Қоғамдық-гуманитарлық пəндер кафедрасы


- тақырып. Сайлау жəне сайлау жүйелері



Pdf көрінісі
бет31/49
Дата22.04.2022
өлшемі0,71 Mb.
#31888
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49
 

9- тақырып. Сайлау жəне сайлау жүйелері. 

Дəріс мақсаты: 

1 Сайлау құқығының түсінігі мен қағидалары 

2 Сайлау үрдісінің сатылары 

3 Сайлау жүйелерінің түсінігі мен түрлері 

4. 

Қазақстан Республикасындағы сайлау жəне сайлау жүйелері.



 

Негізгі ұғымдар: 

можаритарлық, пропорциональды, депутат, оппонент, сайлау науқаны, аймақтық 

сайлау құру, тікелей жəне жанама сайлау, 

сайлау құқығы.

 

Дəріс мазмұны: 

1. Сайлау түсінігі. Əр мемлекеттердегі саяси режимнің əр түрлілігіне (оның ішіне 

авторитарлық, диктаторлық та кіреді) байланысты сайлау жүргізіліп отырады. Сайлау 

жүргізілгенде,  оның  шарттары  мен  ұйымдастыру  қағидалары  мемлекеттегі 

демократизмнің  деңгейін  сипаттайды.  Өкілдік  органдарды  қалыптастыру  кезінде  үш 

негізгі басты түсініктер қолданылады. Олар: сайлау, сайлау жүйесі, сайлау құқығы. Кең 

мағынадағы  сайлау  азаматтардың  өз  еркімен,  бірнеше  немесе  екі  кандидатты  немесе 

саяси партияны сайлау мүмкіндігі. 

Адамзат қоғамындағы ежелгі институттардың бірі сайлау институты. Сайлаудың 

бір  нысаны  қауымдық  қоғамда,  Римде  құл  иеленушілік  қоғамында  мемлекеттіліктің 

қағидасына ие болып, капиталистік қоғамдық қатынастардың дамуымен республикалық 

басқару  нысанының  пайда  болуымен  байланысты  сайлау  ерекше  маңызға  ие  болады. 

Қазіргі көптеген мемлекеттерде сайлау қоғамдық-саяси өмірдің ажырамас бөлігі болып 

табылады. Оның саяси режиміндегі демократизмнің деңгейін анықтайды. 

Демократиялық  елдердегі  сайлау  тұрғындардың  еркінің  негізгі  нысанын,  халық 

суверенитетін жүзеге асырудың нысанын конституциялық қағидаларының бірі ретінде 

көрсетеді. 

Азаматтарының саяси құқығына жататын маңызды құқықтың бірі сайлау құқығы. 

Тəжірибе  жүзінде  сайлау  саяси  процестің  жарыссөздігі,  саяси  күрестердің  рұқсат 




берілген  нысаны,  оны  жүзеге  асыру  кезінде  конституциялық  бекітудің  шегінде 

қамтамасыз  етілген  құрал.  Сайлау  құқығы  конституциялық  құқықтың  ең  маңызды 

институты, ал сайлау дамыған демократиялық елдерде заңды шектелген күрделі саяси 

күрес.  Сайлау  құқығы  əдет-ғұрып  тəжірибесінде  қалыптасқан,  адамзатқа  сайлауға 

қатысу  құқығын  беру  тəртібін  реттейтін  өкілеттік  билік  органдарын  қалыптастыру 

тəсілдерінің  ережелерін  заңды  санкцияландырылған  құқық  нормаларынан  тұратын 

конституциялық құқықтың негізгі институты. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет