Қоғамдық қатынастарды



бет3/4
Дата20.06.2023
өлшемі23,58 Kb.
#102609
1   2   3   4
Байланысты:
1. Саясат түсінігі, құрылымы

мемлекет (сыртқы саясат шеңберінде, сондай-ақ әлеуметтік өмірдің қандай да болмасын түбірлі бағдарламаларын шешуде және іске асыруда); өздерінің жеке және аймақтық мүдделерін қорғайтын мемлекеттің құрамдас бөліктері; мемлекеттік биліктің құрамы мен саясатын өзгерту мақсатында оған ықпал ететін саяси партиялар және бірінші кезекке қандай да болмасын өзекті, өмірлік маңызды мәселені қойып, билікке бұқаралық қысым жасауды ұйымдастыратын қоғамдық-саяси қозғалыстар да көрінеді. Соңдықтан да саясат — көп түрлі субъектілер әлемі.
Саясаттың осындай ерекшеліктерін ескере отырыпМ. Вебер былай деп жазады: "...саясат ұғымы кең мағыналы және дербес басшылық әрекеттердің барлық түрлерін қамтиды". Бұл фразадағы "...дербес басшылық әрекеттердің барлық түрлерін қамтиды" деген соңғы сөйлемге аса назар аударар болсақ, М. Вебердің пікірі бойынша саясаттың мәні дербес басшылық, дербес басқару дегенге саяды. Осы "дербестік" саясат субъектісіне тән ерекшелік, себебі субъект өз саясатын өзі жасақтайды және оны жүзеге асыру мақсатында басшылық жасайды.
Саясаттың өзіне тән басты ерекшелігі — оның субъектілігі және оның субъектіге тәуелділігі мен онымен анықталынуы. Субъектілік — саясаттың шынайы факторы. Ол саяси процестер мен жағдайларға көпварианттылық, субъективті өзіндік сипат береді, олардың субъектінің жасампаздық әлеуетіне, оған тән ерік-жігерлік қасиетке, әлеуметтік белсенділігіне және әлеуметтік жауапкершілік дәрежесіне тәуелділігін сипаттайды. Сондықтан, субъектілік әлеуметтік оқиғалардың, әлеуметтік уақыттың тарихи аралығының, жеке әрекеттердің, өмірлік мағынаға ие шешімдердің, олардың қорытындыларын, нәтижелерін және т.б белгілеуде қолданылады.
Саясаттың маңызды екінші компоненті адамзаттың саяси тәжірибесі болып табылады. Өркениеттің дамуымен саяси сахна едәуір кеңейіп, саяси тенденциялар көп бейнелі болып, рөлдер күрделене бастады. Осының нәтижесінде адамзат аса мол саяси тәжірибе жинақтады. Осы тәжірибе өзінің барлық құрылымдық элементтерімен бірге адамзаттың саяси мәдениетінде, ұрпақтан-ұрпақка мұраға беріліп отыратын, бір елден екінші елге таралатын саяси институттарда, идеяларда, акцияларда, әрекеттерде жинақталып қорытылған және көрініс тапқан. Саяси тәжірибенің кристаллизациялануы саясаттың барлық негізгі компоненттерінің пайда болуына және дамуына алып келді.
Біз жоғарыда саясаттың басты, әрекетшіл компоненті оны жасаушы субъектінің мәнін қарастырдық. Дегенмен, субъект оған 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет