Жаһандық мәселелер: көші-қон саясаты: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» М. Мақатаев «Ертең біз жол жүреміз» жазба жұмыстарында афоризмдерді тиімді қолданып жазу; өзгелік етістің қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану; мәтін құрауда шылаудың мағыналық түрлерін стильдік қызметіне сай орынды қолдану.
Толеранттылық – ел бірлігі: Сайын Мұратбеков «Телі өскен ұл» повесі Т.Әлімқұлов «Қарой» әңгіме. Идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстыру және талдау; жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау; оқшау сөздердің қызметін білу, жазба жұмыстарында орынды қолдану; демеулік шылаулардың (сұраулық, күшейткіш) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.
Ұлт мұраты - ұлттық қауіпсіздік:Несіпбек Айтұлы «Бәйтерек» әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселеге баға бру және әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыру; оқшау сөздердің қызметін білу, жазба жұмыстарында орынды қолдану.
Бос уақыт – қоғам дамуының көрсеткіші: Мұқағали Мақатаев «Сағатым қайда, сағатым?» өлеңненақпараттар мен көзқарасты, астарлы ойды анықтау, берілген ақпараттың оқырманға әсерін және автор позициясын талқылау; айқындауыш мүшелер (қосалқы, қосарлы, оңашаланған) жасалу жолдарын білу, жазба жұмыстарында орынды қолдану.жұмыстарда орынды қолдану.
Биоалуан түрлілік, биотехнология жаңалықтары: М. Әуезов «Көксерек» әңгімесінің стилін, жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау; жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану; демеулік шылаулардың (болымсыздық немесе қарсы мәнді, нақтылау) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
5. Тесттің бір нұсқасындағы тест тапсырмаларының қиындығы: тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: базалық деңгейде (A) – 26 %; орташа деңгейде (B) – 60 %; жоғары деңгейде (C) – 14 %.
Базалық деңгейдегі тест тапсырмалары қарапайым білім мен дағдыларын пайдалануға, тестіленушінің ең төменгі дайындық деңгейіне баға беруге, белгілі бір нұсқаулардың көмегімен әрекеттерді орындауға, қарапайым дәлелдер мен ұғымдарды пайдалануға негізделген.