Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет96/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Әдебиеттер

  1. Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы.Алматы, «Мектеп» 1989. 7-9 б.б.

  2. С.Елубаев, Н.Шәкуов. Математикалық кеш. Алматы, «Мектеп» 1989. 78-79 б.б.

  3. Садықов А.Математика пәндеріндегі схемалар. Репетитор көмекші. Мектеп оқушыларына арналған журнал. 2009. 17б.

  4. Тоқтамысова Қ. «Бинго» ойыны сабақта. Математика және Физика (ғылыми-әдістемелік журнал) №3, 2009. 49б.

  5. М.М.Жанпеисова. модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде /Аударған Д.А.Қайшыбекова/ – Алматы, 2006. 10б.



ТАРИХИ ОҚИҒАЛАРДЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІМЕН ҮЙРЕТУ
Жанғалиева Г. Ш. (Ақтөбе)
Соңғы жылдары жаңа ақпараттық технологияларды қолдану туралы жиі сөз болып жүр. Бұл жаңа техникалық құралдар ғана емес, сонымен қатар оқытудың жаңа формалары мен әдістері, оқыту үрдісіне жаңаша қарау деген сөз. Қазіргі кезде компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі рөлі қарқынды түрде артып келеді. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда оқу және жазу қабілеті болуы керек сияқты әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Білім берудің және оқытудың ақпараттық технологиялары дегеніміз – ақпаратпен жұмыс істеуге арналған (аудио - видеотехниканы, компьютерді, телекоммуникациялық желіні) қолдануға негізделген педагогикалық технология.

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи - танымдық, педагогикалық - психологиялық сауаттылық және ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Ендеше кез келген мұғалімнің бойында ақпараттық құзыреттілік қалыптасуы тиіс.

Ақпараттық құзыреттілік - ақпараттық мультимедиялық технологияларды пайдалана отырып, түрлі ақпаратпен теориялық білім мен тәжірибені ұштастыра отырып қолдана алу деген ұғымды білдіреді. Ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» – деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмәнім жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл - ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:

1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

2. Білімге бір - бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.

3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдіру

Инновациялық әдісті, оқытудың ақпараттық технологияларын тәжірибеде қолдану барысында өзінің тежеуші жақтары, кемшіліктері, қарама - қайшылық жақтары да кездеседі. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекетінің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан, бұл жерде де, жаңа технология бойынша – оқыту мақсаты болып табылады.

Мақсат - өздігімен дамуға ұмтылған жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның өзіндік танымдылық іс - әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет.

Барлық жаңа технологияның мақсаты - пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін басқарып, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Заман талабына сай, электронды оқулық, интернет, web сайтты қолданудағы жаңа ақпаратты технологияларды пайдалану тарих пәні үшін маңызы зор.

Жалпы мектеп мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігінің мазмұны көптеген ауқымды талаптарды қамтиды. Біріншіден мектеп мұғалілімінің шеберлігі өз қызметіндегі педагогикалық іс-әрекеттердің белсенділігі арқылы іске асырылатыны белгілі. Демек мектеп өмірімен тығыз байланысты, ал осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға ~ Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін жоғары көтеріп, қастерлеп, бағалап отырған. "Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға", "Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады", деп қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев айтып кеткен болса, ал чех халқының ұлы педагогі Я.А.Коменский: "Мұғалім мәңгі нұрдың кызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі", — деп, ұстаздар қауымын жоғары бағалағандығын атап көрсетеді.

Тарих пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде әр түрлі тапсырмаларды қолданудың маңыздылығын айтсақ...

Жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде мұғалімдер қауымына ерекше жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр. Соның бірі патриоттық тәрбие беру мен дүниетаным қалыптастыруда тарихшы мұғалімдердің орны ерекше.

Тарих – мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді және адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс-тәсілдері негізінде іске асады. Тарихи білім берудің басты мақсаты мен міндеттері мынадай:


  • оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;

  • бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту;

  • оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларға адамзат жинаған әлеуметтік рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;

  • оқушыларды өз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға тәрбиелеу;

  • оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру;

  • эстетикалық, экономикалық тәрбие беру, діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.

Осы міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қазіргі педагогиканың жаңалықтарын, оқу әдістемелік тәсілдің тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз ізденіс пен білім сапасын жақсарту қажет. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу және т.б. Осыған орай, біз яғни мұғалімдер қауымы орыстың ұлы педагогі К.Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген сөзін әр уақытта естен шығармауымыз қажет.

Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері көбеюде. Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып келемін. Осы мақсатта оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін өз сабағымда пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерден мысалдар келтіріп кетуді жөн көрдім. 5-6 сыныптарда ойын сабақтары, 8-10 сыныптарда сын тұрғысынан дамыту, ұжымдық оқыту, пікірталас, семинар, сынақ, жарыс, өзіндік жұмыс, мәнерлеп оқыту т.б. тәсілдерді қолданамын. Сурет-иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру, тірек сигналдар, тірек-сызбалар, кластерлер, хронологиялық таблицалар құрастыру, тірек-конспектілер, Венн диаграммасы арқылы жұмыс істеу әдістері де қолданылады. Тағы бір ерекшелік, күнделікті сабақпен салыстырғанда қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше ойланып жұмыс істеуіне едәуір мүмкіндік туады. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды өз бетінше талдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, баға береді.

Мысалы: 1. «Қазақ жүздеріне сипаттама бер»

жүздер

территориясы

ұраны

Жүздерге енетін тайпалар

Ұлы жүз










Орта жүз










Кіші жүз












Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет