Қоғамдық-гуманитарлық пəндер кафедрасы



Pdf көрінісі
бет42/49
Дата22.04.2022
өлшемі0,71 Mb.
#31888
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49
плюралистік  демократия  деп  аталады.  Себебі,  ол  көптүрлі  қоғамдық  мүддеге  жəне 

оның түрліше білдірілуіне (саяси партиялар ассоцияциялар мен бірлестіктер, қоғамдық 

қозғалыстар  жəне  т.б.)  негізделеді.  Плюралистік  демократия  концепциясы  бойынша 

қазіргі демократиялық мемлекетте жеке адам да, халық та емес, топ ғана басты қозғаушы 

күш балып табылады, ал индивидтің топсыз өміршеңдігі жоқ, абстракция ғана. 

Қазақстандағы  процестің  ерекшелігіне  келетін  болсақ,  демократияның  жалпы 

танылған  принциптері  сақталынуда:  биліктің  нақты  бөлінісі;  заңның  үстемдігі; 

азаматтық  қоғам  институттарының  дамуы;  саяси  партиялардың  бəсекелестігі.  Осы 

негізде Қазақстан президенті Н.Ə. Назарбаев демократияны дамудың 2011 жылға дейін 

үлкен  бағдарламасын  бекітті.  Бұл  бағдармала  қоғамдық  сараптаудан  өткізілуде. 

Қазақстандағы  демократия  қалай  болғанда  да  Данияға  немесе  Швецияға  ұқсамайды. 

Біздің демократия Батыс елдеріндегі демократияны айнытпай, көзсіз көшіріп алмайды. 

Міне,  олай  болса  демократияның  жалпы  əлем  таныған  принціптерін  басшылыққа 

алумен қатар, Қазақстанның өзіндік демократияландыру ерекшеліктері болатыны сөзсіз. 

Бұл  ретте  жалпы  принциптерді  жəне  ерекшеліктерді  Қазақстан  ұштастыра  жүзеге 

асыратын болады. 




Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде қалыптасты, енді ел азаматтарының жоғары 

демократиялық жəне құқықтық жағдайларға қол жеткізулері керек. Басқаша айтқанда 

конституцияда  көрсетілген  демократиялық  жəне  ізгілік  нормаларын  одан  əрі  жүзеге 

асыру міндеттері тұр. 

Қазақстан  Республикасы  президенттік-парламенттік  басқару  жүйесіне  көшті. 

Дегенмен  Президенттік  билік  барлық  билік  тармақтарының  тепе-теңдігін  жəне 

үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз етіп отырады. Президент саяси жүйеде əлі де болса 

шешуші  функцияны  атқаратын  болып  қалып  отыр.  Парламентті  тарату,  Үкіметті 

жасақтау  секілді,  президенттік  биліктің  негізгі  көздері  бұрынғыша  сақталады.  Бірақ, 

бұрын президент тұтас Парламентті тарата алатын, енді ол мəжілістің жеке өзін тарату 

құқығына ие болды. 

Демократияның əр елде өзінің ерекшелігі болатыны белгілі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет