Бaлa жaқcы оқиды, eгep оғaн өтiлгeн мaтepиaлды өз бeтiмeн зepттeyгe мұpcaт бepce….
Питep Клeйн
Оқыту технологиясы – оқыту үдерісінің диагностикалы қойыл-ған мақсаттарына қол жеткізу құралдары, алдын-ала жоспарланған оқыту үдерісінің практикалық түрде жүйелiлiк пен бiрiздiлiк негізінде іске асырылуы. Оқыту технологиялары оқыту үдерісінің байланыстарын реттеуге, оның барлық кезеңдері мен өт-кізілу шарттарын оқушылардың нақты мүмкіндіктеріне сәйкестен-діруге бағытталған.
Оқыту технологиясының басты белгілері: бір жас мөлшеріндегі оқушылардың тұрақты құрамы мен олардың дайындық деңгейлері ескеріледі; жылдық жоспар мен оқу бағдар-ламасы негізінде оқыту жүргізіледі; әр оқу пәнінің сабақтары тақы-рыптарға бөлінеді; тұрақты сабақ кестесі жасалып, мұғалім оқуды ұйымдастырады.
Жаңа технологиялардың бірі – жобалап оқыту технологиясы. Жобалау – «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. Жобалау технологиясы ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған психолог, педагог, философ Джон Дьюи. Дьюидің ілімін жалғастырушы профессор Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі. "Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе – бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі" – деп тұжырымдайды Хилпатрик. Жобалау технологиясы проблемалық оқыту технологиясының идеяларымен үндеседі, бірақ өзіндік ерекшеліктері бар. Оның басты айырмашылығы балаларға тапсырмалар берудің өзгешелігінде. Оқушыларға берілетін тапсырмалар олардың теориялық білімдерді нақты өмірлік тәжірибеде қолдана алуларына бағыттайды. Оқушылар өзіндік ізденіс үдерісінде алдарына қойылған мәселенің немесе тапсырманың шешімін тауып, оның дұрыстығын дәлелдеп қорғап шығулары талап етіледі.Мұғалім бұл технология бойынша тек бағдар беруші рөлін ұстанады: оқушыларға әдебиет көздерін оқуды, өз беттерінше жұмыс істеу тәсілдерімен таныстырып отырады. Ең ұтымды жағы - оқушылардың танымдық әрекетке қызығушылығының артуы. Оқушылар алған академиялық білімдерінің нақты өмірлік тәжірибедегі құндылығын, болашақта қажеттілігін осы жобалық тапсырмаларды орындау арқылы жақсы түсінетін болады.
Қазақ әдебиеті сабағында жобалық тапсырмаларды пайдаланудың мақсаты – оқушылардың оқудағы белсенділіктерін арттыру, көркем шығармалармен танысу, оқутанымдық білік және дағдыларын қалыптасуына көмектесу, оқу еңбегінің тиімді білік және дағдыларын меңгеру, сұрақтар мен тапсырмаларды орындау, өз пікірлерін білдіру, басқалардың пікірлерін тыңдау арқылы өз беттерінше жаңа білім алады, пәндер бойынша жобалық тапсырмаларды орындауға арналған әдебиеттерді зерделеу барысында білімдерін толықтырады және тереңдетеді.
Жобалық жұмысты орындау барысында оқушының бойында өз бетінше өзінің қабілеті мен қызығушылығына қарай тақырыпты еркін таңдай білу, таңдаған тақырыбына байланысты мақсат-міндеттер қоя білу, мақсат-міндеттеріне қарай жұмыс жоспарын құру, тақырыпқа қатысты мәліметтерді жинақтауға, жүйелеу, орындалатын жұмыстардың әдістерін талдау, салыстыру арқылы, тиімді тәсілді таңдау, өз ойын, көзқарасын жүйелі, дұрыс және дәлелді жеткізу дағдылары қалыптасады. Жобалық тапсырмаларды негізінен оқушылардың өздері орындайды, тапсырманы орындаудың уақыты белгіленеді. Алайда жобадағы шешілуі тиіс мәселенің күрделілігі мен ерекшелігіне байланысты, мұғалім бағыттаушы, басқарушы рөлін атқарады.
Білім беру үрдісінде қолданылатын жобаның көптеген түрлері бар: ғылыми жоба, шығармашылық жоба, ойын түріндегі жоба; ақпараттық жоба және т.б. Мерзіміне қарай қысқа мерзімді жоба болып бөлінеді. Жобалау технологиясы негізінде — оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр.
Жобалау технологиясы мына талаптарға сай жүргізілуі тиіс:
- берілген тапсырманың шығармашылық тұрғыдан қызықты болуы, жан-жақты ізденіс әрекетін талап етуі;
- күтілетін нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық құндылығының жоғары болуы;
- жоба (жеке, жұптық, топтық) міндетті түрде өзіндік орындалатын іс-әрекет болуы керек;
- жобаның мазмұнының нәтижелерге жету кезеңдері бойынша құрылымдануы;
- зерттеу әдістерінің қолданылуы: зерттеу проблемасын, мін-деттерін, болжамын анықтау, жинақталған мәліметтерді талдау, ста-тистикалық әдістерді қолдану;
- жоба тапсырмасын орындауда пәнаралық байланыс негізінде білім интеграциясының болуы ;
- орындалған жоба нәтижесінің қорытынды формасының мате-риалдық сипатта өткізілуі: бейнефильм, альбом, презентация,сайт, мақала, т.с.с.;
- жобаның көпшілік алдында талқылануы, қорғалуы, құнды-лығының дәлелденуі.
Орта мектепте қазақ әдебиеті сабағында белгілі жазушы Дулат Исабековтың «Әпке», Ата үміті («Дермене»повесінен үзінді) сияқты туындылары оқытылады. Оқушыларды жазушының мектеп бағдарламасына енбеген туындыларымен таныстыру, оларды образдар жүйесіне, жазушының шығармашылық стиліне байланысты талдауға үйрету мақсатында жобалап оқыту технологиясын қолдануға болады. Жобалап оқыту технологиясы бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асады.
Жобалап оқыту бірнеше кезеңнен тұрады:
1. Дайындық кезеңі. Жоба тақырыбын анықтау. Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға ынталандырады. Топтағы әрбір оқушының пікірін ескере отырып жұмысты жоспарлауға үйретеді. бірігіп жобаның мақсаты анықтайды. Мысалы, 9-11 сынып оқушыларына жобалық жұмысқа мынадай тақырыптар ұсынуға болады:
1«Гауһартас» әңгімесіндегі махаббат тақырыбы
2 Жазушы лабораториясындағы кейіпкер характері
3 Дулат Исабеков шығармаларындағы астарлы юмор
4 Дулат Исабеков шығармаларындағы ұлттық психология
5 Д.Исабеков шығармаларының көркемдік және танымдық сипаты
6 Д.Исабеков шығармаларындағы замандас бейнесі
Жобалық жұмыс орындаушы оқушылардың бойында жобалық білік қалыптасады, алдына проблема қою, сол проблемаға қатысты мақсат қою, жоспарлау, зерттеушілік, коммуникативтік біліктері қалыптасыды. Жобалық тапсырмалар білім алушының жоғары технологиялы, бәсекеге қабілетті әлемде өмірге дайын, өзіндік азаматтық ұстанымы бар, белсенді азамат болып тәрбиеленуіне ықпал етеді. Балалар зерттеу тақырыптарын таңдауды және мақсатқа қол жеткізу жолдарын іздеуді, жоспар құруды, ғылыми болжамдарды ұсынуды, түрлі мәліметтерді жинақтау мен іріктеуді, нәтижелерді іс жүзінде қолдануды үйренеді.
2. Жоспарлау.Топқа бөлу. Ақпарат жинау және талдаудың жолдарын көрсету. Әрбір топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтау. Оқушыларды өз бетімен акпарат жинауды бағыттайды. Оқушылар өздері алған тақырып бойынша және жазушы Дулат Исабековтың өмірбаяны, жалпы шығармашылығы туралы қосымша мәліметтерді өздері ізденіп табады. Әркім өзі жинаған мәлемтті ортаға салып, талқылайды. Әрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық талқылау шешімін тыңдайды, қажет болса өз ойымен бөліседі. «Қоғамдық » тапсырманы орындауға дайындығын көрсетеді.
3. Зерттеу жұмысы. Ақпарат жинау, аралық нәтижені талдау, зерттеудің негізгі құралдары: алынған түрлі ақпаратты талдау. Дулат Исабеков шығармасы бойынша кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау, жазушы стиліне талдау жасау, жазушы шығармаларындағы ұлттық психологизм сипатын ашу, т.б. Жобалық тапсырмаларды орындау балалардың өз беттерінше әрекет жасауына, оқуға үйренуіне мүмкіндік береді. Жоба бойынша жұмыс барысында оқушылардың жеке, жұпта, топта, ұжымда жұмыс істеу дағдылары қалыптасады, балалар ақпараттың түрлі көздерінен қажетті деректі таба білуге үйренеді.
Мұғалімнің әрекеті — оқушы күнделігін бақылап, әрбір жетекшісімен топ мүшелерімен жеке — жеке сөйлесу , талдау, нәтижені салыстыру арқылы алдағы жұмысқа бағыт беру.
4. Нәтижені талқылау. Оқушылардың шығарманы оқып, талдау жасаған жұмыстары бойынша ақпаратты талдау , шешім шығару, тұсау кесердің қандай түрде өтетінін жоспарлау. Мұғалім әрекеті — бақылайды, кеңес береді. Топ арасындағы әркімнің рөлін анықтап, алынған ақпараттың арасынан ең негізгіні белгілеп жазады. Проблемаларды сұрақтарды анықтап, оны бірге шешуге дайындалады.
5. Жұмыстың тұсаукесері. Оқушылардың дайындаған презентация, баяндама, шығарма т.б. жұмыстары тыңдалады. Мұғалім әрекеті — тыңдайды, проблемалық сұрақтарды қоя отырып, оқушыны сөйлетуге мүмкіндік жасайды. Алынған нәтиже туралы есеп береді. Оқушылардың жобалық жұмыстарының нәтижесі баяндама, реферат, шығарма, плакат және т.б. түрде рәсімделуі мүмкін. Жобаны қорғау сатысында оқушылар өз жобаларын көрсетіп, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берулері тиіс. Оқушылар пікірталас жүргізуге, жұмыстарын қорғауға, жобаларының басым жақтарын көрсетуге, өз көзқарастарын сақтап қалуға, басқа адамдардың пікірлерін тыңдауға және қорытынды шығаруға үйренеді. Жобаны қорғау ойын, дөңгелек үстел, пресс-конференция т.б. түрлерде жүзеге асырылуы мүмкін. Соңғы кездері компьютердің көмегімен презентация жасау жиі қолданылатын болып жүр. Презентация жасау арқылы оқушылар заманауи технологияларды қолдану дағдыларын дамыта отырып, жұмыс барысында қолданған әдіс-тәсілдерді, ақпарат көздерін сипаттайды. Жобаны қорғау барысындағы оқушының сөзі қысқа және еркін болуы тиіс.
6. Бағалау және жоспарлау. Шығармашылық жұмысты бағалайды, еңбек иелерін алдыңғы үлкен мақсаттарға жетелейді. Ұжымды талқылай отырып бір-біріне, өздеріне баға береді.
Достарыңызбен бөлісу: |