Оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолдану» атты ата-ана жиналысының №1 хаттамасы Күн тәртібінде: «Оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолдану»



Дата17.02.2023
өлшемі16,65 Kb.
#68950
Байланысты:
хаттама критер бағалау


2017ж 14.09 күні «№30 орта мектеп» МКМ 1 «Б» сыныбында «Оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолдану» атты ата-ана жиналысының №1 хаттамасы
Күн тәртібінде:

  1. «Оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолдану» ата-аналармен әңгіме өтілуі.

(Айнабек Ш Т)
Қатысқаны: 18
Қатыспағаны: -5
Тыңдалды:
Сынып жетекшісі: Айнабек Ш Т 14.09.2017ж күні 1 «Б» сынып ата- аналарымен : «Оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолдану» тақырыбы бойынша әңгіме өтті. Өз сөзінде ол Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екенін айқындап айтып өтті.
Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде.
Критериалды бағалау – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс
Критериалды бағалау
Мұғалімдерге:
1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;
2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;
3. Білім беру сапасын арттыруға;
4. Оқытудың сапасын жақсартуға;
5. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;
6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді
Оқушыларға:
1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;
2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;
3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;
4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.
Ата-аналарға:
1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;
2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;
3. Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;
4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;
5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.
Мұндай бағалау жүйесінде біз балаларды оқытуда жеке жұмыс, топтық жұмыс, ой қозғау, ББҮ кестесі (INSERT), топтастыру, рефлексия сияқты бірнеше әдістерді қолдана аламыз. Осы әдістерді қолдана отырып оқушылардың оқуға деген ынтасының, қызығушылығының арта түскенін байқауға болады. Критериалды бағалау жүйесін әрбір сабақта тиімді пайдалануға болатынын дәлелдеп айтып кетті.

Сөйлеушілер:


Баймолдаева Сандуғаш: Бүгінгі заман талабы - жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері қалыптасуы қажет.Критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады. Сол себептен сабақтарда мұғалімнің критериалды бағалау жүйесін қолданғаны жөн деп ойлаймын.

Қаулы:
Сынып жетекшісі Айнабек Ш Т 14.09.2017ж күні 1 «Б» сынып ата-аналарымен өткізген: «Оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолдану» тақырыбы бойынша әңгімесі «қанағаттанарлық» деп есептелінсін.


Отырыс төрағасы: Айнабек Ш Т
Хатшысы: Уразбаева А

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет