Топтағы адамдар арасында тығыз байланыс пен өзара іс-әрекеттің алмасуының болуы;
Топ мүшелерінің әрқайсысының өзінің орны және істейтін іс-әрекетінің болуы;
Егерде белгілі бір адамдар жиынтығы, белгілі бір физикалық кеңістікте өзара ақпарат алмаспаса, мақсаттары бір болмаса, біріге іс-әрекеттенбесе оны агрегациядеп атаймыз. Мысалға:
Бір вагондағы жолаушылар, бір қалада тұратын тұрғындар және т.б.
Әлеуметтік топтардың эволюцияға, уақыт торабына байланысты жіктеуімізге болады:
-Рулық;
-Халықтық;
-Ұлттық;
-Отбасылық;
-Нәсілдік және т.б.
Рулық-алғашқы адам тектестер тобырынан кейінгі бірінші адамдық әлеуметтік топ(қауымдастық), яғни тас дәуірінде өмір сүрген тобырдан кейінгі әлеуметтік топ. Ру табиғаттың стихиялы күштеріне және жабайы аңдарға қарсы бірлесе күресу мақсаты және шаруашылығы бір туысқан, қандас адамдардың тарихи тобы болып табылады.
Халықтық топтасу құл иеленушілік және феодалдық қоғамдық формацияларға тән тарихи-әлеуметтік жиынтық болып табылады. Бұл әлеуметтік топтасу бірнеше туысқан тайпалардың территория, тіл және мәдени өмір бірлігінің негізінде қалыптасты. Бұл топтасулардың шаруашылық негізі көбінесе егіншілік пен мал өсіруге негізделген натуралдық шаруашылық болды. Бұл кезде бір ел, бір мемлекет көлемінде берік экономикалық бірлік болмағандықтан, халықтықтық бірлік те айтарлықтай берік, тұрақты жиынтық бола алмады. Экономикалық және саяси жағынан бытыранқылық басым болды.
Капитализмнің тууына және дамуына байланысты әлеуметтік топтың жаңа түрі-ұлттық топтасу пайда болды. Капитализм тұсында біртұтас рыноктың құралуына байланысты бұрынғы феодалдық бытыранқылық жойылып, бірнеше халықтар бір ұлттық топқа бірікті. Ұлттар қоғам дамуының буржуазиялық дәуірінің қажетті жемісі және қажетті формасы.
Ұлтқа тән мәнді белгілер: территория бірлігі, тіл бірлігі, мәдениет бірлігі және феодализм тұсындағы бытыранқылықтың салдарынан болмай келген экономикалық өмір бірлігі. Демек, ұлттың құралуында экономикалық өмір бірлігі шешуші роль атқарды.
Нәсілдік айырмашылық түсіне, бет пішініне, т.б. сыртқы белгісіне қарай айырылатын топ-ақ, қара және сары нәсілдер бар.Ұлтты нәсілдік топпен шатастырмау қажет.
Отбасы адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ болып табылады. Ондағы әрбір адамның өмірі отбасымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді.
Отбасы қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс болып табылады. Сондықтан да отбасына объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу жүргізу оңай емес.