Оқыту жұмысын ұйымдастыру формалары



бет3/3
Дата18.11.2023
өлшемі32,26 Kb.
#124385
1   2   3
Байланысты:
Лекция-1695718585392

Факультатив сабақтар - оқу пəндерін оқушылардың өз таңдауы жəне қызығуларына орай тереңдете оқуына арналып, шəкірттердің ғылыми-теориялық білімдері мен практикалық ептіліктерін дамытуды көздейді.
Білім беру міндеттеріне сəйкес факультатив түрлері келесідей: - негізгі оқу пəндерін тереңдете игеру;
- қосымша пəндерді (логика, риторика, шет ел тілдері жəне т.б.) меңгеру;
- мамандық (стенография, компьютерлі, бағдарлама түзу) алуға байланысты қосымша пəндерді өту; Факультатив бағыттары теориялық, тəжірибелік немесе аралас болуы мүмкін.
Оқу саяхаттары -əрқилы нысандар мен қоршаған дүние құбылыстарын оқушылардың тікелей бақылау жəне зерттеуіне арналып, өндіріс, мұражай, көрме, табиғат аясы жағдайларында жүргізілетін оқу ұйымдастыру формасы. Тақырыптық саяхаттар бір не бірнеше оқу пəндерінің өзара байланысты тақырыптарына арналады (мысалы, физика жəне химия, биология жəне география).
Ал шолу саяхаттары өте кең тақырыптар шеңберінде өткізілуі мүмкін. Оқу бағдарламасындағы орнына орай саяхаттар кіріспе, ағымды, қорытынды ретінде ұйымдастырылады. Қалаған саяхат жалпы оқу жүйесінің маңызға ие сипатты бөлігі ретінде пайдаланылғаны жөн. Саяхаттық оқу формасының дамыған түрі – бұл экспедиция – экологиялық жағдайлармен таныуға , тарихи деректер, жəне ауызекі əдебиет материалдарын жинауға бағышталған оқу жорықтары.
Курстық (жоба) жұмыс –оқу ұйымдастыру формасы ретінде жоғары мектеп жүйесінде оқу пəнін игерудің қорытынды кезеңінде пайдаланылады. Курстық жұмыс жалпы гуманитарлық, жалпы кəсіби жəне арнайы пəндер бойынша жазылады. Олардың дайындалу барысында оқушылар оқу-ізденіс, зерттеу сипатындағы мəселе, міндеттермен айналысады.
Дипломдық жоба - білім беру мекемесіндегі бүкіл оқу процесінің аяқталу кезеңінде қолданылатын оқу ұйымдастыру формасы. Бітіруші түлек ғылыми-теориялық, өндірістік-экономикалық маңызы бар тақырыпта диплом жобасын түзеді не дипломдық жұмыс жазады жəне қорғайды, соның негізінде Мемлекеттік біліктілік комиссиясы студентке мамандық біліктілігі лауазымын беру жөнінде шешім қабылдайды.
Өндірістік практика - жоғары мектепте оқу процесін ұйымдастырудың көп формаларының бірі. Өндірістік практиканың дидактикалық мақсаттары – кəсіби ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру, сонымен бірге шынайы болмыста қолдану арқылы игерілген білімдерді кеңіту, бекіту, қорытындылау жəне жүйелеу.
Кеңес – оқу формасы ретінде оқушыға жетімсіз игерілген не тіпті игерілмеген оқу материалы бойынша жəрдем көрсету мақсатында ұйымдастырылады.
Емтихан- оқушылар білімін жүйелестіру, анықтау жəне бақылау мақсатында ұйымдастырылатын оқу формасы.
Пəн үйірмелері жəне осы тектес басқа да оқу формалары (шеберханалар, зертханалар, кафедра, студия)- бағыт-бағдары, мазмұны, жұмыс əдістері, оқу уақыттары жəне т.б. бойынша көп түрлілігімен ерекшеленеді.
Конкурс жəне олимпиадалар –оқушылардың білім игеру жолындағы белсенді қызметтеріне дем беріп, оларды өрістете түседі, шығармашылық қабілеттерін арттырады, бəсеке, жарыс жеңісіне ынталандырады. Соңғы кезеңдерде мұндай оқу формаларының қашықтықтан интернет торабы арқылы ұйымдастырылатын мүмкіндіктері пайда болды.

4. Оқу түрлері – бұл оқыту жəне оқып-үйрену қызметтерінің ерекшелігіне орайластырылған жалпылама сипаттағы білім игеру жүйесі. Оқу түрі өз негізіне алынған педагогикалық технология (кейінгі дəрісбаяндарда қарастырылады) сипатымен анықталады.


Оқу түрлері келесідей ажыралады: түсіндірме-көрнекілік, жалаң-жаттанды (догматикалық), тұлғалық бағдарлы, компьютерлі, модульді, қашықтан оқу (дистанционды), пəнаралық, т.б.
Түсіндірме-көрнекілі: (дəстүрлі, ақпарат жеткізу) оқу түрі. Мұндай оқуда мұғалім ауызекі сөзбен көрнекі құралдарды қолдана отырып, оқушыларға дайын материалды ұсынады, шəкірттер ақпаратты сол күйінде қабылдайды, қайталап айтып береді.
Жалаң - жаттанды (догматикалық) –оқуда тыңдаушы ұсынылған ақпараттың мəн-мағынасына еніп жатпастан, түсінбей-ақ қабылдайды.
Проблемді оқуда ұстаз басшылығында оқу, дəріске байланысты мəселелерді шешу үшін оқушылардың өз бетінше оқу-ізденіс қызметтері ұйымдастырылады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Оқудың ұйымдастырылу түрі деген не?
2. Оқудың сынып-сабақтық формасының ерекшелігі неде?
3. Сабақ құрылымының əртүрлі болуының себебі қандай?
4. Оқу процесінің əртүрлі ұйымдасу формаларына өз тəжірибеңізден мысал келтіріңіз.
5. Негізгі оқу түрлері жəне олардың ерекшеліктері қандай?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет