Қоғамдық пәндер кафедрасы «Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы



бет24/38
Дата25.04.2023
өлшемі403,5 Kb.
#86877
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38
Байланысты:
дүниежүзі-тарихы-1-курс

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20 мин(22%)
Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру.
1.1 Тақырып жоспары:
1.Соғыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіру және тоталитаризмнің нығаюы.
2.КСРО - ның сыртқы саясаты.
3.Жеке басқа табынуды әшкерелеу.
4.Тоқырау кезеңі.
5. М.С.Горбачев және оның «қайта құру» мен «жариялылық» саясаты.
6. ТМД-ның құрылуы.
КСРО үшін соғыстан кейінгі мәселе халық шаруашылығын қалпына келтіру болды. КСРО соғыс жылдарында ұлттық байлығының 30% жоғалтып, 27 млн. адамынан айырылды. 1946-1950 жылдары төртінші бесжылдық жоспар іске асырылды. Экономиканы қалпына келтіру ең алдымен еңбекшілердің еңбегі арқылы жүзеге асырылды. Германиядан алынған репарация да өнеркәсіпті өркендетуге жұмсалды.
Ауыл шаруашылығы 1940 жылмен салыстырғанда 40 % кеміді. 1946 жылы кейбір аудандарда құрғақшылық болып, аштық басталды. Елдің барлық қорлары өнеркәсіпті қалпына келтіруге жұмсалды – ауыл мен село қосымша қаражат көзіне айналды.
Соғыстан кейін Кеңес халқының шаруашылықта жеткен табыстарын тек пратияның және Сталлиннің жеке «дана басшылығының» жеңісі деп санады. Сталин мен оның жақтастары қуғын-сүргін саясатын қайта жандандырды. Көптеген кешегі отан қорғаушылар, мемлекет қайраткерлері, ғалымдар сталиндік зорлық-зомбылықтың құрбанына айналды. Әсіресе соғыстың алғашқы жылдарында фашистік тұтқынға түскендердің жағдайы өте ауыр болды. Оларға «Отанға опасыздық жасағандар» деген айып тағып, ұзақ жылдарға түрмеге жапты.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін бұрынғы жеңімпаз екі мемлекет баррикаданың екі жағына шықты. Олардың арасындағы саяси қарама – қайшылықтың салдарынан екі әскери одақ НАТО мен Варшава шарты ұйымы құрылды. Қырғи – қабақ соғыс елуінші жылдары қыза түсті.
1953 жылы 5 наурызда Сталин қайтыс болғаннан кейін жоғарғы партия басшылығында билікке талас басталды. Н.С. Хрущев жеңіп шығып, КОКП ОК Бірінші секретары мен Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметін иеленді. Н.С. Хрущевтің аты ең алдымен партияның ХХ сьезінде И. В. Сталинге арналған «жеке басқа табынушылықты айыптау» баяндамасы мен аты шықты.
Тұңғыш рет Сталин партиялық деңгейде «халықтардың атасы» емес милиондаған адамдардың қанын төккен қылмыскер деп мәлімделді. Н.С.Хрущев өзінің саясатында тұрақты болмады. Оның іс-әрекетіне әскерилер мен зиялы қауым арасында наразылық күшейді.
1964 жылы 13 қазанда Н.С.Хрущев волюнтаризм мен субьективизм үшін қызыметінен алынып, КОКП ОК бірінші секретары Л. И. Брежнев ал Министрлер Кеңесінің төрағасы болып А.Н. Косыгин сайланды.
Тың және тыңайған жерлерді игеру нәтижесінде астық өңдіру 1953 жылы 82,5 млн. тоннадан 1956 жылы 125 млн. тоннаға жетті. 1954 жылы КСРО елінде атом электр станциясы салынды. 1957 жердің тұңғыш жасанды серігі ұшырылды. 1961 жылы аспан кеңістігі бортында адамы бар тұңғыш ғарыш кемесі ұшырылды. Бірақ елдің экономикасы қатал шеңберде жүзеге асырылды. Мұндай қатал қоғамда еңбекке деген қызығушылық төмендей бастады. Нәтижесінде күннен-күнге дағдарыс пайда бола бастады.
КСРО - да 80-90-шы жылдары белең алған экономикалық дағдарыс партия мен ел басшыларының жүргізген тиімсіз экономикалық саясатының нәтижесінде пайда болғаны көріне бастады.
1985 жылы наурызында КОКП ОК Бас секретарлығына М.С. Горбачев сайланды. Кеңес елінің тарихында «қайта құру» деп аталатын кезең басталды. КОКП жаңа басшылығының міндеті «мемлекеттік социализм» жүйесінің ыдырауын тоқтату, оның кейбір ауытқушыларын түзеу, шектен шыққан қатал шаралардан бас тарту. Бұрынғы қатал жүйені демократияландыру қажеттігі туды.
«Қайта құру» бағдарламасында әлеуметтік салаға бет бұру, экономика құрылымын қайта құру, нарықтық экономикаға көшу қарастырылды. Бірақ орталық үкімет экономикалық жағдайды түзей алмады –экономикалық дағдарыс тереңдеп, бүкіл елді ереуілдер қамтыды.
1988 жылы Конститутциялық реформа іске асырылды. Ең жоғарғы билік органы болып Халық депутаттарының Сьезі жарияланды. 1990 жылы Жоғарғы Кеңес КСРО президенті етіп М.С.Горбачевті тағайындады, ал РСФСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып Б.Н. Ельцин тағайындалды.
Сексенінші жылдардың соңында КСРО құрамындағы елдердің басшылары арасында күрес басталды. Елдердің басшылары өз тәуелсіздіктерін талап етті. 1991 жылы 8 желтоқсанда Ресей, Украйна, Белоруссия президенттері КСРО-ның өмір сүруін тоқтату туралы келісімге қол қойып ТМД – ны құрды. 25 желтоқсанда Горбачев қызметтен кететінің мәлімдеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет