Дифференциалды оқыту технологиясы Оқытуда, оқушылардың барлық ерекшеліктерін ескеруді жүзеге асыратын құрал – дифференциация болып табылады Дифференциацияның мәні – оқушыларды бөлу емес, оларды біріктіруде дер кезінде дифференциалды көмек көрсету.
Тиімділігі – мұғалім оқушылардың жұмысын бақылап қана қоймай, осы уақытта әрбір оқушымен жекеше жұмыс жасайды. Оқушылар үш режимде жұмыс істей алады мұғаліммен бірігіп жеке өз бетімен мұғалімнің жетекшілігімен Мектептік білім беру пайда болғанда, мемлекеттен жеке алынған, әрбір дәуір талаптарына сәйкес дифференциациялап оқыту мәселесі дамыды. Отандық мектептерімізде, бұл мәселенің пайда болу жолын, үш кезеңге бөлуге болады: бірінші кезең – 1918-1930 жылдары, дифференциациялап оқытуды ұйымдастыруға жалпы амал, тәсіл іздеу;
екінші кезең – 1930-1990 жылдар, мектептік білім беруді ұйымдастыруда эгалитарлы амал тұрғысында дифференциациялап оқыту пікірінің дамуы;
үшінші кезең – 1990-2000 жылдар, мектептік білім беруді бұқарашылдандыру жағдайында дифференциациялап оқытуды жүзеге асыру үшін жаңа амалдарды анықтау.
В.М.Монахов, В.А.Орлов және В.В.Фирсов дифференциациялап оқытудың келесі формаларын ұсынады: Ішкі (деңгейлік) дифференциация – барлық оқушылардың міндетті даярлық базалық деңгейін меңгеруге, білімді қабылдауда әр түрлі деңгейдің бөлінуі негізінде олардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, ұйымдастыруда оқытудың әдісі, формасы және тәсілінің жиынтығы.
Сыртқы дифференциация – білім беру мазмұны және оқушыларға ұсынылған талаптар ескерілетін, белгілі принциптер негізінде (қызығушылық, қабілеттілік, нәтижеге жету, бейімделгіштік) тұрақты топ құру.
Қазіргі кезеңде мектепте екі түрлі сыртқы дифференциация қолданылуда: факультативті сабақтар және жеке пәндерді тереңдетіп оқыту сыныптары. Элективті дифференциация – бұл оқушыларға міндетті оқу пәндерімен қатар бірнеше пәндерді қосымша ретінде оқуға құқық беру.
Дифференциациялап оқыту процесінде оқушылардың бір топтан екінші топқа көшуі мүмкін. Көшу немесе ауысу оқушының даму деңгейінің өзгеруінен, сабақта білім алуда қызығушылығының тууына, талаптануда, оқу бағыттылығының жоғарылауы және кемшіліктерді толықтыруында қамтамасыз етіледі.