тарихи қалыптасқан нысандарының жиынтығы.
​Қоғамды зерттеу кезінде оның көптеген қарым-қатынастары мен интерпретациясы бар деп санауға тура келеді. Әртүрлі, көбінесе қарама-қайшы және бір-бірімен үйлеспейтін қоғамның теориясы мен модельдері, оның құрылымы, элементтері, ерекшеліктері бар. Қоғамның философиялық ұғымы екі басты белгіні қамтиды:
​- қоғам табиғаттың оқшауланған бөлігі;
​- тұтас байланысты бола отырып, бұл бөлік өзінің ерекше заңдары бойынша дамиды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет