Оқыту үрдісінде мұғалімдер игерген білімдерін жүйелеп, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау


ПРАКТИКАҒА БАҒДАРЛАП ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата07.02.2022
өлшемі3,42 Mb.
#24966
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
1 Практикаға бағдарлап оқыту арқылы студенттерді бәсекеге қабілетін дамыту

ПРАКТИКАҒА БАҒДАРЛАП ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ 

А.Б. Медешова, Ж.С. Иксебаева, Ж.М. Муратова 

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Орал қ., medeshovaa@mail.ru 



Пікір беруші – Айталиев Е.С., техн.ғ.д., профессор 

Елімізді  инновациялық-технологиялық  даму  стратегиялық  бағамына  сәйкес  өркендетуге  бағдарланған 

«100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру барысында білім беру жүйесінің алдында бірнеше шаралар 

тұр.  Бұл  бағдарламаның  жүзеге  асуы  үшін  кәсіптік  білім  саласы  қажетті  және  бәсекеге  қабілетті  маман 

даярлауға баса көңіл бөледі. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында 

көрсетілген  шараларға  сәйкес  жоғары  оқу  орындарын  еліміздің  индустриялды-инновациялық дамуы  мен 

еңбек нарығы талаптарын қанағаттандыратын деңгейге көтеруді көздейді [1]. 

Сапалы  білім  беруде  (оқушы,  жұмыс  беруші,  қоғам,  мемлекет)  сұраныс  берушінің  қажетіне  кәсіптік 

дайындықтың сәйкес болуы керек. Алынған білімнің адекваттық проблемасы әлеуметтік өмір шындығында 

өте қатты алаңдатушылық әкелді. Үздіксіз білім беру мен оның бір формасы ретінде қосымша кәсіптік білім 

беру идеясын туғызды. Сапалы білім беру - қоғам талаптарын қанағаттандыратын, экономикалық, әлеуметтік, 

саяси, мәдени прогресс мүмкіндіктеріне сәйкес келетін білім беру болса, тұлға (студент, ата-ана) тұрғысынан 

- өздігінен білім алу, өзіндік даму икемділіктерін иелену мен әлеуметтік бәсекеге қабілеттілік жетістігі [2]. 

М.Н. Скаткин білім сапасына толықтық пен тереңдік, нақтылық пен жалпылық, ашықтық пен жабықтық, 

жүйелілік пен тұтастық, саналылық пен қатаңдықты жатқызады [3]. 

Кәсіптік білім беру жүйесінде құзыретті маман даярлауда мұндай тиімді форма Германия, Австрия, Дания, 

Нидерланды, Швейцария елдерінде нәтижелі пайдаланылып келеді. 

Швейцарияда жұмыспен қамтамасыз ету жаңа жолға қойылған. Жұмыс берушілердің өздері бакалаврларды 

жұмысқа қабылдай отырып, жоғары білімнен кейінгі оқуға жолдама беріп, кейін кәсіби құзыреттілігі жоғары 

магистрдің  кәсіпорынға  қайта  оралуына  аса  мән  береді.  Сонымен  қатар,  бакалаврлар  мен  магистрларды 

жұмысқа қабылдауда жұмыс берушілер үшін экономикалық тиімділік орын алған [4]. 

Германияда  білім  бағдарламаларына  көп  көңіл  бөлінеді,  себебі  федералды  мекенге  сәйкес  ЖОО 




191

бағдарламалары бір-бірінен өзгеше. Олардың көлемі жалпы бағдарламада 100%-ға дейін айрықшаланады. 

Вюрцбург қаласындағы университетте инженерлік мамандық бакалаврлары кәсіптік білім мен икемділікпен 

қатар,  жалпы  базалық  білім  саласындағы;  коммуникативтік;  әлеуметтік;  тұлғалық,  кәсіби,  ақпараттық 

құзыреттіліктерге ие болуына аса мән береді [5, 6]. 

Ресейде мектеп және жоғары оқу орнындары арасындағы мазмұндық, технологиялық сабақтастыққа баса 

назар аударылады. Сабақтастық дегеніміз оқытуда пайда болып, дамитын үрдіс құраушыларының бірлігі мен 

жеке тұлғаның өзіндік оқу іс әрекеті кезеңдеп жүретін педагогикалық үрдіс [7]. 

Қазақстанда  академиялық  ұтқырлық,  көп  тілді  оқыту,  жұмыс  берушілер  көмегімен  студенттің  оқу 

траекториясын анықтау, технологиялық оқыту сияқты әлемдік тиімді формаларды оқу үрдісіне енгізу заман 

талабына айналды. Соның бірі – оқыту уақытының көп бөлігі өндірісте, кәсіпорында өтетін, болашақ маман 

мен мемлекеттің мүддесін біріктіретін практикаға бағдарлап оқыту моделі [8]. Оны Қазақстан Республикасы 

«Білім  туралы»  Заңында  қарастырылған  «кәсіби  білім  саласындағы  әлеуметтік  серіктестікте»  жүзеге 

асырылады. Ол студенттің жеке даму траекториясы бойынша жүреді [9]. 

Практикаға бағдарлап

 оқыту болашақ маманның іс-әрекеттік тәсілмен білім алуына, кәсіби және тұлғалық 

икемділіктер мен дағдыларды практикалық-бағдарлы меңгеруіне, алған білімін практикада пайдалана білуіне 

мүмкіндік туғызады. Міне, бұл заман талабына жауап беретін құзыретті түлекті даярлаудың кілті болмақ [10]. 

Студенттер педагогикалық сараман, арнайы пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысының әдістемесі сияқты 

пәндерді  мектеп  мұғалімдермен  тікелей  қарым-қатынас  жасай  отырып  меңгереді  және  оқушылармен 

байланысу икемділігі қалыптасады [11]. Сонымен қатар, ол студенттің практикалық кәсіби икемділіктерінің 

жетілуіне көмектесуімен қатар, оның өнертапқыштық, робототехникалық, құрастыру, бизнес-инкубатор, т.с.с. 

ғылыми-практикалық жоба жұмыстарына қатысуға жол ашады. 

Оқу жоспарында практикаға бағдарлап оқытуға аса мән бере отырып, пәндерді интеграциялаған жөн. 

Қазақ, орыс, шетел тілдерін немесе кәсіби қазақ/орыс/шетел тілдері салыстырмалы оқыту және мемлекеттік 

тілде іс жүргізу, іскери қазақ тілі сияқты пәндерді модульдік технологияға негіздеп, бір модульге енгізуге 

болады. Ал, кәсіптік пәндерді оқыту университет пен мектеп базаларында өтуі керек. Студенттер ғылыми-

зерттеу жұмысының тәжірибелік бөлімін өндірісте, кәсіпорындарда, бизнесте орындайды [12]. 

Орал қаласындағы № 38, 1, 27 мектептер базасында информатиканы оқыту әдістемесін өткізу тәжірибесі 

жүргізілді.  Пәннің дәрісі  университетте,  зертханалық  жұмыс  пен  ОЖСӨЖ,  СӨЖ  сабақтары  мектепте  өтеді. 

Студенттер оқушылармен тіл табысып, педагогикалық ұжымда жұмыс жасауға үйрене бастап, құжаттармен, 

оқушылармен қарым-қатынас жасауға бейімделеді. 

Бұл туралы «Информатика» мамандығының студенттері былай деп ойларын тұжырымдады: 

Мектепте  ұжыммен  жұмыстануды,  ұжымдағы  ынтымақтастық,  ауызбіршілікте  жұмыстануды 



үйрендім. 

Сынып жетекшісінің жұмыс жоспарымен, пән мұғалімінің сабақ жоспарымен таныстым. 



Әр  сабақтың  жоспарын  дәстүрлі,  құзіреттілікке  бағдарлап  және  Блум  таксоманиясы  бойынша 

дайындауды үйрендім. 

Әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істеу, шығармашылық материалды таңдау, тәрбие сағаттарына 



көрнекі құралдарды дайындаудан тәжірибе жинадым. 

Сыныптағы оқушылардың психологиялық ахуалын зерттедім. 



Сабақ пен сыныптан тыс шараларды талдауды меңгердім. 

Өз іс-әрекетіме сын көзбен қарау үшін күнделік толтыруды үйрендім. 



Нарық сұранысын қанағаттандыратын маман дайындағымыз келсе, жұмыс берушілер ЖОО-мен бірлесе 

осындай тәжірибені қолға алғаны жөн. Түлектердің жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру басты аспекті болып 

табылады. Сонымен қатар, өз мамандығын теориялық және практикалық тұрғыда толық меңгерген түлектің 

жұмыспен  қамтылу  көрсеткіші  жоғарылайды.  Мұндай  практикаға  бағдарлап  оқытуды  оқу  үрдісіне  енгізу 

сапаның жоғарылауына септігін тигізерін төмендегі сандық көрсеткіштер дәлелдейді. 

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 2014-2015 – 80%, 2013-2014 – 81%, 

2012-2013 – 79% түлектер жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтудың жоғары көрсеткіште болуы бірнеше 

факторлармен  анықталады.  Атап  айтқанда,  мектепте  мұғалімге  сағаттық  жүктеме  бойынша  сұраныстың 

болуы,  заманауи  гимназия, лицей  сияқты  жаңа тұрпатты  мектептерде  пәндердің  көп тілде  оқытылуы,  жас 

мамандардың  инновациялық  оқыту  технологияларын  жоғары  деңгейде  меңгеруі,  студенттердің  сапалы 

білім алуы, өз таңдаған мамандығын қосымша мамандандырылумен толықтыруы, т.с.с. Жоғары оқу орнында 

5В010900-математика  мамандығы  бойынша  оқып  жатқан  студенттер  физика,  информатика,  ағылшын 

тілі  бойынша  мамандандырылу  курстарын  оқи  алады.  Көп  тілді  математика  бойынша  оқыған  студенттер 

математиканы үш тілде оқытуға бағытталған шараларға тартылады. Педагогикалық сараманды қазақ-түрік 

лицейінде, Назарбаев зияткерлік мектебінде өтеді. Бұл олардың тілдік шеберліктерін дамыта түседі. Болашақта 

мұндай түлектер кез келген мектепте математиканы үш тілде оқытумен, пәндік құжаттарды аудармалаумен 

өз бетінше атқара алады. 

Атқарылған шаралармен алға қойылатын жоспарлар ұштасып жатыр. Қалай десек те біздің көздейтініміз 

– оқытқан студентіміздің сапалы білім алып, оқу бітірген түлегіміздің жұмыспен қамтылуы мен білімі мен 



192

тәрбиесін өз кәсіби ортасында танытуы, яғни құзыретті маман екендігін дәлелдей алуы. 5В010900-математика 

мамандығын түрлі мамандандырылумен бітірген түлектердің сұранысқа ие екені дәлел бола алады. 

1-сурет – Түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткіштері 

Жоғары оқу орнында техника және технология, жаратылыстану тобы бағытындағы мамандықтар бойынша 

түлектердің жұмыспен қамтылуында қиындықтар бар. Түлектер мекемелер мен ұйымдарда, кіші және орта 

бизнесте,  ғылыми  және  шығармашылық  орталықтарда  еңбек  етуі тиіс.  Бұл  мәселеде  жұмыс  берушілердің 

қазіргі нарық сұранысына сай келетін білім алуына бағдарланған білім бағдарламаларын, студенттің жеке 

білім  траекториясын  құруына  қатысты  көптеген  іскер  кеңестер  мен  ұсыныстар  береді.  Олардың  кейбір 

пәндерді  өз  базаларында  немесе  университетте  оқытуы  студенттердің  бәсекеге  қабілетін  арттыра түседі. 

Жұмыс  берушілер  тарапынан  дәріс  оқу  ғана  емес,  ғылыми  зерттеу  жұмыстарына  кеңес  беру,  сараптама 

жасау,  емтихандарда  студенттердің  білімін  бақылау  сияқты  шаралар  да  жүргізіледі.  Ең  бастысы,  жұмыс 

берушілермен бірлесе құрылған білім бағдарламаларын жүзеге асыру кезінде практикаға бағдарлап оқыту 

іске асырылып, студенттер аудиторияда алған білімдерін өндірісте шыңдай алады. Бұл орайда Батыс Қазақстан 

облыстық орта білімді ақпараттандыру орталығы, «Batys IT» ЖШС, «Өрлеу» АҚ 5В070300-есептеу техникасы 

және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша жұмыстанып отыр. Нәтижесінде былтырғы оқу 

жылының түлектері біздің облысымызда ғана емес, басқа облыстарда да қызмет етіп жатыр. 

Практикаға бағдарланған оқытудың тағы бір ерекшелігі - кәсіпкерлікке баулынуында. Кейбір түлектер оқу 

бітірмей-ақ өз кәсібімен айналыса бастады, енді бірқатары жастар практикасына тартылды, келесілері жол 

картасын пайдаланды. 

Қорыта  айтқанда,  практикаға  бағдарлап  оқытуды  серіктестік,  сабақтастық,  ішкі  түйінді  байланыстар, 

академиялық ұтқырлық арқылы жүзеге асыруға болады. Болашақ түлектің кәсіби қалыптасуында теория мен 

практиканың бірлігі ерекше. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет