9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау
9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау
Бағалау критерийі:
- Шығарманың идеясы бойынша кейіпкерлер жүйесін анықтайды, талдау жасайды;
-Идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретінде автор рөліне баға береді;
Ойлау дағдысының деңгейлері:
Қолдану,жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты:
15-20 минут
Махамбеттің «Мұнар күн» шығармасы бойынша «Кейіпкерлерді зерттеу» кестесін толтырыңыз. Өз көзқарасыңызды 2-3 сөйлеммен білдіріңіз. [3]
Кейіпкер
Жырдағы портреті
Маңызды әрекеті
Өз көзқарасым
Махамбет
2.Өлеңдегі автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлін өлеңге зерттеу жүргізу арқылы табыңыз. [2]
Зерттеу сұрақтары
Жауаптар
1."Ереуіл атқа ер салмай»" өлеңіндегі негізгі ойды табыңыз.
2. Өлеңде көтерілген тағы қандай мәселені жазар едіңіз?
3.Ақынның заманға деген көзқарасын анықтап,
өлеңдеріндегі ортақ тақырыпты, ой үндестігін табыңыз.
4.Өлеңнен өз өміріңізге, іс-әрекетіңізге септігін тигізер қандай қорытынды жасадыңыз?
3. тест сұрақтарына жауап бер-[5]
1.Махамбет Өтемісұлының жауынгер де абзал досын, көтеріліс басшысын табыңыз.
A) Шернияз B) Есет батыр C) Жәңгір D) Әбілқайыр E) Исатай 2.’’Ар жақта Арғынғазы дүмбірлеген,
Байеке, елің бар ма бүлдірмеген’’, - деп Баймағамбет төренің озбырлығын бетке айтатын ақынды анықтаңыз.
A) Шернияз. B) Жанкісі. C) Шортанбай. D) Мұрат. E) Махамбет.
3. Махамбет Өтемісұлының өлеңін табыңыз.
A) «Мен – қазақ». B) «Шәкірт ойы». C) «Айналайын, Ақ Жайық». D) «Ей, Абылай, Абылай». E) «Ереуіл атқа ер салмай». 4. Махамбет Өтемісұлының туған жылын белгілеңіз.
A) 1846 ж. B) 1835 ж. C) 1904 ж. D) 1865 ж. E) 1804 ж. 5. Махамбет ақынның әкесінің атын табыңыз.
A) Зұлқарнайын. B) Жәңгір. C) Өтеміс. D) Исатай. E) Бекмағамбет. 6. Махамбет қай ханның тұсында өмір сүрген, белгілеңіз.
A) Абылай хан B) Тәуке хан C) Жәңгір хан D) Әбілқайыр хан E) Жолбарыс хан 7. «Мен едім Исатайдың Шерниязы» деп, өзін Шернияз ақын кімге таныстыратынын табыңыз.
A) Махамбетке. B) Бөкей ханға. C) Баймағамбет сұлтанға. D) Ел-жұртқа. E) Жәңгір ханға.
8. Махамбет Өтемісұлының ағасы, Жәңгір ханның 12 биінің бірін табыңыз.
A) Қарауылқожа. B) Исатай. C) Жәңгір. D) Бекмағамбет. E) Баймағамбет.
9. Қас итсің, қасыңа да адам жуымас,
Ел ұстап жұрт билейтін қылығың жоқ,
Хан емес, қас қатынсың мұндар қу бас, - деген үзіндінің авторын табыңыз.
A) Ақтамбердінікі. B) Шернияздікі. C) Жиембеттікі. D) Исатайдікі. E) Махамбеттікі.
10. Махамбет Өтемісұлының туған жерін табыңыз.
A) Батыс Қазақстан облысы B) Атырау облысы C) Алматы облысы D) Қызылорда облысы E) Ақмола облысы
11. «Өтемістен туған он едік,
Онымыз атқа мінгенде,
Жер қайысқан қол едік...» ,- деген үзінді Махамбеттің қай өлеңінен алынған, белгілеңіз.
A) «Әй, Махамбат жолдасым» B) «Ереуіл атқа ер салмай» C) «Қызғыш құс» D) «Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны» E) «Беркініп садақ асынбай»
12. Сағынам, ауызға алсам Исатайды,
Ер тумас ел жағынан ондай жайлы, - деп жырлаған ақынды атаңыз.
A) Шернияз. B) Махамбет. C) Шалкиіз.
D) Байтоқ. E) Жанұзақ.
13. Махамбет Өтемісұлының «Әй, Махамбет жолдасым» өлеңі кімге арналғанын табыңыз.
A) Баймағамбетке B) Қарауылқожаға
C) Исатайға D) Туған жеріне
E) Жәңгір ханға
14. Жаманды байқап қарасаң,
Күндердің күні болғанда
Өз басына өзі жау, - деген өлең шумағында Махамбеттің айтқан мәселесін анықтаңыз.
A) Жақсыдан шарапат. B) Адамгершілік. C) Жаманнан кесапат.
D) Жастарға өнеге іс. E) Батырға тән мінез. 15. «Мен едім Исатайдың Шерниязы» деп, өзін Шернияз ақын кімге таныстыратынын табыңыз.
A) Махамбетке. B) Жәңгір ханға. C) Ел-жұртқа.
D) Бөкей ханға. E) Баймағамбет сұлтанға.