Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ



бет95/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ
Жанабергенова С.С.(Ақтөбе)
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, онымен бірге үнемі өзгеріп отыратын құбылыс екені баршаға мәлім. Қай кезеңдеде жалпы білімнің атқаратын қызметі-жас ұрпақтың танымдық дүниесін байытып, дамуын қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-білім беру бағдарламаларын меңгерту үшін жағдайлар жасау»- деп көрсетілген.

Оқушыларға қазіргі заманға сай білім беру аса күрделі мәселелердің бірі, ол үшін ең алдымен пән мұғалімдері қазіргі оқытудың тиімді инновациялық әдіс-тәсілдерін, жетістіктерін пайдаланып, сабақ сапасын, ғылымилылығын арттырып, оқушылардың өзіндік ойлау қабілетін дамытуға бағытталған жұмыстар атқаруы қажет. Сондай-ақ мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз ізденуі, өз мамандығын барынша жетілдіруі және психология мен педагогика ғылымдары жайындағы жаңалықтар мен озық тәжірибелерді үнемі пайдаланып отыруы тиіс.

Қазіргі заман математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі. Математика күрделі ғылым саласы. Ол ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырып, дамытып, шыңдай түседі. Дегенмен, оқушыларға терең де, тиянақты білім беру мұғалімнің басты мақсаты. Бұл мақсатты жүзеге асыру мұғалімнің шеберлігіне, түрлі инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануына байланысты. Оқушылардың математика пәнінен білімін көтерудің бірден-бір шарты-олардың пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана оқушы оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды.

Менің оқыту жүйем алдымен менің оқушылармен бар күш жігеріммен менімен бірге сабақта жұмыс істеулеріне бағытталған. Оқу, үйрену процесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқу материалдарын игерудің тиімділігін жоғарылату мақсатында мен жаңа материалды баяндауда барлық жаңа және оригинал формалар, әдістер және жобалар әрқашан қызықтырады. Сондай-ақ қазіргі ақпараттық технологиялар мұғалімге оқытуды жоғарғы деңгейіне жетуіне мүмкіндік береді.

Мен қазіргі таңда пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағдарланған жаңа технологияларды, заманауи дәрістерді қолдану қажет деп санаймын. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып табылатын компьютер[1;7-9]. Бүгінгі мектепке келіп жатқан техникалық жаңалықтардың ішіндегі айрықша орын алатыны интерактивті тақталар-педагогикалық оқыту әдісін көрнекі, анық етеді, сондай-ақ, кері байланысты сапалы жүзеге асырады.

Бағдарламашыл-ақпараттық жиынтық «Интерактивті тақта» дегеніміз бұл дәстүрлі мектеп тақтасының барлық сапасына ие. Интерактивті тақтаны пайдалану сабақты жаңаша әдіспен түсіндірумен оқушылардың назарын аударады, жалпы пәнге деген қызығушылығын арттырады. Оқушылар сабаққа дайындалуға белсенді түрде кіріседі, бұл олардың оқу-зертеу жұмыстарын да шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдысын дамытады, тек математика пәнін оқытуда ғана емес, информаитка және мультимедиялық білім алуда жоғарғы жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Интерактивті тақтаның көмегімен бір мезгілде кластың барлық оқушыларының істеген жұмысына сараптама жүргізуге және тексеруге мүмкіндік туғызады, оқытуға жаңа құлшыныстың алғышартын дайындауды, ҰБТ-ке байланысты интернет желісіндегі жаңалықтардың қажеттісін қолданамыз, тест тапсырмалары бойынша басқа мектептермен пікір аламаса аламыз.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс-тәжірибемде Ж.Қаратаевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясын және Шаталовтың тірек-сызбалар технологиясын зерттеп, сабаққа пайдаланамын.

Тірек-сызбалар оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытуға игі әсерін тигізеді, сонымен қатар өзіндік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өзіндік жұмысын орындап, білімін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізді. Тірек-сызба сабақтарының өн бойында тақта шетінде ілініп тұрса, сөз бен іс теория мен тәжірибе кіріктіріліп, жаңа ұғымдар бала есінде ұзақ сақталуына жағдай жасайды[2;78-79].

Соның бір мысалы ретінде математика пәні бойынша «Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы» даму картасын ұсынамын. Класқа бірдей тапсырмалар беріледі. Оқушы бір деңгейден екінші деңгейге, одан үшіншіге, оны орындаса төртіншіге көшеді.

І деңгейде- жеңіл тапсырмалар

ІІ деңгейде-тест тапсырмалары

ІІІ деңгейде – тірек-сызбалар, блок схемалар

ІУ деңгей – ойындар, ребустар, тарихи мәліметтер



«Тригонометриялық функциялардың графигі» тақырыбын оқыту барысында мұғалім, әдетінше, осы әдісті пайдалана отырып, функция графигі туралы дайын мәліметтерді кезең бойынша, y = sin x, y = sin ωx, y = sin (x + b) түрінде хабарлайды, одан түріндегі функция графигін түрлендіру тізбегі туралы айтады.

Осылайша сәйкес иллюстрациялар тақтада немесе суреттермен көрсетіледі. Тақтада бейнеленетін графиктер көбінесе сапасыз болады және көп уақыт алады, ал дайын суреттер жағдайында оқушылар графиктің түрлену процесін бақылай алмайды. Берілген сабақта оқушы іс-әрекетінде репродуктивті сипат, төменгі белсенділік орын алады. Компьютерді зерттеу құралы ретінде пайдалана отырып А параметрі өзгергенде функциясының графигі қалай өзгеретіндігін анықтауға көмектеседі. Оқушылардың дайындығына сәйкес олар болжамды бірден немесе бірнеше рет байқап көруден кейін қалыптастырады. Содан кейін А-ға әртүрлі мән енгізе отырып және экрандағы графиктің өзгеріс процесін бақылай отырып, алға қойған болжамды тексеріп көруге болады. Қорытындысында оқушылар түйін жасап, талдап қорытады, оның дұрыстығын тексеретін (1-сурет).y=sinx функциясының графигін тұрғызады [3;17].

Математиканы оқыту үрдісінде оқушылардың қызығуын және саналы көзқарасын қалыптастыруда ойын тәсілдерімен тапсырмалар көп қолданылады. Әр мұғалімнің негізгі мақсаты-сабақ сапасын көтеру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденімін, танымын қалыптастыру. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі-оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Деңгейлік тапсырмалар мен жұмыс жасау арқылы оқушылардың өзіндік жеке жолы, темпі, даму динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түсіп, ой-өрісі кеңейеді. Дегенмен барлық баланың ойлау қабілетінің бірдей емес екендігін ескергеніміз жөн. Сонда да сабақ кезінде әрқайсысының жұмыс деңгейіне қарай жұмыстың түрін таңдап, сол тақырыпты игеру көзделсе, өте пайдалы.

Математика сабағында оқушылардың қызығушылығын тудырту үшін ойындар ұйымдасчтырамыз. Сабақта ойын элементтерін пайдалану сабақтың мақсатын түсіндіруде, оқушылардың тез ойлану қабілетін арттыруға дидактикалық ойындар, қазақтың ұлттық ойындары, логикалық ойлауға бағыттайтын ойындар орны ерекше [4;49]. Ойындар ұйымдастыруда оқушыларды қызықтыратын нәрселерді таңдай білу әрине мұғалімнен үлкен шеберлікті талап ететіні белгілі. Ойын сабақтарда берілетін тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударылады. Осылардың айғағы ретінде өз іс тәжірибемнен өткен сабақты назарларыңызға ұсынамын. Сабақтың тақырыбы «Жай бөлшектің негізгі қасиеті». Класы 5 класс. Әдіс-тәсілі математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы. Сабақ оқушыларды пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында тренинг түрінде өткізіледі. Мұндағы тренинг – дегеніміз белгілі бір тақырыпта өткізілетін жеке сабақтың түрі. Ерекшелігі оқушылардың сабаққа өз еркімен белсене қатысуы, оқушылардың есептерді бірігіп, талдап шешу жолдарын іздестіру; оқушылардың топпен жұмыс істеуі; оқушылардың логикалық ойлау қабілетінің дамуы.

Сабақ саяхат сабақ түрінде «2050 жылға сапар» ойыны түрінде жүргізіліп, сабақтың барысында «Тапсырма», «Білім», «Амалдар» станциялары арқылы жедел пойызбен жүріп өтеді. Аталмыш әр станцияда оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларды түрліше орындау арқылы жүріп өтеді[5;10].

Оқушылардың математикалық білімін байыту олардың математикаға деген сүйіспеншілігін тудыру дұрыс ұйымдастырылған жұмыстарға тікелей байланысты екені белгілі. Мен өз мақаламда жоғарыда айтылғандай математика пәнінен тиянақты білім беруде түрлі инновациялық технологиялардың оқушылардың сабақ үлгерімін көтеріп қана қоймай, олардың шығармашылық қабілетін дамытып, ой-өрісін кеңейтетін формаларын көрсеттім. Мен өзім сабақ беретін кластарда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту және математиканың сауаттылығын қалыптастыру үшін осы аталған педагогикалық технологиялардың озық түрлерін қолданып жүрмін. Дегенмен, сабақ мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі екенін ұмытпағанымыз жөн. Оның өз мәнінде өтуі әр ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілетіне, шеберлігіне байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет