Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА: МАҚСАТ ЖӘНЕ НӘТИЖЕ



бет105/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА: МАҚСАТ ЖӘНЕ НӘТИЖЕ
Жаукеева М. Б. (Қызылорда)
Білім – құндылық, білім – жүйе,

білім – процесс, білім – нәтиже
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде және адамды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпаратттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтармен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындауда. Білім стандартының жасалынуы, мектептерді жаппай компьютерлендіру, білім мазмұнын байыту жұмыстары сол өзгерістердің куәсі.

Білім дегеніміз – тұлға жетістігі. Мұғалімнің білімін жетілдіру жұмыс жүйесі – нәтижеге бағытталған білім беру кепілі болып табылады.

Қазіргі таңда пәндік білім берудегі нәтижеге бағытталған білім жүйесіне дайындық жасалуда. Нәтижеге бағытталған білім беру сапаны қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылады.

Білім беру сапасын артттыру үшін үнемі ізденісте болу керек, үлкен нәтижеге жетіп отыру қажет.

Білім сапасы дегеніміз – мақсат пен нәтиженің қатынасы. Қазіргі таңда адамзаттың ақпаратты қоғамға қарқынды түрде өтуіне байланысты білім берудің мақсаты – алған білімнің кәсіби дағдылардың негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын, өзінің алған білімін өз өмірінде қолдануға, өзін-өзі дамытуға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру болып отыр. Соған сәйкес білім сапасы оның төрт сипатының білім – құндылық, білім – жүйе, білім – процесс, білім – нәтиже біртұтастығын ескере отырып, олардың ішінде білімнің құндылық ретіндегі және білімнің нәтиже ретіндегі сипатына мән берумен тікелей байланыста қарастырылады.

XXI ғасырдағы әлемдік және қазақстандық білім беру жүйесі дамуының негізгі басымдықтары мынадай болып табылады:



біріншіден – білім сапасын арттыру; мемлекеттік тіл, жаратылыстану – математикалық техникалық пәндерді, шет тілдерді оқыту сапасын жақсарту

екіншіден – білімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану, жаңа технологияларды жасау және тарату, инновацияларды өрістету және ынталандыру

үшіншіден – оқыту, жұмыс орнын дайындау

төртіншіден – оқытушылардың білімі мен біліктілігін жетілдіру

бесіншіден – қоғамдық ресурстарды, сондай-ақ білімдегі инвестицияларды біріктіретін сектор аралық қатынастарды тиімді қолдану және т.б. Мұғалімдердің үздіксіз білімділігін арттыру жолдары бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Себебі жеке тұлғаға әлемдік деңгейде білім беру, білім, білік, дағды қағидасын басшылыққа ала отырып, бәсекеге қабілетті тұлға даярлап, нәтижеге бағытталған білім беру – ұстаздар құзырлығының негізгі көзі.

Қай заманда, қай дәуірде болмасын білім мен ғылым – қоғамның қозғаушы дамытушы күші.

Әсіресе, тәуелсіздік жылдарында білім мен ғылым сапасы өркендеу үстінде екені анық. Осы орайда Ел Президентінің өз Жолдауында «Білім беру жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты білім сапасын жаңарту мен ұлттық білім беру жүесінің бәсекегеқабілеттілігін арттыру» деп нақты көрсетуі сондықтан.Бүгінде осы қағидаларды жүзеге асыру мақсатындағы жұмыста- рымыз білімнің тиімді әрі бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыруға бағытталуға тиіс.

Сапалы білім беру мына бағыттар арқылы жүреді:



  1. Сапалы білім мазмұнын қамтамасыз ету. Оқу жоспары мен оқу-әдістемелік материалдардың сәйкестігін сақтау.

  2. Білім беру үрдісін сапалы ұйымдастыру. Білім беру сапасын арттыру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін тиімді қолдану .

Осы аталған бағыттар бойынша білім беруді оқушылардың білу, орындай алу, бірігіп жұмыс жасау, жеке тұлға ретінде өзін сезіну, өзін және қоғамды өзгертуге негіздеу. Білім беру үрдісін дәстүрлі пәндер шеңберінен тысқары, оқушылардың сұранысына,олардың ерекшелігіне, жеке басына бағыттау.

  1. Кәсіби білікті, білім беруге, нәтижеге жетуге ынтасы мол, қызығушылығы бар педагогтар қауымын қалыптастыру, мұғалімдерді әлеуметтік қорғау, кәсіби өсуіне жағдай жасау, мүмкіндік тудыру.

Қазіргі қоғамға қажетті адамдар салалары:

– алған білімді пайдаланып, проблеманы шеше алатын, оның шешу жолдарын іздестіретін,



  • шығармашылықпен ойлап өзіне-өзі сын көзбен қарайтын,

  • ақпарат көзімен жұмыс істей отырып, қажеттіліктерін пайдалана алатын,

  • өмір өзгерістеріне оңай бейімделіп, қоғамнан өмір бойы өз орнын таба алатын мектеп - өз түлегін осы салаларды бойына игерілетіндей етіп дайындауы тиіс.

Сабақтың сапасы жоғары әрі оның нәтижесінің жақсы болуы – сабақтың ғылыми тұрғыдан, теориялық жағынан жоғары дәрежеде өтуіне тығыз байланысты.

Тиімді әдіс-тісілдерді қолдану арқылы сабақтың сапасын арттыруға көңіл бөлу керек. Жаңа технология үрдістерінің талабы – оқушыға білім беруде мақсатқа жету, оқушының іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттыра отырып, сабақтағы үш біріккен мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу. Оқушыларға сапалы білім беру жолында оқыту әдісін жетілдіру – мұғалімнің басты міндетінің бірі.

Оқушылар дүниетанымының қалыптасуы мен ақыл ойының дамуы өтілген сабақтың сапасына тікелей байланысты.

- Қазіргі таңда білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты ой-өрісі кең, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, дүние танымы жоғары жеке тұлға тәрбиелеу. Сонымен уақыт талабы – шәкірт білімінің тереңдігі.

Білім беруде нәтижеге бағыттауға көшу қазіргі өмірдің талабынан туындап отыр. Өйткені, еліміздегі саяси, мәдени, экономикалық жағдайлардың өсуіне байланысты көптеген мамандықтардың заманға сай компьютерлік технология мен жалпы технологияландыру үрдісі арқылы оларды даярлау қаралуда. Нәтижеге бағытталған білім беру – жаңа үрдіс ретінде түрліше сипатталуы мүмкін. Себебі оның көпқырлы және зерттеудің әдіснамалық бағыт-бағдары іс-әрекеттік, әрі жеке тұлғалық көзқарас тұрғысынан негіздеуді қажет етеді. Нәтижеге бағыттталған білім беру оқытудың мақсатын мүдделі түрде анықтайды.

Мұғалім мүдделі мақсат бойынша білім беруді шығармашылықпен іске асыруы керек, ал оқушының іс-әрекеті құзырлы болуы қажет.

Еңбек процесінде технологиялық әдістер мен жұмыс жасайтын мамандықтарға қажеттіліктің өсуі себебінен мектептегі математикалық білім берудің мазмұны мен оны оқыту әдістерін нәтижеге бағыттаудың маңызы зор. Нәтижеге бағытталған математикалық білім беру оқытудың мақсатын мүдделі түрде анықтайды.

Мемлекеттің қазіргі таңда білім беру сапасына қойып отырған талаптарының бірі – білімді нәтижеге бағыттау. Осыған орай математикалық білім беруді шығармашылықпен іске асыру керек.

Оқу процесінің төзімділігі ең алдымен оқушылардың белсенділігі мен танымдық ізденісіне қатысты. Сондықтан мен өзімнің педагогикалық жұмысымда сабақ жүргізудің негізгі тәсілі оқушылардың тікелей өзара қатынасынан туатын интерактивті әдістерді және профессор Ж.А.Қараев насихаттап жүрген жаңа оқыту технологиясын іс-тәжірибеме енгізіп жүрмін.

Бұл технологияның ерекшелігі – терең білім алу арқылы баланың дамуын қолдау болып табылады. Саралап деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясы мен оқушының белсенділігін арттыру әдісін қатар жүргізу арқылы әр оқушының өз бетінше жұмыс жасауына толық мүмкіндік беруге болады.

Деңгейлеп саралау – оқушылардың бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі. 1-деңгейдің тапсырмаларын орындап, үлгерген оқушыларға қалауы бойынша 2-3 деңгейлік тапсырмаларды орындау тапсырылады.

Нәтжесінде, оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына және оқытудағы әртүрлі проблемалардың шешілуіне жақсы жағдай жасалады.

Мұғалім шеберлігін шыңдауда әртүрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануға болады. Осы мақсаттарды жүзеге асырғанда оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Сөйтіп, оқушылардың танымдық белсенділігін жетілдіруге болады.

С.Д.Пуассон: «Екі нәрсе ғана өмірдің сәнін келтіреді: бірі – математикамен шұғылдану, екіншісі – одан сабақ беру» дегендей, сабақтың басты белгісі жоспар құру, жоспарды жүзеге асыру, жақсы нәтижелерге жету.

Мен өзім сабақ беретін сыныптарда математикадан деңгейлеп саралап оқыту технологиясын, көбінесе оқушылардың қызығушылығын арттыру, білім деңгейінің көтерілуіне ықпал жасау мақсатында сабақтарымды ойын түрінде интерактивті тақтамен өткіземін.

Менің негізгі мақсатым – оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін дамытып өздігінен шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.

Нәтижеге бағытталған тиімді оқытудың басты бағыты – оқушыға және оның өміріне тікелей қатысты және сұранысына өте мәнді құндылыққа бағдарлауды қалыптастыратын білім мен білікті іріктейді.

Оқыту үрдісінде жаңа технология түрлерін кеңінен ендіру немесе элементтерін пайдалану әрбір мұғалімнің нәтижеге жетуінің бірден-бір себебі болып табылады.

Егемен Қазақстанның келешегі бүгінгі оқушылар, дүние жүзінде білім деңгейінде қалыптасқан азамат, білімді жан-жақты тұлға – біздің болашағымыздың жарқын кепілі.


  • Білім теңдессіз қазына.

  • Білімдінің қолында – алтын шырақ.

  • Білім сапасы – бәсекелестік кепілі.

  • Әлемдік білім: талап пен тағылым деген теңеу сөздердің мәні зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет