Қоғамдық пәндер кафедрасы «Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы



бет28/38
Дата25.04.2023
өлшемі403,5 Kb.
#86877
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38
Байланысты:
дүниежүзі-тарихы-1-курс

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20 мин( 22%)
Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру.
1.1Тақырып жоспары:
1.Соғыстан кейін Тәуелсіздік алған Азия елдері.
2.Үндістан мемлекетінің доминион болып жариялануы.
3.Қытай Халық Республикасының құрылуы.
4.Соғыстан кейінгі Түркияның дамуы.
5.Ирак, Иран елдері
Ақпараттық дидактикалық бөлім
Соғыста Германия мен Италия елдері талқандалғаннан кейін Азия және Африка елдерінің көпшілігі өз тәуелсіздіктерін алды. Жапонияның жеңілуі Индокитай, Бирма, Индонезия халықтарының көтерілісіне алып келді. Тіпті ағылшындар да отар елдерін ұстап тұра алмады. 1947 жылы Үндістан мен Пакистан өз тәуелсіздіктерін алды.
Палестина жеріне арбтар мен еврейлер арасында талас болып, 1948жылы еврейлер Израиль мемлекетін құрды. Осыдан бастап елде азамат соғысы басталды. Бұл соғыс әлі күнге дейін жалғасуда.
Қытай. 1946-1949 жылдарындағы азамат соғысында коммунистік партия дүниеге келді. 1949 Қытай Халық Республикасы құрылды. Аграрлық реформа жүргізіліп, шаруалар ұжымдастырылды. 1958 жылы үлкен секіріс саясаты басталып, сәтсіздікпен аяқталды. 1976 жылға дейін елді Мао Цзедун басқарып қайтыс болады. Орнына Дэн Сяопин келеді. Ол арлас реформа құрып халықтың наразылығын басады. 1988-1989 жылдары әлеуметтік шиленіс қайта күшейді. Қазіргі таңда Қытай дүниежүзіндегі рынокты қамтамассыз етіп жатқанымен халық санының көп болуына байланысты ішкі шешілмей жатқан проблемалары жеткілікті.
Жапония. Екінші дүниежүзілік соғыстан қирап шыққан Жапония экономиканы қалпына келтіру үшін реформалар жүргізді. Реформаларда шаруаларға жер бөліп беру басты меселе болып саналды. Жапонияның экономикасы жылдам қарқынмен дамыды. Қазіргі кезде жапондық тауарларға деген сұраныс өте жоғары.
Үндістан, Пакистан. 1947 Үндістан мен Пакистан доминион болып жарияланды. 1950 жылы Үндістан Республикасы болып жарияланды. Тұңғыш үкіметті Джавахарлал Неру басқарды. Кейіннен Индира Ганди, оның ұлы Раджив Ганди басқарды. Үндістан капиталистік жолмен дамып келеді. Халқының арасында алауыздық, дінге бөлінушілік, кастаға бөліну сияқты ішкі проблемалары жеткілікті.
Пакистан. Үндістанның бір бөлігі. 1955 Пакистан Ислам Республикасы деп жарияланды. Пакистанда капиталистік жолмен дамып келе жатқан мемлекет. Аграрлық реформалар жүргізді.
Туркия . Республика болып құрылғаннан кейін дін мемлекеттен бөлінді, медреселер таратылды, еуропалық киім кию міндетті болды. Көп әйел алушылыққа рұқсат берілмеді. Латын алфабитіне көшірілді. Соғыстан кейін жеке кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасалды.
Иран. 60 аграрлық реформа жүргізілді, оның мақсаты жердің жетіспеушілігін жою болды. Мұнайдан түскен қаржы ғимараттар салуға, көшелерді түзеуге т.б Шахқа қарсы қозғалысты Аятолла Хомейни басқарды. 1997ж. Иранда президент сайлауы болып өтті. М. Хатами жеңіске жетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет