Оқытудың дәстүрлі технологиясы - Дәстүрлі класс – сабақ технологияларының аса көрнекті белгілері ол:
- - біржастағы оқушылардың тұрақты құрамы мен дайындық деңгейлері;
- - кластың бірыңғай жылдық оқу жоспары мен бағдарламасымен жұмыс істеу;
- - сабақ оқудың негізгі бірлігі; әрбір сабақ бір оқу пәніне, тақырыпқа арналған, себебі класс оқушылары ортақ бір материалмен жұмыс істейді;
- - сабақтардың үнемі тұрақты алмасуы кесте (расписание), мұғалімнің басқарушылық ролі және с.с.
- Дәстүрлі оқыту технологияларының концептуалдық негізін Я.А. Коменский жасаған педагогика принциптері: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, беріктілік, белсенділік, сапалылық, көрнекілік, теорияның практикамен байланыстылығы, жас аралық пен өзіндік ерекшеліктерді ескеру.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттері, сондықтан ол екі жақты үдеріс. - Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттері, сондықтан ол екі жақты үдеріс.
- Инновация -(лат. innovis) - жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді. Ал, ағылшын тілінде "innovation" термині "жаңашылдықт"
- Энциклопедиялық сөздіктерде "инновация" әр түрлі анықталады. Т.И. Шамова, П.И. Треьяковалардың еңбегінде "Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни, инновация үрдісін мазмұнды дамтыдуы, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал "жаңаша" деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз" делінген.
- Ең алғаш, "инновация" ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Н. Нұрахметов: "Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі" деген анықтаманы ұсынды.
Дәстүрлі оқыту технологияларының әдістерін екі келесі топтарға жатқызуға болады: - Дәстүрлі оқыту технологияларының әдістерін екі келесі топтарға жатқызуға болады:
- Иллюстративті–түсіндіру әдістері (лекция, баяндау, әңгімелесу, тәжірибелерді көрсету, еңбек опера–циялары, экскурсиялар және т.б) мұғалім түсіндіреді және оқу материалын көрнекті түрде көрсетеді.
- Репродуктивтік әдіс: мұғалім білімді, іс–әрекет тәсілдерін, тапсырмаларды шешуді тәжірибелерді елестету үшін тапсырмалар құрастырады; оқып үйренуші оқу материалдарын белсенді еске түсіреді. (сұрақтарға жауап береді, есептер шығарады және с.с.), сонымен “білім көшірмелерін қалыптастырады”.
Достарыңызбен бөлісу: |