Оқыту әдістемесінің мақсаты мен мазмұны



Дата30.10.2022
өлшемі14,54 Kb.
#46281

Оқыту әдістемесінің мақсаты мен мазмұны

Болашақ мамандарды психологиялық-педагогикалық даярлау жүйесінде «Педагогиканы оқыту әдістемесі» пәні ерекше орын алады. Бұл пән арқылы студенттер теория мен тәжірибенің бірлігін, оқытушы мен білімалушылардың іс-әрекетін, педагогикалық қызметтің мәнін, құрылымын, педагогикалық қызметтің әдістемесін меңгереді. Сонымен қатар, педагогиканы оқытудағы технологияларды, колледждерде, жоғары оқу орнында педагогиканы оқытудың мазмұны, формалары мен әдістерін игеруге мүмкіндік алады. Педагогика және психология мамандығы бойынша біліктілік мінездемесіне 4 сәйкес жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесінің негіздері меңгеріледі. «Педагогиканы оқыту әдістемесі» оқулығы мазмұндық және әдістемелік жағынан педагогиканың мынадай салаларымен: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе», «Педагогиканың жалпы негіздері», «Дидактика», «Тәрбие теориясы», «Педагогика тарихы», «Педагогиканың ғылыми зерттеу әдістері» және т.б. тығыз байланыста берілген. Оқулықта педагогиканы оқытудың әдіснамалық және жалпы теориялық мәселелері қарастырылды. Соның негізінде педагогиканы оқытудың жеке пән ретінде ерекшеліктеріне назар аударылып, теориялық және практикалық сабақтарды ӛткізу әдістемесі мен жаңа технологиялары, негізгі тақырыптардың әдістемелік сипаттамасы беріліп отыр. «Педагогиканы оқыту әдістемесі» оқулығында педагогика ғылымының құрылымы мен мазмұны, негізгі кӛзқарастарды (аксиологиялық, мәдениетке сәйкестік, жүйелілік және т.б), педагогиканы оқыту технологиясын тұлғалық-бағдарлы парадигмасы негізінде талданды. Студенттердің ӛздік жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері, кредиттік оқыту жүйесінде педагогиканы оқыту әдістемесінің ерекшеліктеріне, технологиясына кеңінен орын берілді. «Педагогиканы оқыту әдістемесі» оқулығы 5В010300 «Педагогика және психология» жоғары кәсіптік білім беру мамандығының «Педагогиканы оқыту әдістемесі» пәнінен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша Оқу-әдістемелік секциясы жасаған типтік оқу бағдарламасына сай әзірленді. Осы оқулық «Педагогиканы оқыту әдістемесі» пәні мазмұнының міндетті минимумына және даярлау деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды іске асыруға арналған жоғары кәсіптік білім беру оқу орындарының жұмыс оқу бағдарламаларын және пәннің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге негіз болып табылады. Оқулықты дайындау барысында автордың жарияланған ғылыми еңбектері, оқу процесінде кеңінен қолданыс тауып, оң пікірге ие болған оқу құралдары, баспа беттерінде жарияланған ғылыми мақалалары мен бандамалары, осы пәннен оқылған лекциялардың материалдары пайдаланылды. Педагогикалық білімнің әдіснамасы – педагогикалық теорияның негіздемесі, құрылымы, бастапқы қағидалары, білімді ашулар мен принциптері жайындағы білім жүйесі. Олар педагогикалық ақиқаттың, ӛзгерістерінің шынайы кӛрсеткіші. Педагогикалық әдіснамаға тӛмендегілер енеді:


1. Педагогикалық білімнің құрылымы мен қызметі жайындағы ілім;
2. Бастапқы, іргелі жалпығылыми және педагогикалық қағидалар (теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар);
3. Педагогикалық зерттеудің әдістері жайындағы ілім. Педагогика әдіснамасы оқыту, тәрбиелеу және даму заңдылықтарын тану мен қолданудың жалпы тұрғыларын анықтайды. Педагогика әдіснамасының объектісі - жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту құбылыстарын тану, ал пәні – жаңа адамды қалыптастыру үрдісінің заңдылықтары. Педагогикадағы әдіснамалық тұрғы оқыту-тәрбие әрекеті практикасын ӛзгертудің тиімді жолдарын іздеу және қалыптастыру үшін қажет. Педагогика әдіснамасының қызметі – оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімді жаңа жолдарын жасау. Педагогиканың әдіснамасына мына қағидалар енеді.
1. Педагогикалық білімнің құрылымы және қызметі жайындағы ілім.
2. Жалпығылымилық мәнге ие бастапқы, негізгі, фундаментальды педагогикалық қағидалар (теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар).
3. Педагогикалық зерттеудің логикасы және әдістері жайындағы ілім.
4. Алынған білімді практиканы жетілдіру мақсатында қолдану тәсілдері жайындағы ілім. Жоғарғы оқу орындағы оқу пәнінде студенттерді ғылыми ізденіске баулу мақсатында ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен әдістері беріледі. Педагог бірде-бір күрделі сұраққа нақты әдіснамалық негізсіз шешім таппайтынын үнемі есінде сақтағаны дұрыс. Педагогтың кәсіби дайындығының ең жоғарғы деңгейі – оның әдіснамалық мәдениетінің қалыптасуы. Оның негізгі белгілері мыналар: 17 - педагогика және философия ғылымдарының негізгі ұғымдарының мәнін түсінуі; - білім берудің түрлі ұғымдарын нақты ойлаудан абстрактілі ойлауға кӛшу деңгейі ретінде ұғынуы; - педагогикалық теорияны таным әрекетінің әдісіне ӛзгерте білуі және т.б. Әдіснаманы меңгере отырып зерттеуші оның принциптерін саралай бастайды. Жеке ғылыми әдіснама деңгейінде білім беру мен әлеуметтік саясаттың бірлігінің принциптерін меңгеру маңызды болып табылады. Педагогтың кәсіби дайындығының негізгі кӛрсеткіші – бұл әдіснамалық мәдениетінің болуы. Оның негізгі белгілері: - педагогика ғылымындағы негізгі түсініктер мен философияның негізгі категорияларына қатысты мәселелерді түсіну; - абстрактылыдан нақтылыққа ӛту деңгейлері ретіндегі білім берудің түсініктерін меңгеру. - таным әрекетіне педагогикалық теорияның құрылу ұстанымы - педагог ойының педагогикалық формалар мен олардың тұтастық құрушы сапаларының генезисіне бағытталуы. - педагогиканың түсініктеме – терминологиялық жүйесінде білім беру тәжірибесін қайта құру қажеттілігі. - педагогикалық білімнің ӛз тарихи дамуында бірлігін кӛрсетуге деген ұмтылыс. - педагогикалық сананың шындығы мен жағдайдарына сыни қатынас. - педагогикалық процестің басқа да қатысушыларының ойпікірлері мен педагогикалық жеке танымдық әрекетінің жүрісі, алғышарты, қорытындыларына байланысты рефлексия. - адамзаттың білімі саласында ғылымға қарсы кӛзқарастардың жалған екеніне дәлелдер. - педагогиканың гуманистік, дүниетанымдық қасиетін түсіну.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет