2. Өз тәжірибеңіздегі құндылықтар, ұстаным және стратегиялық іс-әрекетіңізді анықтап, сипаттамалық және сыни талдау жасаңыз
Оқушылардың өзіндік жұмысы мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау талап етілді. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, олар да тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір - бірімен деген жолдастық көмек қалыптасады. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту.Әртүрлі әдіс-тәсілдер тиімді қолдану балалардың тілін дамытып, тілді меңгеруге мүмкіндік береді. Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушының нені білетітін, нені меңгеретін, нені меңгергенін білуге болады. Соның нәтижесінде оларда намыс пайда болып, жанындағы оқушыдан қалып қалмау үшін сабаққа дайындалу ынтасы арта түседі. Бір қарағанда мұғалімнің көшбасшылыққа оның «дауысын» күшейту мен жеке басының жетекшілік мүмкіндіктерін жек де,ұжымда да кеңейту арқылы жететіндігі оғаш болып көрінуі мүмкін.Ұстаздардың жетекші топтардағы және желілік қоғамдастық шеңберінде өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін мұғалімдер бірлесе жұмыс істеулері қажет.Мұндай бірлескен жұмыс өз мектептерінде тәжірибені таратуға ғана емес, сонымен бірге басқа мұғалімдерді иландыра алатын кәсіби білімнің негізін құрастыруға көмектеседі. Білімнің бұл негіздері-зерттеулерге негізделген білім емес, бұл басқаларға дем беретін және ары қарай іс – әрекет жасау үшін оларды қажетті бағытпен қамтамасыз ететін инновацияға негізделген жанды диалогтік үдеріс.Жоғарыда айтылғандардың барлығы: адамдар тек білім арқылы ізгілікті бола алады; білім беру- адамдардың зерделеп үйренуіне қажет көмектердің жиынтығы; жалпы алғанда,тек мұғалімдер ғана педагогикалық тәжірибені жақсарту жөніндегі шараларды қабылдай алады деген дәлелдерге келіп саяды. "Бізге туғаннан берілген дарын өңделмеген алмазға ұқсайды. "Сібір кенінен” алынған мөлдір, қатты тас тәріздес (бірақ алмаз қаншалықты тамаша болса да, маржан тас екеуінің айырмашылығы жер мен көктің айырмашылығындай). Маржан тас деп- ерен еңбекті қажет ететін тегістелген алмазды айтамыз” - деп А.Владимиров айтқандай мұғалім өзінің көшбасшылығы арқасында әрбір оқушының таланты мен дарындылығын ашу арқылы бәсекеге қабілетті, еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін,ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын, өзіндік мені қалыптасқан жеке тұлға қалыптастыру қажет. Менің түсінгенім мұғалім көшбасшы болу үшін оқу үдерісін тиімді жоспарап, жаңа формация мұғаліміне айналу керек.Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.