Оқырман
конференциясы
:
Сайын Мұратбеков «Жусанның иісі», «Басында
Үшқараның»
«Әдебиет –
оның өмірі» кітап көрмесі, слайд
1.
Жүргізуші:
Қайырлы
күн құрметті Достар! Бүгін біздің С. Торайғыров атындағы
облыстық кітапхана «Бір ел
-
бір кітап» акциясы шеңберінде Сайын
Мұратбековтың «Жусанның иісі», «Басында Үшқараның» шығармалары бойынша
дайындаған оқырмандар конференциясына қош
келдіңіздер!
2.
Жүргізуші: Жазушы Сайын Мұратбековтың
балауса балалық кезі –
Ұлы
Отан
соғысының отты жылдарына тап келіп, тар кезеңдегі тағдыр талқысын ерте көрген
буынның белді өкілі. Ол атап айтқанда моральдық байлықты мұрат тұтқан,
тазалықты, адалдықты, темірдей тәртіпті, ұжымшылдықты, қоғамдық мүддені ту
етіп ұстаған болашаққа зор сеніммен, асқақ идеямен күн кешкен аға ұрпақтың
адамгершілік тәрбиесін алған жан. Сайын Мұратбеков 1941 жылғы 22 маусымда
небәрі бес жаста ғана екен. Жаратылысынан жаны жайсаң, сезімтал да сергек
баланың бүкіл ауылдағы еңсесін көтерген ер
-
азамат майданға аттанып жатқанда
ет жүрегі езіліп, бес жасар қара сирақ балалардың әкелері мен бауырларының
басым көпшілігі енді қайтіп туған жердің топырағын баспайтынын естеріне де кіріп
шықпай, әкелері маңдайынан аялы алақандарымен соңғы рет сипаған балаларды
қытымыр уақыттың еркелетпегені күні бүгінге дейін де олардың түсіне кірмейді
дейсіз бе?
1.
Жүргізуші: Әдебиетке
өткен ғасырдың алпысыншы жылдары араласқан
қарынды қаламгер
Сайын Мұратбеков «Менің қарындасым», «Жабайы алма»,
«Дос іздеп жүрмін», «Қалың қар», «Өліара» шығармаларымен қалың көпшілікке
танылып, проза саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Шетел жазушылардың
шығармаларын аударуға да өз үлесін қосты
.
Сайын Мұратбеков әдебиет әлеміне
шу деп төбе көрсеткеннен
өзгеше
өрнегімен жұртшылық назарын өзіне
аударды.
Ол қандай өрнек десеңіз. С. Мұратбековтың алғашқы әңгімелерінен бастап бүгінгі
жазғандарына дейін үміт
отындай маздап үзілмей келе жатқан жылы бір нәрсе
бар.Сайын
әңгімелерінің
сыры
да,
сыны
да
осы
шығар.
Жазушы
шығармашылығындағы таңғы шықтай таза да мөлтілдеген мөлдір сезім
шынайылығы, осыдан келіп туындайтын табиғилықтың адам жанының нәзік
пернелерін тап басуы дер едік. Әңгімелеріндегі
психологиялық лиризм, яғни
қобыздың қоңыр үніндей жанға жайлы лирикалық сыршылдық психологиялық
тереңдік көңілге ерісіз қонақтап қалып отырады.
2.
Жүргізуші:
Жазушының
әрбір жаңа әңгімесінде әдебиетімізде
бұрын
айтылмаған жағдай, ашылмаған сыр, көрінбеген мінез алдыңнан шығып отырады.
Сайын Мұратбековтың әрбір әңгімесіндегі суреттелетін өмір шындығына көңіл
аударып, адамдарының мұңы мен мұратына ортақтасқан сайын біздің ойымызға
халық әндеріндегі қайталанбас сағынышты саз, терең
толғаныс, ойлы да ойнақы
наз,
қимас сезім орала береді. Әр әңгімесінде кем дегенде екі
-
үш адамның көзге
ыстық, көңілге жақын жанды бейнесін лирикалық жоспарда жасап, олардың
психологиясын өзгеше өрнектейді. Міне сол кейіпкерлер өз бойындағы адалдық
сезімімен, аңқылдақ мінезімен, бір сөзбен айтқанда, адамдық аяулы болмысымен
оқушы есінде қалып
қояды.
1. Жүргізуші:
«Күсен
-
Күсеке», «Басында Үшқараның»
әңгімелері
сияқты «Отау
үй» де Сайын Мұратбеков шығармашылығының
елеулі бір белесі болып саналуға
тиіс. Бұл әңгімелер жазушының ой айту, образ жасау, шеберлік шыңдау
жағынан
шыққан көркемдік
-
эстетикалық биігін танытады.
«Басында Үшқараның» Сайын
Мұратбеков шығармашылығындағы адам жанының диалектикасын
ішкі сезім
драматизмі арқылы ашудағы ерекше дүниесі. Бұл әңгіме арада ұзақ жылдардан
соң кешегі өзі өскен, балалық шағы өткен туған ауылына сағынышпен
оралғандардың басындағы қайталанбас көңіл күй туралы психологиялық элегия
дер едік. Кіндік қаны тамған жерін іштей сағынбайтын
жұмыр басты пенде сирек
шығар, дегенмен солардың көбісі өмірдің ағысымен жүргенде сол туған жерге көп
жылдар бойы
барып қайтудың реті бола бермеуі де мүмкін ғой. Ал, сәті түсіп бара
қалған жағдайда адам бойында қандай сезім, қандай көңіл күй болуы мүмкін?
2.
Жүргізуші: Сайын Мұратбеков
аталған әңгімесінде міне осы сәттегі сезім
құбылысын нақты да
нанымды
детальдар арқылы психологиялық шынайы
қалпында
көрсетіп береді. Уақыт бір орында тұрған ба? Ендеше сол ауылдағы,
адамдар бойындағы әлеуметтік
-
психологиялық өзгерістер жазушы қаламынан
өзгеше өркен тапқан. Осы әңгімедегі Сәулетай, Зағипа, Шынар секілді
кейіпкерлердің тағдыры, мінезі, сезімі, іс
-
әрекеті өмірдегі көп таныс
-
бейтаныстарымызды
еріксіз еске түсіріп, ұмыта бастаған көп нәрселерді ойға
алдыратындығымен жақын. Әңгімеде, жастық шақ сазын еске түсіретін сағыныш
әуені, ең бастысы шуақты сезім жылылығы бар.
1.
Жүргізуші: «Алғашқы қар», «Қысқы кеш», «Ананың арманы», «Отау үй»
әңгімелерін , «Қыран құс көк жүзін шарлап кетті» атты очерк
-
диплом жұмысын сол
әуежай маңындағы үйде тұрғанда жазды.
Төрт
-
бес жылдан соң қаладан пәтер
берді. Бұл үйде «Күсен
-
Күсеке», «Жабайы алма», «Жусан иісі», «Көкорай»,
«Басында Үшқараның», тағы басқа туындыларды дүниеге келді. «Тел өскен ұл»
киноповесін, «Жеңеше», «Күзгі бұралаң жол», «Құданың фокусы», «Біреу»
әңгімелерін жазды деп есіне алады жары Мариям Мұратбек келіні. «Жусан исін»
жазып біткен соң ол керемет көңіл күйде жүрді.Сірә, оқырман қауымға, балаларға
ұнайтынын сезген шығар.
Аянның ертегі айтатындығы Сайынның өзіне аздап
келеді. Бірақ Аянның прототипі бар.
Ол –
ауылда тобығы тайғандықтан, аяғын
қисаңдатып, сәл ішіне басатын Ұзақбай деген бала. Сол баланың тағдыры
шығармаға арқау болған. Ал «Басында Үшқараның» деген әңгімедегі Әсет
Сайынның өзі. Бір жылы Б. Соқпақбаев, Т
.
Ахтанов, С. Мұратбеков үшеуі
Қапалдағы Сайынның атасының жайлауын аралап, Бұрхан бұлаққа барып қайтқан.
Содан келгеннен кейін «Басында Үшқараның» әңгімесін жазған
.
2.
Жүргізуші: С. Мұратбековтың таңдаулы деген әңгімелерінің әрқайсысы жеке
-
дара тұрған бір көркемдік әлем сияқты. Оның шығармаларының
басты тақырыбы –
адамгершілік, ар
-
ұждан мәселесі дер едік. Өйткені, жазушының
қай әңгімесін алып
қарасақта адамның рухани байлығы: жан дүние сұлулығы мен сезім
шынайылығына, көңіл тазалығы мен мұрат
биіктігіне айрықша назар аударылады.
Сондықтан да ол үшін өмірдегі, адам бойындағы жақсылық, сезімталдық, қайырым
ізгілік, сезім сұлулығы, тазалық, адалдық сияқты моральдық –
этикалық
категорияларды жазу негізгі мұраты сияқты.
«Жусанның иісі»
әңгімесі бойынша сұрақтар:
1.
Бала Сайынды болашақтағы өмір жолына бейімдеп, оған ықпал еткен не нәрсе
еді
?
2.
Әңгіме
не туралы?
3.
Кейіпкерлерін атаңыз?
4.
Аян туралы
айтып бер.
5.
Аянның мектепке барғанын кім айтады.
6.
Аянның бір ертегісін айтып бер.
7.
Аян неге жусанның иісін жақсы көреді?
8.
Көктем шыға бере балалар қандай жұмысқа араласты?
9.
Майданнан келген қара қағаз
Аянға қандай хабар әкелді?
10.
Автор повесті неге «Жусанның иісі» деп атады?
11.
Жазушы «Жусанның иісі» повесі арқылы қандай ой айтпақ болды?
12.
Ертегінің «Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп аталуының себебі неде?
13.
«Жусанның иісі» әңгімесі сіздерге ұнады ма?
«Басында Үшқараның...» С.Мұратбеков шығармашылығының шыңы
.
Осы әңгімеде жазушы таланты бар қырынан ашылып, шарықтайды. Ауыз
толтырып айтатын пәлендей оқиға желісі жоқ. Бірақ сөз құдіретіне арбалып оқи
бергіңіз келеді. Осы әңгіме бітпесе екен дейсіз. Араға жиырма шақты жыл салып
Әсет Алматыдан өз туған ауылына
оралады. Поездан түскен бетте біз ауылын
сағынған, бүгінде қалалық болып кеткен азаматтың көзімен далаға
қараймыз.Балауса шақты еске аламыз. Әсет сияқты ауылын тастап ешқайда
кетпеген балалық жастық шағы бірге өткен қатар
-
құрбыларының бірінен кейін
бірімен кездесеміз де отырамыз. Бұл жәйіт көбімізге таныс. Әсеттің көзімен бейне
өзіміздің өткенімізбен кездескендей, өз ауылымызды, өзімізді
-
өзіміз
қайта
танығандай, қайта ашқандай боламыз,
-
деп баға береді жазушы Смағұл Елубай
.
Сыншы
Сағат
Әшімбаев:
«Басында
Үшқараның»
Сайын
шығармашылығында адам жанының диалектикасын ішкі сезім драматизмі арқылы
ашудағы ерекше дүние. Бұл әңгіме арада ұзақ жылдардан соң кешегі өзі өскен,
балалық шағы өткен туған ауылына сағынышпен оралғандардың басындағы
қайталанбас көңіл –
күйі туралы элегия дер едік»,
-
деп толыққанды бағасын
берген болатын.
Әңгіме
көркемдік қиюы оңайлықпен табылмайтын қиын жанр. Сол себепті де
Флобердің «әңгіме жазу қиын болғандықтан да роман жазуға мәжбүр болдым»
деген сөзінде шындық бар секілді. Әңгіме
–
жазушы шеберлігінің айнасы, бәрі
алақандағыдай анық сайрап тұрады. Яғни шағын жанрдан жазушы шеберлігін
әлдеқайда айқын көретін болсақ, сөз өнерінің үлкен жолындағы Сайын
Мұратбеков әңгімелері де оның суреткерлік кең тынысты кемел келісімін
танытады.
«Басында Үшқараның»
әңгімесі бойынша сұрақтар:
1.
Жазушы осы туындыны «Басында Үшқараның» деп неге атады?
2.
Шығарманың сюжеттік желісі қай жерде және қашан өрбіді?
3.
Шығармадағы басты кейіпкерлерді атаңыздар.
4.
«Басында Үшқараның» повесін оқығанда қандай ой түйдіңіздер?
5.
Әсет араға бірнеше жыл салып ауылға келгенінде қандай сезімде болды?
Достарыңызбен бөлісу: |