Әдебиеттер
Сластенин В.А. и др. Педагогика: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений / В. А. Сластенин, И. Ф. Исаев, Е. Н. Шиянов; Под ред. В.А. Сластенина. – М.: Издательский центр "Академия", 2002.
Чепель Т.Л. Психологическое просвещение как путь к развитию креативности педагогов и их готовности к инновационной деятельности.
Ресурсы: Интернет.
МУЗЫКА ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Жазымова З.М.(Ақтөбе)
«...Музыканы тыңдай және оны түсіне білу –
эстетикалық мәдениеттің қарапайым ғана
белгісі, бұл болмаса сапалы тәрбие беруді
елестету мүмкін де емес»
(В.А. Сухамлинский.)
Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де зор ықпал етті.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемдік білім беру модельдерінің деңгейіне жету барысында оқытудың жаңаша озық техналогияларын білім беру үрдісіне енгізуде.
Педагогикада білім берудің мазмұны кеңейіп, жаңа педагогикалық технологиялар қадам басып келуде. Жас ұрпаққа ұлттық мәдениетімізді насихаттай отырып, заман талабына сай жаңа педагогикалық технологияларды қолдану-кәсіби мамандардың негізгі мақсаты болып табылады.
Өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеп, халқымыздың ұлттық музыкасы арқылы олардың бойына өз елінің жетістіктері мен табыстарына, музыкалық мәдениетіне деген мақтаныштарын, сүйіспеншіліктерін, қызығушылық сезімдерін қалыптастыруымыз керек. Бұл бізді оқытудың жаңа инновациялық әдістері мен пәнге байланысты жаңа технологияларды пайдалануға итермелейді.
«Инновация» терминi латын тілінен алынған, ол - «жаңару, өзгеру» дегендi бiлдiредi.Ол – білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы- ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуы керек.
Жалпы білім беретін мектептердегі өнер пәнінің бірі - музыка сабағы. Музыка - мектеп оқушыларының жалпы музыкалық білімі мен мәдениетін қалыптастырады. Мектеп оқушылары музыка өнерінің түрлі жанрларымен танысып, ән орындау, музыкалық шығарманы тыңдауға үйренеді.
Музыка пәнінде жаңа әдістерді пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге негіз болады.
Музыка сабақтарының тақырыптары еліміздің музыка өнерінің түрлі бағыттағы дамыған бай мұрасын оқушыға үйретуге бағытталған. Қазақ халқының халықтық музыкасы яғни аспаптық музыкасы, әні мен күйі туралы алғашқы мағлұматтар мен білімдерін, оқушылар мектеп музыка сабағында үйренеді. Музыка сабағы мектеп оқушыларын өз халқының музыкасын сүюге, мақтаныш етуге, сол арқылы оқушыны ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелейді. Музыка сабағында оқушылар қазақ аспаптық музыкасымен таныса отыра домбыра аспабының қазақ халқының өміріндегі ерекше орны туралы танып біледі.
Оқушыларға теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана алған білімімен біліктілігі шынайы нақтылы қалыптасады. Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болмақ.
Содықтан да оқушы белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеретін, ойлауға үйрететін ол жаңа инновациялық әдіс- тәсілдері болып табылады. Бұл-мұғаліммен оқушыға арасындағы қарым-қатынас, сабақты жақсы оқитын, музыкаға деген бейім оқушылармен белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар туғызып қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру болып табылады. Барлық оқушы өз қызыметін ең төменгі жеңіл тапсармалады орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі тапсырмаларды орындауға көшіп отырады. Бұл оқушылар арсында бәсекелестікті және әр оқушының өз қабілетіне, қызыметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасайды. Өтілетін тақырыптарға байланысты интерактивтік тақтамен жұмыс , мультимедиялық көрініспен, жаңаша тапсырмалар арқылы сабақты түрлендіре отырып өткізу,қызықты сергіту ойындарын ойнату да сабақ сапасын арттыруға ықпал етеді.
Сондай – ақ музыка пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі басты назарда болуы керек. Дегенмен, оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, музыкаға деген қызығушылығын арттыру, жақсы ұйымдастрылған сабаққа байланысты. Сондықтан, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта тақырыпқа байланысты, музыка түрлерінің шығу тарихы, музыка түрлері дамыған елдерде, музыканың әр саласындағы белгілі компазиторлар өмірімен Қазақстандағы, әлем елдеріндегі компазиторлармен музыка жұлдыздары туралы толық мәліметтер беріліп отырады. Сонымен бірге оқушыларға бұқаралық ақпарат құралдары, журналдардың тағы басқа, әлем елдеріндегі атақты компазиторлары және мәдени жаңалықтарға шолу жасап отырған жөн. Осылай оқушылар атақты компазиторлардың жетістіктерге жетудегі еңбектерімен таныса отырып, өздеріде, сабақта әр тапсырманы ыждағаттылықпен, белсенділікпен орындауғаұмтылады. Оқушылардың қызығушылығы белсенділігі артқасын, білім сапасының арттатыны да сөзсіз.
Міне, осындай бағытта сабақты түрлендіре отырып өткізсек, оқытумен тәрбиелеудің ой елігінен өтетін әдіс - тәсілдерін жаңашыл педагогикалық технологияларды біліп қана қоймай, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдаланса, сабақ нәтижелі болмақ.
Қорыта айтқанда, пән мұғалім музыка сабақтарының өтуіне немқұрайлы қарамай,жаңа инновациялық технологиялармен, жаңа жоспарлармен жұмыс жасайтын болса, кәсіби шеберлікті іс жүзінде дәлелдей алады. Музыка сабақтарын жаңартылған үлгіде жоспарлап,әр сабақты қызықты етіп өткізуге тырысатын мұғалім балаға музыкалық тәрбие беруде үлкен жетістіктерге жетері сөзсіз.
Әдебиеттер
1.Жұбанов А.Қ. Ән-күй сапары. Алматы, Ғылым.
2.П.Момынұлы. Музыкалы – эстетикалық тәрбие, Алматы қ.
3.Р.Қ.Дүйсембінова «Музыкалық білім беру педагогикасы»,
4.Х.Тастанов «Домбырадан сабақ беру әдістемесі» Алматы қ.
Достарыңызбен бөлісу: |