§8. Бірінші буында <ә>, ал екінші буында палатализацияланған [а] дауыстысы
келетін сөздердің жазылуы жоғарыда аталған сөздер типінен өзгеше. Бірінші буындағы тіл
алды дауысты <ә>-нің әсерінен келесі буындағы [а] палатализацияланады, <а>-ның бұл
қосалқы реңкі [ә] ескерілмей, негізгі реңкі бойынша жазылады: жәннат, зәузат, нәпақа,
пәтуа, тәурат, пәруаз, пәруай т.б. Қазақ орфографиясында бірінші және екінші буында ә
арқылы белгіленетін сөздер бар: мәрмәр, сәруәр, зәмзәм, тәмәм, әзәзіл т.б. Бұл топтағы
сөздердің екінші буынындағы ә әрпі арқылы таңбаланып тұрған дауыстыны
палатализацияланған [а] деуге болмайды. Бұлай деуімізге себеп – екінші буынның тап
бірінші буын тәрізді толық немесе біршама толық қайталануы.
§9. Кейбір позицияда дауыстылардың жуан-жіңішке оппозициясы «көмескіленеді»
де, сол дыбыстың тіл алды дауытысы екендігін ажырату едәуір қиынға соғады. Осындай
ерекшелікке байланысты бірсыпыра сөздердің жазылуы практикада дұрыс шешімін
таппай келеді (3-қосымша).
3-қосымша
Орфографиялық сөздікте Қолданыста
ақырет
ақірет
кесапат
кесепат
қабілет
қабылет
қаракетсіз
қарекетсіз
қағілез
қағылез
қасірет
қасырет
қатыгез
қатігез
қошемет
қошамет
құдірет
құдырет
лағынет
лағінет
мүбарак, мүбарагы
мүбәрек,мүбәрегі
тәкаппар
тәкәппар
тақсірет
тақсырет
тауқымет
тауқімет
тақылет
тақілет
Бұл сөздердің сөздіктегі, практикалық қолданыстағы әліптемелерінде бірізділік жоқ
екендігібайқалады. Мысалы, қағілез деп жазған соң, неге қатігез деп жазуға болмайды?
Немесе неге лағынет, тәкаппар деп жазамыз? Неге лағінет, тәкәппар емес? Әліптемесі
қиын мұндай сөздердің дұрыс жазылуының белгілі бір таянышы болуы керек. Біздіңше, ол
таянышты сөздің буын құрылымынан іздеуге болады. Жоғарыда көрсетілген сөздерді
алдымен бейүндес (асингармониялық) екі буынға бөлуге болады: а-қы – рет (а – қы-рет
емес), құ – ді-рет (құ-ды – рет емес), ке – са-пат (ке-се – пат емес), ла-ғы – нет (ла – ғі-
нет емес), қа – бі-лет (қа-бы – лет емес), мү-бә – рек (мү-ба – рак емес), қа – ре-кет (қа-
ра – кет емес), тә-кәп – пар (тә – кап-пар емес), қа-ғы –лез (қа – ғі-лез емес), тақ – сі-рет
(тақ-сы – рет емес), қа – сі-рет (қа-сы –рет емес), тау-қы – мет (тау – қі-мет емес), қа
– ті-гез (қа-ты – гез емес), та-қы – лет (та – қі-лет емес), қо – ше-мет (қо-ша – мет
емес), қо – сі-рей (қо-сы – рей емес).
Осы типтес сөздердің буын құрылымындағы ерекшелікті ескері дұрыс жазуға негіз
болады. Біріншіден, жуан мен жіңішке буын түйіскен тұста дауыссыз дыбыс өзі
жұптасатын дауыстымен реңкі жағынан үйлесіп тұрады: қа-ғы –лез (қа – ғі-лез, қағ – іл-ез
емес), тә-кәп – пар (тә-кап – пар емес). Ал қағілез, тәкаппар, тақілет деп жазу қазақ
сөзінің буын құрылымын бұзу болып табылар еді. –кі-, -ғі-, -ка- тәрізді буындар қазақ
сөзінің табиғатына тән емес. Екіншіден, жоғарыда аталған сөздердің ішінде қабілет,
қарекет, тақсірет тәрізді сөздердің бейүндес буын жігін қа – бі-лет,қа – ре-кет, тақ – сі-
рет деп те, қа-бы – лет, қа-ра – кет, тақ – сы-рет деп те екі түрлі бөлуге болады.
Дегенмен буындардың бейүндес жігін қа – бі-лет,қа – ре-кет, тақ – сі-рет деп бөлудің өз
артықшылығы бар. Себебі қа-бы – лет, тақ-сы – рет деп буындасақ, сөйлеуде қа-был –
ет, тақ-сыр – ет, қа-ра – кет түрінде айтылады да, <р>, <л> дауыссызы <ы>
дауыстысының реңкіне бейімделеді. Сөйтіп, «қабыл ет», «тақсыр ет», «қара кет(ті)»
деген еркін тіркестен айырмасы болмай қалады. Ал буындардың бейүндес жігін қа – бі-
лет, тақ – сі-рет, қа – ре-кет деп ажыратсақ, [б], [с], [р] дауыссыздары і, е
дауытыларының реңкіне бейімделеді де, қабыл ет, тақсыр-ет, қара кет (ті) еркін
тіркестерінен өзгешеленіп тұрады.
§10. Бейүндес буын жіктерінде қысаң [ы], [і] дауыстыларының таңбалануы мен
таңбаланбауы – қазақ орфографиясындағы қиындықтардың бірі. Мысалы: зақмет –
зақымет, рақмет – рақымет, қызмет – қызымет, үкмет – үкімет, лағнет – лағынет
(лағінет) т.б. Қазіргі орфографиялық сөздіктерде бұл тәрізді сөздер бірде қысаң [ы], [і]
мен жазылса, мысалы, қазірет, кейбірі рақмет, қызмет түрінде жазылады. Осы типтес
сөздерді қысаң дауыстылар арқылы жазып, оппозициялық жікке бөліп көрейік: за-қы-мет,
ра-қы-мет, қы-зы-мет т.б. Сөйлеу процесінде бұл сөздердегі <қ>, <з>, <ғ> дауыссыздары
[ы], [і]-нің швлауында айтылады да өзгеше реңкке (біршама созылыңқы айтылуы тәрізді)
ие болады. Осылай фонетикалық әсердің нәтижесінде бұл сөздердің дыбыстық құрылымы
ритмикалық тұтастықпен айтылатын зақым ет, рақым ет, үкім ет тәрізді еркін
тіркестердің дыбыс құрылымымен бірдей болып шығады. Ал бұл сөздердің [ы], [і]
дауыстыларынсыз түріндегі <қ>, <з>, <ғ> фонемаларының реңкі өзгеше болып (келте,кілт
айтылуы), ритмикалық тұтастықпен айтылатын еркін тіркестерден өзгеше дыбыстық
құрылымға ие болады.
Сөз ажыратуға септігін тигізетін осы өзгешелік ол сөздерді ритмикалық тұтастықпен
айтылатын сөз тіркестерінің дыбыстық құрылымынан ажыратып тұрады. Сондықтан,
бұлардың қызмет, зақмет, лағнет, рақмет, құрмет т.б. түрінде жазылуын орынды деуге
болады.
Сөздердің бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуі қазақ сөзінің
табиғатына тән. Бұларды бір жікті буындар деуге болады. Дегенмен біріккен сөздер – көг-
ал (мұндағы ал морфемасы алсын «шабылған шөптің орнына қайталан көктеп шыққан
көк» дегенмен этимологиялық байланыстағы сөз болуы ықтимал), көг-ор-ай, сондай-ақ
өзге тілден қоныс аударған сөздердің (қа-ре-кет, қа-сі-ретт.б.) ішінде бейүндес
буындардан құралғандары да кездесіп отырады. Бұларды екі жікті оппозициялық буындар
деуге болады. Ал кейбір сөздерді үш немесе төрт жікті буын (жуан – жіңішке – жуан)
түрінде жазу, сөзді тым жасанды көрсетеді. Мысалы: мү-ба – рак-қа, дән – да-ку-ым, дар –
гу-ман, мү – шай-ре, бә – да-уи, пәр – уар-диг-ар т.б. бұл типтес сөздерді сондықтан
мүбәрек, дәндәку, дәргүман, пәруәрдигер түрінде жазу әлдеқайда қазақ тілінің дыбыс
эүйесәне үйлесімді.
§11. Қазіргі қазақ орфографиясындағы елеулі қиындықтардың бірі – түбір сөзге
дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда түбір сөздің соңғы буынындағы қысаң
дауыстының түсіріліп немесе түсірілмей жазылуы. Мысалы: ауыл – аулы (ауылы), ерін –
ерні (еріні), иық – иығы (иғы), мұрын – мұрны (мұрыны), мүлік – мүлкі (мүлігі), бауыр –
бауры (бауыры) т.б. Дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда сөз түбірінде
болатын бұл өзгерістің қанша сөздерді қамтитынын, таралу шегі қаншалықты екенін
байқау үшін фонетикалық жағдайы бірдей сөздерді өзара салыстырып көруге болады (4-
қосымша).
Бұл салыстыруға қарағанда қысаң дауыстылардың түсіріліп қолданылуының
фонетикалық жағдайы бірдей ортада жалпы сипат алмағандығы, кейбір сөздермен
шектеліп отыратын талғампаздығы байқалады. Яғни бұл қысаң дауыстылар фонетикалық
ортаға аса тәуелді емес. Қайсыбір тұстарда қысаң дауыстыны түсіріп (не түсірмей)
қолдану дүдәмал болса, енді бір сөздерге келгенде, семантикалық қарсылыққа ұшырайды.
Мысалы, халық – халқы (халағы) деп айтқанымызбен, осы ізбен түлік, күлік сөздеріндегі
дауыстыны түсіріп, тәуелдік жалғауын жалғау сөз мағынасын мүлде бұзады (мысалы,
түлік – түлкі, күлік – күлкі т.б.) Дауыл, ауыл, суыл, көңіл сөздері де осы тәрізді, қысаң
дауыстыны түсіріп қолдануға ырық бермейді: даулы, аулы, көңлі, сулы мүлде басқа сөз
ретінде ұғынылады.
4-қосымша
а) халық – халқы
Халық – Халығы (жалқы есім)
құлық – құлқы (мінез-құлқы)
құлық – құлығы (құлақтың құлығы)
мүлік – мүлкі (мүлігі)
қылық – қылығы
күлік – күлігі
бүлік – бүлігі
былық – былығы
салық – салығы
қалық – қалығы
шұлық – шұлығы
түлік – түлігі т.б.
б) мұрын – мұрны (мұрыны)
ә) нарық – нарқы (нарығы)
көрік – көркі (қыздың көркі)
көрік – көрігі (ұстаның көрігі)
бөрік – бөркі (бөрігі)
қырық – қырқы (энтог.)
қырық – қырығы
парық – парқы (парығы)
тұрық – тұрқы (тұрығы)
ырық – ырқы (ырығы)
ерік - еркі (ерігі)
түрік – түркі
жерік – жерігі
керік – керігі
қорық – қорығы т.б.
ерін – ерні (еріні)
орын – орны (орыны)
қарын – қарны (қарыны)
сарын – сарны (сарыны)
нарын – нарыны т.б.
г) мойын – мойны (мойыны)
қойын – қойны (қойыны)
қайын – қайыны (қайны)
жайын – жайыны
қиын – қиыны
жиын – жиыны
құйын – құйыны
шойын – шойыны т.б.
е) ауыз-аузы (ауызы)
қауыз – қауызы
жауыз – жауызы т.б.
з) ауыл – аулы (ауылы)
кеуіл (диал.) – кеулі (кеуілі)
суыл – суылы
дауыл – дауылы т.б.
в) иық – иығы (иғы)
сиық – сиқы (сиығы)
ойық – ойығы
сұйық – сұйығы
биік – биігі
киік – киігі
қиық – қиығы т.б.
д) көңіл – көңілі
жеңіл – жеңілі
қалып – қалпы (қалыбы)
қалып – қалыбы
құлып – құлпы (құлыбы)
әліп – әлпі (әлібі)
тұлып – тұлыбы т.б.
ж) дауыс – даусы (дауысы)
қуыс – қуысы
туыс – туысы
сауыс – сауысы т.б.
Бұл қайшылықтың, қысаң дауыстының сонормен іргелес келгендегі «жұтылу»
құбылысының (бұл құбылыс тіл білімінде абсорбция деп аталады) қалайда бір себебі
болуға тиіс. Абсорбция құбылысының себебін әр зерттеуші әр қилы фонетикалық
жағдайға байланысты түсіндіріп келді
14
.
Бірақ, біздің түсінігімізше, қысаң дауыстылардың тап бұл арадағы түсіріліп, не
түсірілмей қолданылуы таза фонетикалық шарттылыққа, мысалы екпінге т.б. тәуелді емес.
Егер, бөркі, аузы сөзіндегі [ы]-ның «түсіп» қалуы екпінге байланысты болса, онда құрығы,
қауызы деген сөзде [ы] дауыстысы неге «түсіп» қалмайды? Тегінде, бұл құбылыстың
себебі басқаша бір фактормен тығыз байланысты болуы ықтимал. Ал оның қандай фактор
екендігін анықтау үшін, алдымен мынадай бір статистикалық салыстыруға назар
аударайық. Қазақ совет әдебиетенің классигі М.О.Әуезов шығармаларының толық
жинағындағы (1-3 том)
15
құрық сөзінің атау және өзге де грамматикалық тұлғалардағы
жалпы қолданысының саны – 26. Ал осы сөздің тәуелдік тұлғасында жұмсалуы – 10. Яғни
бұл сөздің тәуелдік тұлғасында жұмсалынған саны өзге тұлғаларымен салыстырғанда
әлдеқайда аз. Сол сияқты әр түрлі тұлғада қолданылған жарық сөзінің жалпы саны 120
14Дмитриев Н.К. Вставка и выпадение гласных и согласных в тюркских языках // Исследования
по сравнительной грамматике тюркских языков:Фонетика. М., 1955. Ч.1. С. 281-285; Қалиев Б.Қ.
Редукция узких гласных звуков в казахском и каракалпакском языках. Автореферат кандидатской
диссертации. Алма-Ата, 1967; Татубаев С.С. Редукция, протеза, апокопа в казахской речи и
пении // Советская тюркология. 1977.№4.С.113-118; Қалиев Б. ы,і қысаң дауыстыларының емлесі
жайында // Вопросы казахской фонетики и фонологии. Алма-Ата, 1979. С. 131-137; Трофимов
М.И. О соотношении между ударением и редукцией гласных в современном уйгурском и других
тюркских языках// Советская тюркология. 1981. №3. С.47-52.
болса, тәуелдәләк тұлғасымен қолданылғаны – 25 те, өзге тұлғада жұмсалғаны – 95. Ал
ерін сөзі, барлық тұлғасын қоса есептегенде, 30 рет қолданылған. Оның ішінде тәуелдік
тұлғасымен қолданылған сөздің саны – 20 да, өзге тұлғада қолданылған осы сөздің саны
10-нан аспайды. Мұрын сөзі, барлық тұлғалармен қоса есептегенде, 52 рет қолданылған.
Оның ішінде тәуелділік тұлғасымен келген сөздердің саны 15-тен аспайды. Бұдан
байқайтыныиыз – мұрын, ерін тәрізді сөздердің дыбыс құрылымындағы [ы]-ның түсіп
қалып, мұрны, ерні түрінде айтылу себебі бұл сөздердің өзге сөздермен салыстырғанда,
тәуелдік тұлғасында жиі жұмсалуына байланысты. Ал құрық, жарық сөздері, керісінше,
тәуелдік тұлғада, өзгелермен салыстырғанда, әлдеқайда сирек жұмсалады екен. Бұл
фактор, яғни сөздің тәуелдік тұлғада ұзына бойы тұрақты жұмсалуы, сонарлармен іргелес
келген қысаң дауыстының абсорбцияға ұшырауына, сөйтіп сөздің фонетикалық жақтан
ықшамдалуына қолайлы жағдай тудырса керек.
Тіл – жанды құбылыс. Ол қарым-қатынас қызметін атқару барысында басы артық
элементтерді екшеп отыруға тырысады. Қысаң дауыстылардың белгілі бір сөздер тобында,
нақтылы бір фонетикалық жағдайда абсорбцияға ұшырауы тілдің дыбыс жүйесіндегі
тенденцияның бірі деуге болады. Ал оны әдеби тілдің жазу нормасында, сондай-ақ
орфоэпиялық нормасында елеусәз қалдыру – белгілі бір алшақтыққа әкеп соғар еді.
Ондайда тілдің шынайы халінен көз жазып қалу қаупі туады. Солай дегенмен де
«абсорбция» жетегінде кете беруді тіл фактісі көтере бермейді. Себебі көңіл, бауыр, ауыл
сөздерін көңлі, бауры, аулы түрінде тәуелдеу омонимдерді өрбітуге жол ашады. Бұл –
тілдің омонимдерден «қашу» тенденциясына қайшы келеді.
Әрине, ауызы, мұрыны, мойыны, иығы деп қысаң дауыстыларды бастан-аяқ күмәнді
жерде түсірмей жазу орфография үшін оңай жол болар еді. Бірақ бұл – қиындықтан
шығудың бірден-бір жолы емес.
Бұл жерде абсорбция құбылысының семантикалық қарсылыққа ұшырауына немесе
ұшырамауын таяныщ етіп алу принципін ұстауға болады. а) Семантикалық
қарсылыққа ұшырамайтын сөздер: мойын – мойны (мойыны емес), ауыз – аузы (ауызы
емес), дауыс – даусы (дауысы емес), иық – иғы (иығы емес), ерін – ерні (еріні емес), құлық
– құлқы (құлығы емес), бөрік – бөркі (бөрігі емес), көрік – көркі (көрігі емес), мүлік – мүлкі
(мүлігі емес), халық – халқы (халығы емес), ерік – еркі (ерігі емес), қалып – қалпы (қалыбы
емес), әліп – әлпі (әлібі емес), ғұрып – ғұрпы (ғұрыбы емес), қырық – қырқы (қырығы емес,
этногр.), әріп – әрпі (әрібі емес), мұрын –мұрны (мұрыны емес), сұрық – сұрқы (сұрығы
емес), шырық – шырқы (шырығы емес), ойын – ойны (ойыны емес), қойын – қойны
(қойыны емес), нарық – нарқы (нарығы емес), парық – парқы (парығы емес), ырық – ырқы
(ырығы емес), қарын – қарны (қарыны емес), сиық – сиқы (сиығы емес), қайын – қайны
(қайыны емес), кеуіл – кеулі (кеуілі емес), тәйір – тәйрі (тәйірі емес), тәрік – тәркі (тәрігі
емес).
б) Семантикалық қарсылыққа ұшырайтын сөздер: ауыл – ауылы (аулы емес),
көңіл – көңілі (көңлі емес), бауыр – бауыры (бауры емес), жиын – жиыны (жины емес),
сайын – сайыны (сайны емес), жайын – жайыны (жайны емес), ақыл – ақылы (ақлы емес)
т.б.
§12. Түбір сөздің буынындағы қысаң дауысты [ы] мен [і]-нің кейбір сөздерде түсіп
қалу жағдайын жоғарыда біз тек тәуелдік жалғауымен байланысты сөз еттік. Әдетте қысаң
дауыстыны түсіріп қолдану тәуелдік жалғауынан басқа морфемалар ыңғайында кездеседі.
Біріншімен салыстырғанда, қысаң дауыстының екінші ыңғайындағы түсіріліп қолданылуы
белгілі бір жүйеге бағынған. Оның өзі екі топқа бөлінеді (5-қосымша).
5-қосымша
15М. Әуезовтың толық жинағының Алфавитті жиілік сөздік-сөз көрсеткіші (қолжазба, 1-3 кітап).
Бұл еңбекті Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының лингвистикалық жұмыстарды
автоматтандыру мен сөз статистикасы тобы дайындаған.
бүйір – бүйрек
дәуір – дәурен
ерін – ернеу
бауыр – баура
жиын – жина
қорық – қорқа
қойын – қойнау
мойын – мойнақ
қырын – қырна
сарын – сарна
зорық - зорға
ойын – ойнақ
ойын – ойна
орын – орна
жұрын – жұрнақ
түйін – түйнек
сарық – сарқыт
жалық – жалқау
қайыр – қайрақ
күйіс – күйсе
айыр – айран
үрік – үркек
жайыл - жайла
көрін – көрнеу
жерік – жеркен
жент – жентек
сыпыр – сыпыра (тері)
ұлы – ұлғай
сүйір – сүйрек
көрік – көркем
қиын – қина
сары (ғ) – сарғай
Бұл фонетикалық құбылыс түрінде сөзге есімнен етістік (ойын - ойна), етістіктен
есім (үрік - үркек), етістіктен етістік тудыратын, көбіне ашық дауыстыдан басталатын
аффикс жалғануы арқылы жүзеге асады. Ал аффикстердің көбіне қысаң дауыстыдан
басталатын түрлері жалғанғандағы сөздің фонетикалық жағдайы мен жазылуы мына
тәрізді:
шақыр – шақырым
ғылым – ғылыми
бүкір – бүкірей
иір – иірім
мейір мейірім
жұмыр – жұмырық
жауыр – жауырын
сауыр – сауырын
қайыр – қайырым
жайыл – жайылым
еріт – ерітінді
қойыл – қойылым
басыл – басылым
кекір – кекірік
көрін – көрініс
Түбір сөздегі қысаң дауысты дыбыстың түсіріліп, я болмаса түсірілмей қолданылуы
қосымшадағы дауыстының ашық немесе қысаң болып келуіне тәуелді екендігін
байқаймыз.
Бірсыпыра сөздің құрлыс, бұрлыс, ғылми, жилыс түрінде жазылмай, құрылыс,
бұрылыс, ғылыми, жиылыс делініп, ы арқылы жазылуын аффикстің қысаң дауысты болып
келу жүйесіне байланысты деп түсіндіруге болады. алайда мұндай орындарда [ы] естілген
жерде ы жазылады деген қағида бойынша жазылып келді. Бұл қағидаға, әрине, бастан-аяқ,
сүйену қиын. Өйткені [ы], [і] кейбір позицияда біреуге «естілуі», бәреуге «естілмеуі»
ықтимал. Сондықтан қайырып – қайрып, айрық – айырық, айырыл – айрыл тәрізді сөздер
әркелкі жазылып жүр. Егер азды-көпті «күш» салып айтса, [ы] мен [і]-нің естілмейтін жері
жоқ деуге болады. Белгілі бір сүйемелсіз тек «естілуіне» қарай жазудың қиындығы да
осында. Ал жоғарыда айтылғандай қысаң дауысты аффикстің түбірге жалғану жүйесіне
сүйенсек, бұл типтес сөздер айырық (айыр-ық), қайырыл (қайыр-ыл), мойырыл (мойы-
рыл), майырыл (майыр-ыл), ресіми (ресім-и) түрінде жазылуға тиіс.
§13. Жоғарыда бір сөз түрлендіруші қосымшамен (тәуелдік §11) және сөз тудырушы
аффикстермен байланысты (§12) сөздің жазылу ерекшелігіне тоқталдық. Қысаң
дауыстылардың жазылуына қатысты бір қиындық – олардың сөздің ішкі шеніндегі, яғни
морфемашілік әліптемесі. Бұл топтағы сөздердің жазылу ерекшелігіне тоқталмас бұрын,
олардың «Орфографиялық сөздіктегі» (1978ж.) көрсетілген әліптемесіне назар аударып
көрейік (6-қосымшаны қараңыз).
6-қосымша
абырой
ақырын
арлан
атырап
ауру (зат есім)
ауыру (етістік)
әбілет
әзірейіл
бағлан
бекіре
бұрыл
ғибрат
ғұрлы (құрлы)
ғұрлым (құрлым)
даурық
емле
емеурін
емірен
еңіре
жағылған (сөздікте жоқ)
жайылым
жамыра
жапырақ
жарлық
жауырын
жебірейіл
жирен
жұдырық
жұмырық
жымырай
запыран
зәулім
кейуана
кекілік
көкірек
қабылан
қазірет
қайрылу
қайырым
қаңыра
қапырық
қобыра
қойылым
қоңырау
құбыла
құбылыс
құмыра
құрлым
құрылыс
лоблу
мағлұм
мағлұмат
мақлұқат
мақрұм
мәжіліс
мәкрүк
мәміле
маслихат
медресе
мезірет
мейлінше
мейірім
мекіре
меңіреу
нағылет
нақұрыс
наурыз
оқыра
омырау
салбуырын
самұрық
сауырын
сәурік
саңдақ
саңлақ
саңылау
саңырау
сұмырай
сүмірей
сіңлі
тақырып
тарлан
тәжірибе
тәйірі
тәурат
тегеурін
текірек
тоқыра
тоқырауын
топырақ
төңірек
үңірей
шақырым
шаңырақ
шатыраш
шежіре
шежіре
шүңірей
ықылас
ықылық
ықылым
ыңыран
ысырап
ібіліс
Көз жүгірте қарағанның өзінде, бұл сөздердің әліптемесі күрделі екендігі бірден
байқалады. Неге сәурік сөзі і-сіз жазылады? Неге салбуырын ы арқылы жазылады?
Сондай-ақ фонетикалық бір заңдылыққа сая тұра емле, мемлекет, мәслихат, сіңлі т.б.
сөздердің мәжіліс, мәміле, саңылау сөздерінен өзгеше жазылуының себебі неде?
Осы сөздің қайсысын болса да, ы, і-сіз немесе ы (і)-лы вариант түрінде де жазуға
болатын тәрізді. Бұл тақылеттес сөздердің барлығын ы (і)-мен хазу керек немесе ы, і-сіз
нұсқада жазған жөн деп бір жақты әліптемеге көшу орфография үшін, әрине, оңай. Бірақ
бұлай ету тілдің шындығынан қол үзу болар еді. Ал белгілі бір тиянаққа сүйенбей,
айтылуына қарасақ, бұл сөздерді бастан-аяқ ы, і-мен де, ы, і-сіз де айтып шығуға болады.
әдетте сөз бен буынның бір-бірінен көп жағдайда айырмасы да, ортақ жақтары да болады.
Олар – бір-бірімен тығыз байланысты тілдік бірліктер. Мысалы, ат, тас, сат, ат-тас
дегендер – әрі буын, әрі сөз. Қазақ тіліндегі сөз бен буынға ортақ бір заңдылық бар. Ол –
көбіне сөздің р, л сонорларынан басталмауы. Мысалы: [ылақ] лақ, [ылашын] лашын,
[ылайық] лайық, [ілеген] леген, [үлек] үлек, [ыраң] раң, [ырыйза] риза, [ұрұу] ру, [ұрұух]
рух, [ырақат] рақат, [ірең] рең т.б.
Осыған сәйкес буын да [л], [р] сонорынан басталмай, ашық буыннан (жы-лы, қо-ра)
және й, у сонорларынан кейін келетін буындарды (қай-ра, ту-ра) еске алмағанда, қалайда
бір қысаң дауысты селбесіп айтылады. Мысалы: [көкүрөк] көкірек, мең-і-реу, бағылан
(бағлан емес), лобыл (лобл емес), жағ-ы-лан, кек-і-лік, [шүңүрөй] шүңірей, [құбұла]
құбыла т.б.
Тегінде, жоғарыда көрсетілген сөздердің (6-қосымша) көбіне ы, і әріптері арқылы
жазылуы <р>, <л> сонорларымен байланысты деуге болады. сөз басында [р], [л]
дыбыстарымен қалай да қысаң дауыстылар селбесіп айтылатындай, [р], [л] сонорлы
буындарының алдына да [ы], [ұ],[і], [ү] қысаңдары селбесіп қолданылады. Топырақ,
жапырақ, қапырық, қоңырау, мәміле, еңіре т.б. сөздердің сонорлы буындарының алдында
[ы], [ұ],[і], [ү] қысаңдарының жазылуы да сондықтан. Олай болса сәурік, емле, мемлекет,
т.б. сөздерді сәуірік, еміле, мемілекет түрінде жазу орынды емес пе? Бірақ бұлайша бір
жақты әліптемеге көшуге тіл шындығы жібермейді. Мысалы, сәуле, қайрақ, тура, тулақ,
бұйрық, байрақ т.б. сөздерді сәуіле, қайырақ, туыра, туылақ, бұйырық, байырақ деп
жазуға тура келер еді. Сондықтан кез келген сонорлы буынның алдынан ы [ұ], і [ү]
қысаңдарын жаза беру ақиқатпен үйлеспейді. Тегінде, мұндай қайшылықтың негізін <р>,
<у>, <й> сонорларының ерекшелігінен іздеуге тура келеді. Әдетте бұл дыбыстардың
консонанттар қатарына жататындығы даусыз. Аталған дыбыстарға аяқталған сөздер
тәуелдік жалғауын өзге де консонанттарға аяқталған сөздер тәрізді қабылдайтыны белгілі.
Мысалы: қар-ы, тау-ы, сай-ы, қағаз-ы, ат-ы, ықылас-ы т.б. Ал вокализмдерге аяқталған
сөздерге тәуелдік жалғауы -сы, -сі түрінде жалғанады: қала-сы, төбе-сі, аға-сы т.б. Бұл
парадигма бойынша р, й, у сонорлары дауыстылардан өзгешеленіп тұр. Енді мынадай
қызықты бір құбылысқа назар аударайық. р, й, у сонанттарына аяқталған сөз көптік
жалғауын (-лар, -лер), есімнен етістік тудыратын аффиксті (-ла, -ле) және сын есімнің –
лы,-лі, -лық, -лік қосымшаларын дауыстыларға аяқталған сөздерше қабылдайды:
қар-лар қар-лы
қар-лық сыр-ла қала-лар
тау-лартау-лы
тау-лық сый-ла қала-лық
сай-лар сай-лы сай-лық сай-ла желі-ле
Бұдан р, у, й сонорларының қауыстылардың қасиетіне біршама ұқсайтындығын
көреміз. Осы аталған сонорларды шартты түрде «жартылай дауысты» дыбыстар деуге
болады. Жоғарыда көрсетілген (6-қосымша) сөздердің жазылуындағы қайшылықты,
тегінде, осы ерекшелікпен байланыстыра қараған жөн тәрізді. Атап айтқанда, у, й, р
сонорларынан кейін р, л дыбыстары келетін болса, р, л сонорлы буынның селбеспелі
(протетический) ы, ұ, і, ү дауыстыларымен айтылуы (жазылуы) басы артық құбылысқа
айналады. Олай болатын себебі у, й сонорларының дауыстыға ұқсайтын қасиеті бар.
Сәуле, әуре, дәурен, айран, мейрам, бұйрық, арлан тәрізді сөздердің [ы], [ұ],[і], [ү]
селбеспелі дауыстысыз қолданылуы да сондықтан. Енді жоғарыда аталған сөздерді осы
заңдылық тұрғысынан қарасақ, бірсыпыра сөз: сәурік, мейлінше, наурыз, емеурін,
тегеурін, тәурәт, ғұрлы, бурыл, құрлы, самаурын т.б. дұрыс жазылған. Бірақ кейбір сөздің
әліптемесіне келгенде, оларды ы, і әрпі арқылы басы артық таңбалап жүргендігіміз
байқалады: салбуырын, (дұрысы – салбурын), тәйірі (дұрысы - тәйрі) т.б. Сөз тудырушы
--ым, -ім аффиксінің жалғануы арқылы жасалған сөздердің жазылуы (қайыр – қайырым,
мейір – мейірім, қойыл – қойылым, құрыл – құрылым, жайыл – жайылым жіне форма
тудырушы, сөз түрлендіруші қосымшалар жалғанғандығы сөздердің жазылуы қайыр-у,
майыр-у, айыр-ыс, қайыр-ыс т.б.) бұл қатарға жатпайды (§12).
<Ң> сонорынан кейін р, л дыбыстары келетін болса, көмекі естілгеніне қарамастан,
олардың селбеспелі дауыстылар арқылы қолданылуы міндетті. Мысалы, шаңырақ,
төңірек, саңылау т.б. Олай болатыны [ң] дыбысының әдеби тілдегі қасиеті «жартылай
дауысты» й, у, р сонорлары тәрізді емес, бұл дыбысқа аяқталған сөз қосымшалары басқа
да консонанттар тәрізді қабылдайды. Мыс.: тең-дік, тең-де (тең-ле емес), мең-ді (мең-лі
емес). Диалектілік қолданыста болмаса, әдеби тілде ң соноры л-мен тіркесуден қалай да
«қашып» отыруға тырысады да, бұл тенденция екі түрлі жолмен жүзеге асады. Біріншісі –
л дыбысының міндетті түрде д-ға алмасуы арқылы (саңлақ>саңдақ, түңлік>түңдік,
теңлеу>теңдеу, таңлау>таңдау, т.б., ал екіншісі –қысаң дауыстылардың селбесіп келуі
арқылы (саңылау, аңыл - аңда). Әдеби тілде ң сонорының л-мен тіркесуден «қашу»
тенденциясын ескерсек, сіңлі, қаңлы, саңлақ сөздерін (диалектілік қолданыста саңдақ,
сіңді деуі осы тенденцияға байланысты) сіңілі, қаңылы, саңылақ түрінде жазуға тиіспіз.
Сонымен, міне, «жартылай дауысты» сонорлардан (й, р, у) соң келген р, л, у
дыбыстары селбеспелі ы, ұ, і, ү дауыстыларынсыз жазылады. Ал өзге жағдайдың бәрінде
селбеспелі қысаңдардың жазылу себебі (әңгіме 6-қосымшадағы сөздер жайында) р, л
сонорлы буынның протезалық дауыстысыз қолданылмау қасиетіне байланысты. Бұл
жөнінде қазіргі қазақ орфографиясының негізгі бағыты дұрыс, тек емле, мемлекет,
мәслихат тәрізді сөздер, қалыптасқан дәстүрді еске алмағанда, еміле, мемілекет,
мәсілихат түрінде жазылуға тиіс.
Сөздің буын жіктерінде түрлі сонор дыбыстардың шоғырлануы кезінде қысаң
дауысты абсорбцияға ұшырап, басы артық дауыстыдан сол сөздің арылып отыруға
ұмтылуының себебі бар. Ол – ашық буынның шектен тыс көбейіп кетуіне қарсы
тенденция.
Бұл жайында Б.А. Серебренников: «Ашық буынның шоғырлануы сөздің айтылуын
қиындатуы ықтимал. Оның себебін ашық буындағы дауыстылардың біршама созылыңқы
болып келу жағдайына орай түсіндіруге болады. Марий тіліндегі дауыстыларды
экспериментті зерттеу жабық буындағы дауыстылардың созылыңқылығы ашық буындағы
дауыстылардың созылыңқылығынан артық түсіп жататын бірде-бір жағдайдың
кездеспейтіндігін көрсетті. Ашық буын барлық жағдайда да дауыстылардың
созылыңқылығын арттыра түседі. Міне, осындай себепке байланысты әр түрлі тілдің
тарихында ашық буынның шоғырлануынан арылу, тым болмағанда, ашық буынның санын
азайту тенденциясының бар екендігін байқауға болады», - дейді де, бұған мынадай
мысалдар келтіреді: түрікше оғлу – оғул «ұл», көпрі – көпір, салыстыр: татарша купәр,
түрікше йанлыс – йанылыс«жаңылыс», түрікше қарсы – қарысы «қарсы, қарама-қарсы»
деген мағынада
16
.
Шындығында, сәуірік, салбурын тәрізді сөздерді қысаң дауыстылармен күштеп
селбестіре айту физиологиялық тұрғыдан жеңіл болмаса керек. Бұл типтес сөздерді
орфографияда селбеспелі дауыстысыз жазу сөздің айтылу нормасымен де ұштасып жатар
еді.
Достарыңызбен бөлісу: |