Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет21/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

Бұхар жырау Қалқаманұлы (1668-1781) ақындығына 
ақылмандығы сай тұлға еді. Оның жастарды отбасылық өмірге 
даярлауға, жар таңдау мәселелесі мен бала тәрбиесі хақындағы 
өлең-жырлары үлкен беделді мектептердің бірі болды. Себебі, 
жыраудың ханның қабылдауына өтімді жырларын қараша халық 
та немқұрайлы тыңдамайды. Оның ата мен ана, өмір туралы 
толғауларын бүгінгі ұрпақ терме ретінде асыл ой деңгейінде 
қабылдайды. Жұбайлық өмірдің маңыздылығы жайлы: 
Он бірінші тілек тілеңіз 
Он бармағы қыналы, 
Омырауы жұпарлы, 
Исі жұпар аңқыған, 
Даусы қудай саңқыған, 
Назыменен күйдірген, 
Құлқыменен сүйдірген, 
Ардақтап жүрген бикешің 
Жылай да жесір қалмасқа – деп толғайды. Отбасының 
бақыты – бала. “Келіншекке жарасар емшектегі баласы” деген 
жырау: “Баласы жоқ қатыннан, лақтаған ешкі артық” деп 
түйіндейді. Заманының әлеуметтік ортасына сай, сол кездегі 
жұбайлық өмірге дайындау психологиясын “Төркіндеген 
бикешің, тіркеусіз қайтар малдан соң...”, “Жігіт жақсы бола 
алмас, алғаны жаман болған соң”, “...Төсі аршынды сұлуың, 
сілкіп төсек салмас малдан соң” деген анықтамалармен береді. 
Толық отбасында өскен баланың мінез-құлқы мен 
психологиясы толымдылықты көрсететіндігін: 
Әкелі бала жау жүрек, 
Әкесіз бала сұм жүрек 
Жиын болса бара алмас


41 
Барғанмен орын ала алмас. 
...Әкелі бала жау жүрек 
Жиын болса барады, 
Барса орын алады, 
Бітірер сенің дауыңды, 
Қайтарар сенің жауыңды, 
Күнінде тастан өтер жебесі, - деп көрсетеді. Ал, қыз 
бала тәрбиесі хақында да халқымыздың ерекше ықыластылығын 
Қыздарына қызыл ала тон кигізіп, қырмызыға малдырып, 
көшке жорға мінеді” деп білдірсе, “Қызда қылық болмаса, құр 
шырайдан не пайда...” деп қыздарға талапты күрделендіре 
қояды. “Қыз он беске келгенде, шашынан көп жаласы” деп қыз 
өсірудің қиындығын тілге тиек етеді. 
Жар таңдау әлеуметтік ғана емес, педагогикалық та мәселе. 
Себебі, ұрпақ тәрбиесі үшін ата-ананың кім екендігі маңызды. 
Бұл жөнінде Бұхар: 
Қалың малы арзан деп, 
Жаман қатын алмаңыз! 
...Жаман қатын алсаңыз, 
Топқа кірер ұл тумас. 
Жаман қатын алғаның –
Төркініне бере алмай, 
Төсегіне жата алмай, 
Тең құрбысы келгенде, 
Оңды жауап қата алмай, 
Жалғанда қор болғаның, - дейді. Және де “...Жаманнан 
жақсы туса да, жақсыдан жаман туса да, тартпай қоймас 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет