Оқытудағы диалог рөлін арттыру мақсатында әзірленген іс-әрекет кезінде оқушының талқылауға қатысуы туралы қысқаша түсініктеме және талдау



бет1/4
Дата22.06.2023
өлшемі51 Kb.
#102979
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Есеп


Есеп №4.2


Оқытудағы диалог рөлін арттыру мақсатында әзірленген іс-әрекет кезінде оқушының талқылауға қатысуы туралы қысқаша түсініктеме және талдау.
Әдетте, тарих пәні сабақтарында балалардың сөйлеуі үшін көп дайындалуы керек. Даталардың есте сақталуы қиындық келтіреді, тез ұмытылып қалады.
Өзімнің мұғалімдік тәжірибеме және анықтамалық (нұсқаулыққа) сүйене отырып, өз тәжірибеме диалогтік оқытуды (Александер 2004) белсенді жүргізуді енгіздім. Александер (2004) білім берудегі әңгімелесуді қарым-қатынас жасаудың бірсарындылығы емес, екіжақты бағытта жүретін идеялар және білім алу алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында балалар нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білім алуда, пікір алмасуда тең құқылы серіктес бола алады.
Пікір алмасу диалог құру арқылы іске асады. Әдетте диалогтік қарым- қатынасқа түсу үй тапсырмасын сұрау барысында көрінеді. Енді тәжірибе барысында балалар арасындағы диалогті сабақтың барлық құрылымына енгіздім.
«Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі» тақырыбындағы сабақта 1-ші диалог үй тапсырмасын сұрауда жасалады. Мұғалім-оқушы

  • Өткен сабақта қандай тақырыпты қарастырдық?

  • Шоқанның ата-бабалары кімдер?

  • Болашақ ғалымның дүниеге көзқарасының қалыптасуына кімдер әсер етті?

  • Қандай ақын - жазушылардың шығармаларына Шоқанның қызығушылығы артты?

  • Ғалымның Қазақстан тарихында алатын орны қандай?

Бұл жағдайда дайын материалды әркім өзінше талдайды. Соның өзінде бала мәтін ішіндегі мағыналы түйінді айтуға әрекеттенеді. Өзгені тыңдайды, қарсы пікір (дұрыс болмаған жағдайда) дәлел айтуға ұмтылады. Бұл баланы өзін тұлғалық қалыптасуына апаратын жолдар деп білемін.
Сабақтың мағынаны тану кезінде пайдаланылған диалог «Оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады»-деген Мерсердің пікіріне сүйенсек оқушылар әңгіме үстінде

Үй тапсырмасында мұғалім – оқушы диалогі құрылса өзге құрылымдарда оқушы-оқушы диалогінің жетістігін тәжірибемде өз жемісін бере білді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет