Қоғамдағы педагог мәртебесі
Мәртебе – тұлғаның, азаматтың құқықтық жағдайы. Қоғамдағы педагог мәртебесі – педагогтің әл-ауқатының, құқығының, денсаулығының, атақ-абыройының, беделінің жиынтығы. (Түсінік беру) Тақырыптың өзектілігі – қоғамдағы педагогтің орны төмендеп кетті. Оған халықтың әлеуметтік жағдайының тепе-теңсіздігі әсер етуде. (Тақырыптың өзектілігі) Соңғы жылдары мемлекеттің қолдауымен ұстаз мәртебесін көтеру мақсатында, «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. (Тезис) Қазіргі таңда педагог мәртебесінің шынайылығы қандай? Мен өз эссемде педагог мәртебесіне өз пікірімді жазып, шынайылығы туралы жазғым келеді. (Көперше)
Ата-аналардың басым көпшілігі педагог сөзін елемей, баласының сөзін сөйлей бастады. Оқушы мұғалімді тыңдамайды. Және мұғалімнің оқушы алдында беделі төмендеп, педагог мәртебесі түсіп кетті. (1-пікір) «Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін» дегендей, қазіргі кезде ата-ана мен оқушылар тарапынан мектептің ішкі тәртібіне бағынбай, ұстаздың құқығына қайшы келетін әрекеттер жасалуда. (1-аргумент) Осындай келеңсіздіктің алдын алу мақсатында мектепте «ата-ана, мұғалім, оқушы» үштік одағы құрылып, қамқоршылық кеңестер игілікті істер атқаруда. Қамқоршылық кеңестің міндеті – ұстаздарға қолдау көрсету, мектепте нағыз ұстаздардың жұмыс істеуіне жол ашу. Сонымен қатар, мұғалімдердің қоғамдағы беделін көтеруге үлес қосуда. (Қорытындылау)
Қазіргі кезде мұғалімнің мәртебесін рухани жағынан да көтеруге заң жүзінде ерекше көңіл бөлінуде. Мұғалім мәртебесі қашанда биік болуы керек. (2-пікір) Қазақтың ақыны Мағжан Жұмабаев: «Алты алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» деп, ұстаздардың орны әрдайым жоғары екенін айтып кеткен. (2-аргумент) Расында да мұғалім мәртебесін көтермей, білім саласы дамып, сапа жоғарыламайды. Ахмет Байтұрсынов айтқандай: «Мектеп жүрегі – мұғалім. Мұғалімі қандай болса, мектебі де сондай болмақ». (Қорытындылау)
Қорыта айтқанда, «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында мұғалімдердің құқықтары қорғалуда. (Тезисті қорыту) Соңғы кездері мұғалімдерді қоғамдық жұмыстардан шектеу мәселелері қолға алынды. (Үй аралау, көше сыпыру, түрлі басылымдарға мәжбүрлі түрде жазылу, т.б.) Бауыржан Момышұлы: «Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған» деп, сол кездің өзінде мұғалім мәртебесін көтеріп кеткен. (Эссені түйіндеу) Мұғалім мәртебесін көтеруден ешкім кем болмайды, керісінше терезесі тең болар. Біз ұстазын ұлықтаған, тер еңбегін бағалаған қасиетті елдің ұрпағымыз! (Эссені аяқтау)
Достарыңызбен бөлісу: |