ҚОҒамдық денсаулық сақтау мамандығының 1 курсы несеп-жыныс жүйесі бойынша тәжірибелік сабақТЫҢ тапсырмалары хаттамаларды толтыру



Дата12.05.2023
өлшемі110,64 Kb.
#92015
түріСабақ
Байланысты:
Құжағұл Ақжүніс Хаттама БӨЖ №13


ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МАМАНДЫҒЫНЫҢ 1 КУРСЫ
НЕСЕП-ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ
ХАТТАМАЛАРДЫ ТОЛТЫРУ
1 Тапсырма. Берілген суреттен нефронның бөлімдерін номерлеп көрсетіп, нефрон құрлымының бөлімдері атауын кестеге толтыру.







Нефрон бөлімдерінің аталуы



1



Шумақ

2



Проксимальды түтікше

3



Дистальды түтікше

4

Генле ілмегі

5

Жинағыш түтікше

2 тапсырма. Берілген түсініктердің анықтамасын жазу:



Түсінік атауы

Түсініктер анықтамасы

1

Анурия



Несептің шықпай қалуы.

2

Гематурия



Несепте қан жасушаларының болуы.

3

Гиперстенурия



Несептің тығыздығының көбеюі.

4

Гликемия



Глюкозаның қандағы мөлшері.

5

Глюкозурия



Глюкозаның несепте пайда болуы.

6

Никтурия



Түнде несептің көп түзілуі.

7

Олигурия



Тәуліктік диурездің азаюы.

8

Пиурия



Лейкоциттердің зәрмен көптеп шығуы.

9

Полиурия

Тәуліктір диурездің көюеюі.

10

Протеинурия



Зәрде белоктың көп мөлшерде болуы.

3 тапсырма. Кестені толтыру: Несеп түзілуінің негізгі кезеңдеріне осы үрдіс жүретін нефрон бөлімдерін көрсете отырып анықтама беру.





Несеп түзілуінің негізгі кезеңдері

Нефрон бөлімдері

1.



Шумақтық немесе гломерулалық сүзілу



Қан плазмасынан Шумлянский- Боумен капсуласына қарай жүзеге асады.
Нәтижесінде белоксыз плазма ультрафильтраты – біріншілік немесе провизорлық несеп түзіледі (тәулігіне 150-180 л).

2



Түтікшелердегі қайта сіңу



Заттардың түтікше саңылауынан қанға қайта сіңуі.

3



Түтікшелердегі сөлініс



Заттардың қаннан түтікшелер саңылауына өтуі және заттардың түтікшелер эпителиінде синтезделуі.

4 тапсырма. «Қан плазмасының, алғашқы және соңғы несептің құрамы» кестесін толтыру (заттардың болуын: «бар» немесе «+»; заттардың болмауы: «жоқ» немесе «-» деп белгілеу)



Заттар

Қан құрамы



Алғашқы несеп

Соңғы несеп

1.

Су

+

+

+

2

Ақуыз, май, гликогендер

+

+

-

3.

Глюкоза

+

+

-

4.

Натрий ионы

+

+

+

5.

Мочевина

+

+

+

6.

Несеп қышқылы

+

+

+

7.

Креатинин

-

+

+

5 тапсырма. «Шумақтық сүзілу, оған әсер ететін факторлар» тақырыбындағы ситуациялық есепті шешу:


Бүйрек қызметін зерттеуде шумақ капиллярлардағы қан қысымы (КҚ) 90 мм.с.б., қанның онкотикалық қысымы (ОҚ) – 40 мм.с.б., бүйрек ішілік қысым (БҚ) – 10 мм.с.б. екендігі анықталды. Зерттелушінің сүзілу қысымын есептеп табыңыз (мм.с.б.).

С.Қ=90-(40+10)=40мм.с.б




Орындаған студент Құжағұл Ақжүніс факультеті ТФП тобы 22-002



Тақырып қабылданды, уақыты



Оқытушы қолы ___________

НЕСЕП-ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША БӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
ХАТТАМАЛАРДЫ ТОЛТЫРУ:

1 тапсырма. «Несеп түзілуінің гормондар арқылы реттелуі. Қанның иондық құрамы» тақырыбы бойынша кесте толтыру.







Гормон мен оны бөлетін бездің атауы

Гормонның қызметтік маңызы

1.

АДГ (антидиурездік гормон)



Судың қайта сіңуін күшейтеді.

2.

Альдостерон



Na+ иондарының қайта сіңуін күшейтеді.

3.

Натрийуретрлік гормон



Na+ иондарының шығарылуын күшейтеді.

4.

Паратгормон



Са++ иондарының қайта сіңуін күшейтеді.

5.



Тиреокальцийтонин

Са++ иондарының шығарылуын күшейтеді.

6.

Адреналин

Аз мөлшерде сүзілуді төмендетеді, көп мөлшерде сүзілуді күшейтеді.

7.

Тироксин

Диурезді арттырады.

8.

Соматотропты гормон

Диурезді арттырады.

9.

Инсулин

К+ иондарының шығарылуын азайтады

2 тапсырма. Несептің түзілуіне гидростатикалық қысымның, осмостық қысымның, капсулаға қан әкелетін және әкететін артерия қантамырлары диаметрінің әсері.
(Виртуальды физиологиялық тәжірибе)

Капсула шумақтарында жүретін сүзілу үдерісіне шумақ мембранасының барлық сүзілу үдерісі жүретін беткі қабаты, шумақ капиллярларындағы қан қысымы (ШҚҚ), Шумақтық сүзілу коэффициенті (ШСК) әсер етеді. Шумақтық сүзілу коэффициенті (ШСК) жүректен шығатын қанның (Жүрек шығарылымының) шамамен 20%-ын құрайды және оның көлемі капиллярлардың тарылуы немесе кеңеюіне байланысты болады.


Құрал-жабдықтар: жеке компьютер, Несеп шығару жүйесі бойынша виртуальді физиология «LuPraFi-Sim» бағдарламасы.
Мақсаты: Несептің түзілу қарқындылығына шумақ капиллярларындағы қан қысымы (ШҚҚ), шумақтық сүзілу коэффициенті (ШСК) және онкотикалық қысымның әсерлерін көрсету.
Жұмыс барысы: Несеп шығару жүйесі бойынша виртуальді физиология «LuPraFi-Sim» бағдарламасын пайдаланып, бастапқы қалыптағы несептің түзілу қарқындылығы (мл) зерттеледі, содан соң келесі көрсеткіштердің өзгерістері анықталады: капсулаға қан әкелетін және әкететін артерия қантамырлары диаметрі, қанның гидростатикалық қысымы мен онкотикалық қысымы, және де несептің түзілу қарқындылығының өзгеруіне талдау жасалынады.
Жұмыстың нәтижесі: алынған көрсеткіштерді жазып алып, қорытынды жасау керек.


Қорытынды: 1) Алдымен берілген мәндерді өзгертпей бастапқы қалыптағы несептің түзілу қарқындығын өлшедім, ол менде 135 мл/мин тең болып шықты.



2) Содаң соң жұмыс барысы бойынша афферентті шумақта орналасқан артериоланың диаметрін алдымен үлкейтіп, кейін кішірейттім. Оның үлкейткен жағдайдағы мәні 135 мл/мин болса, кішірейткендегі мәні 105 мл/мин тең болды.



3) Содаң соң мен эфферентті шумақтық артериоланың диаметрін үлкейтіп, кішірейттім. Оның үлкейткендегі мәні 135 мл/мин болса, кішірейткендегі мәні 150 мл/мин болды.

4) Осы жерде мен қанның гидростатикалық мәнін өзгерте отырып бастапқы қадамдарды қайталадым, яғни қанның гидростатикалық мәнін алдымен жоғарылатып, кейін төмендеттім. Жоғарылатқандағы мәні (70-ке тең) 193,5 мл/мин болса, төмендеткендем(40-қа тең) 58,5 мл/мин сынды мәнге ие болды. Төмендегі суретте ол анық көрсетілген.


5) Келесі бір қадамда мен қанның онкотикалық қысымының мәнін өзгерту арқылы нәтиже жасадым. Яғни алдыңғы қадамдар секілді жоғарылатқандағы мәні (40мосмоль/л) 90 мл/мин, ал төмендеткендегі мәні (20мосмоль/л) 180 мл/мин болды. Төмендегі суретте бұл мәндер анық көрсетіледі.

3 тапсырма. Несеп түзілуінің жылдамдығына қандағы глюкоза деңгейінің әсері.


(Виртуальды физиологиялық тәжірибе)


Құрал-жабдықтар: жеке компьютер, Несеп шығару жүйесі бойынша виртуальді физиология «LuPraFi-Sim» бағдарламасы.
Мақсаты: Несеп түзілуінің қарқындылығы мен несептегі глюкозаның мөлшеріне гликемияның әсерін көрсету.
Жұмыс барысы: Несеп шығару жүйесі бойынша виртуальді физиология «LuPraFi-Sim» бағдарламасын пайдаланып, глюкозаның концентрациялық ерітіндісін вена тамырына енгізгенге дейінгі және енгізгеннен кейінгі несептің түзілу мөлшері мен глюкоза деңгейін анықталады (есептелінеді). Содан соң, бақыланған өзгерістер талданады.
Жұмыстың нәтижесі: алынған көрсеткіштерді жазып алып, қорытынды жасау керек.


Қорытынды: 1) Алдымен глюкоза ерітіндісін енгізбей тұрып, несепті пробиркаға құйып оған NaOH және CuSO4 ерітінділерін қосып қыздырып, сол сәәттегі несеп түзілу мөлшерін есептедім және ол 120 мл/мин-қа тең.

2) Кейін вена тамырына глюкоза ерітіндісін қосып тәжірибе жасағанда оның мәні бастапқыға қарағанда көбірек болды. Құрамында глюкоза бар несепті пробиркаға құйып, оған NaOH пен CuSO4 қосып, қыздырған кездегі несеп түзілу мөлшері 210 мл/мин тең болды.



Орындаған студент Өтеген Гүлдана__ТФП__ тобы_02



Тақырып қабылданды, уақыты



Оқытушы қолы ___________


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет